О подготовке объектов жилищно-коммунального хозяйства, предприятий и организаций бюджетной сферы к работе в осенне-зимний период 2004-2005 годов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2004-2005 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындау туралы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2004-2005 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындаудың нәтижелерін сараптау қысқы кезеңді өткізу барысында қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен бюджеттік сала ұйымдарының басшылары нақты шаралар жүргізудің арқасында жоспарланған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен оларды қысқы жағдайда пайдалануға дайындау мақсатты түрде жүргізгендігін көрсетті. Сонымен қатар, 2003-2004 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс жүргізуге дайындалу барысында кейбір аудандар мен қалалар дайындалған іс-шаралар мен кестелерге сәйкес жұмыс жүргізе алмады. Кейбір аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары, мемлекеттік және жеке меншік коммуналдық қызмет орындарының басшылары мамыр-қыркүйек айлары кезінде қатты және сұйық отын сатып алуды дайындау бойынша нақты іс-шаралар қолданбады, ол өз кезегінде жылу беру кезеңін өткізу сапасын нашарлатты. Көкшетау қаласында РК-1,2,3 аудандық қазандықтар кешендерін "KEGOC" электр жүйелеріне қосу жөніндегі жұмыстар аяқталмады. Көкшетау қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру баяу қарқынмен жүргізілуде. Қаражаттың және жеткілікті отын қорының болмауына байланысты Ерейментау, Зеренді, Бұланды, Шортанды аудандарында және Щучье, Атбасар қалаларында жылу беру кезеңі бірқалыпты өтпеді. Зеренді, Бұланды, Ерейментау, Шортанды аудандарында жылу беру көрсеткіштерінің төмендеуі орын алды. Нысандардың қысқы кезеңде жұмыс істеуге жеткіліксіз дайындалуының нәтижесінде Егіндікөл, Атбасар, Қорғалжын, Еңбекшілдер аудандарында және Краснояр селосында сумен қамтамасыз ету жүйелі түрде жүргізілмеді. "КазСабтон" ЖАҚ басшылығы мен Степногорск қалалық әкімдігі су құбырларының трассаларында пайда болған жыртықтарды дер кезінде жою бойынша шаралар қолданбайды. Зеренді ауданында бюджеттік ұйымдар мен тұрғын үйлер бойынша электр энергиясын негізсіз сөндіру фактілері орын алды. Атбасар аудандық әкімдігінің дұрыс басқарып ұйымдастыра алмауына байланысты Атбасар қаласының тұрғындарынан отын жетіспеушілігі, қазандықтардың қанағаттанғысыз жұмысы және коммуналдық қызмет үшін бағаның жоғарылығы мәселелері жөніндегі хаттар көп келеді. Аудандар мен қалаларда көрсетілген коммуналдық қызмет үшін берешектерді өтеткізу бойынша жұмыстар нашар жүргізілді. Облыс бойынша 2003 жылдық 1 қазанынан 2004 жылдың 1 сәуіріне дейін су, электр энергиясын және жылу үшін тұрғындар мен бюджеттік ұйымдардың дебиторлық қарыздары 105 млн. теңгеге өсіп, 515 миллион теңге құрады. Осы кезеңде коммуналдық қызмет үшін қарыз Щучье ауданында 6,4 млн. теңгеге, Көкшетау қаласында 45 млн. теңгеге, Степногорск қаласында 60 млн. теңгеге өсті. Облыс бойынша жалпы қарыз көлемінің 72% - Көкшетау қаласының, 18% - Степногорск қаласының, 6% - Щучье қаласының үлесінде. Кейбір қалалық, аудандық әкімдіктер жеке меншік пәтер иелері кооперативінің (бұдан әрі - ПИК) жұмысына тиісті көңіл бөлмеді. Осы себептен қалаларда, аудан орталықтарында көптеген көпқабатты тұрғын үйлер қысқы кезеңде пайдалануға дайын емес болып шықты. Мысалы, Көкшетау қаласында 733 тұрғын үйдің 179-ында ғана қысқа дайындық паспорттары болды немесе 24%. Кейбір әкімдіктер жалпы қолданыстағы жергілікті автожолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша қажетті шаралар қолданбады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, кәсіпорындарды және бюджеттік сала ұйымдарын 2004-2005 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс жүргізуге уақытында және сапалы дайындау мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көкшетау, Степногорск қалаларының, аудандардың әкімдіктері:
Тармақша 1
1) кәсіпорындар мен коммуналдық шаруашылық ұйымдарының ПИК, бюджеттік сала нысандарының 2003-2004 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмыстарының нәтижесіне сараптама жасау. Өткізілген әкімдік мәжілістері мен жиналыстарының нәтижесі бойынша қалалық, аудандық іс-шаралар мен жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының кестесін дайындап бекіту; қысқы кезеңге дайындалу жұмыстарының аяқталу мерзімі 2004 жылдың 1 қыркүйегі етіп белгілеу;
Тармақша 2
2) аудандар мен қалалардың әкімдіктері, селолық округтер әкімдері жанынан жылу жүйелерін, жылу көздерін, су және канализация жүйелерін, су қоймаларын, тұрғын үй қорын қысқы жағдайда пайдалануға дайындау жөніндегі бекітілген іс-шаралардың орындалу барысына бақылау жүргізу жөніндегі комиссиялар, штабтар құру, нысандардың жылу энергиясын қабылдауға дайындығы жөніндегі паспорттар берілуін ерекше бақылауға алу;
Тармақша 3
3) бекітілген аудандық, қалалық іс-шараларға сәйкес қыс алдындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жоспарлы түрде және толық қаржыландыруды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) пайдаланылған электр, жылу энергиясы және су үшін, сонымен қатар, алынған қатты және сұйық отын үшін 2004 жылдың сәуір-мамыр айының ішінде қарыздарды толық өтеу жөнінде нақты шаралар қолдану, өткен жылдардың қарыздарына реструктуризациялау жүргізу және қайтарылмайтын берешектерді жою бойынша шаралар қолдану;
Тармақша 5
5) сәуір-мамыр айларында қысқы отынды мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлер өткізу, жеңімпаздарын анықтау, қатты және сұйық отынмен ауқатты жабдықтаушыларды іріктеудің әділдігін қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Көкшетау қаласының әкімі Е.Б.Баяхметов, "Көкшетау-Пауэр" ЖШС басшысымен келісе отырып, №2 аудандық қазандық кешенінде (РК-2) КВТК 100/150 үшінші шаңкөмір қазандық агрегаты құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген қаржының толық игерілуін қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Ерейментау ауданының әкімі Ө.Қ.Мұсабаев Ерейментау қаласындағы № 5 орталық қазандығының технологиялық жабдықтарын жөндеу мүмкіндіктерін қарастырсын, ескірген жабдықты жылу кезеңі басталғанға дейін ауыстырсын және уақытымен жөндеуді қамтамасыз етсін, үшайлық көмір қорын әзірлесін.
Тармақ 4
4. Щучье ауданының әкімі Р.Қ.Әкімов бюджеттік қаражатты үнемдеу мақсатында жылумен қамтамасыз ету ұйымдармен бірлесе отырып Щучье қаласының мөлтек аудандары мен маңындағы бөлек қазандықтар мен жылу жүйелерін қалпына келтіруді ұйымдастырсын, орталықтандырылған жылу көздерінен жылу келмеуінен тұрғындардың арыздануына жол бермесін. Тапсырыстың орындалу барысы туралы облыс әкімдігіне ай сайын ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 5
5. Атбасар ауданының әкімі Е.Т.Есенжолов жылумен қамтамасыз ету ұйымдарымен бірлесе отырып, Атбасар қаласы мөлтек аудандарына жылу энергиясын тұрақты беріп отыруды қамтамасыз етсін, тұрғындардың жылудың берілмей қалуына арыздануын болдырмасын.
Тармақ 6
6. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдіктері, облыстық білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, мәдениет басқармасы, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, туризм және спорт басқармасы:
Тармақша 1
1) 2004 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталуын, магистральдық және тарату жүйелеріндегі жуу және сынақтан өткізу жұмыстары аяқталуын қамтамасыз етсін, жылу құбырларының изоляциясын толық қалпына келтірсін;
Тармақша 2
2) 2004 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жылумен қамтамасыз ету нысандарында үш айлық отын қорын жинау және оны 2004-2005 жылғы қысқы жылу беру кезеңінің соңына дейін толықтырып отыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Әлеуметтік сала нысандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етсін, соның ішінде ауыз суын тазалау сүзгілері мен құралдарын сатып алып орнатуды қоса, облыс тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі іс-шаралардың уақытында орындалуына лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттырсын.
Тармақ 7
7. Көкшетау қаласының әкімі Е.Б.Баяхметов тұрмыстық сұйық газбен қамтамасыз ету қондырғыларын (ГРУ) толық іске қосу жөніндегі іс-шаралар қолдансын.
Тармақ 8
8. "Астана-су" РМК-на (Петрищев В.Н.) аудан әкімдерімен бірлесе отырып, 2004 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Нұраның топтамалық су құбырындағы сумен қамтамасыз ету тарату жүйелерінде, магистралында, су тораптарында жөндеу, су шаруашылығы нысандарын күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі кешенді іс-шаралар әзірлеу, пайдалануға берілген су үшін қаржыны толық көлемде жинау, пайдаланған электр энергиясы, Нұра су құбырында пайдаланған суды есептеу құралдарын орнатқаны үшін есеп айырысу, сумен жабдықтау нысандарында технологиялық телефон және радио байланысымен қалыптастыруды қамтамасыз ету, су шаруашылығы нысандарын реконструкциялауға арналып республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны толық көлемде игеру бойынша шаралар қолдану ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы (А.М.Рыспаев), Ақмола облыстық автомобиль жолдары басқармасы, "Қазақавтодор" РМК-ның Ақмола филиалы (келісімі бойынша) жалпы қолданыстағы автожолдарды сапалы түрде жөндеу, күтіп ұстау және жайлыландыру жөніндегі шаралар қолдансын, жол жөндеу жұмыстарын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін. Жергілікті автожолдарды жөндеу жөніндегі қалалық, аудандық шағын отрядтар құру жұмыстарын жандандырсын. Жол қызметтерінің басшылары көпірлердің, жол көрсеткіштерінің, су өткізу құбырларының, тюбингтердің және басқа жасанды құрылыстардың жағдайына баса назар аударсын. Автожолдардағы ауданаралық билбордтарды жаңарту бойынша жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын және бюджеттік сала кәсіпорындары мен ұйымдарын 2004-2005 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі облыстық іс-шаралар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын және бюджеттік сала кәсіпорындары мен ұйымдарын 2004-2005 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі облыстық іс-шаралардың орындалу барысын бақылау жөніндегі облыстық комиссия құрамы бекітілсін (Қосымша 1,2).
Тармақ 11
11. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері ай сайын, келесі айдың 10-на дейін облыс әкімі аппаратына осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.
Тармақ 13
13. Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі № а-4/120 (1712) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2003-2004 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындау туралы" қаулысының күші жойылсын.
Басқа 22
Қосымша 1 Ақмола облысы әкімдігінің 2004 ж.06.04.№ a-4/95 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2004-2005 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындау туралы" қаулысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындардың және бюджеттік сала ұйымдарының нысандарын 2004-2005 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі ІС-ШАРАЛАР р/с Іс-шаралардың атауы Орындалу мерзімі Орындауш ы лар Орындалуына жауаптылар 1 2 3 4 5 1. 1. Электржылу энергетика нысанд ары Көкшетаудың аудандық қазандықтарында (РК-1,2,3), Степногорск ТЭЦ және қалалар мен аудан орталықтарындағы жеке қазандықтардың негізгі технологиялық жабдықтарын жөндеу. №№2 аудандық қазандық кешенінде (РК-2) КВТК 100/150 үшінші шаңкөмір қазандық агрегаты құрылысын аяқтасын. Тұрғындардың коммуналдық қызмет үшін қарыздарын жинау бойынша іс-шаралар қолдану және отынның үшайлық қорын құру 20.08.04 ж. дейін "Көкшетау Пауэр" ЖШС, "КазСабтон" ЖАҚ әкімшіліктері, жеке қазандық басшылары (келісімі бойынша) Аудандардың,қалалардың әкімдері 2. Қалалар мен аудандарда жылу, су, канализация жүйелеріне ағымдағы және күрделі жөндеу. Жайлау мөлтек ауданында ТМ-4 жылу магистралін салуды жүзеге асыру 2004 жылдың мамыр, тамыз айларында жұмыс жоспары бойынша "Көкшетау Пауэр" ЖШС, "КазСабтон" ЖАҚ әкімшіліктері, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары мен жүйелерді иелері (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері 3. 0,4-110 кВ кабельдік электр желілеріне, трансформаторларға, подстанцияларға, трансформаторлық подстанцияларға және КТП-ға ағымдағы орташа және күрделі жөндеу. Көкшетау қаласының 1,2,3 аудандық жылу беру қазандықтарын "KEGOC" жүйелеріне қосуды жүзеге асыру 1.09.04. ж. дейін жұмыс жоспары бойынша "АРЭК" ЖАҚ, "КөкшетауЭнерго" ЖШС, "Көкшетау-Пауэр" ЖШС (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері 4. Қалалар мен аудан орталықтарының жеке қазандықтарында, орталықтандырылған жылу көздерінде магистральдық, таратушы, кварталдық жылу жүйелерін жуып, тазалау, сынақтан өткізу, гидравликалық режимін жөндеу, жылу жүйелерінің жылу изоляцияларын қалпына келтіру 1.09.04. ж. дейін жұмыс жоспары бойынша Жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының басшылары келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстволардың бастықтары 5. Көкшетау қаласының РК-1,2,3 кешендеріне, Степногорск ТЭЦ-не, аудан орталықтары мен елді-мекендердегі барлық қазандықтарға үш айлық қатты және сұйық отын қоры сатып алынып әкелінуін қамтамасыз ету Бекітілген кестеге сәйкес 01.09.04. ж. дейін Жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының басшылары (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстволардың бастықтары 6. Орталық энергия жүйесінен ағытып тастаған жағдайда қолдану үшін қазандықтарды автономиялық энергиямен қамтамасыз ету көздерінен (резервтік және дизельдік электр станцияларымен). Автономиялық электрмен қамтамасыз ету көздерін қажетті дизельдік жанар май қорымен қамтамасыз ету 01.09.04ж. дейін Жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының, кәсіпорындардың, шаруашылықтардың және агрофирмалардың басшылары (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстволардың бастықтары 7. Тұрғын үй қорын, мәдени-әлеуметтік сала, өнеркәсіп, көлік, байланыс және сауда нысандарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілік ғимараттарының комиссия арқылы тексеріліп, оларға қалалардың, аудан орталықтары мен басқа да елді мекендердің орталықтандырылған жылу жүйелеріне қосылуға дайын екендіктерін растайтын құжаттар берілуін ұйымдастыру 01.09.04. ж. дейін Кәсіпорындардың, ұйымдардың, шаруашылықтар мен агрофирмалар-дың басшылары (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстволардың бастықтары 8. 2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары нысандары Үйлердің ішкі жылу жүйелерін жуып тазалау, сылау, су құбырлары мен канализация жүйелерін жөндеу, подвалдарды жер асты және басқа да сулардан құрғату. Үйдің шатырларын, подъездерін, есіктерін, жылу жүйелерін жөндеу және изоляциялау Кәсіпорын-дардың жұмыс жоспарлары бойынша 01.09.04.ж. дейін Округ әкімдері, ПИК, үй басқармалары төрағалары, "Горводоканал" және кәсіпорындардың басшылары (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері 9. Жылу энергиясын, суық су есептеу құралдарын орнату бойынша жұмыстарды жалғастыру 01.09.04.ж. дейін ПИК жұмыс жоспары бойынша ПИК төрағалары, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері 10. Көкшетау қаласында магистралдық тарату және кварталаралық жылу беру жүйелерін қымтап орау жұмыстары, жылы сумен қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру, канализация жүйесін тексеру 25.09.04. ж. дейін кесте бойынша "Көкшетау Пауэр" ЖШС, "Горводоканал" МКК, округ төрағалары, ПИК, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары (келісімі бойынша) Көкшетау қаласының әкімі 11. Тұтынылған электр жылу энергиясы үшін, су құбырлары мен канализация қызметі, қоқыс шығарып төгу үшін ақы төленуіне бақылауды жүзеге асыру әрқашан ПИК төрағалары, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері 12. Коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту, әсіресе қар тазалау мен жер қазу техникаларын сатып алу мәселелері бойынша жағдайлар жасау. Тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорындарын дамыту мен нығайту бағдарламасы орындалуына сараптама жасау әрқашан Коммуналдық кәсіпорындардың, тұрғын үй-апаттық қызметі басшылары (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері 13. Жасалған келісімдерге сәйкес облысқа қатты және сұйық отынның алдыңғы кезекте жеткізілуін жүзеге асыру, жылжымалы құрамдардың нормадан тыс тоқтап тұруларын қысқарту әрқашан "Қазақстан темір жолы" ҰК ЖАҚ Ақмола темір жол тасымалы бөлімшесі филиалы (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері 14. Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жөнделуін қамтамасыз ету, оларды қысқы кезеңде пайдалануға дайындау. Қолда бар қар тазалау техникаларын уақытында жөндеу, көктайғаққа қарсы қажетті материалдар мен жанар май сатып алу. Жол белгілері мен көрсеткіштерінің жағдайларын тексеру әрқашан Автомобиль жолдары ұйымдарының басшылары (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері 15. 3. Кәсіпорындардың, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық ұйымдардың нысандары Жылу көздері мен (қазандықтар, АЖС және т.б.), жылу құбырларына, су құбырлары жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу. Электр, жылу, сумен қамтамасыз ету нысандарының сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету 01.09.04. ж. дейін Кәсіпорындар дың, шаруашылықтармен агрофирмалар-дың басшылары (келісімі бойынша ) Аудандардың әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасының бастығы 16. Негізгі өндірістің барлық нысандарында резервтік дизельдік электр станциялар сатып алынып қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз ету 01.09.04. ж. дейін Кәсіпорындар дың, шаруашылықтармен агрофирмалардың басшылары (келісімі бойынша) Аудандардың әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасының бастығы 17. Қатты және сұйық отын алуға келісім-шарттар жасау, үш айлық отын қоры дайындалуын қамтамасыз ету 01.09.04. ж. дейін, кестеге сәйкес Кәсіпорындар дың, шаруашылықтармен агрофирмалардың басшылары (келісімі бойынша ) Аудандардың әкімдері, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы 18. Шаруашылықтардағы автожолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстауды ұйымдастыру және дайындау, оларда қыс бойы автотранспорт тұрақты жүруін қамтамасыз ету қыс бойы Кәсіпорындар дың, шаруашылықтармен агрофирмалардың басшылары (келісімі бойынша) Аудандардың әкімдері 19. 4. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғаунысандары Мектеп, училище, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындары, мектепке дейінгі мекеме, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарында, спорт зал және тағы басқа ғимараттарда ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу, олардың жергілікті және орталықтандырылған жылу көздерінен жылу қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған нысандарды электр энергиясымен, сумен тұрақты қамтамасыз ету. Коммуналдық қызмет үшін берешектерін өтеу 20.08.04. ж. дейін Кәсіпорындар мен ұйымдардың, аудандар мен қалалардың басшылары (келісімі бойынша) Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары 20. Облыстық басқармалардың, ведомстволардың жанынан әлеуметтік сала нысандарын қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындауға және олардың жылыту кезеңінен қиналмай өтуін бақылау жөніндегі арнайы комиссиялар құру. Ай сайын облыс әкімдігіне нәтижесі туралы ақпарат тапсырып отырсын Күзгі-қысқы кезең бойы Облыстық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары Облыс әкімі аппаратының салалық бөлімдері 21. Бюджеттік ұйымдарға отынды мемлекеттік сатып алу жөніндегі қалалық, аудандық комиссиялардың отырыстарын өткізу, оларды сатып алу және орындарына жеткізілуін қамтамасыз ету. Белгіленген уақытта үш айлық қатты және сұйық отын қоры дайындалуын ұйымдастыру 01.09.04. ж. дейін Кәсіпорындар мен бюджеттік сала ұйымдарының басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері
Басқа 23
Қосымша 2 Ақмола облысы әкімдігінің 2004 ж.06.04.№ № a-4/95 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2004-2005 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындау туралы" қаулысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарды, кәсіпорындарды және бюджеттік сала ұйымдарын 2004-2005 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі облыстық іс-шаралардың орындалу барысын бақылау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ 1. Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы 2. Рыспаев Асқар Мақшанұлы облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылық басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: 1. Дмитриенко Елена Александровна облыстық білім басқармасының бастығы 2. Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинович облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы 3. Мадияров Әбділрахман Советұлы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы 4. Мырзахметов Болат Кәмалиұлы облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі 5. Мұстафин Мұрат Кәрімұлы ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі Департаментінің директоры (келісімі бойынша) 6. Новиков Олег Анатольевич "АРЭК" ЖАҚ басқармасының төрағасы (келісім бойынша) 7. Боргер Анатолий Карлович "КөкшетауЭнерго" ЖШС президенті (келісім бойынша) 8. Жұматаев Жақсылық Төлеуұлы "Қазақстан темір жолы" РМК филиалының Ақмола теміржолмен тасу бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша) 9. Петрищев Валерий Николаевич "Астана-су" РМК директоры (келісімі бойынша) 10. Савицкий Дмитрий Емельянович облыстық қаржы басқармасының бастығы 11. Сейітжанова Нұрикамал Сейітжанқызы облыстық мәдениет басқармасының бастығы 12. Хамзин Тимур Ғабдолқайұлы облыс әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы