Об утверждении программы развития туристской отрасли в Акмолинской области на 2004-2005 годы Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысында туризм саласын дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы №1445 «Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған кешенді Бағдарламасы туралы» Қаулысына сјйкес, облыс јкімдігінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № А-1/353 қаулысы негізінде және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы №1-43/96 ұсынысымен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында туризм саласын дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Ақмола облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 30 сәуірде № 1065 тіркелген, 2002 жылғы 12 сәуірдегі № С-16-7 «Ақмола облысында 2002-2005 жылдарға арналған туризм саласын дамытудың кешенді бағдарламасын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Шешімнің жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 5. Мазмұны
Облыстық мәслихаттың
4 сессиясының
2004 жылғы 23 ақпандағы
№ 3С-4-5 шешімімен
Бекітілген
Ақмола облысында туризмді дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
Тармақ 1
1. ПАСПОРТ 3
Тармақ 2
2. КІРІСПЕ 4
Тармақ 3
3. ТУРИСТІК САЛАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ 5
Тармақша 1
1) Облыста туризм дамуының жағдайы 6
Тармақша 2
2) Туризмнің инфрақұрылымы 9
Тармақ 4
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 10
Тармақша 1
1) Бағдарламаның негізгі мақсаттары 10
Тармақша 2
2) Бағдарламаның негізгі міндеттері 10
Тармақ 5
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ 11
Тармақша 1
1) Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту 11
Тармақша 2
2) Ақмола облысының мәдени-тарихи және рекреациялық аймақтарын дамыту және сақтау 11
Тармақша 3
3) Маркетинг және облыстың туристік өнімдерін ұсыну 11
Тармақша 4
4) Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, кадрлар даярлау және туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 12
Тармақша 5
5) Туризм индустриясының материалдық-техникалық базасын дамыту 12
Тармақша 6
6) Туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету 12
Тармақша 7
7) Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету 13
Тармақша 8
8) Бағдарламаны іске асырға қажетті негізгі техникалық-экономикалық шарттар 13
Тармақша 9
9) Туризм саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастық 13
Тармақ 6
6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР МЕН ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ 13
Тармақ 7
7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ 14
Тармақ 8
8. Бағдарламаны іске асырудың іс-шаралар жоспары 15
Тарау 1. 1. ПАСПОРТ
1. ПАСПОРТ
Атауы
Ақмола облысындағы туризмді дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме
Қазақстан Республикасының ҚРЗ 2001 жылғы 13 маусымындағы № 211-ІІ «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы №1445 «Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған кешенді Бағдарламасы туралы» Қаулысы.
Негізгі әзірлеуші
Ақмола облыстық туризм және спорт басқармасы.
Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның негізгі мақсаты - Ақмола облысының туристік саласын дамыту, туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның міндеттері
Бағдарламаның қойылған міндеттерге сәйкес бірінші кезектегі міндеттері мыналар болып табылады:
туристік іс-қимыл субъектілерімен көрсетілген қызметтерін, сертификациялау арқылы, туристік өнімнің мемлекеттік стандартына сәйкес келтіру;
облысымыздың туристік беделін құру;
облыстық мәдени-тарихи және табиғи-рекреациалық потенциялын сақтау және ұтымды пайдалану
халық арасында туризмнің құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігін насихаттау;
туризмнің инфрақұрылымын дамытуын қолдау;
облыстың туристік өнімін туристік қызмет көрсетулердің республикалық және әлемдік рыногына жылжыту;
туризм және қызмет көрсету салаларында шағын кәсіпкерлікті дамытуды, халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыруды қамтамасыз ету;
Бағдарламаның іске асырылу мерзімі
2004-2005 жылдар.
Бағдарламаны қаржыландыру
Бағдарламаны іске асыру үшін болжанып отырған шығыстар мынаны құрайды: жергілікті бюджеттен - 2004 жылға 8958,0 мың теңге, 2005 жылға - 11000 теңге, инвестициялар, туристік қызмет субъектілерінің жекеменшік қаржылары.
Күтілетін нәтижелер
Туристердің жалпы ағынының тұрақты өсуін қамтамасыз ету болжанады:
- ішкі туризм бойынша, 2002 жылы 10 мың адам болса, 2005 жылы 15 мың адамға дейін;
- келу туризмі бойынша - 2002 жылы 1,5 мың турист болса, 2005 жылдың аяғына дейін 3 мың адамға дейін;
2004 жыл мен 2005 жыл аралығында туристік ұйымдардың қызметінен бюджетке түсім 20 млн. теңге құрайды.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Облыстың ерекше табиғи және мәдени қуатынан, ландшафт пен табиғаттың әр түрлігінен негіз алатын, туристердің қандай да сұранымдарын қанағаттандыра алатын қазіргі заманғы туристік сала туризмнің әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесімен байланыстыратын жеңіл интеграциялайтын табиғи жүйе құрайтын фактор болып салаға салынған, капиталға тиімді түсім беретін және қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі болып табылады.
1996 жылғы 21 қазандағы Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясының міндеттемелерін орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Түркі тілдес мемлекет басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік туристік ұйымның Ұлы Жібек жолы бойындағы туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобасын Қазақстан Республикасында іске асыру туралы» 1997 жылғы 30 сәуірдегі № 3476 Жарлығына , Қазақстан Республикасы Президентінің «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» мемлекеттік бағдарламасы туралы» 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлығына қол қойылды.
Туристік инфрақұрылымды дамыту және Қазақстандық туристік өнімді әлемдік рынокқа жылжыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірқатар мынадай: «Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 200-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»«2000 жылғы 26 қазандағы № 1604 , «Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» 200 жылғы 30 қазандағы № № 1631 , «Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы» 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № № 1947 қаулылары қабылданды. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 6 наурыздағы № 333 қаулысымен Қазақстан Республикасында Туризмді дамытудың тұжырымдамасы бекітілді.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарға орай облыстық мәслихаттың 16- сессиясының 2002 жылғы 12 сәуірдегі № С-16-7 бұйрығымен бекітілген Ақмола облысында 2002 жылдан 2005 жылдарға дейінгі кезеңде туристік саланы дамытудың кешенді бағдарламасы құрастырылды. Қабылданған бағдарламаны жүзеге асыру үшін, облыстық бюджеттен 2002 жылға - 7,3 млн. теңге, 2003 жылға - 8,5 млн. теңге, 2004 жылға - 9 млн. теңге, 2005 жылға - 11 млн.теңге шығыс қарастырылды. Осы салаларға бюджеттік өтінім берілді, бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері туристік саланы дамытудың индикативтік жоспарларына кіргізілді. Бірақ та, бағдарламаны қаржы тапшылығы себебінен облыстық бюджеттен қаржыландырылмауы Ақмола облысында 2002-2005 жылдары туризмді дамытудың кешенді бағдарламасын іске асырудың іс-шаралары Жоспарының толыққанды жүзеге аспауына әсер етті. Іс-шаралар жоспарының 33-тармағының 11-і ғана толық, 15-і жартылай жүзеге асты, 7-і орындалған жоқ.
Бекітілген бағдарламада қажет болған жағдайда өзгерістер мен түзетулер енгізу болжанған.
Қазақстан Республикасының ҚРЗ 2001 жылғы 13 маусымындағы № 211-ІІ «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы»« Заңына сәйкес туризм саласы Қазақстан Республикасы экономикасының салаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 17 ақпандағы № 344 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1445 «Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы»«Қаулысымен бекітілген, туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы әзірленді. Республикалық Бағдарлама мен оны іске асыру жөніндегі Шаралар жоспарларында біздің облыстық атқарушы органдарының алдына қойған мәселелерді мерзімінде орындау үшін, туризм саласы Қазақстан Республикасы экономикасының салаларының бірі болып табылатынын ескере отырып, туризмді дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған облыстық кешенді Бағдарламасына елеулі өзгерістер енгізу қажет.
Ақмола облысында туристік саланы дамытудың 2004-2005 жылдарға ұсынылған Бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Ақмола облысы экономикасының пайдалы секторы сияқты саланың тұрақты дамуының негізгі мәселелерін қамтиды және алдында қабылданған туризмді дамытудың 2002-2005 жылдарға арналған облыстық кешенді бағдарламасының негізгі ережелерін іске асыруға бағытталған.
Тарау 3. 3. Туристік саланың қазіргі жай-күйін талдау
3. Туристік саланың қазіргі жай-күйін талдау
Қазіргі сәтте облыста туристік саланы дамытудың көптеген шешілмеген мәселелері бар. Саланың қалыптасуына кедергі келтіретін бірқатар объективті факторлар орын алып отыр. Бұл, ең алдымен, туристік индустрияның өзіндегі де, онымен сабақтас саладағы да әлсіз менеджмент, сондай-ақ туристік инфрақұрылымдағы қолда бар объектілердің негізгі қорларының тозуы.
Ақмола облысы әкімінің «Ақмола облысында туризмді дамыту жөніндегі іс шаралары туралы» 2001 жылғы 3 мамырдағы №95 Шешімімен, 3 тармақ, облыстық туризм және спорт басқармасында туризм бөлімі құрылды, жоғарыда көрсетілген Шешімнің 13 тармағына сәйкес және облыс әкімінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы №а-1/7 Қаулысымен облыстық жас туристер станциясы құрылды, одан бұрын - 2002 жылғы қыркүйекте Көкшетау қаласында жас туристер станциясы қайта құрылды.
«Көкшетау» және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде туризм бөлімдері құрылды, Көкшетау және Щучинск қала әкімдерінің жанындағы туризм және спорт бөлімдерінде бір бірден туризм маманы жұмыс істейді, бірақ та басқа аудандарда туризм саласын басқаратын құрылымдар жоқ.
Облысымыздың туристік беделін қалыптастыру жөніндегі мақсат тиісті деңгейінде орындалып жатқан жоқ. Жарнамалы-информациялық іс-қимыл газеттердегі жарнамалармен шектеледі. Облысымыздың туристік-рекреациялық әлеуетін жарнамалайтын бейнефильмдер, плакаттар, буклеттер аз шығарылады. Облыс орталығына келіп-кетуші туристерге, туристік объектілер және пұрсат орталықтары белгіленген туристік карталар және схемалар, жол көрсетушілер ұсынылмайды. Аймақаралық туристік жәрмеңкелер өткізілмейді. Облыстың туристік мекемелері шетелдік халықаралық туристік жәрмеңкелеріне қатыспайды.
Бүгінгі күндегі бар туристік іс-қимыл статистикасы көрсетілген туристік қызмет түрлерін толық қамтымайды. Алайда, туристік көрсеткіштерді есепке алуды жетілдіру жөніндегі жұмыс Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ұсынымдарына сәйкес жүргізілді. Осы мақсаттарда статистикалық есеп беру нысандары жыл сайын қайта қаралды және қазіргі уақытта тексерудің жаңа бланкілері енгізілуде. Туризм салааралық қызметтің үлгісін білдіреді, мұның өзі көмекші шоттар енгізуді талап етеді.
Тармақша 1
1) Облыста туризм дамуының жағдайы
Ақмола облысындағы туристік қызмет рыногында қонақтар мен облыс тұрғындарына өзінің қызметтерін ұсынатын 19 фирма жұмыс атқарады. Соның ішінде, Көкшетау қаласында - 12, Щучье қаласында - 4, Степногорск қаласында - 1, Атбасар қаласында - 1, Ақкөл қаласында - 1.
Облыстың туристік өнімін іске асыру және қызмет көрсету саласын кеңейту мақсатында жыл сайын облысымыздың туристік фирмалары Алматы қаласында өтетін Қазақстандық Халықаралық туристік жәрмеңкеге қатысып тұрады. Жыл сайын Қазақстан Республикасы, ТМЕ, алыс шетелдік турфирмаларымен туризм саласында ынтымақта болу мақсатымен шартқа отыру көбейіп келеді, 2001 жылы 60-тан жоғары, 2002 жылы 130-дан және 2003 жылы 300-ден асады. Алматы қаласында өткен (сәуір 2003 ж.) 3 Қазақстандық Халықаралық туристік жәрмеңкеге 10 туристік фирмалар, «Көкшетау» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі, «Зерен», «Сұңқар» демалыс орталықтары, «Жұлдыз»«облыстық оқыту және сауықтыру орталығы, «Миротворец» балалар сауықтыру орталығы, «Приозерный» санаторийі қатысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазандағы «Қазақстанның 2000-2003 жылдарға арналған туристік беделін қалыптастыру іс-шаралар жоспарын бекіту» қаулысына сәйкес Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері жайында материал жиналды. Осы жарнамалық ақпараттық материал туризм және спорт жөніндегі агенттігінің сандық ақпарат тасымалдаушыларына «Қазақстан жаңа ерекше туристік нысан» альбомын жасау үшін жіберілді.
Зеренді және Сандықтау аудандарының туристік-рекреациондық потенциалдарын зерттеуге байланысты қызықтырушылық білдірген қызметкерлердің қатысуымен облыстық кешендік экспедициясының бірінші кезеңі өткізілді. Экспедиция барысында 30-дан аса туристік нысандар зерттелді.
Қазақстан Республикасының 10.06.2001 жылғы «Туристік қызмет туралы» Заңының 12-бабының 6-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Туризм мен спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 21.09.2001 жылғы бұйрығымен экскурсиялық қызмет пен туризм нұсқаушысы қызметін лицензиялау бойынша өкілеттіктері бекітілді. Осыған байланысты туризм және спорт басқармасы жанында аталған туристік қызметті лицензиялау құқығы берілген лицензиялау комиссиясы құрылды.
Туризм саласындағы кадрларды дайындауға байланысты ЖОО-мен, ООО-мен бірлесіп жұмыстар атқарылады. Жыл сайын Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенттері туризм бөлімінде және облыстық туристік фирмаларында практикадан өтеді. Облыстық білім басқармасымен бірлесіп санаторлық курорттық мекемелерде қызмет көрсететін персоналдарды дайындау және біліктілігін көтеруге байланысты мәселелер талқыланды. Щучье қаласының №4 кәсіби мектебі сондай-ақ Экология және орман шаруашылығы колледжінде экскурсоводтарды және қызмет көрсететін персоналдарды оқыту жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Б.Мұхамеджановтың жанындағы туризм жөніндегі Кеңес отырысының 2002 жылғы 22 сәуірдегі «Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы санаторлық сауықтыру нысандарының жағдайы мен материалдық техникалық базасын нығайту мен дамыту және оны тиімді пайдалану жөніндегі» хаттамалық шешімін жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің 2002 жылғы 30 сәуірдегі №а-5/55 шешімімен Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қажетті өкілеттіліктер берілген жұмыс тобы құрылды.
Ішкі және сыртқа шығу туризмін дамыту жөніндегі мәселелері туралы туристік фирмаларындағы, санаторлық сауықтыру мекемелеріндегі туристік экскурсиялық қызмет көрсету ұйымдастырушыларымен, менеджерлермен, басшыларымен бірлесіп оқу семинарлары өткізіліп тұрады.
Балалық спорттық және әлеуметтік туризмді дамыту мақсатында облыстық және қалалық жас туристер станциялары құрылды, аудандардағы оқу орындарында туристік үйірмелердің жұмыстары қайта жаңартылды. «Ақ бидай» облыстық спартакиадасының кезінде жыл сайын 120-дан астам туристердің қатысуымен спорттық туризм бойынша жарыстар өткізіліп тұрады.
Спорттық туризмнің материалдық-техникалық базасы толықтырылып отырады. Зеренді, Сандықтау, Щучье аудандарының туристік секциялары, жас туристер станциялары туристік жабдықтармен жабдықталған. Сандықтау балалар үйі жанында «Сталкер» туристік клубы және Балхашин ауылында «Дружба» мәдени-туристік кешені құрылды.
Статистикалық көрсеткіштер анализі туристік қызметтің ауқымы әлеуметтік көріністерге байланысты туристік қызметтің сапалы қайта құруларына байланысты болатынын көрсетеді. Шетелге тұруға кететіндердің легінің азаюы, «челноктар» шығу санының азаюы, туристік фирмалардың кіру және ішкі туризмдеріне көңіл аударуы, ішкі туризм қызметі шығу туризм қызметінен қымбат болғандықтан туристік ұйымдардың қызметі көрсеткіштерінің табиғи өзгерулеріне алып келеді. Соған қоса белгілі шетелдік туристік орталықтар оларды жарнамалауға туристік фирмалар жағынан аса шығын қажет етпейді, ал сол сәтте ішкі туризм бойынша көрсетілетін қызмет жарнамасы облысымыздың қиырмен шектеледі. Туристерді тартудың жалғыз әдісі екенін түсіне тұра, қазіргі уақытта туристік фирмалардың көбейген саны қаражатын өз қызметін жарнамалауға салады. Олардың қатарына «Лидер», «Яссауи», «Жолымбет» туристік фирмаларды жатқызуға болады.
«Лидер», туристік фирмасы ИНТЕРНЕТ арқылы электрондық брондау жүйесімен пайдаланады, туристік қызмет көрсетушілерді және оны пайдаланушы туристерді өзінің «LTA» дисконтты клубына белсене тартады. Осынысымен клуб мүшелері (дисконттық карта иелері) өзара тиімді болады. Туристер дисконтты клуб мүшелерінің қызметін қолданса белгілі жеңілдік алады, ал клуб мүшелері клиенттер үшін тартыста басымдық алады. «Яссауи» және «Жолымбет» туристік фирмалары жарнамалық мағлұматнамалар, буклеттер, фотоальбомдар және видеофильмдер шығаруына көп көңіл бөледі.
Осының бәрі басқа туристік қызмет субъектілеріне үлгі болуға тиісті.
Туристік қызметке лицензиялауды енгізу лицензиярдың туристік қызмет субъектілеріне талапты күшейтуі есебінен бюджетке салық және басқа да төлем түріндегі қаражат аударымдарының тез өсуіне әсер етті.
Тармақша 2
2) Туризмнің инфрақұрылымы
Туристерді орналастыру объектілері
Ақмола облысында туристерді орналастырудың 85 объектісі бар:соның ішінде - 7 қонақ үй, 12 санаторий, 4 демалыс аймағы, 6 демалыс үйі, 4 туристік база, 26 сауықтыру лагері, 12 қонақжай үйлері, 4 санаторий-профилакторий, 6 аңшы үйі, 8 профилакторий жұмыс істеуде.
2003 жылғы 9 айда 11801 адамға турфирмаларда қызмет көрсетілді, бюджетке салық және басқа да түрде 173,8 мың теңге түсім аударылды.
Қонақ үйлердің көпшілігі (6) Көкшетау және Щучье қалаларында орналасқан. Олардың 57 пайызы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, 43 пайызы орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатады.
Қонақ үйлердің жалпы санының 86 пайызы жеке меншік, ал 14 пайызы коммуналдық меншікке жатады.
Облыс аймағында қонақ үйлердің біржолғы сыйымдылығы 2000 жылы 600 орынды құрады.
Көлік
Халықаралық әуежайлар. Облыста халықаралық әуежай жоқ. Облыс орталығына жақыны «Астана» халықаралық әуежайы 300 км орналасқан.
Темір жол
Облыс аумағын солтүстіктен оңтүстікке қиып өтетін темір жол Қазақстанның оңтүстік пен орталығын солтүстік аймақтарымен және Ресейдің Батыс-Сібір аймағымен байланыстырады. Екі темір жол тармағы облысты батыстан шығысқа және оңтүстік-шығысқа кесіп өтіп, орталық және шығыс облыстарды Қазақстанның батыс облыстары мен Ресейдің Европалық бөлігімен жалғайды.
Автомобиль жолдары. Туризмді дамыту үшін келесі жолдардың маңызы көп:
Алматы-Қарағанды-Астана-Щучье-Көкшетау-Петропавл-Омбы;
Алматы-Қарағанды-Астана-Щучье-Көкшетау-Петропавл-Челябинск;
Алматы-Қарағанды-Астана-Көкшетау-Қостанай-Челябинск;
Алматы-Қарағанды-Астана-Қостанай-Челябинск.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Тармақша 1
1) Бағдарламаның негізгі мақсаттары
Бағдарламаның басты мақсаты
Ақмола облысының туристік саласын дамыту, туристік қызмет көрсету сапасын көтеру, келу және ішкі туризмді басымды қолдау, облыс экономикасына шетел валютасының тұрақты келуін қамтамасыз ету, экономиканың сабақтас салаларын дамыту.
Бағдарлама сондай-ақ, мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған: саланы мемлекеттік реттеудің оңтайлы әдістерін қолдау мен таңдау негізінде туризмді кешенді дамыту.
Тармақша 2
2) Бағдарламаның негізгі міндеттері
Қойылған мақсаттарға сәйкес Бағдарламаның бірінші кезектегі міндеттері мыналар:
- туристік іс-қимыл субъектілерімен көрсетілген қызметтерін, сертификациялау арқылы, туристік өнімнің мемлекеттік стандартына сәйкес келтіру;
- облысымыздың туристік беделін құру;
- облыстық мәдени-тарихи және табиғи-рекреациялық потенциялын сақтау және ұтымды пайдалану
- халық арасында туризмнің құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігін насихаттау;
- туризмнің инфрақұрылымын дамытуын қолдау;
- облыстық туристік өнімін туристік қызмет көрсетулердің республикалық және әлемдік рыногына жылжыту;
- туризм және қызмет көрсету салаларында шағын кәсіпкерлікті дамытуды, халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыруды қамтамасыз ету;
- туристік кадрларының біліктілігін жетілдіруіне жәрдемдесу.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
Тармақша 1
1) Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту
Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
келу туризмін және ішкі туризмді дамыту бойынша заңнаманың орындауын қамсыздандыру;
туризм саласындағы статистикалық есепке алу мен есеп беру жүйесін жетілдіру;
туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
шет елдік туристік мекемелермен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту;
туристік қызметті стандарттау, сертификаттау, лицензиялаудың талаптарына сәйкес туристерге қызмет көрсетудің сапасын жақсарту;
туризм саласына кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;
туризм саласына несиелік ресурстарды тартуына жәрдемдесу.
Тармақша 2
2) Ақмола облысының мәдени-тарихи және рекреациялық аймақтарын дамыту және сақтау
Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
халық арасында туризмнің құндылықтарын насихаттауды және қоршаған ортаға±ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны және өзге де туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық жіктері мен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Тармақша 3
3) Маркетинг және облыстық туристік өнімін ұсыну
Бұл бағытта мыналарды қарастыру қажет:
туризм саласында өңір аралық байланыстарды дамыту шаралары;
туристік жәрмеңкелер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
туристік өнімді сатуда біріздендірілген үдемелі стандарттарды енгізу, облыс тұрғындарының барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;
туристік қызмет көрсетулерге қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру;
туризмнің мамандандырылған (экологиялық, әлеуметтік, балалар және жасөспірімдер, спорттық-сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.) түрлерін дамытудың бағдарламаларын әзірлеу;
аудандар мен қалаларда әлеуметтік және әуесқой туризмді дамытуды қамтамасыз ету;
ішкі және сыртқы рыноктарда ұлттық туристік өнімнің жылжуын ақпараттық жарнамалық қамтамасыз ету;
туризмді дамытудың аудандық және қалалық бағдарламаларын әзірлеу үшін әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау.
Тармақша 4
4) Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, кадрлар даярлау және туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
Бұл бағытта:
мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мамандардың кәсіби даярлығының сапасын жақсарту, оларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жөнінде шаралар белгілеу;
облыста ғылыми-практикалық конференциялар өткізу және облыстық туристік индустрияны дамытудың түйінді проблемалары бойынша республикалық туристік оқиғаларға қатысуын қамтамасыз ету.
Тармақша 5
5) Туризм индустриясының материалдық-техникалық базасын дамыту
Осы бағытта:
туристік нысандарды жаңарту мен салу үшін отандық және шет елдік инвестицияларды тарту жолымен туризмнің материалдық-техникалық базасын дамыту;
әуе тасымалы қызмет көрсету рыногында бәсекелесу қабілетін көтеру, автомобиль және темір жол көліктерінде жолаушыларды тасымалдауды одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
облыс аумағында туристік нысандарды перспективті орналастырудың және туристік инфрақұрылымды дамытудың схемаларын әзірлеу;
туризмді дамыту аудандарында жерді пайдалану және құрылыс салу нормаларының қолдануын бақылау;
Қонақүй-сервистік кешенін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, туристік кешендердің, этнографиялық мұражайлардың және демалыс аймақтарының желісін құру;
ілеспе инфрақұрылымды: сумен, электрмен жабдықтау, кәріз желісі мен қатты қалдықтарды жоюдың жүйесін, қолданыстағы және әлеуметтік туристік аймақтарда телекоммуникацияны дамыту;
туристерді орналастыру орындары мен қонақ үйлерді жаңғырту және стандарттауды енгізу;
инвестициялар тарту жолымен туристік нысандарды дамыту.
Тармақша 6
6) Туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Бағдарлама туризм саласындағы қауіпсіздіктің деңгейін көтерудің мынадай басым бағыттарын айқындайды:
туристің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі;
тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
өрт қауіпсіздігі;
орналасу мен тамақтану орындарындағы қауіпсіздік;
көліктегі қауіпсіздік;
турист кадрларын арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету жөніндегі туроператорлар мен турагенттердің қызметінде техникалық қауіпсіздік жөнінде нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
туристік ортаны қорғау және сақтау;
қорғау және қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар ету.
Тармақша 7
7) Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету
Бұл бағытта:
Ақмола облысының табиғи және мәдени-тарихи әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында туристік рыноктың жай-күйіне және болжамды дамытуға кешенді талдау жүргізу;
туристік ұйымдардың көрсеткен қызметіне электрондық брондауды ұйымдастыру және электрондық төлемдерді енгізу жөнінде шаралар жүйесін әзірлеу;
туризммен сабақтас салалардың барлығына интерактивті геоақпараттық жүйені енгізу қажет.
Тармақша 8
8) Бағдарламаны іске асыруға қажетті техникалық және экономикалық шарттар
Осы бағдарламаны іске асыруға арналған техникалық-экономикалық негізгі шарттар мыналар болып табылады:
саладағы бірыңғай ақпараттық кеңістік жүйесін дамыту;
облыс туристік индустриясының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, бірінші кезектегі жүйе құраушы туристік өнімдерді және туристік нысандарды әзірлеу және іске асыру;
туризмді дамытудың аудандық бағдарламаларын әзірлеу;
аудандар бойынша саланы дамытудың қажетті қарқынына сәйкес инвестициялардың оңтайлы көлемдерін бағалау;
жүйе құраушы туристік нысандардың сервистік инфрақұрылымын құру және іске асыру;
тұтынушыға ұлттық туристік өнімді ұсынудың барлық сатысын қамтитын көп арналы маркетинг жүйесін жасау.
Тармақша 9
9) Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Туристік саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
Дүниежүзілік туристік ұйыммен ынтымақтастық ЮНЕСКО-мен ДТО-ның трансконтиненталдық жобасын іске асыру, «Жібек жолын кешенді зерттеу» ДТҰ-ның өткізетін іс-шараларына қатысу;
туризм саласында шет мемлекеттермен бұрын қол қойылған ынтымақтастық халықаралық келісімдерді іске асыру және жаңаларын жасасу;
ірі халықаралық туристік көрмелерге қатысу және жыл сайын Қазақстандық халықаралық туристік көрме өткізу.
Тарау 6. 6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыру сомасы 2005 жылға дейін 19958,0 мың теңгені құрайды. Қоса беріліп отырған іс-шаралар жоспарының жобасына сәйкес, осы Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен болжанатын шығындардың сомасы: 2004 жылы 8958 мың теңге, ал 2005 жылға 11000 мың теңгені құрайды.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар тиісті жылға арналған жергілікті бюджеттерде қаралатын қаражат есебінен және соның шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны іске асыру барысында туризмнің ішкі және келу бағыттары бойынша туристердің жалпы ағынының 2003 жылы 15 мың адамнан 2005 жылы 20 мың адамға дейін тұрақты өсуін қамтамасыз ету көзделуде, бұл ретте ол жыл сайын орта есеппен 2,5 мың адамға өседі деп болжанып отыр.
Келу туризмінің көлемін 2003 жылы 1,5 мың туристен 2005 жылдың аяғында 6 мың туристке дейін өсіру болжанып отыр. Бұл жағдайда,стратегиялық көзқарас тұрғысынан алсақ, екі бағыттағы туристердің жалпы саны кіру туризмінде 2003 жылы 10 пайызға өсіп, келесі жылдары 30 пайызға дейін өсіп отырып жылына 6 мың адамға жетеді. Ішкі туризм көлемі 2003 жылы 9,6 мың адамнан 2005 жылы 12 мың адамға дейін өседі.
Әлемдік практикада бір шетелдік туристке қызмет көрсетуден 9 жұмыс орны құралатынын ескерсек, онда келу туризмі есебінен 2004 жылы 18 мың жұмыс орнын , 2005 жылы 27 мың жұмыс орнын иқтимал қамтуға қолдау көрсетіледі.
Жалдау арқылы жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жалақысы жылына шамамен 20 пайызға өсуін ескеріп (немесе нақты көрінісінде 6 пайызға), келу туризмі көлемінің ұлғаюының арқасында жұмыспен қамтылған халықтың табысы өсе түседі.
Бағдарламаның іске асырылуы облыстық бюджетке едәуір түсімді қамтамасыз етеді.2004-2005 жылдар аралығындағы кезеңде санаторий - сауықтыру ұйымдары мен туристік қызметтен бюджетке 500 млн. теңге көлемінде түсім түседі.
Бағдарламада әзірленген шаралар елдің ішіндегі де, сондай-ақ шетелден келетін туристер ағынының бұдан әрі ұлғаюына жәрдемдеседі және түпкі нәтижесінде халықаралық кәсіпкерлік және іскерлік ынтымақтастық саласы ретінде ұлттық туристік өнім тартымдылығының артуына едәуір қол жеткізетін болады.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі әлеуметтік нәтижесінде қонақтар мен облыс тұрғындарының демалу жағдайлары жақсарады.
Тарау 8. 8. Ақмола облысында туристік саланы дамыту бағдарламасын іске асырудың 2004-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
8. Ақмола облысында туристік саланы дамыту бағдарламасын іске асырудың 2004-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
№
р/с
Іс-шара
Аяқтау формасы
Орындалуына (іске асырылуына) жауаптылар
Орындалу (іске асыру) мерзімі
Болжанған шығын-дар (мың теңге)
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
7
1) Туристік қызметтерді қолдау және мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту
1. Туризм саласындағы заңнаманы орындау
1.
Туристік инфрақұрылымның барлық нысандарында мүгедек туристердің демалуларына жағдай жасау үшін техникалық және санитарлық нормалары мен міндеттемелерінің сақталуын қамтамасыз ету
Басқармалардың бірлескен шешімі
Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, ТЖ жөніндегі облыстық басқармасы
маусым 2004
2005
250
100
жергілікті бюджет деңгейінде іске асыру
2.
Туристік ұйымдардың туризм және қонақ үй саласы шаруашылығын мемлекеттік стандарттарға сәйкестендіру
Есеп
Облыстық туризм және спорт басқармасы
қаңтар 2004 жыл
қажет етпейді
3.
Туристік саланы дамытудың 2004 - 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын іске асыру жөнінде қалалық және аудандық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарын жасау
Бағдарламалар мен жоспарлар
қалалық және аудандық әкімдіктер
маусым 2004 жыл
қажет етпейді
2. Мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық аймақтарды сақтау және тиімді пайдалану
1.
Туризм инфрақұрылымының дамыған аумақтарда нысандарын салу кезінде құрылыс нормативтерін ұстануын бақылау
Есеп
Сәулет, құрылыс,ТКменЖШ басқармасы, жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, қалалық және аудандық әкімдіктер
Қыркүйек 2004 жыл
Қажет етпейді
2.
Туризм инфрақұрылымының дамуына бағытталған шағын кәсіпкерлік саласындағы инвестициялау жобаларын қарастыру жөнінде жұмыстар жүргізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
1 тоқсан жыл сайын
2004 жыл
2005 жыл
басқа көздер
3.
Бизнес жоспар мен және инвестициялық жобаларын құрастыру үшін республикалық семинарларда туристік кәсіпкерлердің квалификациясын көтеруіне қолдау көрсету ұйымдастыру
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
Қыркүйек жыл сайын
50
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
4.
Туристік бизнес кәсіпкерлерінің облыстық семинарын өткізу
Туризм және спорт басқармасының бұйрығы
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
Қыркүйек жыл сайын
110
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
3. Облыстағы туризм қауіпсіздігі
1.
Туристерге шұғыл медициналық көмек көрсету талаптарына сай келетін медициналық мекемелерді анықтау
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы,облыстық туризм және спорт басқармасы
мамыр 2004 жыл
қажет етпейді
2.
Тоқсан сайын карантиндік және ерекше қауіпті инфекциялар көрініс берген жайсыз елдер жөнінде ақпарат бюллетенін шығару
БАҚ-қа ақпараттар
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы,облыстық туризм және спорт басқармасы
ай сайын
50
қажет етпейді
4. Туристік жүйенің статистикалық есебі көрсеткіштерін жетілдіру
1.
Туристік статистикасының сұрақтары бойынша әдістемелік құралдар шығаруын ұйымдастыру
Басқармалардың біріккен бұйрығы
облыстық туризм және спорт басқармасы
Қыркүйек жыл сайын
50
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
2.
Облыста статистикалық көрсеткіштер негізінде туристік қызметке талдау жасау
Статистикалық бюллетень
облыстық туризм және спорт басқармасы
желтоқсан
2004 жыл
2005 жыл
50
50
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
3.
Облыстық статистика басқармасы, туристік және басқа да қызығушылық танытқан ұйымдардың қызметкерлеріне туризм статистикасы бойынша өткізілетін республикалық семинарларға қатысу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық статистика басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы
қараша 2004 жыл
2005 жыл
55
55
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
4.
Аудандық статистика басқармалары, туристік және басқа да қызығушылық танытқан ұйымдардың қызметкерлеріне туризм статистикасы бойынша облыстық семинарлар ұйымдастыру
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық статистика басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы
қараша 2004 жыл
2005 жыл
55
55
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
5.
Туристік саланы дамытудың мәселелері жөнінде облыстық семинар-кеңестер ұйымдастыру
Туризм және спорт басқармасының бұйрығы
Облыстық статистика басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы
қазан
2004 жыл
2005 жыл
155
55
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
6.
Туристік саланы дамытудың мәселелері жөнінде республикалық семинар-кеңестерге қатысу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
Қыркүйек
2004 жыл
2005 жыл
55
55
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
2) Туризм инфрақұрылымының дамуы
1.
Туризм нысандарын инвентаризациялау, әлеуметтік туризмді дамыту бойынша шаралар құрастыру
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
қазан
2004 жыл
2005
жыл
200
50
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
2.
Жол маңы инфрақұрылымы мен сервистік қызмет нысандарын дамыту жобаларын іске асыру жөнінде шаралар құрастыру
Облыс әкімдігіне есеп
Сәулет, құрылыс, ТКменЖШ басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
сәуір
2004 жыл
2005 жыл
тартылған инвестициялар
3.
Әлеуметтік туризмді материалдық-техникалық қамсыздандыру бойынша шара қолдану
Облыс әкімдігіне есеп
қалалық және аудандық әкімдіктер
наурыз 2004 жыл
2005 жыл
1434
4420
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
3) Қазақстан туристік өнімдерінің маркетингі мен дамуы
1. Қазақстанның, облыстың туристік беделінің нығаюы және халықаралық істестіктің кеңеюі
1.
Алматы қаласында өтетін «Туризм және саяхат» Қазақстанды халықаралық туристік жәрмеңкеге қатысу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
сәуір
2004 жыл
2005 жыл
1010
500
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
2.
Ресей Федерациясының Москва қаласында өтетін халықаралық «Саяхат және туризм» көрмесіне қатысу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
сәуір
2004 жыл
2005 жыл
1050
555
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
3.
Облыстық туристік жәрмеңкесін өткізу
Туризм және
спорт басқармасының бұйрығы
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
наурыз
2004 жыл
2005 жыл
1280
800
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
4.
Астана қаласында өтетін «қысқы демалыс» туристік жәрмеңкесіне қатысу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
қазан
2004 жыл
2005 жыл
590
250
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
5.
Бұқаралық ақпарат құралдарында туристік саланың дамуы мәселелерін жариялау
БАҚ-қа ақпараттар
Облыстық ақпарат басқармасы, облыстық туризм және спорт бас-қармасы, қалалық жқ-не аудандық әкімдіктер, БАҚ
желтоқсан жыл сайын
қажет етпейді
6.
Шетел азаматтары үшін визалық процедураларының өзгеруі жөнінде кіру туризм бойынша жұмыс істейтін туристік ұйымдарды уақытында ақпарлау
Облыс әкімдігіне ақпарат
Ақмола облысының ІІББ
қазан
жыл сайын
қажет етпейді
7.
Ақмола облысының туристік -экскурсиялық маршруттарының, фирмалар мен, объектілерінің тізімін жасау
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы
сәуір
2004 жыл
қажет етпейді
8.
Облыстық туристік беделін қалыптастыруға арналған жарнамалау материалдар өңдеуін ұйымдастыру
Есеп
Облыстық ақпарат басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
шілде
2004 жыл
2005 жыл
350
350
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
9.
Облыстық туристік әлеуеті жөнінде жарнамалық-ақпараттық материалдарын дайындап шығару
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық ақпарат басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
шілде
2004 жыл
2005 жыл
514
355
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
10.
Облыстық ұлттық парктері, қорықтары, табиғат ескерткіштері және табиғи-қорықтық қорының басқа да нысандары жөнінде туристік жол серіктерін шығару
Есеп
Облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқар-масы (келісіммен), облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
желтоқсан
2004 жыл
2005 жыл
310
180
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
11.
Ақмола облысының туристік әлеуетін зерттеу кешенді экспедициясын өткізу
Есеп
Облыстық ақпарат басқармасы (келісіммен), облыстық қоршаған ортаны қорғау бас-қармасы (келісіммен), облыстық ту-ризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
тамыз 2004 жыл
2005 жыл
650
550
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
2. Туризм және қоршаған ортаның құндылықтарын тұрғындарға насихаттау
1.
ОҚО өтетін «Бұл біздің таулар» фестиваліне қатысу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы
мамыр
2004 жыл
2005 жыл
105
105
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
2.
ШҚО өтетін «Белуха» Халықаралық фестиваліне қатысу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы
тамыз
2004 жыл
2005 жыл
165
165
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
3.
Мектеп оқушыларына туристік және экскурсиялық қызмет көрсету жөнінде шаралар ұйымдастыру
Туризм және спорт басқармасының бұйрығы
Облыстық білім басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
Қыркүйек
2004 жыл
2005 жыл
110
110
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
4.
Облыста туризмді дамытуға арналған теле-, және радиобағдарламаларды ұйымдастыру
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық ақпарат басқармасы
(келісіммен), облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктер
қаңтар жыл сайын
қажет етпейді
4) Бағдарламаның орындалуын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
1.
Туризм саласын жарнамалық-ақпараттық жағынан қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық база құру
Есеп
Облыстық туризм және спорт басқармасы
наурыз
2004 жыл
2005 жыл
310
1980
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
Барлығы :
2004 жыл
2005 жыл
8958
11000
жергілікті бюджет қаражаты көлемінде
Қысқартылған сөздер :
ІІББ - Ішкі істер Бас басқармасы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы
ТКменЖШ - Тұрғындық-коммуналдық және жол шаруашылығы