О подготовке производственного и социального комплекса Костанайской области к работе в осенне-зимний период 2004-2005 годов Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының өндiрiстiк және әлеуметтiк кешенін 2004-2005 жылдардың күзгi-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес және облыстың өндiрiстiк және әлеуметтiк кешенiн 2004-2005 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiндегi жұмысқа уақытында және сапалы дайындау мақсатында Қостанай облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қалалар, аудандар әкiмияттары, мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары:
Тармақша 1
1) 2004 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде жылу көздерiн, электр, газ, жылу және су құбырлары желiлерiн, сондай-ақ тұрғын-үй және әлеуметтiк сала объектілерiн 2004-2005 жылдардың күзгi-қысқы жағдайына жұмысқа дайындау жөнiндегi ұйымдастыру-техникалық iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкiмдерi төмендегідей ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзсiн:
Тармақша 1
1) қатты, сұйық және газ түрiндегi отынды, электр энергиясын жеткiзуге қалалар мен аудандар кәсiпорындарының жабдықтаушылармен келісім-шарт жасасуына және қатты, сұйық отынның жинақталу кестесiнiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуді;
Тармақша 2
2) коммуналдық қызметтi тұтынушылардың пайдаланған электр, жылу энергиясы, табиғи газ және су үшiн борыштарын 2004 жылдың 1 шiлдесіне дейiн өтеуді;
Тармақша 3
3) пәтер иелерi кооперативтерiнiң басшыларымен тұрғын үйлердi алдағы күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа даярлау жөнiндегi жөндеу-алдын алу iс-шараларын өткiзуді;
Тармақша 4
4) «Қостанай облысының энергетика, өнеркәсiп және құрылыс департаменті» мемлекеттік мекемесіне апта сайын, әр сәрсенбiде, қысқа дайындық барысы туралы белгiленген үлгі бойынша ақпарат түсiрiп отырсын (қоса берілді).
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері алынатын жылу-энергетикалық ресурстарға және коммуналдық қызметтер үшiн бұрындары жинақталған борыштарын өтеуге уақытында төлем төлеуді қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының өндiрiстiк және әлеуметтiк кешенінiң 2004-2005 жылдардың күзгi-қысқы кезеңінің жұмысына даярлығы жөнiндегi облыстық комиссия құрылсын. Белгіленген заң тәртібі бойынша облыстық комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкiмиятының 2003 жылғы 9 сәуiрдегi № 66 «Қостанай облысының өндiрiстiк және әлеуметтiк кешенiн 2003-2004 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiндегi жұмысқа даярлау туралы» қаулысының күшi жойылды деп есептелсiн (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2184, «Қостанай таңы» 2003 жылғы 6 мамырдағы № 50).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсiн.
Басқа 12. 2004-2005 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықтың барысы жөніндегі АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 89 қаулысына 1-қосымша 2004-2005 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықтың барысы жөніндегі АҚПАРАТ Рет саны Атауы Өлшем бірлігі Жоспар Нақты орындалғаны 1 Отын 1.1 Көмір қорын құру - барлығы, оның ішінде: - бюджеттік ұйымдар - тұрғындар мың тонна мың тонна мың тонна 1.2 Темір жол станцияларынан бюджет көмірлерін тасып шығару мың теңге 1.3 Бар көмір - барлығы мың теңге х 1.4 Мазут қорын құру мың тонна 1.5 Сұйық отын қорын құру (автономиялық жылыту жүйелері үшін дизельдік, пештік) мың теңге 2 Қазандықтар - барлығы, оның ішінде: жөндеуге жататыны бірлік бірлік 3 Жылу жүйелері - барлығы оның ішінде жөндеуге жататыны километр километр 4 Су құбырлары жүйелері - барлығы, оның ішінде жөндеуге жататыны километр километр 5 Кәріз жүйелері - барлығы оның ішінде жөндеуге жататыны километр километр 6 Электр беру желісі 35-220кВ - барлығы, оның ішінде жөндеуге жататыны километр километр Электр беру желісі 10-0,4кВ - барлығы, оның ішінде жөндеуге жататыны километр километр 7 Кіші электр станциялары, 35-220 кВ - барлығы, оның ішінде жөндеуге жататыны бірлік бірлік (Тарату пункттері, трансформаторлық кіші станциялар, кешенді трансформаторлық кіші станциялар) - 10/0,4 кВ - барлығы, оның ішінде жөндеуге жататыны бірлік бірлік 8 Объектілер дайындығы: тұрғын үйлер білім беру объектілері денсаулық сақтау объектілері бірлік бірлік бірлік Ескерту: 1.3 тармақшада отынның қалдығы жылыту мезгілінің басынан бастап көрсетілсін.