О региональной программе развития туристской отрасли в Западно-Казахстанской области на 2004-2005 годы Күшін жойған
Басқа 0
2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында туристік саланы дамытудың аймақтық бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-шы бабына сәйкес және "Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысын іске асыру мақсатында облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында туристік саланы дамытудың аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Тармақ 2
2."2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында туристік саланы дамытудың аймақтық бағдарламасы туралы" облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 20 ақпандағы N 6-9 шешімі мемлекеттік тіркеуден өтпегеніне байланысты жойылсын.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 25 наурыздағы N 10-8 шешімінің (тіркеу N 855, 2001 жылғы 15 мамыр) көші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Бағдарламаның іске асырылуы туралы есебі жыл сайын 1 желтоқсанда және 1 маусымда облыстық туризм және спорт басқармасының облыстық мәслихатқа берілсін.
Басқа 5. 2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында туристік саланы дамытудың аймақтық бағдарламасы туралы
«Бекітілді»
Облыстық мәслихатының
2004 жылғы 29 мамырдағы
N 8-17 шешімімен
2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында туристік саланы дамытудың аймақтық бағдарламасы туралы
Тарау 1. 1. ПАСПОРТ
1. ПАСПОРТ
Атауы:
Батыс Қазақстан облысында туристік саланы дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы.
Әзірлеу үшін негіздеме:
2001 жылдың 13-ші маусымындағы Қазақстан Республикасының "Туристік қызмет туралы" Заңы, N 212-ІІ ҚРЗ, 2003 жылдың 15 тамызда шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің N 1165 Жарлығы "Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясын одан әрі жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекітілген "Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы".
Негізгі әзірлеуші:
Батыс Қазақстан облыстық туризм және спорт басқармасы
Бағдарламаның мақсаты:
Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әралуан туристік қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мол мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заман талабына сай тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешенді құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық механизмдерін жасау және Қазақстанның туристік өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды мемлекеттік деңгейде жүзеге асыру
Бағдарламаның міндеттері:
Қойылған мақсаттарға сәйкес Бағдарламаның ірінші кезектегі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) шетелдік туристерді тарту мақсатымен келу туризмін дамыту;
Тармақша 2
2) Қазақстан азаматтарының демалысын ұйымдастыру мақсатында ішкі туризмді дамыту;
Тармақша 3
3) Қазақстанның туристік өнімін туристік қызмет көрсетулердің әлемдік рыногына жылжыту;
Тармақша 4
4) шағын кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ету, туристік облыста және қызмет көрсету саласында тұрғындардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау;
Тармақша 5
5) инвестициялау және сала субъектілерін қаржыландырудың, несиелеудің басқа да нысандары үшін жағдайлар туғызу
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 2004-2005 жылдар
Бағдарламаны қаржыландыру:
2004 жылға кезектегі бюджет бағдарламасын ткізу үшін 6000,0 мың теңге бөлінді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2005 жылға бюджеттен көзделетін шығындар - 10000,0 мың теңге
Күтілетін нәтижелер:
Туризм белсенді демалыстың, денсаулықты нығайту және бос уақытты тиімді пайдаланудың және жақсы ұйымдастырған жағдайда ой-өрісін кеңейтудің басты нысаны бола отырып, облыстағы бай туристік ресурстарды тиімді қолдану жолы арқылы Батыс Қазақстан облысының экономикасындағы табыс көздерінің бірі бола алады. Бұл үшін басым туристік маршруттар, Бөкейорда, Шыңғырлау, Теректі және облыстық басқа да басым аудандарының тарихи-өлкетану объектілеріне экскурсиялық бағдарламалар жасалады, сондай-ақ Шалқар көлінің жағалауын абаттандыру және игеру жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Туристік саланы дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 тамыздағы N 1165 "Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 4867 тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекітілген "Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасына" сәйкес жасалды.
Бағдарлама экономиканың басым секторы болып саналатын саланы орнықты дамытуды қамтамасыз етудің негізгі проблемаларын қамтиды.
Туристік инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық туристік өнімді әлемдік рынокқа жылжыту мақсатында Қазақстан Республикасының бірқатар қаулылары қабылданды: 2000 жылғы 26 қазандағы N 1604 "Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы", 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 "Туризм бойынша үйлестіру кеңесін құру туралы", 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1947 "Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында туризмді дамыту Тұжырымдамасы бекітілді.
Орал өңірінде туризмнің дамуына ықпал ететін басты факторлардың бірі географиялық жағдай болып табылады: облыс территориясында далалы және жартылай шөлейтті аймақтар бар. Климаттық жағдайларына байланысты Орал өңірі туристік тұрғыда маусымдық демалысты және негізінен жазғы кезеңде - сәуірден-қазанға дейін бос уақытты өткізу үшін тартымды болып табылады.
Бүгінде туристік фирмалар туристерді белсенді түрде тарту үшін көбіне облыстағы табиғи және тарихи-мәдени ресурстарды пайдаланады. Алайда экскурсиялық қызмет көрсетуге өтінімдер бірінші кезекте оқушы жастардан түседі.
Мұның себебі алдымен туризмнің қазіргі материалды-техникалық базасының 80 пайыздан астам қайта жаңартуды және күрделі жөндеуден өтуді қажет ететіндігінде.
Салаға жеке инвестициялардың қосылуы үшін, соның ішінде жағын және алыс шетелдерден, жағдайлар жасалмаған. Бұл жағдайды өзгерту үшін жергілікті атқару және өкілетті органдар тарапынан мақсаттылы бағытталған шаралар қолданылуы қажет.
Үлкен роль туристік салада мемлекетаралық, мемлекеттік және жеке деңгейлерде даму және жоспарлау саясатын үйлестіруге, мемлекеттік басқару нысандарын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы - үйлестірілген механизмінің базасында дамытуды қолдауға беріледі.
Тарау 3. 3. Туристік саланың қазіргі жай-күйін талдау
3. Туристік саланың қазіргі жай-күйін талдау
2002 жылы Батыс Қазақстан облысында 9 туристік фирмалар 4873 адамға қызмет қылды. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында 12 туристік ұйым жұмыс жасайды. Олар 3191 туристке қызмет жасады.
Облыс тұрғындары туристік фирмалардың қызметтерін пайдалана отырып әлемнің кез келген еліне сапарға шыға алады, шетелге шығуға құжаттар ресімдей алады, Орал өңірі бойынша экскурсиялық сапар жасай алады.
Егер 1991-1993 жылдары бірорталықтандырылған жүйе болса, яғни: туристік сапарлар жыл басында республикалық деңгейде әзірленген және бақылауға алынған қатаң рұқсат қағаздар бойынша жүзеге асырылды, ал қазір әр фирма шетелдік туроператорлармен тікелей байланыс орнату мүмкіндігіне ие болды.
Дегенмен де, туристік фирмалардың негізгі қызметі шетелге шығу визаларын ашу тұрғысында делдалдық қызмет көрсету болып қала береді.
Туристерге қызмет көрсетудің статистикалық деректері көрсеткендей, 2000 жылы 4377 турист, 2001 жылы - 3242 адам, 2002 жылы 4873 туристке, 2003 жылдың 9 айында 934 туристке қызмет көрсетілген, бюджетке салықтар мен басқа да төлемдер 2001 жылы - 384 100 теңге, 2002 жылы - 7177 теңге және 2003 жылдың 1 жарты жылдығында - 852 219 теңгені құрады.
Облыстық географиялық жағдайы, жолдамалардың анағұрлым төмен бағалары туристерге көршілес ресейлік туристік фирмалардың қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді (Самара, Орынбор қалалары).
1997 жылдың қыркүйек айынан бастап Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (Дәулеткерей атындағы мәдениет институты) "Экономика және туризм менеджменті" факультетінде туризм саласында білікті кадрларды даярлау жүргізіледі.
Жыл сайын "Жайық-Урал" дәстүрлі туристік-экологиялық экспедициясы, "Европа-Азия" аймақтық туристік фестивалі өткізіледі.
Батыс Қазақстан облысы Европа мен Азия сынды екі құрлықтық арасындағы көпір бола отырып, теңдессіз туристік әлуетке ие. Облыс теңдессіз географиялық жағдайда орналасқан және Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен шектеседі: Самара, Саратов, Астрахань, Волгоград және Орынбор облыстарымен.
Орал өңірі туристерді тарту және әртүрлі демалыстарды ұйымдастыру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр; оның бірі Орал өңірінің інжу-маржаны-жануарлар және өсімдіктер әлеміне бай Шалқар көлі. Таңғажайып Сантас және Сасай таулары, Садовское көлі, жасыл көкорай мен ормандарға көмкерілген Жайық өзені, Камыш-Самар сулары бұқаралық демалыстың орталығы бола алады.
Осылайша, Батыс Қазақстан облысында туристік саланы дамытудың жай-күйін талдау барысында мынадай проблемалар анықталды:
Тармақша 1
1) экскурсоводтарды даярлау, туристік ұйымдар өкілдерінің біліктіліктерін арттыру мәселелері шешілген жоқ;
Тармақша 2
2) Шалқар көлі жағадауының демалыс аймағында және басқа басым туристік объектілерінде облыс тұрғындары мен шетелдік туристерге сервистік қызмет көрсетуге жағдайлар жасалмаған, туристік-ақпараттық жұмыс жеткіліксіз дамыған;
Тармақша 3
3) Орал өңірінің туристік әлуеті зерттелмеген, облыстағы тарихи, экологиялық, мәдени орындарына туристік маршруттар жасалмаған.
Батыс Қазақстан облысында туризмді дамыту жөніндегі жоғарыда аталған міндеттерді шешу қажетті шаралардың қолданылуын талап етеді. Осы мақсатта туризмді дамытудың облыстық бағдарламасы жасалды.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстан Республикасында қазақстандық және шетелдік азаматтардың әралуан туристік қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мол мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заман талабына сай тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешенді құру, келу және ішкі туризмді қолдаудың экономикалық және құқықтық басым тетіктерін әзірлеу, ел экономикасына шетел валютасының тұрақты келуін қамтамасыз ету, экономиканың сабақтас салаларын дамыту болып табылады.
Бағдарлама сондай-ақ, мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
Тармақша 1
1) тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін орнықтыру;
Тармақша 2
2) ұлттық туристік өнім қалыптастыру және оның сапасын әлемдік деңгейге сәйкестендіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) саланы мемлекеттік реттеудің оңтайлы әдістерін қолдау мен таңдау негізінде туризмді кешенді дамыту.
Жоғарыда аталған міндеттер туристік саланы дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасында негізгі болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес Бағдарламаның бірінші кезектегі міндеттері мыналар:
туризмде әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларға, мақсаттарға, қағидаттарға, туристік қызметті жүзеге асыру міндеттеріне жауап беретін мемлекеттік реттеудің жаңа көзқарастар жүйесін қамтамасыз ету;
мемлекеттің туризм саласында республикалық уәкілетті орган арқылы әрекет ететін басқарудағы, атқарушы органдар мен ұйымдар арасында өзара іс-қимылын реттеудегі рөлін күшейту;
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың нормативтік құқықтық базасын, осы саладағы мемлекеттік реттеу тетігін жетілдіру;
туристік саланы кадрлық, ғылыми-әдістемелік, жарнама-ақпараттық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
туризмнің инфрақұрылымын дамыту, туризмнің материалдық базасын жаңғыртуға, жаңа объектілер құрылысын жандандыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
Қазақстанның туристік өнімін туристік қызмет көрсетулердің әлемдік рыногына жылжыту;
туризм саласында және қызмет көрсету салаларында шағын кәсіпкерлікті дамытуды, халықтық жұмыспен қамтылуын ынталандыруды қамтамасыз ету;
инвестициялау және сала субъектілерін қаржыландырудың, несиелеудің басқа нысандары үшін жағдайлар жасау.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мыналар:
Тармақ 1
1. Ұлттық туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақ 2
2. Туристік қызметті стандарттау, сертификаттау, лицензиялаудың талаптарына сәйкес туристерге қызмет көрсетудің сапасын жақсарту;
Тармақ 3
3. Туризм саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;
Тармақ 4
4. Туризм саласында мүдделі орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы қызметті ең жоғарғы деңгейде үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақ 5
5. Туризм құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, соның ішінде спорттық туризмнен, туристік көпсайыстан жарыстар, туристік слеттер, туристік-экологиялық экспедицияларды өткізу;
Тармақ 6
6. Халықаралық, республикалық және аймақтық туристік жәрмеңкелерге, көрмелер мен семинар-кеңестерге қатысу.
Облыстық бағдарламаның координаторы мен туризмді бюджеттік қаржы бөлінісі есебінен қаржыландыру бағдарламасының әкімшісі облыстық туризм және спорт басқармасы болып табылады.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджетте 2004 жылы көзделген қаржы бөлінісі шеңберінде жүзеге асырып, облыстық Бағдарламаның негізгі іс-шараларын орындау үшін бюджеттен 6000,0 теңге көлемінде қаржы қажет. 2005 жылы туристтік салаға облыстық Бағдарлама бойынша 10000,0 мың теңге көлемінде қаржы қажет.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Туризм белсенді демалыстың, денсаулықты нығайту және бос уақытты тиімді пайдаланудың және жақсы ұйымдастырған жағдайда ой-өрісін кеңейтудің басты нысаны бола отырып, облыстағы бай туристік ресурстарды тиімді қолдану жолы арқылы Батыс Қазақстан облысының экономикасындағы табыс көздерінің бірі бола алады. Бұл үшін келешегі бар туристік маршруттар, Бөкейорда, Шыңғырлау, Теректі және облыстық басқа да басым аудандарының тарихи-өлкетану объектілеріне экскурсиялық бағдарламалар жасалады. Сондай-ақ, демалушылардың келуін көбейтуге, сәйкесінше туристік қызмет көрсетулерді кеңейтуге ықпал ететін Шалқар көлінің жағалауын абаттандыру және игеру жүзеге асырылады.
Батыс Қазақстан облысында туристік саланы дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
N
Негізгі іс-шаралар
Аяқталу нысаны
Жауапты орындаушылар
(іске асырудың)
Орындау мерзімі (іске асырудың)
Көзделетін шығындар
Қаржыландыру көздері
1. Қазақстанның тарихи-мәдени және табиғи рекреациялық аймақтарын сақтау және ұтымды пайдалану
1.
Туризм инфрақұрылымын дамыту аудандарында құрылыс объектілерін салу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу (Теректі ауданының Шалқар көлі)
кепілдеме
Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы, облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасы
2004 ж.
2005 ж.
950.0
800.0
Жергілікті бюджет
2. Туристік сала көрсеткіштерінің статистикалық есебін жетілдіру
2.
"Батыс аймақта туризмді дамыту" республикалық аймақтық семинар-кеңесі
қатысу
Туризм мәселелерімен айналысатын жергілікті атқару органы
2004 жыл мамыр
200.0
Жергілікті бюджет
3. Туризм инфрақұрылымын дамыту
3.
Әлеуметтік туризмді дамыту бойынша туризм объектілеріне түгендеу өткізу
ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігіне есеп
Облыстық туризм және спорт басқармасы
2004 ж.
2005 ж.
қазан-қараша
150.0
150.0
Жергілікті бюджет
4.
Жол бойының инфрақұрылымды және сервистік қызмет көрсету объектілерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру шараларын әзірлеу
ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігіне есеп
Облыстық туризм және спорт басқармасы, Облыстық архитектура және құрылыс басқармасы, Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы, автомобиль жолдары басқармасы, Облыстық шағын және орта бизнес департаменті
2004 ж.
2005 ж.
ІІ жартыжылдық
700.0
900.0
Жергілікті бюджет
4. Қазақстандық туристік өнімді жылжыту және маркетинг
4.1. Қазақстанның туристік беделін нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
5.
Алматы қаласында өтетін "Туризм және саяхат" Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкесіне белсенді қатысу
ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігіне есеп
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қала мен облыстық туристік ұйымдары
Сәуір
2004 ж.
2005 ж.
500.0
500.0
Жергілікті бюджет
6.
Батыс Қазақстан облысының Берлин қаласындағы (Германия Федеративтік республикасы) ITB Халықаралық туристік биржасына қатысуын қамтамасыз ету
ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігіне есеп
Облыс әкімдігі, облыстық туризм және спорт басқармасы, қала мен облыстық туристік ұйымдары, қала мен облыстағы мүдделі ұйымдар
Наурыз
2004 ж.
2005 ж.
350.0
800.0
Жергілікті бюджет
7.
Батыс Қазақстан облысының Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы) "Туризм және саяхат" Мәскеу халықаралық көрмесіне қатысуын қамтамасыз ету
ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігіне есеп
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қала мен облыстық туристік ұйымдары
Сәуір
2004 ж.
2005 ж.
300.0
700.0
Жергілікті бюджет
8.
Батыс Қазақстан облысының Мадрид (Испания) ФИТУР халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысуын қамтамасыз ету
ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігіне есеп
Облыс әкімдігі, облыстық туризм және спорт басқармасы, қала мен облыстық туристік ұйымдары
Қазан
2004 ж.
2005 ж.
400.0
900.0
Жергілікті бюджет
9.
Батыс Қазақстан облысының Лондон қаласындағы (Ұлыбритания) Дүниежүзілік туристік биржаға қатысуын қамтамасыз ету
ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігіне есеп
Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық туристік ұйымдары
Қараша
2004 ж.
2005 ж.
500.0
800.0
Жергілікті бюджет
10.
Туризмнің түрлері бойынша жарнамалық бүктемелер жасау
ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігіне есеп
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық туризм бөлімі, туристік ұйымдар
2004 ж.
2005 ж.
жыл бойы
200.0
350.0
Жергілікті бюджет
11.
"Батыс Қазақстан - жаңа теңдессіз туристік объект" электронды тасығыштарында жарнама ақпараттық материалдарды жасау
ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігіне есеп
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық туризм бөлімі, туристік ұйым
2004 ж.
2005 ж.
400.0
200.0
Жергілікті бюджет
12.
Туристік ұйымдастырушылардың облыстық семинарларын өткізу
ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық білім басқармасы, Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы
2004 ж.
2005 ж.
(ІІ-ІV тоқсан)
200.0
250.0
Жергілікті бюджет
13.
"Жайық-Урал"» халықаралық туристік-экологиялық экспедициясын ұдайы өткізу
ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық туризм және спорт бөлімі,
Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы
2004 ж.
2005 ж.
Маусым-шілде
100.0
200.0
Жергілікті бюджет
14.
Жыл сайын "Европа-Азия" халықаралық туристік фестивалін өткізу
ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы
2004 ж.
2005 ж.
Қыркүйек
150.0
200.0
Жергілікті бюджет
15.
Батыс Қазақстан облысының туристік әлуеті, мәдени мұралары, дәстүрлері мен тарихы туралы видеороликтер әзірлеу
ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық мәдениет басқармасы, Облыстық қоршаған ортаны қорғау және экология басқармасы, қалалық туризм бөлімі, туристік ұйымдар, облыстық телерадиокомпания
2004 ж.
2005 ж.
200.0
300.0
Жергілікті бюджет
16.
Шалқар көлі аймағын туристік игеру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру (кемпингтер, спорт алаңқайлары)
ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігіне есеп
Облыстық туризм және спорт басқармасы, "Шалқар-Табиғаты"» МКҚК, Теректі ауданы әкімдігі
2004 ж.
2005 ж.
жыл бойы
300.0
200.0
Жергілікті бюджет
17.
Ақтөбе қаласындағы "Демалыс-Жаз-2004: туризм, саяхат, спорт" аймақтық жәрмеңкесіне қатысу
қатысу
Облыстық туризм және спорт басқармасы, туристік ұйымдар
2004 ж.
мамыр
100.0
Жергілікті бюджет
18.
Оқушылар мен жастар арасында туристік көпсайыстан облыстық жарыстарды өткізу
ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы, ОБЖТЭО, облыстық білім басқармасы
2004 жыл
2005 жыл
ІІ тоқсан
200.0
250.0
Жергілікті бюджет
19.
Спорттық бағдарлаудың картасын дайындау
шығару
Облыстық туризм және спорт басқармасы, ОБЖТЭО, қала мен облыстық мүдделі ұйымдары
2004 жыл
2005 жыл
ІІ тоқсан
100.0
150.0
Жергілікті бюджет
ОБЖТЭО - Облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм мен экология орталығы