Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 ақпандағы № 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗАудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 ақпандағы № 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 ақпандағы № 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 ақпандағы № 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13-4
- Қабылданған күні
- 18.04.2005
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2019 · қолданыстағы 24062_391067.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05GJ000004
- ЭКБ идентификаторы
- 24062
- Редакция идентификаторы
- 24062_391067
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:51
0 Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 ақпандағы № 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, 1999 жылғы 16 қарашадағы № 476-1 "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 2 ақпандағы № 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы" (Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде № 1205 болып тіркелген, "Талас тынысы" газетінің 2004 жылғы 28 ақпандағы № 13 санында жарияланған) шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы Ережеде:
1 тарауда:
1 тармақта "Заңдарына" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына" деген сөздермен толықтырылсын;
3 тармақта "коммуналдық" деген сөздің алдында "Қалалық телекоммуникациялық желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс және" деген сөздермен толықтырылсын;
6 тарау 21 тармағымен толықтырылсын:
"21. Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік төлемнің арттырылуына өтемақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады."
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, бюджет, жергілікті салық және қала шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Келісілді:
Талас аудандық
телекоммуникация
торабының бастығы
__________ Дүйсебаев Бақытжан Бейсенбекұлы
"__" ___________ 2005 жыл