«Қаратөбе аудандық мәслихатының «2004 жылғы 2 маусымдағы №7-5 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қаратөбе аудандық мәслихатының «2004 жылғы 2 маусымдағы №7-5 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бап 1 тармағын және 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» және оған енгізілген Қазақстан Республикасының 1999.11.16. №477 өзгерістер мен толықтырулар туралы заңдарын басшылыққа алып аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 маусымдағы №7-5 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені беркіту туралы» (2004 жылдың 24 маусымында №2696 ретпен тіркелген, аудандық «Еңбек туы» газетінің 16.07.2004 ж №30 санында жарияланған) және 2004 жылғы 2 қыркүйектегі №9-2 «Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 маусымдағы №7-5 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне (2004 жылдың 17 қыркүйегінде №2762 ретпен тіркелген, аудандық «Еңбек туы» газетінің 2004 жылғы 15 қазанындағы №43 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ: 1 қосымшадағы: «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ереженің» 4 тармағындағы «Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықгы тұратын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушысы болатын (жалдаушы) жеке тұлғаға тағайындалады» деген сөз «Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі» деген сөзбен ауыстырылып оқылсын.