О ходе подготовки объектов жилищно-коммунального хозяйства, предприятий, организаций бюджетной сферы к работе в осенне-зимний период 2004-2005 годов Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, кәсіпорындарды, бюджеттік сала ұйымдарын 2004-2005 жылғы күзгі-қысқы кезеңінде жұмыс істеуге дайындау барысы туралы
Қала, аудан әкімдерінің, бюджеттік ұйымдар басшыларының 2004-2005 жылғы күзгі-кысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындық барысы туралы ақпараттарын тыңдап, облыс әкімдігі қала және аудан әкімдіктер облыс әкімдігінін 2004 жылғы 6 сәуірдегі № а-4/95 қаулысын жүзеге асыру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жедел жүргізбей отырғандықтарын атап көрсетті. Кейбір аудандар мен калалардың әкімдіктері жыл сайын каралатын осы мәселе бойынша өз қаулыларын кеш қабылдады: мамыр айында - 3 аудан және Көкшетау каласы, маусымда - 13 аудан. Кейбір аудандар мен қалаларда осындай маңызды құжатты орындау әкімдіктің мамандары деңгейінде жүргізілуде (Аршалы, Есіл, Қорғалжын, Шортанды аудандары).
Облыс әкімдігі жылу көздерінде, жылу құбырларында, су құбырлары мен канализация жүйелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары төмен қарқынмен жүргізіліп жатқандығын атап көрсетті. Жылу көздерін жөндеуде Атбасар, Бұланды, Қорғалжын, Шортанды аудандары мен Степногорск каласы артта қалып келеді; су құбырлары мен канализация жүйесін жөндеуде - Егіндікөл, Ерейментау, Зеренді, Шортанды, Щучье аудандары мен Степногорск каласы.
Қатты және сұйық отын сатып алу қанағаттанғысыз жүргізілуде: Атбасар, Бұланды, Ерейментау және Щучье аудандары тендерді кеш жариялап, Астрахан, Егіндікөл, Жарқайың Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласы әлі күнге тендер туралы хабарландыру берген жоқ. Көкшетау және Степногорск калаларының әкімдіктері бүгінгі таңға дейін отын сатып алуды қаржыландыру көздерін белгілеген жоқ.
Облыстық қаржы басқармасының комиссиясы арқылы қатты және сұйық отынды орталықтандырылған түрде сатып алу бойынша тендер өткізу мерзімдері негізсіз ұзартылып отыр.
Көкшетау, Степногорск калалары, Щучье, Есіл, Егіндікөл аудандарының әкімдері көрсетілген коммуналдық қызмет үшін карыздарды азайту бойынша іс-шаралар колданбай отыр. Облыс бойынша жалпы қарыздың Көкшетау каласы бойынша үлес салмағы 69%, Степногорск қаласы бойынша 24% құрап отыр.
Мектеп, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында мектепке дейінгі мекемелерде, ауруханаларда, емханаларда, ауылдық клубтар мен кітапханаларда жөндеу жұмыстары баяу қарқынмен жургізілуде.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалардың, аудандардың әкімдеріне облыс әкімдігінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № а-4/95 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, кәсіпорындарды, бюджеттік сала ұйымдарын 2004-2005 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі іс-шаралардың орындалу мерзімі бұзылып отырғандығы ескертілсін.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:
жылу көздерінде, жылу құбырларында, су құбырлары мен канализация жүйелерінде, сонымән катар, ауылдық жерлердегі бюджеттік сала нысандарында жөндеу-калпына келтіру жұмыстарын жүргізуде артта қалушылықты жою бойынша жедел шаралар қолдансын; дайындық жұмыстарының барысын қалалық, аудандык әкімдік отырыстарында талқыласын;
қатты және сүйық отын сатып алу мен жеткізу бойынша тендерлер өткізу мәселелерін шешуді жеделдетсін; 2004 жылдың 1 қыркүйегіне дейін нормативтік отын қорын дайындауды қамтамасыз етсін;
күзгі-қысқы кезеңге дайындық жөніндегі қалалық, аудандық комиссиялардың, штабтардың жұмыстарын белсенділендірсін; кәсіпорын, бюджеттік сала ұйымдары, коммуналдық шаруашылықтар мен шаруашылық субъектілері басшыларының қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындық жөніндегі есептерін жиі тыңдауды жүргізсін;
су, жылу энергияларын есептеу құралдарын барлық дәрежедегі тұтынушыларға орнаттыру бойынша жұмыстарды жалғастырсын; көрсетілген коммуналдық кызмет үшін карыздарды азайту және шағым беру мерзімдері өткен кайтарылмайтын қарыздарды есептен шығару бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Көкшетау, Степногорск қалалар аудандарының әкімдері жылу көздерінде, жылу құбырларында, су құбырлары мен канализация жүйелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт, халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары өз ведомстволарына қарасты нысандарды қысқы жағдайда жұмыс істеуге сапалы және дер кезінде дайындау мақсаттарында жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тездету үшін шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. Қала, аудан әкімдіктерінің облыс әкімдігінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № а-4/95 қаулысымен осы қаулыны орындау жөніндегі есептері дайындалған кестеге сәйкес тыңдалсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.