Об открытии осенне-зимней охоты на 2004-2005 годы Қолданыста
Басқа 0
2004-2005 жылдары күзгі-қысқа аңшылықты ашу туралы
Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 09 шілдедегі № 593-11 Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Жабайы аңдарды аулаудың 2004 жылғы аңшылық маусымына арналған лимиттерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 17 мамырдағы № 547 , "Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 24 шiлдедегі № 741 қаулыларына және Ауыл шаруашылығы Министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетiнiң "Қазақстан Республикасында жабайы аңдарды аулау туралы" 2004 жылғы 16 шілдедегі № 145 бұйрығына сәйкес, облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының аумағында 1, 2 қосымшаларға сәйкес көрсетiлген мерзiмге құстар мен терiсi бағалы аңдарды күзгi-қысқы маусымдарда аулауға:
Тармақша 1
1) "Ақтау орманы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның, "Қарақия" және "Кендiрлi" аң аулау шаруашылықтарының аңшылық алқаптарының аумағында;
Тармақша 2
2) Бейнеу және Сам орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк орман қоры аумағында;
Тармақша 3
3) Бекiтiлмеген аңшылық алқаптардағы:
- Қарақия ауданының Песчаный, Ракушечный, Жыланды мүйiсiнiң;
- Түпқараған ауданының Қаражанбас, Сығынды мүйiсiнiң;
- Маңғыстау ауданының Қияқты, Сауысқан құмы, Қаратау тауы;
- Бейнеу ауданында Котов су ұңғымасы;
- Қарақия ауданының Үстірт Бөрібас учаскелерiнде аумағында рұқсат етiлсiн.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аңшылық шаруашылығын жүргiзушiлер арасында құстар мен терiсi бағалы аңдарды аулау лимитiн бөлiп беру;
Тармақша 2
2) облыстың жабайы аңдарын қорғау мен ұлғайтуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) аң аулауға рұқсат берудi ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық iшкi iстер басқармасы (келісім бойынша) сенiп тапсырылған аумақтарында заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамаларын сақтауына қатаң бақылау орнатсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнің орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсiн.
Басқа 11
Маңғыстау облысы әкiмдігінің
2004 жылғы 10 тамыздағы
№ 173 қаулысына 1 қосымша
2004-2005 жылдары Маңғыстау облысындағы күзгi-қысқы аңшылық
МЕРЗІМІ
№
Аң-құс түрлері
Мерзiмi
Аймағы
1
Көгершiн, кептерлер
2004 жылдың
20 тамыздан бастап 30 қарашаны қоса
Песчаный мүйісі
Ракушечный мүйісі
Жыланды мүйісі
Қияқты, Үстірттің батыс шыңы; Бөрібас;
Қаратау тауы
2
Үйректер, қаздар, суқұзғыны,
Шәукiлдек
2004 жылдың 20 тамыздан бастап 15 желтоқсанды қоса (жабайы үйректерге көктемгі аңшылық мерзімде 15 күнтізбелік күннен асырмай 1 наурыздан 10 мамырға дейінгі кезеңде рұқсат етіледі)
2004 жылдың 20 тамыздан бастап 30 қарашаны қоса (шәукілдіктерге аңшылық аң аулайтын иттердiң тұқымымен 2005 жылдың 15 наурызынан бастап 10 мамырын қоса)
Песчаный мүйісі
Ракушечный мүйісі
Жыланды мүйісі
Сығынды мүйісі
Қаражанбас
Котов су ұңғымасы
3
Кекiлiктер
2004 жылдың 15 қыркүйектен бастап 30 қарашаны қоса (аң аулайтын иттердiң тұқымымен 1 қыркүйектен бастап)
Қияқты; Қаратау тауы
Сауысқан құмы, Үстірттің батыс шыңы Бөрібас
4
Түлкi, қарсақтар
2004 жылдың 1 қарашадан бастап 2005 жылдың 15-шi ақпанын қоса
Песчаный мүйісі
Ракушечный мүйісі
Жыланды мүйісі
Қияқты
Сауысқан құмы, Үстірттің батыс шыңы Бөрібас
Котов су ұңғымасы
5
Қоян
2004 жылдың 1 қарашадан бастап 2005 жылдың 15-шi ақпанын қоса
Песчаный мүйісі
Ракушечный мүйісі
Жыланды мүйісі
Қияқты
Сауысқан құмы, Үстірттің батыс шыңы Бөрібас
6
Қабан
2004 жылдың 2 қыркүйегінен бастап 31 желтоқсанды қоса
Котов су ұңғымасы
Ескертпе: сейсенбi мен сәрсенбi күндерi аңшылық облыс көлемiнде спорттық-әуесқойлық аңшылық үшін жабық болады.
Басқа 12
Маңғыстау облысы әкiмдігінің
2004 жылғы 10 тамыздағы
№ 173 қаулысына 2 қосымша
Бiр аңшыға жабайы аң мен құс аулаудың
ШЕКТІ НОРМАСЫ
№
Аң-құс түрлерi
Атып алу мөлшерi
10 күнде
Маусым iшiнде
1
Үйректiң аулауға рұқсат еткен түрлерi, соның iшiнде:
қыл құйрық, барылдауық
үйректің басқа түрлері
10
5
10
50
2
Қаздар
3
10
3
Көгершiндер
8
60
4
Шәукiлдектер
Бекітілген лимит шегінде
60
5
Кекiлiктер
8
40
6
Қояндар
3
20
7
Түлкi, қарсақ
Бекітілген лимит шегінде
24
8
Қабан
1
1
Ескертпе:
Мемлекеттiк аңшылық жер қорынан жылдық аң аулау мөлшерiн Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы анықтайды. Спорттық-әуесқойлық мақсатқа аңшылыққа рұқсат қағаз он күннен аспайтын мерзімге берiледi.
Аң аулайтын жерлер мен шаруашылықтардан аң-құсты атып алғанда аңшыда рұқсат қағаз болуы тиiс және қанша бас атқаны жөнiнде қорықшы-инспектордың белгiсi болуы керек, қорықшы-инспектор жоқ болса, аңшы өз қолымен белгi қоюы тиiс.