О региональной программе «Сохранение и развитие культурно-досуговой работы на селе на 2004-2005 годы» Күшін жойған
Басқа 0
2004-2005 жылдарға арналған ауылда мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау және дамыту аймақтық бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "2004-2005 жылдарға арналған ауылда мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау және дамыту аймақтық бағдарламасы" (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Тармақ 2
2. "2004-2005 жылдарға арналған ауылда мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау және дамыту аймақтық бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 20 ақпандағы N 6-9 облыстық мәслихаттың шешімі мемлекеттік тіркеуден өтпегеніне байланысты жойылсын.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған "2002-2005 жылдарда селода мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау және дамытуға арналған бағдарлама туралы" облыстық мәслихатының 2002 жылғы 5 сәуірдегі N 20-8 шешімінің (тіркеу N 1509, 2002 жылғы 14 мамыр) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық мәдениет басқармасы бағдарламаның іске асырылуы туралы есебі жыл сайын 1 желтоқсанда және 1 маусымда облыстық мәслихатқа берілсін.
Басқа 5. "Ауылда 2004-2005 жылдары
мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау
мен дамытудың" аймақтық
бағдарламасы туралы
"Бекітілді"
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының шешімі бойынша
2004 жылғы 29 мамырдағы N 8-20
"Ауылда 2004-2005 жылдары
мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау
мен дамытудың" аймақтық
бағдарламасы туралы
МАЗМҰНЫ
1. Паспорт
2. Кіріспе
3. Ауылдағы мәдениет мекемелерінің қазіргі проблемасының жәй-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. "Ауылда 2004-2005 жылдары мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау мен дамытудың" аймақтық Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
"Ауылда 2004-2005 жылдары мәдени-демалыс
жұмыстарын сақтау мен дамытудың"
aймақтық Бағдарламасының
1. ПАСПОРТЫ
1. Атауы:
"Ауылда 2004-2005 жылдары мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау мен дамытудың" аймақтық
Бағдарламасы
2. Бағдарламаны әзірлеудің негіздемесі:
"Қазақстан - 2030. Даму, бүкіл қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту мен қауіпсіздігі"»Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және қолдану туралы" Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалардың әзірленуі мен жүзеге асыру жөніндегі Ережелері туралы" қаулысы
3. Негізгі әзірлеуші:
Облыстық мәдениет басқармасы
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:
Бағдарламаның негізгі мақсаты ауыл мәдениетін көтеру, ауылда мәдени-демалыс жұмыстарын жақсарту және дамытуды қамтамасыз ету
5. Іске асыру мерзімі:
2004-2005 жылдар
6. Қаржыландыру көлемі және көзі:
Қаржыландыру көзі жергілікті бюджет
7. Күтілетін түпкі нәтижелер:
Ауылдағы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды және мәдени-демалыс жұмысын жақсартуды қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру
2. Кіріспе
Біздің аймақта мәдениет жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын айқындайтын осы бағдарламаны дайындаудың негіздері: "Қазақстан - 2030. Даму, бүкіл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту мен қауіпсіздігі" Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және қолдану туралы" Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалардың әзірленуі мен жүзеге асыру жөніндегі Ережелері туралы" қаулысы болып табылады.
2000 жыл "Мәдениетті қолдау жылы" деп жарияланғаннан кейінгі кезеңде мәдениет саласындағы жағдай тұрақтала бастады.
Жылдар бойы жинақталған тарихи мәдени дәстүрлерді пайдалана отырып, мәдени-демалыс саласында қалыптасқан ахуалды талдай келе, еліміздің руханиятын қайта жаңғырту идеясын ескеріп, мәдениет қызметкерлері өздерінің шығармашылық әлеуетін сақтап ұлғайта білді.
Егер әлеуметтік саланы оңтайландыру кезеңінде көптеген клубтармен кітапханалар жабылып, штаттар қысқарған болса, бүгінгі күні мәдениет мекемелерін және мәдениет ошақтарын қайта қалпына келтіріп ашу үрдісі орын алып отыр. Дегенмен де көптеген мәдениет мекемелері тозған, тозығы жеткен, жөндеуді талап ететін, пешпен жылытылатын ескі ғимараттарда орналасқан, олардың барлығын күрделі жөндеуден өткізу қажет.
Осы бағдарлама ұлттық мәдениеттің дәстүрлерімен құндылықтарын сақтап қалу және ұлғайту, ауылдағы мәдени-демалысты жақсарту мақсатында қабылданады және ауылда жастарды тұрақтандырудың негізі болады. Бұқаралық мәдени жұмыстың жедел дамуына және бұқаралық мәдени шаралардың жаңа бағыттарын қалыптастыруға жағдай туғызады.
Бағдарламада "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізіліп жатқан өзгерістерді, Мәдениет Министрлігінде мәдениет мекемелері үшін бекітілген жаңа нормативтер мен стандарттарды ескере отырып, қорытындылау үстіндегі мәдениетті дамыту тұжырымдамасына сәйкесті тиянақталады.
3. Ауылдағы мәдениет мекемелерінің қазіргі проблемаларының жай-күйін талдау
Батыс Қазақстан облысы негізінен облыста жұмыс істеп жатқан мәдениет мекемелерімен кәсіпорындарының әлеуетін сақтап қалды. Дегенмен 1996-1997 жылдары клуб мекемелерінің саны 382- ден 170 бірлікке, ауылдық кітапханалар 402-ден 309 бірлікке дейін қысқарды.
Алайда 2000 жылдан мәдениет желісінің қарқынды дамуы басталды.
2003 жылы, индикативтік жоспарға сай, 5 - ауылдың клубтар, 6-ауылдың кітапханалар және 7-киноқондырғылар ашылды.
Бүгінгі күні облысымыздың аудандарында 12 аудандық мәдениет үйлері, 7 кинотеатрлар, 107 ауылдың мәдениет үйлері, 106 aуылдың клубтар, 6 автоклубтар, мәдени демалыс паркі, 3 мұражайлар, 367 аудандық ауылдың кітапханалар жұмыс жасап отыр.
Ауылдағы мәдениет мекемелерінің соңғы бес жылдағы динамикалық дамуы
1999
2000
2001
2002
2003
Ауылдың клубтар
170
193
212
220
224
Ауылдың кітапханалар
335
346
356
361
367
Киноқондырғылар
33
37
38
45
52
Соңғы 2-3 жылда мәдениеттің қажетіне көңіл бөліну жақсарып, мәдени шаралар өткізілсе, ауылдың мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлініп отыр.
Аудандық, ауылдық мәдениет ошақтарында 181 кітапханалар, 79 клубтар, 3 мұражайлар, 5 кинотеатрлар жөндеуден өткізілсе, жаңадан 19 кітапханалар, 31 клубтар, 19 киноқондырғылар ашылды.
Осы кезеңде клубтармен кітапханаларды қаржыландыру төмендегідей болды:
2000 ж. - 253,1 мың т., соның ішінде күрделі жөндеуге 0,7 мың т., материалдық-техникалық базаны нығайту үшін - 11,1 мың т.;
2001 ж. - 416,7 мың т., соның ішінде күрделі жөндеуге 43,1 мың т., материалдық-техникалық базаны нығайту үшін - 78,6 мың т.;
2002 ж. - 406,3 мың т., соның ішінде күрделі жөндеуге 118,2 мың т., материалдық-техникалық базаны нығайту үшін - 28,2 мың т.;
2003 ж. - 285,4 мың т., соның ішінде күрделі жөндеуге 54,5 мың т., материалдық-техникалық базаны нығайту үшін - 25,3 мың т.
Ұлттың мәдениетті, өнер мен тілді сақтау және дамыту, қоғамда салауатты өмір салты қағидаларымен дәстүрді насихаттау мақсатында облыстық аудандарының мәдениет мекемелері өз қызметін дәстүрлі Қазақ мәдениетін жаңғырту және сақтауға ауылдардағы халық шығармашылығын дамытуға бағыттайды. Ауыл жастарымен, ардагерлердің қатынасуымен "Бата мен ел көгерер" атты аймақтық ақсақалдар конкурсы, "Дала дарындары", "Балдәурен", "Жігіт сұлтаны", "Мен, мен, мен едім" атты облыстық конкурстар мен әзіл-сықақ кештері сияқты қызықты шаралар облыстың барлық мәдениет мекемелерінде өткізілді.
Ресейдегі Қазақстан жылы шеңберінде біздің облыс аудандарының мәдени күндері Ресей Федерациясының, Саратов, Самара, Астрахан, Орынбор облыстарымен шектес аудандарында болып өнер көрсетті.
Облыстың Тасқала, Қаратөбе аудандарында жас ағындар айтысы өткізілсе, Зеленов, Тасқала, Жәнібек, Ақжайық, Теректі аудандарында мәдениет қызметкерлерінің семинарлары өткізілді.
Ауылдардағы мәдени мекемелердің материалды-техникалық базасын нығайтуға және кітапханалардың кітап қорын молайтуға байланысты шаралар өткізілді.
Ауыл кітапханаларындағы кітап қоры 3844,1 мың дананы құраса оған 54,9 мың дана толықтырылу енгізілді.
Кітап беру 3820,5 мың дананы құрайды, бұл өткен жылғы осындай уақыт ширегіне қарағанда 147,2 мың данаға артқан.
Оқырмандар саны 204,9 мың адамды құрап, өткен жылға қарағанда 2,6 мың адамға артқан.
Кітапханаларға келу өткен жылмен салыстырғанда 157,1 есе және 2589,4 есе адамға артып отыр.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның ұлттың мәдениетін дамыту, қоғамда салауатты өмір салты принциптерін насихаттауды жалғастыру, ауылдық мәдени интеллектуалдық және ғылыми әлеуметін қолдау дамыту. Осы заманғы мәдениет пен өнер жетістіктерін көрсету, ауылда рухани-эстетикалық тәрбиені өрістету.
Ауылдың мәдениет қызметкерлері мен өнер адамдарына үзбей көңіл бөліп, оларға тиісті қолдау мен көмек көрсету.
Бағдарламада мынандай міндеттер шешу көзделген:
облыстың алыс шалғай ауылындағы халықты мәдени-демалыс және ақпараттық-ағартушылық қызметтер түрімен қамту;
материалдық-техникалық жаңа үлгідегі бекітілген мекемелер-кинотеатрлар, клубтар, кітапханаларды шығармашылық потенциалды орталықтандыру мақсатымен;
ауылдың жерлерді мекендейтін шағын ұлттардың мәдени дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының тиімді және толыққанды сақталуын, дамуын, насихатталуын қамтамасыз ету;
тұрақты экономикалық өсуді және ауыл халқының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында ауылда басталған реформаларды тереңдетуге және мәдениет саласын өркендетуге жәрдемдесу;
ауыл халқының тұрмыс деңгейі мен мәдениетті өмір сүруіне бағытталған жаңа жұмыс орындарын құру бағытында көмектесу;
ауылдық мәдениет ошақтарын компьютерлік, техникамен соның ішінде демеушілер қаражатының есебінен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру;
Әлеуметтік саланы жекешелендіру және оңтайландыру барысында жабылған мәдениет ошақтары мен кино көрсету жүйелерін, алыс шалғайдағы 2000 адамнан асатын халқы бар елді-мекендерде, бөлімшелерде қайта қалпына келтіру. 2005 жылдың аяғына дейін ауылды 17 кітапханалар, 17 клубтар, 34 киноқондырғылар, 6 мұражайлар ашу индикативтік жоспар бойынша белгіленіп отыр.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі
Осы бағдарламада қойылған міндеттер мен мақсаттарды шешу үшін іс-шаралар мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі:
еліміздің тарихи-мәдени құндылықтарын сақтауға және көбейтуге жәрдемдесу;
мәдени қызметтердің жетістіктерін қамтамасыз ететін саланың оңтайлы инфрақұрылымын сақтауға жәрдемдесу;
ауылдық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;
ауылдық кітапханалардың кітап қорының қазіргі заманғы жазушылардың кітаптарымен толықтырылуын қамтамасыз ету;
шалғайдағы елді мекендерге қызмет көрсету үшін мәдениет үйлерін жылжымалы автоклубтармен аудандық киносеттерді жылжымалы киноқондырғылармен қамтамасыз ету;
ауылдық клубтар мен кітапханалардың кестелік дамуын индикативтік жоспармен сәйкестендіру;
аудандық кітапхана мен клубтарды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету;
сан-ұлт өкілдері орналасқан аудандарда мәдени-демалыс орталығы жанынан халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін дамыту бағытында мәдени-ұлттық орталықтарын құру;
ауылдағы мәдениет ошақтарында орта мектеп оқушылары шығармашылығын дамытуға арналған жанрлық үйірмелер ашу;
ауылдық мәдениет ошақтарын кәсіби мамандықтағы жоғарғы білімді кадрлармен толықтыру, білімдерін көтеру жолымен жұмыстану;
мәдениет қызметкерлерінің білімін көтеру мақсатында облыстық курстар ашу;
аудандық мәдени-демалыс орталықтарының жаңашыл мәдени іс-шараларын кеңінен насихаттау;
ауылдық мәдениет ошақтарында ақылы қызмет түрлерін кеңейту.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыстарды қаржыландыру тиісінше облыстық және аудандық бюджеттерде бекітілген қаражаттар шегінде жүзеге асырылуға тиіс.
Алыс шалғайдағы 2000 адамнан асатын халқы бар елді-мекендерде, бөлімшелерде оңтайландыру барысында жабылған мәдениет ошақтары мен кино көрсету жүйелері қайта қалпына келтіреді.
2005 жылдың аяғына дейін ауылда индикативтік жоспар бойынша 17 кітапхана, 17 клубтар, 34 киноқондырғылар, 6 мұражайлар ашу белгіленіп отыр.
Ауылдық клубтар, кітапханалар, мұражайлар, кинотеатрларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ақша қаражатының болжамды шығыны индикативтік жоспармен сәйкестендірілген:
2004 жылы - 18,5 млн. теңге;
2005 жылы - 37,6 млн. теңге;
Барлығы - 56,1 млн. теңге.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
2004-2005 жылдардағы Бағдарламаны тарату барысында ауылда мәдени өмірді жақсарту, қамтамасыз ету жүйесі жасақталады. Ертеде жабылып қалған ауылдық мәдениет ошақтарының жұмысы жанданады, жан-жақты күшті, білімді және мәдениетті жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысын насихаттау күшейеді, тұтасынан алғанда еліміздің мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге жетелейді және экономиканың өсуіне жол ашады.
Халыққа рухани-эстетикалық тәрбиені өрістету жолындағы қызмет қазіргі заманғы мәдениет пен өнер жетістіктерін көрсету арқылы кеңейтілмек.
Халықтың тұрмыс деңгейі мен мәдени-демалыс жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған, нарықтық жағдайда ауылдық әлеуметтік экономикалық дамуы жөніндегі жүйелі шешімдерді жүзеге асыру.
2004-2005 жылдар аралығында индикативтік жоспар бойынша ауылда 17 клубтар, 17 кітапханалар, 34 киноқондырғылар ашу жоспарланып отыр. Соңғы 2 жылда мәдениет мекемелері клубтар 242-ге, ауылдық кітапханалар 384-ке, киноқондырғылар 86-ға дейін көбейтілмек.
Автоклубтар, жылжымалы киноқондырғылар мен халықтық атағы бар коллективтердің санын көбейту, облыс халқының үлкен бір бөлігін мәдени қызметпен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Үйірмелер жұмысын жаңа бағытта ұйымдастыру мақсаты шешіледі.
2004-2005 жылдары ауыл мәдениетіне баса назар аударып, мәдени саланың өсіп-өркендеуімен жаңаша қалыптасуына айрықша көңіл бөлу көзделіп отыр.
"Ауылда 2004-2005 жылдары мәдени-демалыс жұмыстарын
сақтау мен дамытудың" аймақтық Бағдарламасын жүзеге
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
N
Мәдени-шаралар
Аяқтау нысаны
Орындауға жауапты
Орындау мерзімі
Қаржыландыру көлемі
(млн т.)
Көзі
1.
Ұлттың мәдениетпен, өнерін, тілін сақтау және дамыту, қоғамда салауатты өмір, салты принциптерін насихаттау мен "Балдаурен", "Дала дарындары", "Жігіт сұлтаны", "Ақжайық аруы" байқауларын өткізу
Өткізілгені туралы ақпарат
Облыстық мәдениет басқармасы
Үнемі
1,2
Жергілікті бюджет
2.
Қазақтың ұлттық өнерін, мәдениетін сақтау, Орал өңірін мекендейтін халықтардың "Достың" фестивалін өткізу
Өткізілгені туралы ақпарат
Облыстық мәдениет басқармасы
Үнемі
0,5
Жергілікті бюджет
3.
Ауыл мәдениетін көтеру, мәдениет ошақтарын одан әрі жақсартып, типтік үлгідегі ғимараттарға көшіру, ауыстыру
Аудан Үкімінің шешімі
Теректі аудандық мәдениет бөлімі
2005 ж.
200,0
Жергілікті бюджет
4.
Қазақстан Республикасының халық әртісі Ғ. Құрманғалиевтің 95-жылдығына арналған мәдени шаралар
Байқау
Облыстық мәдениет басқармасы,
филармония, облыстық
мұражай,
ОХШО
2004 ж.
Сәуір
2,7
Жергілікті бюджет
5.
Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртісі, композитор О. Қабиғожинның 100-жылдығына арналған мәдени шара
Байқау
Облыстық мәдениет басқармасы,
Облыстық филармония,
ОХШО
2004 ж.
Шілде
1,7
Жергілікті бюджет
6.
Қаратөбе ауданында өткізілетін Е. Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың ІІІ-Республикалық "Атамекен" байқауы
Байқау
Облыстық мәдениет басқармасы, Облыстық шығар. орталық
2004 ж.
Тамыз
1,2
Жергілікті бюджет
7.
Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтің 70-жылдығына арналған мәдени шара
Арнайы бағдарлама
Облыстық мәдениет басқармасы
2005 ж.
Қаңтар
3,0
Жергілікті бюджет
8.
Дәулеткерей Шығаевтың 185-жылдығына арналған Республикалық домбырашылар байқауы
Байқау
Облыстық мәдениет басқармасы
2005 ж.
Шілде
2,0
Жергілікті бюджет