О региональной программе по противодействию эпидемии СПИДа на территории Западно-Казахстанской области на 2004-2005 годы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы аумағында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттің аймақтық бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1207 қаулысын іске асыру мақсатында облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған«2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы аумағында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттің аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Тармақ 2
2. «2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы аумағында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттің аймақтық бағдарламасы туралы" облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 20 ақпандағы N 6-7 шешімі мемлекеттік тіркеуден өтпегеніне байланысты жойылсын.
Тармақ 3
3. "Батыс Қазақстан облысының аумағында СПИД ауруының алдын алудың және күресудің 2001-2005 жылдарға арналған орташа шұғыл бағдарламасы туралы" облыстық мәслихатының 2001 жылғы 25 наурыздағы N 10-5 шешімінің (тіркеу N 834 2001 жылғы 8 мамыр) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бағдарламаның іске асырылуы туралы есебі жыл сайын 1 желтоқсанда және 1 маусымда облыстық мәслихатқа берілсін.
Басқа 5. 2004-2005 жылдарға арналған аймақтық Батыс Қазақстан облысы аумағында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттің аймақтық бағдарламасы туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 29 мамырдағы N 8-19 шешімі бойынша "Бекітілді" 2004-2005 жылдарға арналған аймақтық Батыс Қазақстан облысы аумағында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттің аймақтық бағдарламасы туралы 2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы аумағында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттің Аймақтық Бағдарлама
Тарау 1. 1. Паспорт
1. Паспорт Атауы 2004-2005 жылдарғы арналған Батыс Қазақстан облыстық аумағында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттің аймақтық Бағдарлама Әзірлеу негіздемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 14.09.2001 ж. N 1207 2001-2005 ж.ж. арналған бағдарлама" Мемлекеттік органы Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Мақсаты АҚТҚ инфекциясының таралуын ушығу сатысына ауысуын болдырмай, алғашқы сатысында тұрақтандыру. АҚТҚ жұқтырған ИЕҚ (ине арқылы есірткі, қолданушылар) мен ЖТС (жыныстық қатынас арқылы тәнін саудаға салушылар) қауіпті топтардың жастар тарапынан көбейіп, жаңаруын азайту, жастардың жыныстық мінез-құлқының қауіптілігін төмендету. АҚТҚ инфекциясымен өмір сүріп жүрген адамдардың кем дегенде 80 пайызын қатысу деңгейін азайтатын медициналық және әлеуметтік бағдарламалармен қамтамасыз ету. Міндеттері Облыс аумағында ЖҚТБ/АҚТҚ-ның одан әрі таралуын болдырмау. АҚТҚ инфекциясымен жүрген адамдарды қажетті ақпарат, психологиялық қолдау, жанұясын жоспарлау бағдарламаларымен қамтамасыз ету. АҚТҚ инфекциясы бойларында бар адамдардың вируске қарсы ем қолдану арқылы жұқпалылық жүгін азайтуды қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімдері 2004-2005 ж.ж. Қаржыландыру көлемдері мен кезеңдері Барлығы жергілікті бюджет шығынынан 4565,3 мың теңге, соның ішінде: даму бюджетінен - 300,0 мың теңге; қазына қаржысы есебінен - 4265,3 мың теңге. 2004 жылы - 2635,15 мың теңге. 2005 жылы - 1930,15 мың теңге. Күтетін нәтижелер АҚТҚ жұқпалы ауруының облыс аумағына еніп кетуін сақтандыру. Медицина қызметкерлерінің облыс халқының түрлі топтарының ЖҚТБ/АҚТҚ ауруына қатысты білім деңгейін және сақтану дәрежесін көтеру. АҚТҚ жұқпалы ауруының жасырын көздерін барынша көбірек анықтау. Облыс аумағында ЖҚТБ/АҚТҚ ауруының жыныстық қатынас және егу (нашақорлар арасында) жолмен жаппай таралуын сақтандыру. АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ ауруымен сырқаттанғандарды әлеуметтік қорғау. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік зақымдану қаупін азайту. ЖҚТБ/АҚТҚ пен оның алдын-алу мәселелері бойынша тиісті мағұлмат алу жұмысы осы бағдарламаның орындалу мерзімі аяқталуға таяу жастардың кем дегенде 99 пайызында толық болуы қажет. Инъекциялық есірткілерді тұтынушылар (ИЕТ) арасында АҚТҚ-инфекциясының, коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлері (КЖҚҚ), бала табатын жастағы әйелдер арасында мерез ауруының таралуы деңгейін төмендету. Ине арқылы есірткі қолданушылар, КЖҚҚ арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын-алу жолдары туралы мәлімет алу деңгейін көтеру. ИЕТ-ті алдын-алу бағдарламалары 2005 жылдың аяғына дейін саны жөніндегі құны кемігенде 50 пайыз болуы тиіс.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралу мәселесі денсаулық сақтау саласының сыртына шығып, барлық әлеуметтік секторлардың да мәселесі болды, сол жағдай аймақтық бағдарламаның шығуына себеп болды. Бағдарлама Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы, "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекітілген N 4153 "Халық денсаулығының мемлекеттік бағдарламасы" және "Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саяси тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1008 қаулысының ережелеріне негізделген. Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының Астрахань, Волгоград, Саратов, Орынбор және Самар облыстарымен шекаралас жатыр. Облыс аумағы арқылы темір және тас жолдар өтіп, тек біздің облысты ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы басқа республикаларды Ресей Федерациясы, ТМД-ның Батыс елдері және шығыс Еуропамен байланыстырып жатыр. Облыстың жағрапиялық орналасуы негізінен оның әлеуметтік-экономикалық және саны жағынан өсуіне ыңғайлы жағдай жасап ғана қоймай, жұқпалы аурулардың нақты деңгейі мен өсу жолдарын да анықтайды. Әсіресе есірткі мәселесінің көлеңкелі жақтары, оның ішінде халықты есірткі саудасы мен оны ине арқылы қолдану, сондай-ақ, жыныстық қызмет көрсету саласындағы келеңсіздіктер АҚТҚ инфекциясының таралуына ықпал етуде.
Тарау 3. 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау. АҚТҚ - инфекциясының алғашқы белгілері 1981 жылы АҚШ-та көрініс берді. Дүниежүзінде ЖҚТБ мәлім болғаннан бері жиырма жылдан астам уақыт өтті. Бұл жылдар ішінде індеттің таралу шеңбері ұлғайып, ал оның зардабы өте ауыр болып шықты. ЖҚТБ/АҚТҚ жұқтырғандар саны 40 миллион адамға жетті, оның 18,8 миллионы қайтыс болса, олардың артында 11,5 миллион бала жетім қалды. ТМД елдерінде АҚТҚ - инфекциясының ең көп тараған уақыты 1998 жылға келеді. Ресейде сарапшылардың есебі бойынша 1 миллион адамға дейін АҚТҚ жұқтырғандар бар. Ауру деңгейінің өсу бағыты Орынбор, Самар, Саратов, Волгоград облыстарында үнемі байқалады. Соңғы жылдары АҚТҚ-ның аса кең таралуы Оңтүстік-шығыс және Орталық Азияда белең алған. Олардың ішінде Қазақстан ерекше орын алып, отыр. 01.01.2004 мәлімет бойынша 4001 оқиға тіркелген, оның 153-ы ЖҚТБ мен науқас, 123-і қайтыс болған. АҚТҚ жұқпалы инфекциясы республиканың барлық аймақтарында белсенді процеске ие болып отыр. Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында бұл індеттік сипат ала бастады. Батыс Қазақстан облысында ЖҚТБ/АҚТҚ ауруы 2001 жылдың басынан бастап күрделі жағдайға ие болып отыр. АҚТҚ жұқпалы ауруының 2004 жылдың 1 қаңтарындағы саны - 153-ке жетіп отыр. 1996 жылғы алғашқы республикалық көрсеткіш - 26,5. АҚТҚ жұқпалы ауруын жұқтырғандардың 8,3 пайызын 15-29 жас арасындағы жастар құрайды. АҚТҚ жұқтырғандар арасында ине арқылы есірткі қолданатындар - 83,3 пайыз, жыныстық жолымен -11,1 пайызды құрайды.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері МАҚСАТЫ: АҚТҚ инфекциясының таралуын ұшығу сатысына ауысуын болдырмай, алғашқы сатысында тұрақтандыру. АҚТҚ жұқтырған ИЕТ (ине арқылы есірткі, қолданушылар) мен ЖТС (жыныстық қатынас арқылы тәнін саудаға салушылар) қауіпті топтардың жастар тарапынан көбейіп, жаңаруын азайту, жастардың жыныстық мінез-құлқының қауіптілігін төмендету. АҚТҚ инфекциясымен өмір сүріп жүрген ададардың кем дегенде 80 пайызын оның қатысу деңгейін азайтатын медициналық және әлеуметтік бағдарламалармен қамтамасыз ету. МІНДЕТТЕРІ: ЖҚТБ/АҚТҚ-ның одан әрі облыста таралуына кері әсер жасау. АҚТҚ ауруы бар жанұяларды жоспарлау барысында оларды қажет ақпаратпен, психологиялық ықпал бағдарламаларымен қамтамасыз ету. АҚТҚ ауруымен өмір сүріп жүргендердің жұқпалы жүгін азайту үшін, оларды жұқпалылыққа қарсы еммен қамтамасыз ету. Профилактикалық бағдарламаға тұрақты тартылған ИЕТ-тің және КЖҚҚ-ның үлесін олардың бағаланатын санын 50 %-на дейін арттыру. Ұйымдастырылған ұжымдарда жергілікті жерлерде есірткінің және ретсіз жыныстық қатынастардың зиян екендігін, сондай-ақ АҚТҚ-ны жұқтырудан қорғану шараларын түсіндіріп, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру. Қауіпсіз жыныс қатынасы мен есірткісіз өмір сүруді көпшілікке түсіндіруге бағытталған жастар саясатын әзірлеу және жүзеге асыру.
Тарау 5. 5. Негізгі бағыттары мен оның орындалу тетіктері
5. Негізгі бағыттары мен оның орындалу тетіктері Мінез-құлқы басқалардан өзгеше адамдар - инъекциялық есірткілерді тұтынушылар (ИЕТ), коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлері (КЖҚҚ), еркек пен еркек арасында жыныстық қатынас жасаушылар (ЕЖЕ) және басқалар, сондай-ақ, ЖҚТБ/АҚТҚ ауыратындардың профилактикалық бағдарламаға бейімдеуге еріктілігі мақсатына жетуде олардың конституциялық құқтары мен бостандығын қамтамасыз ету. Мінез-құлқы қауіпті топтармен байланысқа шығып, олардың ЖҚТБ/АҚТҚ мәселелері жөніндегі түсінігін арттыру және қауіпті топтан арылудың ынталандыру жолдарын қарастыру. ЖҚТБ/АҚТҚ мәселелерінің дұрыс түсінігін қалыптастыру, өмір салтының қатерлі түрін таңдаудағы қауіптілікті терең түсіндіру үшін оқу бағдарламалары мен ақпарат орталығын құруды өмірге енгізу. Медициналық сервис, тазалық пен медициналық бағыттағы бұйымдардың сапасына бақылау, ЖҚТБ/АҚТҚ эпидемиясы жағдайына байланысты баға беру мен сараптау жүргізуді ұйымдастыру. ЖҚТБ/АҚТҚ жөніндегі, арнаулы бағдарламалардың орындалуы, үйлестіру мен басқаруын ұйымдастыру. ЖҚТБ алдын-алу және күресу мәселелерін ұйымдастыру - оған барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерді тартып, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, оқу-ағарту, мәдениет, жастар ұйымы, спорт пен туризм қызметкерлері арасында ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын жүргізу.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны қаржыландырудың көздері мен қажетті ресурстары
6. Бағдарламаны қаржыландырудың көздері мен қажетті ресурстары Бағдарламаның қаржылық қамтамасыз ету осы бағдарламаны іске асыруға бөлінетін жергілікті бюджет: 456503 мың теңге, соның ішінде: даму бюджетінен - 300,0 мың теңге; қазына қаржысы есебінен - 4265,3 мың теңге. 2004 жыл - 2635,15 мың теңге. 2005 жыл - 1930,15 мың теңге.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтіліп отырған нәтижелер
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтіліп отырған нәтижелер АҚТҚ жұқпалы ауруының облыс аумағына еніп кетуін сақтандыру. АҚТҚ жұқпалы ауруының жасырын көздерін барынша көбірек анықтау. Облыс аумағында ЖҚТБ/АҚТҚ ауруының жыныстық қатынас және егу (нашақорлар арасында) жолымен жаппай таралуын сақтандыру. Медицина қызметкерлерінің облыс халқының түрлі топтарының ЖҚТБ/АҚТҚ ауруына қатысты бөлім деңгейін және сақтану дәрежесін көтеру. АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ ауруымен сырқаттанғандарды әлеуметтік қорғау. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік зақымдану қауіпін азайту. Инъекциялық есірткілерді тұтынушылар (ИЕТ) арасында АҚТҚ инфекциясының, коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлері (КЖҚҚ), бала табатын жастағы әйелдер арасында мерез ауруының таралуы деңгейін төмендету. ЖҚТБ/АҚТҚ пен оның алдын-алу мәселелері бойынша тиісті мағұлмат алу жұмысы осы бағдарламаның орындалу мерзімі аяқталуға таяу халықтың кем дегенде 99 пайызында толық болуы қажет. Ине арқылы есірткі қолданушылар, КЖҚҚ арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын-алу жолдары туралы мәлімет алу деңгейін көтеру. ИЕТ-ті алдын-алу бағдарламалыр 2005 жылдың аяғына дейін саны жөніндегі құны кемігенде 50 пайыз болуы тиіс.
Басқа 13. «2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы аумағында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттің Аймақтық Бағдарламасын» жүзеге асыру шараларының ЖОСПАРЫ
«2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы аумағында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттің Аймақтық Бағдарламасын» жүзеге асыру шараларының ЖОСПАРЫ N Іс-шаралар Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімдері Қаржы көлемі (мың теңге) Қаржы көзі І. Құқықтық және әлеуметтік мәселелер 1 АҚТҚ жұқтырғандар мен есірткі қолданатындарға және жезөкшелікпен айналысатындарға төзімділік пен қарау Облыс әкімдігіне ақпарат Барлық деңгейдегі әкімдер, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жыл сайын 2 Қазақстан Республикасының 05.10.1994 ж. "ЖҚТБ-ның алдын-алу туралы" Заңының (№ 177-XIII тіркелген) орындалуына АҚТҚ инфекциясын жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау саласында бақылауды қамтамасыз ету Облыс әкімдігіне ақпарат Барлық деңгейдегі әкімдер, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Тұрақты 3 "ЖҚТБ-ның таралуын сақтандыру жөніндегі аймақтық бағдарламаны талқылап, оны енгізу Әкімнің шешімі Барлық деңгейдегі әкімдер 2004-2005 ж.ж. II. ЖҚТБ/АҚТҚ-ның алдын-алу жөніндегі ақпараттық-білім беру жұмысы 1 "ЖҚТБ-ның мәселелері және оның алдын-алу" бағдарламасы бойынша, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ЖҚТБ/АҚТҚ-ның алдын-алу мәселелері жөнінде кәсіптік-техникалық және жалпы білім беретін мектептерде оқу сағаттарын бөлу Нормативті -құқықтық кесімі жобасы, Білім Министрлігі мен облыстық білім басқармасы бұйрықтары Облыстық білім басқармасы 2004-2005 ж.ж. 2 "ЖҚТБ-ның мәселелері және оның алдын-алу" бағдарламасы бойынша оқыту үшін жоғары және орта оқу орындарында оқу сағаттарын бөлу "ЖҚТБ-ның мәселелері және оның алдын-алу" жалпы білім бағдарламасы 12 сағат көлемінде Жоғарғы оқу орындары басшылары 2004-2005 ж.ж. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде 3 ЖҚТБ/АҚТҚ-ның алдын алу мәселелерінің жалпы білім беретін мектептер, бастауыш, орта кәсіптік білім беретін оқу орындары мұғалімдерінің мамандығын көтеру курстары оқу бағдарламаларында қалай қаралғандылығын зерттеуді жалғастыру Педагог мамандарының білімін жетілдіру институт негізінде тұрақты жұмыс істейтін курстар. Облыстық білім басқармасы, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. 4 Қазақ және орыс тілдерінде ЖҚТБ/АҚТҚ-ның алдын алу бағдарламалары бойынша оқу және көрнекі құралдарын дайындау және басып шығару Облыстық білім басқармасының бұйрығы Облыстық білім басқармасы 2004-2005 ж.ж. 5 "ЖҚТБ-ның мәселелері және оның алдын-алу" бойынша жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін үйретуші семинарлар өткізуді қамтамасыз ету Облыстық білім басқармасының бұйрығы Облыстық білім басқармасы 2004-2005 ж.ж. 6 Салауатты өмір салтын, жыныстық мәдениетті, нашақорлықпен күресті, ЖҚТБ/АҚТҚ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуды насихаттайтын мектептерде және мектеп аралық фестивальдар, кездесулер, кештер, олимпиадалар өткізу Облыстық білім басқармасының бұйрығы Облыстық білім басқармасы, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, БҚО ақпарат басқармасы 2004-2005 ж.ж. Ағымдағы бюджеттен 7 Әскерлер арасында АҚТҚ инфекциясының таралмауын қарастыратын кешенді іс-шараларды қажетті тексерулерді іске асыра отырып және сақтану құралдарымен қамтамасыз ету арқылы әскери қызметкерлер мен Батыс Қазақстан ішкі істер қызметі жеке құрамының оқуын ұйымдастыру Облыстық әскери комиссариат, облыстық ішкі істер басқармасының бұйрықтары Облыстық әскери комиссариат, облыстық ішкі істер басқармасы 2004-2005 ж.ж. 8 Социологиялық сауалнамаларды пайдалана отырып, тұрғындар арасындағы ақпараттық-білім беру жұмыстарының нәтижелілігін тексеруді ұйымдастыру Облыстық ақпарат басқармасының сараптау анықтамасы бойынша Барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық ақпарат басқармасы, ЖҚТБ-ның алдын-алу және күресу жөніндегі облыстық орталық 2004-2005 ж.ж. Ағымдағы бюджеттен 9 ЖҚТБ/АҚТҚ мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде буклет, брошюра, плакат, ережелер түріндегі санитарлық- ағартушылық әдебиеттерін басып шығару Облыстық ақпарат басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының сараптау анықтамасы бойынша Облыстық денсаулық сақтау басқармасы - 2004 ж. - 2005 ж. 432,0 м.т. 432.0 м.т. Жергілікті бюджет Жергілікті бюджет 10 АҚТҚ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын-алуға арналған кешенді іс-шаралар өткізуді пенитенциарлық мекемелерге ұйымдастыру Әділет Департаменті, облыстық ішкі істер басқармасының бұйрықтары Әділет Департаменті, облыстық ішкі істер басқармасы 2004-2005 ж.ж. ҚР Әділет Ішкі істер Министрлігі «ЖҚТБ індетіне қарсы шаралар» 042.000. Бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы 11 Пенитенциарлық жүйеде жеке құрамнан және бас бостандығынан айрылғандар есебінен АҚТҚ індетінің таралуын тоқтату бойынша алдын- алу жұмыстарын жүргізу үшін волонтерлер дайындауды ұйымдастыру және оларды қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету Әділет Департаменті, облыстық ішкі істер басқармасының бұйрықтары Облыстық ішкі істер басқармасы медицина қызметі, Әділет Департаменті 2004-2005 ж.ж. Ағымдағы бюджеттен 12 Теле және радиохабар эфирлерінде, соның ішінде бейне роликтерде ЖҚТБ/АҚТҚ-ның маңызды мәселелерін насихаттау Облыстық ақпарат басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының сараптау анықтамасы бойынша Облыстық ақпарат басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы - 2004 ж. - 2005 ж. 100,0 м.т. 40.0 м.т. Жергілікті бюджет Жергілікті бюджет 13 ЖҚТБ/АҚТҚ-ның алдын-алу жөніндегі қызметтерді кеңейтуде қоғамдық ұйымдарға көмек көрсетуге арналған іс-шараларды жасау және жүзеге асыру. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар мен ірі кәсіпорындардың мүмкіндіктерін көмекке тарту және тұрғындардың жоғары деңгейдегі топтары арасында жұмыс істеу Облыс әкімінің шешімі Барлық деңгейдегі әкімдер, үкіметтік емес ұйымдар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. 14 Тұрғындардың тұрлаусыз тәртіппен танылған және АҚТҚ-мен ауыратын адамдар тобының азаматтық құқықтарына қысымшылық көрсетуді болдырмау жөнінде тұрғындармен және ұйымдардың басшыларымен жұмысты жалғастыру. Бұл жұмысқа заңгерлерді, социологтарды, психологтарды, педагогтарды, экономистер мен басқа да мамандарды тарту Облыстық ақпарат басқармасы, облыстық Әділет басқармасының сараптау анықтамасы бойынша Барлық деңгейдегі әкімдер, Әділет Департаменті 2004-2005 ж.ж. 15 Батыс Қазақстан облыстық ЖҚТБ орталығы мен Батыс Қазақстан медициналық колледжі жанында ЖҚТБ/АҚТҚ мәселелері бойынша орта буын медицина қызметкерлерінің тұрақты білімін көтеретін курсын жүргізуді жалғастыру Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Батыс Қазақстан медициналық колледждің білім жетілдіру курстары 2004-2005 ж.ж. 16 ЖҚТБ-қа қарсы күресетін маңызды мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, ғылыми-ақпарат, бойынша - шетел мемлекеттерімен тұрақты іскерлік байланыстар орнату Әкімнің шешімі Барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. 17 АҚТҚ мәселелері бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасында өзара іскерлік шартының орындалуын қамтамасыз ету Әкімнің шешімі Барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. 18 Халықаралық және облыстық мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдармен тұрақты қызмет ету Әкімнің шешімі Барлық деңгейдегі әкімдер, облыс денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. ІІІ. Тұрлаусыз мінез-құлық иелері арасында АҚТҚ-ның таралуының алдын-алу бойынша іс-шаралар 1 ЖҚТБ/АҚТҚ-ың жұқтырғандарға теріс пиғыл танытуға қарсы жағдай жасау. Тұрлаусыз мінез-құлық иелері арасында осы аурулардың алдын-алуды мақсат еткен қоғамдық бірлестіктердің құрылуын қолдауды қамтамасыз ету Нормативті актілер жобасы Барлық деңгейдегі әкімдер, Әділет Департаменті 2004-2005 ж.ж. 2 Зақымдану мүмкіндігі жоғары адамдарға кеңес беру қызметі мен жоғары деңгейдегі медициналық көмек көрсетудің жеңілдігін қамтамасыз ету Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. 3 АҚТҚ-сы бар нашақорлықпен ауыратындарға емдеу- сауықтыру орындарында олар үшін тиімді және ыңғайлы жағдайдағы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. 4 Алғашқы медициналық- санитарлық жүйе мекемелерінде нашақорларды сенім тіректері мен, оның бөлімшелеріне тартуды қамтамасыз ету Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. 5 Барлық отбасылық амбулаториялар, әйелдер консультацияларында АҚТҚ-ың жұқтырғандар мен есірткіге тәуелді әйелдердің жүктілігін тоқтату, контрацепциялар, жоспарлау жөнінде тегін қызмет көрсетуді ұйымдастыру Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. 6 Мінез-құлқы қатерлі адамдармен алдын-ала жұмыстарын жүргізу, сенім тіректері, олардың жиналатын жерлерінде ақпараттар беру, АҚТҚ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан сақтану құралдарымен қамтамасыз ету Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. Қазына есебінен 7 Облыстық емдеу алдын-алу мекемелерінде жүйке-әлеуметтік кеңес беру және құпия әңгімелесу бөлмелер жүйесін ұйымдастыру Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық басқармасы 2004-2005 ж.ж. Қазына есебінен 8 Бұрын есірткі қолданушылар арасынан нашақорлық, ЖҚТБ/АҚТҚ және жыныстық жолмен жұқпалы ауру таратудың алдын-алу бойынша есірткілерді тарату жұмысын күшейту Облыстық денсаулық басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық басқармасы, облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 2004-2005 ж.ж. Жыл сайын облыстық еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бойынша 301,2 м.т. бөлінеді. Жергілікті бюджет 9 Облыста наркотәуелділер және коммерциялық жыныс қатынасын көрсететін қызметкерлер үшін сенім тіректерін ашу. Орал қ. - 2 Орал қаласы және аудандық әкімдерінің шешімдері Орал қаласының әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. Жергілікті қазына есебінен 10 2004 жылы: - 1 жарық түсірілген жарық қорапшалары; - 2 жарнама қалғаны; - 2 жарық қорапшасын жалға алу; 2005 жылы: - 2 жарық қорапшасын жалға алу. Облыс әкіміне ақпарат түсіру Облыстық денсаулық сақтау басқармасы - 2004 ж. - 2005 ж. 501,0 м.т. 216,0 м.т. Жергілікті бюджет Жергілікті бюджет 11 Тұрғындардың арасындағы өзгелердін хабардарлық деңгейіне, тәртібін өзгертуіне өз мамандықтарының арқасында әсер ете алатын: мұғалім, журналист, медицина, мәдениет қызметкері және т.б. топтармен АҚТҚ/ЖҚТБ алдын-алу шаралары бойынша ақпараттық-насихаттық және санитарлық- ағартушылық жұмысты жүзеге асыру Облыстық ақпарат басқармасы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. IV. Болжау және емдеу іс-шаралары 1 Жоғарғы деңгейдегі тұрғындар тобын қаралған сәтінен бастап ем тағайындай отырып, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларын емдеуді тегін және жасырын түрде жүргізу, науқастарға көмекті тері, жұқпалы аурулар диспансерінің достық сипаттағы кабинеттерінде және басқа медицина ұйымдарында жыныстық жолмен берілетін инфекцияларын болжау мен емдеуге, синдромды тәсілді пайдалану Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. Жыл сайынғы қазына бөлген қаржы есебінен 2 Облыста АҚТҚ инфекциясын бақылаудың серологиялық және мінездемелік қадағалау әдістемесін енгізуді дайындау Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы - 2004 ж. - 2005 ж. 910,0 м.т. 910,0 м.т. Жергілікті бюджет Жергілікті бюджет 3 Мынадай санаттардағы АҚТҚ-ын жұқтырғандар: жүктілігі және босануы кезінде жұқтырған әйелдерді; АҚТҚ бар аналардан туған балаларды; аурулар үшін қоздырғышқа қарсы емдеуді қамтамасыз ету Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыс денсаулық сақтау басқармасы - 2004 ж. - 2005 ж. 30,95 м.т. 30,95 м.т. Жергілікті бюджет Жергілікті бюджет 4 АҚТҚ мен донор қаны арқылы зақымданудың алдын-алуды қамтамасыз ету. Қан орталығының зертханасын қазіргі заманғы жаңа құрал- жабдықпен, сапалы тест-жүйелермен жаңалау Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Облыстық қан құю орталығы 2004-2005 ж.ж. Қазына қаржысы есебінен 5 Жасырын еркін тексеру негізінде зертханалық скрининг өткізуді жалғастыру, міндетті тестілеуді тек донорларға ғана қолдану жүйелі қамтамасыз ету. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. Жыл сайынғы қаржы есебінен 6 Республикалық және аймақтық бағдарламалры мен қауіпті топтармен тікелей және айналма тұрақты байланыс мониторингі мен жүйелі бағалауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикалық денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жарты жылда бір 2004-2005 ж.ж. 7 СПИД этиология, эпидемиология, клиника, диагностика және алдын-алу - атты орта медициналық қызметкерлерге білімін жетілдіру курстарын өткізу Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Батыс Қазақстан медициналық колледжі Білімін жетілдіру курстарының жоспарына сәйкес 2004-2005 жылдар аралығында. V. Материалдық-техникалық базаны нығайту жөніндегі іс-шаралар 1 Облыстық ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы күрес орталығын қажетті дәрі-дәрмекпен, химиялық реактивпен, жұмсақ жабдық және жеке қорғану заттарымен қамтамасыз ету Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық ЖҚТБ-ның алдын-алу және күресу жөніндегі орталық 2004-2005 ж.ж. 2 Үйымдастыру құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету Облыс әкімінің шешімі Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ЖҚТБ-ның алдын-алу және күресу жөніндегі орталық 2004 ж.ж. 300,0 м.т. Жергілікті даму бюджеті VI. Әлеуметтік-құқықтық іс-шаралар 1 АҚТҚ індетіне тегін негізде психоәлеуметтік кеңес берумен бірге жасырын және құпия тексеруді қамтамасыз ету Облыс әкімдігіне, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігіне хабарлама Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. Бөлінген қаржы есебінен 2 ЖҚТБ науқастары және АҚТҚ жұқтырғандар, еңбекке жарамдылығын жоғалтқандарға сараптама өткізуге қатысу Облыс әкіміне, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігіне хабарлама Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 ж.ж. VII. Медицина қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қорғау 1 Облыстық ЖҚТБ-ның алдын-алу және онымен күрес орталығының қызметкерлерін міндетті мемлекеттік сақтандыру Қазақстан Республикасының Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімі Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ЖҚТБ-ның алдын-алу және онымен күресу жөніндегі орталық 2004-2005 ж.ж. 2004 жыл - 2635,15 мың теңге. 2005 жыл - 1930,15 мың теңге. Барлығы жергілікті бюджет шығынынан 4565,3 мың теңге, соның ішінде: даму бюджетінен - 300,0 мың теңге; қазына қаржысы есебінен - 4265,3 мың теңге. ЖҚТБ - жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы ИЕТ - инъекциялық есірткілерді тұтынушылар КЖҚҚ - коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлері ТМД - тәуелсіз мемлекет достастығы ЕЖЕ - еркек пен еркек арасында жыныстық қатынас жасаушылар