О региональной программе «Охрана здоровья населения Западно-Казахстанской области на 2004-2005 годы» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау аймақтық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" Жолдауын, "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамыр айындағы N 3956 Президент Жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау аймақтық бағдарламасы" (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Тармақ 2
2. "2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау аймақтық бағдарламасы туралы" облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 20 ақпандағы N 6-6 шешімі мемлекеттік тіркеуден өтпегеніне байланысты жойылсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы. "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтаудың 2001-2005 жылғы кешенді бағдарламасын бекіту туралы" Заңды орындау барысы туралы" 2001-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы халқының денсаулығын қорғау»кешенді бағдарламаны және оны орындау жөніндегі шаралар Жоспарын бекіту облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 25 наурыздағы N 10-2 шешімнің (тіркеу N 833 8 мамыр) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бағдарламаның іске асырылуы туралы есебі жыл сайын 1 желтоқсанда және 1 маусымда облыстық мәслихатқа берілсін.
Басқа 5. 2004-2005 жылдарда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау» аймақтық Бағдарлама
«Бекітілді» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 29 мамырдағы N 8-18 шешімімен 2004-2005 жылдарда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау» аймақтық Бағдарлама
Тарау 1. 1. ПАСПОРТ
1. ПАСПОРТ Атауы 2004-2005 жылдарда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау аймақтық Бағдарлама Өңдеу үшін негіз Облыстық денсаулық сақтау ісінің даму стратегиясы Ел Президентінің "Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы"»атты Қазақстан халқына Жолдауымен азаматтардың денсаулығын сақтап және олардың аман-саулығын қамтамасыз етудің негізгі ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі ретінде белгіленген "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" 1998 ж. 18 мамырдағы N 3956 Президент Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгіленді Мемлекеттік орган Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы Мақсат 2004-2005 жылдарда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау»аймақтық Бағдарламасының негізгі бағыттары болып профилактикалық бағыттылық және жан-жақтылық, медициналық қызмет көрсетуде қолайлылық пен сабақтастықты сақтау негізінде медициналық қызметтің көлемі мен сапасына деген тұрғындардың сұраныстарын қанағаттандыру болып табылады Міндеттер Облыстық денсаулық сақтау саласы Бағдарламасының негізгі міндеттері болып табылады: тұрғындарды бастапқы медико- санитарлық көмекпен (БМСК) қамту басымдығы; мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторының дамуына қолдау жасау; қаражат мүмкіндіктеріне қарай бірегей компьютерлік ақпараттық жүйе жасау; санитарлық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызды аурулармен күрес; жергілікті медициналық және фармацевтік өнеркәсіпті дамыту, дәрімен қамтамасыз етуді жақсарту; вакцинаға бағынатын 9 жұқпалы ауруға қарсы балаларды, өскелең ұрпақты және ересек тұрғындарды егу жолымен жұқпалы ауруларды азайту және алдын алу Жүзеге асыру мерзімі 2004-2005 ж.ж. Қаржыландыру көзі және көлемі Республикалық бюджет: барлығы - 83261,6 м.т. 2004 ж. - 39260,8 м.т. 2005 ж. - 44000,8 м.т. Жергілікті бюджет: барлығы - 188650,0 м.т. 2004 ж. - 187700,0 м.т. 2005 ж. - 950,0 м.т. Инвестициялар: барлығы - 842400,0 м.т. 2004 ж. - 00 2005 ж. - 842400,0 м.т. ҚОРЫТЫНДЫ: барлығы - 1114311,6 м.т. 2004 ж. - 226960,8 м.т. 2005 ж. - 887350,8 м.т. Күтілетін нәтижелер 2004-2005 жылдарда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау» кешенді Бағдарламасын орындауда: 1. БМСК жетілдіріледі; 2. тұрғындардың, соның ішінде әйелдер мен балалардың денсаулығы нығаяды; 3. жас сәбилер және аналар өлімі төмендейді; 4. бала туу, тұрғындардың табиғи өсімі жоғарлайды; 5. жалпы сырқаттанушылық және мүгедектік төмендейді; 6. тұрғындарды жұқпалы аурулардан қорғау-бақылауға болатын инфекцияларды жою және басқа да нәтижелер күтіледі
Тарау 2. II.КІРІСПЕ
II.КІРІСПЕ Батыс Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған, Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан, 151,3 мың шаршы километр жерді алып жатыр, бұл Қазақстан территориясының 5,6 % құрайды. Облыс Ресей Федерациясының бес: Астрахань, Волгоград, Орынбор, Саратов, Самара облыстарымен шектесіп жатыр, сыртқы шекарасының ұзындығы 1165 километрді құрайды. Табиғи ресурстарының сипаты және экономика салаларының басты даму бағыты бойынша облысты екі бөлікке бөлуге болады: Солтүстік - мұнай газ өнеркәсібі, машина құрылысы және металл өңдеу кәсіпорындары, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, астық өндірісі, сүтті-етті және етті мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы. Оңтүстік - машина жөндеу, тамақ өнеркәсібі, етті мал шаруашылығы, жайылымды және майлы етті қой шаруашылығы, тебіндегі жылқы шаруашылығы. Әкімшілік-территориялық жағынан облыс 12 селолық аудандарға, 2 қалаға, 4 жұмысшы поселкісіне, 154 ауылдық-селолық округтерге, 517 елді-мекендерге бөлінген. Облыс орталығы - Орал қаласы. Облыс тұрғындарының саны 601,1 мың адамды құрайды. Соның ішінде қалада тұратындар - 251,8 мың адам, ауыл-селода - 349,3 мың адам. Тұрғындардың тығыздығы орта есеппен территорияның әр шаршы километріне 4,1 адамнан. Тұрғындардың ұлттық құрамы: қазақтар - 64,7 пайыз, орыстар -28,2, украиндер - 3,2, басқа ұлттар - 3,9 пайызды құрайды.
Тарау iii. III. Проблеманың қазіргі жағдайының талдауы
III. Проблеманың қазіргі жағдайының талдауы Күкіртті сутегімен ластануды азайту үшін күкіртсізденген газ жағармайын пайдалану. ҚМГККО-да бұрғылау жұмыстарын өткізген кезде көмірсутегі шикізатын өртеуде ластануды азайту бойынша КПО компаниясы мынадай шаралар алды:
Тармақ 1
1. "Ең жасыл отжаққыштар" пайдалану;
Тармақ 2
2. "КГФ Мониторингі" бұрғы қондырғысын зерттеу;
Тармақ 3
3. Каротаж кезінде жағу мөлшерін азайту;
Тармақ 4
4. Бұрғылау қондырғыларын зерттеу; Газды желмен айдайтын 4 компрессор іске қосылды.
Тармақ 5
5. Безгекке, шыбын-шіркейге қарсы құрыту шаралары өткізілді. Зиянкестерді жою шаралары мына көлемде іске асырылды: 10226 гектар ашық аймақта;
Тармақ 6
6. 70 000 шаршы метр баспалдақты тұрғын үйге улау шаралары жүргізілді. 30545,2 млн. теңгенің инсектицид дәрісі алынды. Қаржыландыру мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 1,08 есеге артты. Ауа райының өзгеруі және ашық аймақтарда жою шаралары көрсеткішінің 31 % төмендеп кетуіне байланысты азайтылды. Жыл сайын егілуге 504468 адам жатқызылады, бұлардың ішінде 5 жасқа дейінгі балаларға 146634, мектеп оқушыларына 259606, ересектерге 134004 егу іске асырылды. Көптеген инфекциялар бойынша егумен қамту талап деңгейінде болды, соның ішінде: 1 жасқа дейінгі балалар: күлге (дифтерия) қарсы егу - 100 %; полиомиелитке қарсы егу - 100 %; В гипатитіне қарсы егу - 100 %; туберкулезге қарсы егу - 99,2 %. 2 жасқа дейінгі балалар (%): қызылшаға қарсы егу - 100 %; эпидемиялық паротитке қарсы егу - 100 %. Облыста жаңадан туылғандарды, медицина қызметкерлерін жоспарлы егуден басқа соңғы 3 жыл бойы 7-14 жас аралығындағы балаларды, жасөспірімдерді В вирусты гепатитіне қарсы егу жұмыстары жүргізіліп келеді. 3 жылда 7-14 жас аралығындағы 65222 бала, 45596 жасөспірім, 25-29 жас аралығындағы 4483 адам қорғаныс курсынан өтті. 2003 ж. бойы «А» вирусты гепатитіне қарсы егу облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізілді. 4-7 жас аралығындағы 21302 бала қорғаныс курсынан өтті, 4-7 жас аралығындағы 5314 бала иммуниттеу кезеңінде. Облыста негізгі мақсаты - жыныстық жолдармен жұғатын аурулардың алдын алу және бақылау болып табылатын, жыныстық жолдармен жұғатын аурулардың (ЖЖЖА) алдын алу және бақылау жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда. ЖЖЖА науқастанатындарды диагностикалау және емдеу Батыс Қазақстан облыстық тері-венерологиялық диспансері базасында жүргізіледі. ЖЖЖА науқастардың медициналық құжаттары дәрігерлік құпияны сақтау кепілділігімен, ведомстволық нұсқаулыққа сәйкес тәртіпте жүргізіледі. Облыстық тері-жыныс диспансерінде (ОТЖД) науқастарды емханалық қабылдау үшін 5 кабинет жұмыс істейді. Кабинеттердің барлығы да қажетті құрал-саймандармен жабдықталған. Ауруханаға жатып емделуді қажет ететін науқастар үшін 12 палата бар. Негізгі ғимаратқа 2001 жылдың маусым айынан бастап түбегейлі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Облыстық тері-жыныс диспансерде сағат 8-ден 23-дейін жыныстық жолдармен жұғатын аурулардың алғашқы профилактикасын іске асыруға мүмкіндік беретін жеке алғашқы профилактика пункті жұмыс істейді. Диспансер зертханаларының үздіксіз жұмыс істеуі бюджеттік қаржылар есебінен іске асырылады, ол жыныстық жолдармен жұғатын аурулардың нақтамаларын қою үшін зертханаларды қажетті шығын материалдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. АҚТҚ/ЖҚТБ және ЖЖЖА мәселелері бойынша тұрғындармен сұхбат жүргізу үшін ай сайын теледидар және радиодан эфир уақыты ұсынылып, бұл мәселелер бойынша әдебиеттерді сату іске асырылуда. Жастары 15-тен асқан барлық тұлғалар ЕПМ-не көмек сұрап келген жағдайда сұрыпталған микропреципитациялық реакция көмегімен жылына 2 рет ақысыз тексеруден өткізіледі. Ағымдағы жылы микропреципитациялық реакция көмегімен тері-жыныс аурулары диспансерінде 11360 адам, психодиспансерде - 3213 адам, наркологиялық диспансерде - 1028 адам тегін тексерілуден өтті. Тері-жыныс аурулары диспансеріне қаралуға ниет еткендердің барлығы да құпия тексерілумен және ЖЖЖА-дан емделумен қамтамасыз етілген. Үстіміздегі жылы 30 адам емделді. ЖЖЖА-дың жыныстық, тұрмыстық байланыстарын, ауру көздерін тексеру үшін науқастарды тері-жыныс аурулары диспансеріне келуге тартуда 1 эпидемиологиялық бригада жұмыс істейді. Соңғы жылдардағы аналар өлімінің басты себебі екіқабат әйелдердегі анемия немесе полигиповитаминоз аясында дамитын қан кету болып табылады. Жаңа туылған нәрестелердің де науқастануы анасының денсаулық жағдайына тікелей байланысты. Анемияның аясында плацентарлық жетіспеушілік дамып, ол соңынан ұрық оттегі жетіспеушілігіне және босану кезінде нәрестенің жарақат алуының жоғарлауына әкеліп соқтырады. Жоғарыда аталған аурулармен ауыратын әйелдердің санын азайту үшін босанатын және босанған әйелдерді құрамында темір бар дәрі-дәрмектермен байытылған тағамдармен (ұн) қамтамасыз ету үшін қаражат көздерін табу қажет. Аналар өліміне экстрагенитальды және туберкулез аурулары да көп әсер етеді. Әйелдердің денсаулығын жақсарту мақсатында барлық әйелдерді және қыздарды дүниеге келген кезінен бастап мұқият диспансерлеуден өткізу қажет. Олардың несеп-жыныс жолдары ауруларын уақытында емдеп, бала тууға дейінгі жасқа дейін қадағалап қалпына келтіруді жүргізу керек. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі орталық негізінде ана қауіпсіздігін насихаттаумен айналысып, тұрғындарды көрнекі үгіт құралдарымен қамтамасыз ететін салауатты өмір салты проблемалары жөніндегі бөлім ашу керек. Әлеуметтік статусты қолдау үшін көп балалы аналарды және балалы әйелдерді жұмысқа қабылдайтын кәсіпорындардан салық ұстауды төмендетуді заң жүзінде бекіту қажет. Батыс Қазақстан облысының барлық перзентханалары мен әйелдер босанатын бөлімшелері «Ана және бала» принципі бойынша жұмысқа көшірілген. Оларда 250 койкі бар. Бұл өз кезегінде қазір жаңа туылған нәрестелердің іріңді-септикалық аурулармен ауыруын (1000-ға) 0,4 деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Балалардағы жіті ішек инфекциясы және жіті тыныс жолдары инфекция ауруларының профилактикасы мен емді қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен: 2002 ж. - 6 млн. теңге, 2003 ж. - 6 млн. теңге бөлінді. Бала табатын жастағы әйелдердің анемия ауруының алдын алу мақсатында құрамында темірі бар препараттармен және поливитаминдермен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 2002 ж. - 8,52 млн. теңге, 2003 ж. - 1,5 млн. теңге бөлінді. Ерте жастағы балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 2004 ж. 29,2 млн. теңге бөлінді. Тұтасымен алғанда Республикадағы, соның ішінде облыстағы балалар тағамының айрықша медико-әлеуметтік маңыздылық проблемасы аймақтарда нақты шаралар қабылдап, балалар тағамын өнеркәсіптік деңгейде шешуді талап етеді. Өйткені аз қуатты балалар сүт кухнялары (БСК) бұл мәселені шешуге күштері жетпейді. Облыста жаңа туған сәбилер ақысыз балалар тағамын алу жеңілдіктерін пайдаланады. «Арнайы балалар және емдік тағамдармен қамтамасыз ету»бағдарламасы шеңберінде балаларды арнайы балалар тағамымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 2001 ж. - 63,7 млн. теңге, 2002 ж. - 77,9 млн. теңге және 2003 ж. - 79,14 млн. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау реформасы өзінің шешуші сатысына енген қазіргі шақта және оның дамуының басты бағыты болып тұрғындарды медициналық санитарлық көмекпен қамтамасыз ету басымдылығы айқындалып отырған кезде, әлеуметтік-маңызды аурулардың алдын алу және олармен күрес жөніндегі мақсатты мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда, балалар үшін маңызды мәселелердің бірі болып қалатын жіті тыныс инфекциясы және диареялық (іш өту) ауруларымен күрес облыс денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Жыл сайын облыста жіті тыныс инфекциясы ауруларымен әрбір 1000 баланың 800 ден 900-ге дейіні ауырады. Осы аталған аурулардың үлесіне бір жастағы барлық балалар өлімінің 32 пайызы тиеді, ал 1 жастан 5 жасқа дейінгі барлық балалар өлімінің осы аталған ауруларға тиеселі үлесі 40 %-ды құрайды. Балаларды жіті тыныс инфекциялары және іш өту ауруларының проблемалары және осыларға байланысты асқынулар (жас сәбилермен балалар өлімінің себебі ретінде) облыстық денсаулық сақтау басқармасының ерекше қам жейтін мәселесі басып келеді, сондықтан да 1995 жылдан бастап облыста осы инфекцияларды алғашқы медико-санитарлық көмек мәселелері жағдайында стандартты емдеу жөніндегі ДДҰ (ВОЗ)-ның тиімді технологиясы барлық жерде енгізілді. ЖТИ/пневмония ауруларын емдеуге 2003 ж. 2,7 млн. теңге бөлінді. Бағдарламаның мақсаты: пневмониялық аурулардан және іш өтуден болатын 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар өлімін төмендету. Бағдарламаның негізгі стратегиясы: алғашқы звенодағы медициналық мекемелер жағдайында іш өту ауруларын тиімді емдеу және пневмония ауруларын стандартты емдеу. Тұрғындар денсаулығының деңгейін едәуір төмендететін және көп таралуымен сипатталатын ауру - қант диабеті, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына оны 1992 жылы XXI ғасырдың жұқпалы емес эпидемиясы деп бақылауына мүмкіндік берді. Облыс тұрғындарының денсаулық жағдайы оның жалпы нашарлауымен сипатталады. Жалпы аурулар, жалпы және балалар өлімі жоғары күйінде қалуда, өмірдің орташа ұзақтығы қысқарып келеді. Бұл қант диабетіне де қатысты. Қант диабетімен ауру 100 мың адамға шаққанда 45-тен келеді. Аурушандық 100000 адамға 346 адамды құрап отыр. Қант диабетінің ауыр түрімен ауыратын 2460 адам есепте тұрады. Қант диабетімен ауыратындардың жылдың өсімділігі 7,2 %. Ауру балалар мен жасөспірімдер, бірінші түрдегі және екінші түрдегі диабетпен ауыратын науқастардың төрттен бір бөлігі ерекше назарда ұстауды қажет етеді, олар шын мәнінде инсулинсіз өмір сүре алмайды. "Диабет" мақсатты бағдарлама шеңберінде инсулин препараттарының орталықтандырылған түсуі және оның жеткізілуі республикалық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады. 2002 ж. 33,3 млн. теңгеге, 2003 ж. - 36,4 млн. теңгеге инсулин препараттары келіп түсті. Сонымен қатар, екінші түрдегі қант диабетімен ауыратындарды емдеу үшін облыстық бюджеттен қантты төмендететін таблеткалар сатып алынды: 2001 ж. - 8,7 млн. теңге; 2002 ж. - 10,79 млн. теңге; 2003 ж. - 9,16 млн. теңге. Қазақстан Республикасының Конституциясымен ел азаматтарына бюджеттік және міндетті медициналық сақтандыру жағдайларында өз денсаулықтарын қорғау мен кепілдік берілген медициналық қызметті алуға құқық берілген. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан - 2030" Жолдауында ұзақ мерзімді жеті басымдылықтардың бірі - денсаулық, аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру екендігін атап көрсетті. Ел Басшысының Жолдауына сәйкес облыста салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар өткізілуде. Орта және жоғарғы оқу орындары оқушылары мен студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын дәрістік насихат жүргізілуде. Бұндай дәрістерді, әңгімелер мен сұхбаттарды дәрігер-наркологтар, тері-жыныс ауруларының мамандары, ЖҚТБ орталығының мамандары, жұқпалы аурулар дәрігерлері ұдайы өткізіп тұрады. Санитарлық-ағарту жұмыстары айына 2 дәріс есебінен жүргізіледі. Облыс кітапханаларында шылым шегу, есірткі қолдану, маскүнемдік, АҚТҚ-инфекциясы проблемалары сияқты көкейкесті мәселелер бойынша үнемі тақырыптық кештер оздырылып, кітап көрмелері және басқа да шаралар өткізіледі. Салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттау жұмыстары "Наурыз" мейрамы және басқа мерекелер кезінде мерекелік шаралармен ұштастырыла жүргізіледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру еліміздің басты стратегиясы болып жарияланды және ол ел Президентінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан - 2030" Жолдауында жарияланып, жүзеге асырудың басты стратегиялары "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарлама мен "Салауатты өмір салты" Республикалық кешенді бағдарламада көрініс тапты. 2003 ж. медицина қызметкерлерімен салауатты тамақтануды насихаттаудың 1223 және алкоголді ішімдік пен темекі шегудің зияндылығы туралы 3450 шаралар оздырылды. Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде салауатты өмір салтын насихаттауда 293 радио, 201 телехабарларда сөйлеулер болып, баспасөзде 456 мақала жарық көрді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 25.05-да N 790 "2000-2005 ж.ж. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды одан әрі Тұжырымдамасы туралы" қаулысына сәйкес денсаулық сақтау ісін реформалаудың негізгі мақсаты - азаматтардың Конституция кепілдік берген денсаулықтарын қорғау және жетілдіру құқықтарын сапалы тұрақты және үдете дамытуға қол жеткізу жолымен қамтамасыз ету: медициналық көмек көрсететін мемлекеттік және жеке ұйымдарды бір-бірінен оқшаулау; мемлекеттік ЕПҰ-да ақылы медициналық қызметті тоқтату және медициналық көмектің ауруханалардағы стационарлық түрін амбулаторлы-емханалық ұйымдардағы стационарды алмастыратын түріне көшіруді қамтамасыз ету; қала және ауыл тұрғындарын қолайлы да білікті арнайы медициналық көмекпен қамтамасыз ету; тұрғындарға көрсетілетін кепілді медициналық көмектің сапасы мен қол жетерліктей болуын жақсарту үшін ауылдың емдеу-профилактикалық ұйымдарына мемлекеттік мекеме статусын беру; тұрғындардың дәрі-дәрмектерге, медициналық бағыттағы бұйымдарға және медициналық техникаға деген сұраныстарын қанағаттандыру; тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығын қамтамасыз ету; денсаулық сақтау жүйесі кадрлық қарымының тұрақты даму механизмдерін әзірлеу; зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске кеңінен енгізу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін көтеру; денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуларын және қоғамдық мәртебесін көтеру. Жеткіліксіз қаражаттандырылуға байланысты қазіргі заманғы қондырғыларды модернизациялаудың үлкен көлемін бағдарламаға енгізудің мүмкіндігі болған жоқ, 2001-2005 жылдары N 2 және N 3 әйелдер босандыратын үйлерді, облыстық аурухананың хирургиялық бөлімдерін күрделі жөндеу жоспарлануда. Облыстық тері-жыныс аурулары диспансерін күрделі жөндеу жұмысы аяқталды, республикалық бюджет есебінен 125 койкілік қуаттылықпен туберкулезге қарсы 3 аурухана іске қосылды. 2001 ж. - 56353,0 мың теңгеге, 2002 ж. - 128900,0 мың теңгеге және 2003 ж. - 188854,3 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2002 ж. босануға көмектесетін және балалар мекемелерін медициналық жабдықтармен жарақтандыруға - 30,0 млн. теңге; 2003 ж. ФП, ФАП-тер, ОАА, ОДА және облыстық ЕПҰ-ын медициналық жабдықтармен және медициналық бағыттағы мүліктермен жарақтандыру үшін - 234 млн. теңге қаражат жұмсалды. Облысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде фармацевтік қызметпен айналасу құқығына лицензия алған (дәріханалық қоймалар - 18, дәріханалар - 84, дәріханалық бөлімшелер - 15 және киоскілер - 86), соның ішінде ауылдың жерлерде - 85 және Орал қаласында - 118, барлығы 236 дәріхана ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. дәріханалық жүйенің жалпы санынан - 24-і мемлекеттік, оның 12-і ауылдық жерлерде және 12-і Орал қаласында. Онкологиялық ауруларды химиопрепараттармен қамтамасыз етуде орталықтандырылған республикалық бюджеттен: 2002 ж. - 27,9 млн. теңге, 2003 ж. - 21,1 млн. теңгенің дәрі-дәрмектері келіп түсті. Бүйрек ауруларынан және созылмалы бүйрек ақаулығы ауруларынан зардап шегушілерді емдеуге шығым материалдарымен диализаторлар және бүйрек ауыстыру бойынша операциядан өткендерге республикалық бюджеттен 2002 жылы 1,78 млн. теңге жұмсалса, ал 2003 жылы 11,95 млн. теңге сомасына диализаторлар мен дәрілік заттар келіп түсті. Сонымен қатар, тұрғындардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамту 38.31 "Тұрғындардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Азаматтардың жекелеген санаттарын аурулар түрлері бойынша бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттен 2001 ж. - 28,5 млн. теңге, 2002 ж. - 53,8 млн. теңге, 2003 ж. - 42,2 млн. теңге қаражат бөлінді. Облыста жоспарлануда:
Тармақ 1
1. Мамандықтар бойынша басылымдарға жазылуды жүргізу жолымен анықтамалық-ақпараттық қор жасап, оны пайдалануды (мүмкіндігіне қарай) жалғастыру қызметтері бойынша іс-қимылды жүйелі талдау және оны мамандар назарына жеткізу.
Тармақ 2
2. Үнемі (тоқсанға бір рет) "Маман күндерін", ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, біліктілік көтеру үшін дәрігерлерге арналған білім жетілдіру институттарының көшпелі циклдарын өткізу.
Тармақ 3
3. Профилактиканың, диагностиканың, түрлі ауруларды емдеудің, еңбекті ұйымдастырудың прогресті түрлерін, денсаулық сақтауды басқарудың қазіргі заманғы әдістерінің жаңа әдістерін анықтап, таңдап алу.
Тармақ 4
4. Облыста жылма-жыл дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін мамандандыру және біліктілігін көтерудің көшпелі циклдары оздырылады. 2003 ж. дәрігерлер үшін жүргізілген көшпелі циклдарда 224 маман оқытылса, орта медицина қызметкерлері үшін ОАА базасында ұйымдастырылған көшпелі циклдарда 75 маман оқытылды.
Тармақ 1
1. Тұрғындарды бастапқы медико-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету басымдығы, осы мақсатта азаматтардың қатысуын кеңінен пайдалану, сондай-ақ кез-келген меншік түріндегі шаруашылық субъектілерінің күштері мен қаражаттарын да пайдалану.
Тармақ 2
2. Қашықтығын, жағрапиялық ерекшеліктерін, жолдар жағдайын, жынысын және жас ерекшеліктері құрамын, тұрғындар тығыздығын, экологиялық және экономикалық жағдайларын есепке ала отырып, денсаулық сақтау ісінің мұқтаждарының шығындарын қалыптастыру жан басына шаққандағы принцип бойынша іске асырылады.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау жүйесі мен құрылымдарын оңтайландыру, басқарудың демократиялық формалары бар өзін-өзі басқаруларын кеңейту, аз шығын жұмсауды кеңінен енгізу, тұрғындарға медициналық көмек көрсету жөнінде ресурстарды сақтау түрлерін қоса жүргізуі тиіс.
Тармақ 4
4. Облыстық десаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға: 2001 ж. - 2,5 млрд. теңге, 2002 ж. - 3,2 млрд. теңге, 2003 ж. - 4,7 млрд. теңге бөлінді.
Тарау iv. IV. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
IV. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның мақсаты: "2004-2005 жылдарда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау" кешенді қысқа мерзімді Бағдарламасының басты мақсаты мыналар:
Тармақ 1
1. Профилактикалық бағыттылық, жан-жақтылық, медициналық қызмет көрсетуде қолайлылық пен сабақтастықты сақтау негізінде медициналық қызметтің көлемі мен сапасына деген тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру;
Тармақ 2
2. Өскелең ұрпақтың қалыпты өсіп, дамуына жағдайлар жасау, тұрғындардың барлық топтарын және ана қауіпсіздігін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. "2004-2005 жылдарда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау" кешенді қысқа мерзімді Бағдарламасының негізі халық денсаулығы, отбасы және әр адамның денсаулығы. Бағдарламаның міндеттері Облыстық денсаулық сақтау саласы Бағдарламасының негізгі міндеттері мыналар: тұрғындарды бастапқы медико-санитарлық көмекпен (БМСК) қамту басымдығы; мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторының дамуына қолдау жасау; қаражат мүмкіндіктеріне қарай бірегей компьютерлік ақпараттық жүйе жасау; санитарлық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызды аурулармен күрес; жергілікті медициналық және фармацевтік өнеркәсіпті дамыту, дәрі-мен қамтамасыз етуді жақсарту; вакцинаға бағынатын 9 жұқпалы ауруға қарсы балаларды, өскелең ұрпақты және ересек тұрғындарды егу жолымен жұқпалы ауруларды азайту және алдын алу.
Тарау v. V. Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері мен басты бағыттары
V. Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері мен басты бағыттары Батыс Қазақстан облысында халыққа 142 (барлық ведомстволар), соның ішінде - 89 мемлекеттік меншік және 53 дербес түрдегі медициналық ұйымдар емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне (89): 34 мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорындар, 55 мемлекеттік мекеме кіреді: Мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорындар құрамына (34): заңды тұлға болып табылмайтын 8 селолық учаскелік аурухана, 16 аудандық аурухана, 28 ФАП, 280 ФП, 100 отбасылық дәрігерлік амбулатория, дербес ғимараты жоқ 24 орта медицина қызметкерлері кіреді; Орал қ-да 3 стационар; 14 дербес емхана: 4 қалалық емхана, құрамына 8 фельдшерлі-акушерлік пункт кіретін 7 отбасылық дәрігерлік амбулатория, облыстық диагностикалық орталық, облыстық балалар стоматологиясы, салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығы; өзге - 1 "Казаэронавигация" РМК-ң Орал филиалы. Мемлекеттік мекеме (55) құрамына: 3 емхана (Обл. ЖҚТБ орталығы, Бөрлі ауданындағы ЖҚТБ-ң алдын алу және онымен күрес орталығы, ҰҚК-і); 24 аурухана (аудандардағы 13, Орал қаласындағы ІІБ-ң госпиталін қосқанда, 11 туберкулез ауруханалары); 28 өзге мекемелер. Денсаулық сақтаудың жеке жүйесінде (53): 2 аурухана (Орал қаласындағы "Талап"»ААҚ-ы, "Медициналық орталық" ЖШС-і); 6 емхана, соның ішінде: мемлекеттік тапсырысқа ие 3 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 45 өзге медициналық ұйымдар. Бүгінгі таңда облыста 1675 дәрігер еңбек етеді, олардың 166-ң жоғарғы санаттары бар, 1-ші және 2-ші санаттағы мамандар саны - 741, бұл денсаулық сақтау Министрлігінің кадрлар біліктілігі жөніндегі ереже талаптарына сай келеді. Орта буын медицина қызметкерлері - 4906 адам. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына мемлекеттік басқа арнайы-уәкілетті органдармен бірлесе отырып: 2004-2005 жылдарғы тұрғындардың денсаулығы және облыс денсаулық сақтау мекемелерінің іс-қимылдары туралы қазіргі және репродуктивтік (жаңарып отырған) мәліметтер банкін жасау; қоршаған ортаны сауықтыру, оның жағымсыз факторларына байланысты болатын тұрғындар ауруларының алдын алу мақсатымен табиғат қорғау шараларын іске асыруға көмектесу; тұрғындарды сапалы ішетін сумен қамтуды жақсарту, жұқпалы және соматикалық сырқаттанушылықты төмендетуге қол жеткізу, "Ішетін су" мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру; жұқпалы ауруларды азайту, ішкі ауруханалық инфекцияның алдын алу мақсатында емдік-профилактикалык және әйелдерді босандыратын мекемелерде асептика мен антисептиканың сақталуын жүргізу; вакцинаға бағынатын жұқпалы ауруларды төмендету мақсатымен облыс тұрғындарына егу шараларын жүргізу; әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, аналардың және сәбилердің өлімін азайту, жүктілік, босану және босанудан кейінгі асқынуларды төмендету, жас нәрестелердің сырқаттанушылығын азайту жөніндегі шараларды өткізу; жас сәбилердің сырқаттанушылығын төмендету, жас нәрестелердің аурушаңдығын азайту мақсатында балалар тағамын жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүргізу; пневмонияның ауыр түрлерінен, жіті тыныс инфекциясынан және жіті ішек инфекциясынан сырқаттанушылықты төмендету мақсатында жіті тыныс инфекциясы (соның ішінде пневмония), іші өту аурулары профилактикасын жүргізу; диабетті емдеу стратегиясын енгізіп, іске асыру, сырқаттанушылықты ерте анықтау, қант диабетімен ауыратын науқастарды уақытында және дәл есепке алу, асқынулардың алдын алу, уақытында тексеру, қант диабетінен сырқаттанушылықты төмендету, "Диабет" бағдарламасының мақсаты - экономикалық жағынан негізделген облыстық диабеттік қызметін жасау жолымен қант диабетімен ауыратындарға медициналық қызмет көрсету; тұрғындар денсаулығы көрсеткішін жақсарту мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тұрғындар арасында шылым шегу, алкоголді ішімдіктер ішу секілді жат әдеттердің алдын алу, аз қозғалысты өмірге жол бермеу, сондай-ақ тиімді тамақтану, әрбір жанұяға салауатты өмір салтының элементтерін енгізудегі бастапқы профилактикалық жұмыстарды кең көлемде жүргізу. Медициналық қызмет сапасын, емдеу-профилактикалық мекемелерінің тиімділігін жоғарлата отырып және науқастардың қанағаттанулықтарына қол жеткізіп, тұрғындарға медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру.
Тарау vi. YI. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРАЖАТТАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
YI. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРАЖАТТАНДЫРУ КӨЗДЕРІ Бюджет медициналық қызмет көрсетудің кепілдік көлемі және базалық бағдарлама бойынша бөлінеді. Медициналық қызмет көрсетудің кепілдік көлемі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік емдеу-профилактикалық мекемелері смета бойынша қаржыландырылады. Базалық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорындар қаржыландырылады: жан басына шаққандағы принцип бойынша; амбулаторлы-емханалық тариф, ШБТ (УЕТ) бойынша; ауруханалық көмек-клиникалық шығын топтары бойынша. қаржыландырудың жетіспеушілігінен, бәсекелестіктің болмауынан және медициналық кәсіпорындарға материалдың жағдай жасалмайтындықтан денсаулық жүйесі тиімсіз қызмет етеді. Ресурстық қамтамасыз ету және нарықтық қатынастарды жетілдіру қаражаттандырудың басты мақсаты болып табылады. Негізгі басымдылықтар болып табылады:
Тармақ 1
1. бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жан басына шағу бойынша қаржыландыруды енгізу;
Тармақ 2
2. бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жалпы қаржыландыру көлемінен 43 пайыз көлемінде қаржыландыруды іске асыру;
Тармақ 3
3. көрсетілетін қызмет көлемі мен ақша қаражатының көлемін сәйкестікке келтіру механизмін әзірлеу;
Тармақ 4
4. койка жүйесін оңтайландыруды жүргізу және босаған қаржыны бастапқы медициналық-санитарлық көрсетуге қайта бөлу;
Тармақ 5
5. қосымша қаражат тарту механизмін әзірлеу;
Тармақ 6
6. ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу.
Тарау vii. YII. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
YII. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР 2004-2005 жылдарда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау»кешенді Бағдарламасын орындауда:
Тармақ 1
1. БМСК жетілдіріледі;
Тармақ 2
2. тұрғындардың, соның ішінде әйелдер мен балалардың денсаулығы нығаяды;
Тармақ 3
3. жас сәбилер және аналар өлімі төмендейді;
Тармақ 4
4. бала туу, тұрғындардың табиғи өсімі жоғарлайды;
Тармақ 5
5. жалпы сырқаттанушылық және мүгедектік төмендейді;
Тармақ 6. 2004-2005 жылдарда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау»аймақтық Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары
6. тұрғындарды жұқпалы аурулардан қорғау-бақылауға болатын инфекцияларды жою және басқа да нәтижелер күтіледі. 2004-2005 жылдарда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау»аймақтық Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары N Шаралар Аяқтау түрі Орындауға жауаптылар Іске асыру мерзімі Белгіленген шығындар Қаржыландыру көздері 1 2 3 4 5 6 7 1. Жер ресурстары 1. Безгекке, шыбын-шіркейге қарсы шаралар өткізу Облыс әкімінің шешімі Ауыл шаруашылығы облыстық департаменті, облыстық "Дезинфекция" бірлестігі, "Ақжол" халықаралық аэропорты ААҚ-ы, "Бүркіт-ЗК" авиакомпаниясы, МСЭҚБ-сы 2004 ж. 2005 ж. 2. Иммунитеттеу 1. 5 жасқа дейінгі балаларды күл, көкжөтел,полиомиелит, паротит, сіреспеге қарсы жаппай иммунитеттеу жұмысын жалғастыру ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. 1007,5 2156,5 Республикалық бюджет 2. Жаңа туған сәбилерді "В"»вирусты гепатитіне қарсы егумен қамтамасыз ету ОДСБ-ның бұйрығы ОДСБ-ы, МСЭҚОБ-ы, аудан әкімдері 2004 ж. 2005 ж. 2453,0 Республикалық бюджет 3. Медицина қызметкерлерін «В» вирусты гепатитіне қарсы вакциндеу жұмыстарын жүргізу ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, МСЭҚОБ-ы 2004 ж. 2005 ж. 138,6 Республикалық бюджет 4. Жасөспірімдерді (15-19 жас) "В" вирусты гепатитіне қарсы вакциндеу жұмыстарын жүргізу ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, МСЭҚОБ-ы 2004 ж. 2005 ж. 5. "А" вирусты гепатитіне қарсы 2-7 жастағы балаларды вакциндеу 2004 ж. 2005 ж. 6. Ауылдың жерлердегі балаларды иммунитеттеу ҚР-сы ДСМ-не есеп Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, МСЭҚОБ-ы - 7. Жаңа туған сәбилерді және 1-5 сынып оқушыларын туберкулезге қарсы иммунитеттеу ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, МСЭҚОБ-ы 2004 ж. 2005 ж. 1420,5 2151,2 Республикалық бюджет 8. Туляремияға қарсы вакциндеу ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. 9. Күйдіргіге қарсы вакцина егу ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. 10. Обаға қарсы вакцина егу ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. 384,8 653,5 Республикалық бюджет 11. Сүзекке қарсы вакцина егу МСЭҚОБ-ы 2004 ж. 2005 ж. 12. Балалардың егілгендігі жөнінде ай сайын мониторинг өткізу ҚР-сы ДСМ-нің талдаулық анықтамасы ОДСБ-ы, МСЭҚОБ-ы, аудан әкімдері 2004 ж. 2005 ж. тоқсан сайын 3. Жыныстық жолдармен жұғатын аурулардың алдын алу және бақылау 1. Тері-жыныстық аурулар диспансерін эпидбригада жұмысы үшін УАЗ-542 автокөлігімен жарақтандыру ОДСБ-ның облыс әкімдігіне есебі Облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыстық тері-жыныстық аурулар диспансері 2005 ж. 950,0 Ағымдағы бюджет шеңбері негізінде 2. Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу мәселелері бойынша тұрғындар арасын- да,мектеп, орта оқу орындары мен жоғары оқу орындары оқушылары арасында кең көлемді жұмыстарды ұйымдастыру үшін мақсатты қаражат бөлуді қамтамасыз ету, соның ішінде өңдеу хат, кітапша, жадығат және басқа да баспа өнімдері және телерадио хабарлары үшін ОДСБ-ның облыс әкімдігіне есебі Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық тері-жыныстық аурулар диспансері, облыстық қаржы басқармасы, аудан әкімдері 2004 ж. 2005 ж. 3. ЕПМ-не медициналық көмек сұрап келген 15 жастан жоғары барлық тұлғаларды микропреципитикалық және кардиолипингтік антиген көмегімен жылына 2 рет мерезге ақысыз тексеруден өткізу, тері-вен.диспансерінің барлық науқастарын, психоневрологиялық, наркологиялық есепте тұратындарды жылына 1 рет серологиялық кешен көмегімен тексеру ОДСБ-ның облыс әкімдігіне есебі Облыстық тері-венерологиялық диспансері 2004 ж. 2005 ж. 4. Тері-жыныс аурулары диспансеріне келген барлық адамдарды жеке-дербес ақысыз тексеруден өткізу ОДСБ-ның облыс әкімдігіне есебі Облыстық тері-жыныстық аурулар диспансері 2004 ж. 2005 ж. 5. Бюджетте көзделген денсаулық сақтау қаражатының есебінен Орал қаласында жыныстық аурулар проблемасы бойынша тақырыптық циклдар мен білім жетілдірулерді жүргізу. 2 жылда бір қайтарадан кем емес, Орал қаласында жылына 1 рет, ҚР аудан орталығында тікелей бақылау және әдістемелік көмек принципі бойынша тері-жыныстық ауруларының институты, облыстық тері-жыныстық аурулар диспансері, аудандық звенолар арқылы көшпелі семинарлар өткізу ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық тері-жыныстық аурулар диспансері 2004 ж. 2005 ж. 4. Ана саулығын қорғау 1. Ана мен бала сырқат- танушылығының алдын алу және олардың өлімін төмендету жөнінде бірегей перинатальдық орталық құру облыс әкімінің шешімі, ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, перзентхана үйлерінің бас дәрігерлері 2005 ж. 842400,0 Инвестиция есебінен 2. Анемиямен ауыратын бала табатын жастағы аналарды жүктілік кезінде қажетті дәрілер бөліп мақсатты ақысыз емдеу Облыс әкімінің шешімі Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2005 ж. 3. Жүкті әйелдерді жатырішілік инфекцияларға,туа біткен аномалия дамуына,жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларға тексеру ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 4. Жасөспірімдер арасындағы, экстрагенитальды науқас әйелдер арасында орынсыз жүктіліктің алдын алу бойынша барлық мамандардың белсенді санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу ОДСБ-ның бұйрығы ЕПҰ-ның бас дәрігерлері 2004 ж. 2005 ж. 5. Балалар тағамы 1. Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру ОББ және ОДСБ-ның біріккен бұйрығы, қала және аудан әкімдері Қала және аудан әкімдері 2004 ж. 2005 ж. 2. Ана мен сәбидің бірге болуын толық қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жалғастыру ҚР ДСМ-не есеп Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2003 ж. 2005 ж. Үнемі 3. 6 айға дейінгі сәбилерді тек омыраумен тамақтандыруды енгізу жөніндегі бағдарлама жұмысын жалғастыру ҚР ДСМ-не анықтама Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2003-2005 ж.ж. Үнемі 6. ЖТИ (соның ішінде пневмония) және диарейлік аурулардың алдын алу 1. Ауруханаға дейінгі ауыз дегидротациясы (кебу, құрғау)» орталықтарын медициналық қондырғылармен, ауыз регидротациондың құралдарымен және ғылыми-көпшілік әдебиетпен жарақтандыру ОДСБ-ның бұйрығы, ҚР ДСМ-не есеп Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2. Жіті тыныс инфекциясы және диарейлік аурулар профилактикасы бойынша бастапқы медико-санитарлық буын медицина қызметкерлерін оқыту бағдарламасын стандарттау ОДСБ-ның бұйрығы, ҚР ДСМ-не есеп Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 3. 5 жасқа дейінгі балаларды жіті ішек инфекциясы және пневмониядан емдеу үшін антибиотиктер және басқа да дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жалғастыру ҚР ДСМ-не анықтама Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. 7. Диабетті емдеу стратегиясын енгізу және іске асыру 1. 40 жастан кейін емдеу ұйымдарына қаралуға алғашқы рет келгендердің барлығын қандағы глюкоза мен қантқа тексеруден өткізу ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. Үнемі 2. Қант төмендеткіш заттарын сатып алу ОДСБ-ның ҚР ДСМ-не өтінімі Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. Үнемі 72896,0 Республикалық бюджет 3. Несептегі қантты дербес бақылау үшін дәрілер мен реактивтер сатып алу ОДСБ-ның ҚР ДСМ-не өтінімі Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. 4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталық ұйымдастырады: қант диабетінің алдын алу және анықтау жөніндегі апталық телехабарлар; қант диабетінің алдын алу және емдеу жөніндегі эндокринологтардың радиодәрістері; емдеу жөніндегі ақпараттық бюллетендер шығаруды қамтамасыз ету: инсулинге тәуелді диабет; инсулинге тәуелсіз диабет; үнемі жұмыс істейтін "Диабет"»мектебін ұйымдастыру ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, СӨСҚ ОО 2004 ж. 2005 ж. Айына 2 рет 5. Барлық амбулаторлық-емханалық мекемелерде "диабет"» жөніндегі қатерлі топтарды бөлу: 4000,0 одан да жоғары салмақпен дүниеге келген балалар; I-II дәрежедегі семірген адамдар; Гипертониялық аурумен ауыратындар ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас терапеві, Емханалар мен ОДА-р директорлары 2004 ж. 2005 ж. 6. "Қант диабеті" тіркелімі бойынша тоқсан сайын есеп беру ОДСБ-ның бұйрығы Емханалар мен ОДА-р директорлар 2004 ж. 2005 ж. 8. Салауатты өмір салтын қалыптастыру 1. Облыста салауатты өмір салтын қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз ету ОДСБ-ның бұйрығы СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж 2. Облыста салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі проблемаларын анықтау және олардың шешімі ОДСБ-ның бұйрығы СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж. 3. Салауатты өмір салтының әртүрлі аспектілері туралы республикалық бағдарламаларды тарту ОДСБ-ның бұйрығы СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж СӨС принциптерін білім процесіне енгізу 1. Жалпы білім беретін мектептерде 15 минуттық ертеңгілік шынықтыруды енгізу ОББ-сы және ОДСБ-ның біріккен бұйрығы СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж. 2. Мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО-рының студенттері арасында спартакиадалар өткізу ОББ және ОДСБ-ның, туризм және спорт басқармасының біріккен бұйрығы ОДСБ-ы, СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж. 3. Түрлі ведомстволар мамандарының қатысымен сөс-н насихаттауды қамтамасыз ету ОДСБ-ның және қоғамдық келісім басқармасының бірлескен бұйрығы СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж. 4. Облыстағы ұзақ өмір сүрушілердің мысалы негізінде сөс-н насихаттау ОДСБ-ның бұйрығы СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж. СӨС профилактикасының мәселелері 1. Неғұрлым кең тараған аурулардың профилактикасы бойынша мектептерде медкабинеттер ашу ОДСБ-ның бұйрығы СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж. 2. Балалардағы ЖТИ және ЖІИ профилактикасы бойынша әдістемемен және қатысумен қамту ОДСБ-ның бұйрығы СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж. Облыста СӨС-тың енгізу үшін жағдай туғызу 1. ЖПИК-те Порфирий Иванов жүйесі бойынша аурудың алдын алумен айналысатын топтар ұйымдастыру ОДСБ-ның бұйрығы СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж. 2. ЖПИК-те балалар спорттық алаңдарын қалпына келтіру ОДСБ-ның бұйрығы қалалық әкімдік, СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж. 3. "Салауатты қалалар", "Салауатты мектептер", "Денсаулықты нығайтатын ауруханалар" және басқа ДССҰ бағдарламалары жобаларын енгізуді жалғастыру ОДСБ-ның бұйрығы ҚР ДСМ-не есеп ОДСБ-ы, СӨСҚ Орталығы 2004 ж. 2005 ж. 9. Тұрғындарға медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру 1. Медициналық көмек сапасын басқарудың біртұтас жүйесін жетілдіру ҚР ДСМ-нің бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. 10. Мемлекетті емдеу-алдын алу мекемелерін қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және түрлендіру 1. Мемлекеттік ЕААМ-ін қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және түрлендіру Облыс әкімінің шешімі Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 187,700 Ағымдағы бюджет шеңберінде 2. Емдеу-алдын алу мекемелерінде безгекті анықтау үшін диагностикалық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету МСЭҚОБ бұйрығы МСЭҚОБ 2004 ж. 2005 ж. 11. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және фармацевтік өнеркәсіпті дамыту 1. Дәрілік заттар мен дәрі-дәрмек бойынша мәліметтер базасын құру ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. 2. Денсаулық сақтаудың қажеттілігін өмірлік маңызды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. 3. Басты өмірлік маңызды дәрілік заттардың бағасын реттеу тәртібі туралы ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. 12. Білім және ғылыми зерттеулер 1. Ақылы негізде жалпы тәжірибедегі дәрігерлерді оқыту бойынша көшпелі циклдар өткізу ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2003-2005 ж.ж. 2. Медициналық колледж базасында отбасылық дәрігерлік амбулаториялар орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша курстар ұйымдастыру ОДСБ-ның бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, медколледж директоры 2003-2005 ж.ж. 3. Жоғары медициналық және фармацевтік білімнен кейінгі өңделген стандарттарды дамыту ОДСБ-ң бұйрығы, ҚР ДСМ-не есеп Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. 13. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 1. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесін жетілдіру ҚР ДСМ-нің бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. 2. БМСК-ті басымдылық қаржыландыруды жетілдіру ҚР ДСМ-нің бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 ж. 2005 ж. Қорытынды 83261,60 респ.бюджет, 842400,0 - басқа да қаржы көздері Жергілікті бюджет қаржысы есебінен барлығы - 430555,9 мың теңге; соның ішінде даму бюджеті - 188650,0 мың теңге; ағымдағы бюджет - 241905,9 мың теңге. Ескерту: ОДСБ - облыстық денсаулық сақтау басқармасы ОББ - облыстық білім басқармасы МСЭҚОБ - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау облыстық басқармасы ОТЖАД - облыстық тері-жыныстық аурулар диспансері ОДА - отбасылық дәрігерлік амбулатория ЕААМ - емдеу-алдын алу мекемесі БМСК - бастапқы медико-санитарлық көмек ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі СӨСҚП ОО - салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығы ВГВ - вирусты гепатитті вакциндеу (егу) ЖЖЖА - жыныстық жолдармен жұғатын аурулар ЖТИ - жіті тыныс инфекциясы ЖІИ - жіті ішек инфекциясы БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары