Мойынқұм аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы № 5-4 "Елді мекендерді көркейту, жасыл көшеттерді күту және қорғау бойынша ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мойынқұм аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы № 5-4 "Елді мекендерді көркейту, жасыл көшеттерді күту және қорғау бойынша ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мойынқұм аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы № 5-4 "Елді мекендерді көркейту, жасыл көшеттерді күту және қорғау бойынша ережені бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу номері 1396, 2004 жылғы 3 тамыздағы аудандық "Мойынқұм таңы" газетінің № 43 (4950) санында жарияланған) шешіміне толықтырулар енгізілсін: 3 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қоғамдық орындарда, бітпеген құрылыстар мен қираған ғимараттардың аумақтарында тазалау және тәртіпке келтіру жұмыстары арнайы белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.". 16 тармақ келесі мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын: "5) Құрылыстан бос орындар мен жасыл желек аймақтарын, жүргінші және жүріп-тұру жолдарының бөлігін, сонымен қатар басқадай жалпы пайдаланымдағы орындарға кез келген қоқыс түрлерін (темекі қалдықтары, шыны-ыдыстар, қағаздар т.б.) тұрмыстық қалдықтармен ластауға; 6) Арнайы белгіленбеген орындарда, хабарландырулар, афишалар, хабарлама қағаздар, жарнамалық плакаттар, үндеухаттар және сол сияқтыны жапсыруға тиым салынады.".
Тармақ 2
2. Осы шешім Мойынқұм аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.