О плане мероприятий на 2004-2005 годы по организации и проведению 80-летия со дня объявления города Кызылорды первой столицей Казахской ССР Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда қаласының Қазақ КСР- ның алғашқы астанасы болғанына 80 жыл толуын ұйымдастыру және оны өткізудің 2004 -2005 жылдарға арналған іс - шаралар жоспары туралы Қызылорда қаласының Қазақ КСР-ның алғашқы астанасы болғанына 80 жыл толуын жоғары ұйымшылдықпен өткізу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда қаласының Қазақ КСР-ның алғашқы астанасы болғанына 80 жыл толуын ұйымдастыру және оны өткізудің 2004 -2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.
Басқа 3. ЖОСПАРЫ
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 шілдедегі № 95 қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласының Қазақ КСР - ның алғашқы астанасы болғанына 80 жыл толуын ұйымдастыру және оны өткізудің 2004 - 2005 жылдарға арналған іс- шараларының ЖОСПАРЫ р/с Іс - шаралар Орындалу мерзімі Орындауға жауаптылар 1. Қызылорда қаласының Қазақ КСР-ның алғашқы астанасы болғанына 80 жыл толуын ақпараттық қамтамасыз ету. «Қызылорда - алғашқы астана - 80» айдарымен бұқаралық ақпарат құралдарында Қызылорда қаласының өткен тарихы мен бүгінгі тыныс — тіршілігі жайлы материалдар жариялау, хабарлар циклін ұйымдастыру (медиа жоспар бойынша) 2004 - 2005 жылдар Республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдары (келісім бойынша), облыстық ақпарат басқармасы (келісім бойынша), облыстық ішкі саясат департаменті 2. 1) Мұрағаттық құжаттар негізінде «Алғашқы астана» атты деректі фильмдер циклін түсіру үшін Орынбор, Астанаға телеэкспедиция ұйымдастыру; 2) «Ақмешіттен Астанаға дейін» айдарымен хабар жасау; 3) Сыр бойындағы ескі астаналар туралы фильмдер түсіру 2005 жылдың наурызына дейін Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлімі, «Қазақстан -Қызылорда» телеарнасы (келісім бойынша) 3. Қызылорда қаласының алғашқы астана болғанына 80 жыл толуына байланысты ақпараттық - насихаттық топ құрып, олардың аудандарды, елді мекендерді аралауын қамтамасыз ету 2004-2005 жылдар Облыстық ішкі саясат департаменті, облыстық ақпарат басқармасы (келісім бойынша) 4. Қызылорда қаласының әнұранына, эмблемасына конкурс ұйымдастыру 2004 жылғы тамыз Қызылорда қаласының әкімі 5. «Қызылорда - алғашқы астана -80» эмблемасын, белгісін жасауға конкурс өткізу 2004 жылғы тамыз Қызылорда қаласының әкімі 6. «Дарияның жағасында бір қала бар..» атты республикалық ақындар мүшәйрасын өткізу 2004 жылғы қараша Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәдениет басқармасы 7. «Жырым сенсің, Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысын өткізу 2004 жылғы желтоқсан Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәдениет басқармасы 8. 1) Қызылорда туралы өлеңдерден, әндерден, естеліктерден жинақталған кітап шығару; 2) «Олар Қызылордада қызмет істеген» дестесімен қаланың астана болған кезінде осында тұрып, еңбек еткен тарихи тұлғалар туралы ғұмыр деректемелік кітапшалар шығару; 3) Қызылорда қаласының өткені мен бүгінін баяндай- тын «Қызылорда тарихы» кітабын шығару 2005 жылғы сәуірге дейін Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәдениет басқармасы 9. Жоғары, арнаулы орта, орта оқу орындарында «Алғашқы астана» туралы арнайы сабақтар, лекциялар оқуды, шығармалар конкурсын ұйымдастыру 2004 -2005 жылдар Жоғары, арнаулы орта, орта оқу орындарының басшылары (келісім бойынша), облыстық білім басқармасы 10. «Қызылорда: кеше, бүгін, ертең» тақырыбымен жастар арасында көркемсурет және фотосурет байқауын өткізу 2004 жылғы қыркүйек Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық ішкі саясат департаменті 11. «Қазақ тарихы: Сыр елінің орны мен ролі»тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізу, оған республикадан белгілі ғалымдарды шақыру 2004 жылғы қыркүйек Қорқыт Ата атындағы университет (келісім бойынша), Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәдениет басқармасы 12. «Алғашқы астана» музейінің ғимаратының сыртқы бетін қалпына келтіріп, қажетті экспонаттармен толықтырып, пайдалануға беру 2004 жылғы қазан Облыстық мәдениет басқармасы, Қызылорда қаласының әкімі 13. Қаланы көрнекі үгіт құралдарымен безендіру жұмыстарын жүргізу 2004 жылғы 25 қазанға дейін аяқтау Қызылорда қаласының әкімі 14. «Қызылорда - туған қалам» тақырыбымен жастар шығармашылығының байқауын өткізу 2004 жылғы қазан Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық ішкі саясат департаменті 15. «Менің Қызылордам» тақырыбымен облыс суретшілерінің көрмесін ұйымдастыру 2004 жылғы қазан Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық ішкі саясат департаменті 16. «Алғашқы астана» жүлдесі үшін ұлттық спорт, көпшілік спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыру 2004 жылғы қазан, 2005 жылғы сәуір Қызылорда қаласының әкімі, облыстық туризм және спорт басқармасы 17. Облыс киноқондырғыларында Қызылорда қаласы туралы түсірілген деректі фильмдердің көрсетілімін ұйымдастыру 2004-2005 жылдар Облыстық мәдениет басқармасы 18. «Қызылорда - алғашқы астана» атты әдістемелік. 2005 жылғы наурыз Облыстық мәдениет библиографиялық құрал шығару басқармасы 19. «Сырдың ару қаласы» атты көңілді тапқырлар клубының сайысын үйымдастыру 2005 жылғы наурыз Облыстық мәдениет басқармасы 20. Облыстық тарихи- өлкетану музейінің жанынан ашық аспан астындағы музей ұйымдастыру (қазақ этнографиясы негізінде) 2005 жыл Облыстық мәдениет басқармасы 21. Облыстың музейлерінде «Қызылорда - алғашқы астана» көрмелерін ұйымдастыру 2004 - 2005 жылдар Облыстық мәдениет басқармасы 22. Облыс кітапханаларында, Мәдениет үйлері мен клубтарында көрмелер, кітап оқырмандары конференцияларын, кездесулер өткізу 2004 - 2005 жылдар Облыстық мәдениет басқармасы 23. Қызылорданың алғашқы астана болғанына 80 жыл толуына арналған Қызылорда қаласының күнін өткізу 2005 жылғы 15 сәуір Қызылорда қаласының әкімі 24. «Алғашқы астанадан - жаңа Астанаға» тақырыбымен Астанада Қызылорда қаласының күнін өткізу 2005 жылғы сәуір айының екінші жартысы Облыс әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы, Қызылорда қаласы мен аудандар әкімдері 25. Қазақстан халықтары достығының «Ұлттық өнер» облыстық фестивалін өткізу 2005 жылғы сәуір Қазақстан халықтарының облыстық Ассамблеясы 26. Кәдесый, буклеттер дайындау 2005 жылғы сәуірге дейін Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәдениет басқармасы 27. Шақырылатын қонақтардың тізімін жасау, шақыру қағаздарын дайындау 2004 жылғы қазанға дейн Облыс әкімінің аппараты, облыстық мәдениет басқармасы, Қызылорда қаласының әкімі 28. Облыс әкімінің құттықтау сөзін дайындау 2005 жылғы сәуірге дейін Облыс әкімінің аппараты 29. Сыр жерінен шыққан өнер жұлдыздарының қатысуымен Қызылорда қаласының алғашқы астана болғанына 80 жыл толуына арналған салтанат. «Еліміздің алғашқы астанасы-Сыр жерінің бас қаласы» деген тақырыпта театрландырылған көрініс 2005 жылғы 16 сәуір Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәдениет басқармасы, жоғары, арнаулы орта, орта оқу орындарының басшылары (келісім бойынша) 30. Қызылорда қаласының Қазақ КСР-ның алғашқы астанасы болғанына 80 жыл толуына арналған іс- шаралардың материалдарын жинақтап, кітап етіп шығару 2005 жылғы маусымға дейін Облыс әкімінің аппараты, Қызылорда қаласының әкімі, облыстық мәдениет басқармасы