О плане мероприятий по борьбе, предотвращению и профилактике преступлений по торговле людьми в Акмолинской области на 2004-2005 годы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысында адам сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау, оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 ақпандағы № 219 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің адам сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау, оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» қаулысының 2-тармағын орындау, жеке басқа қарсы қылмыс пен күресті жандандыру және күшейту мақсаттарында облыс әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында адам сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау, оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Жоспарда қарастырылған іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын облыс әкімі аппаратына 10 шілде мен 10 қаңтардан кешіктірмей орындалуы туралы ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді және мерзімдік баспасөзде жариялануға тиіс.
Басқа 5
Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14.07. № а-7/161 «Ақмола облысында адам сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау, оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» қаулысымен бекітілген Ақмола облысында адам сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау, оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары Р/с Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындалуына жауаптылар Орындалу мерзімі Болжаулы шығындар 1. Адам сатуға қарсы күрес шаралары туралы БАҚ арқылы облыс тұрғындарын ақпараттандыру Облыс әкімі аппаратына ақпарат ІІББ (келісімі бойынша),Ақмола облысының әділет департаменті (келісімі бойынша), ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (келісімі бойынша) Жылына екі рет Қаржыландыру қажет емес 2. БАҚ арқылы жұмыс күштерін шет елге тарту тәртібі мен ережелерін, ҚР азаматтарының шет елдерге жұмысқа орналастыру, сонымен қатар адам сату құрбандарына көмек көрсету түрлері туралы мәліметтер жариялау Облыс әкімі аппаратына ақпарат Аудандар мен қалалардың әкімдері, Ақмола облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы (келісімі бойынша), ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (келісімі бойынша), Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Жылына екі рет Қаржыландыру қажет емес 3. «Адам сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау, оның алдын алу жөніндегі қолданылып жатқан іс-шаралар туралы» тақырыбына «дөңгелек стол» өткізуді ұйымдастыру (жергілікті теледидар арқылы көрсету) Облыс әкімі аппаратына ақпарат ІІББ (келісімі бойынша), Ақмола облысының әділет департаменті (келісімі бойынша), ҰҚКД (келісімі бойынша), Аудандар мен қалалардың әкімдері, Ақмола облысы бойынша көші-кон және демография басқармасы (келісімі бойынша), Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Жыл сайын ІІІ тоқсанда Қаржыландыру қажет емес 4. Шет ел азаматтарының Ақмола облысына заңсыз көшіп-қонуына бақылауды күшейту Облыс әкімі аппаратына ақпарат ІІББ (келісімі бойынша), ҰҚКД (келісімі бойынша) Әрдайым Қаржыландыру қажет емес 5. «Адам сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау, оның алдын алу мәселелері жөнінде орта кәсіби оқу орындарында арнайы курстық лекциялар ұйымдастыру Облыс әкімі аппаратына ақпарат Ақмола облыстың білім басқармасы, ІІББ (келісімі бойынша), Ақмола облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы (келісімі бойынша), Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Әрдайым Қаржыландыру қажет емес 6. Шет ел азаматтарын Ақмола облысында жұмыс істеуге тартатын ұйымдарда көші-қон полициясы органдарында тіркелуі бойынша тексерістер жүргізу Облыс әкімі аппаратына ақпарат ІІББ (келісімі бойынша), ҰҚКД (келісімі бойынша), ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (келісімі бойынша) Жылына бір рет Қаржыландыру қажет емес 7. Ақмола облысы әділет басқармасының АХАЖ органдары ҚР азаматтарының балаларын шет ел азаматтары бала қылып алуы мәселесі бойынша халықтың ойын анықтау үшін сауалнама жүргізуі Облыс әкімі аппаратына ақпарат Ақмола облысының әділет департаменті (келісімі бойынша) Жыл сайын ІІІ тоқсанда Қаржыландыру қажет емес 8. Халықаралық туризм, Қазақстан Республикасында және шет елдерде жұмысқа орналастыру қызметін көрсетуге байланысты фирмалар мен ұйымдарда жоспарлы түрде бірлескен тексерістер жүргізуді ұйымдастыру Облыс әкімі аппаратына ақпарат ІІББ (келісімі бойынша), ҰҚКД (келісімі бойынша), ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (келісімі бойынша) Жылына бір рет Қаржыландыру қажет емес 9. Мемлекеттік органдардың адам сатуға тосқауыл қою саласындағы құқық қолдану қызметіне сараптама жасау үшін осы мәселені реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жасау Облыс әкімі аппаратына ақпарат ІІББ (келісімі бойынша), ҰҚКД (келісімі бойынша), Ақмола облысының әділет департаменті (келісімі бойынша), ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (келісімі бойынша) 2004 жылғы қыркүйек Қаржыландыру қажет емес 10. Адамды заңсыз сатуға қатысты ақпараттарды қабылдау үшін құқық қорғау органдарында сенім телефондарын ұйымдастыру Облыс әкімі аппаратына ақпарат ІІББ (келісімі бойынша), ҰҚКД (келісімі бойынша), Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі, (қаржы полициясы) департаменті (келісімі бойынша) 2004 жылдың шілдесі Қаржыландыру қажет емес 11. Адам сату құрбаны болғандарға медициналық көмек көрсету үшін, соның ішінде психологиялық әсерді емдеу, құқықтық кеңес беру көмегін көрсету үшін дағдарыстық орталық құру туралы ұсыныс жасау Облыс әкімі аппаратына ақпарат ІІББ (келісімі бойынша), Ақмола облысының әділет департаменті (келісімі бойынша), Аудандар мен қалалардың әкімдері, Ақмола облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы (келісімі бойынша), ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (келісімі бойынша), «Феминисткая лига» ҚБ (келісімі бойынша) Жыл сайын ІІІ тоқсанда Қаржыландыру қажет емес