Об организации социальных рабочих мест для безработных Успенского района в 2004 – 2005 годах Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 - 2005 жылы Успен ауданының жұмыссыздары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 – II «Халықты жұмыспен қамту туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 – 2005 жылы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі қоса беріліп отырған Қағида бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімі жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жұмыс берушілердің өтінішіне сәйкес жіберсін.
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы бөлімі (Боровик Л.В.) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды аудандық бюджеттен бөлінген шеңберде қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін. Келісілді: Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Л. Боровик
Басқа 5. Успен ауданының жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру жөніндегі Қағида
Успен ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 26 қаңтардағы «2004 жылы Успен ауданының жұмыссыздары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» № 17/1 қаулысымен бекітілген Успен ауданының жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру жөніндегі Қағида
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағида тұрғындардың мақсатты тобынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) есеп айыру жүйесін және негізгі шарттарын реттейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыз азаматтардың еңбек қатынасы Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамаларымен реттеледі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды ауданның тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімі жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі және ол орындарға жұмыссыздарды орналастыру
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі және ол орындарға жұмыссыздарды орналастыру
Тармақ 4
4. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын осы жұмыс орындарына қабылданған жұмысшыларға жартылай немесе толық еңбек ақы төлеу негізінде кәсіпорындар мен ұйымдар ұсынады немесе құрады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жұмыс берушілердің өтініші негізінде жүзеге асырылады, жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін мекемелер мен кәсіпорындарға ерекше көңіл бөлінеді.
Тармақ 6
6. Мекемелер мен ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар жұмыссыздық есебінен алынады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері: жұмыс берушілер мен аудандық бюджет қаражаттары.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан 030 «Жұмыспен қамту бағдарламасы», 033 «Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар» бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыз азаматтардың еңбек ақысына жұмсалған жұмыс берушілердің шығыны аудандық бюджет қаражатын есебінен бекітілген еңбек ақының 50 пайыз көлемімен кем емес көлемде қайтарылады, бірақ республика бойынша бекітілген ең аз еңбек ақыдан артық болмауы керек. Бюджет қаражаты жұмыс берушілердің есеп шотына аударылады.
Тармақ 10
10. Аудан бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыссыздардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылғанда жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынның өтем ақысы толық түрде қайтарылуы мүмкін.