Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы 31 бабының 10 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы " Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы " N 721 және 2002 жылғы 11 қарашадағы " Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы " N 1188 қаулыларын орындау үшін облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық бюджеттен қаржыландыруды талап етпейтін орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыс Әкімінің білім басқармасы (Б.Ш. Егембердиева): белгіленген тәртіппен орта кәсіптік білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орта кәсіптік білім беру ұйымдарына орналастырсын; оның орындалуын 1 қосымшаға сәйкес 2004 жылға арналған нақтыланған облыстық бюджетте білім беру ұйымдарын ұстауға арналған шығыстар шегінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Бекітілген білім беру тапсырысы шегінде квоталар белгіленсін: 9 сыныптан кейін түсетін жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін ең кемі 5 пайыз; ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға түсетін ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30 пайыз; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2 пайыз.
Тармақ 5
5. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 27 мамырдағы "Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»N 132 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К.М.Демешке жүктелсін.
Басқа 7. Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Облыс әкімиятының 2004 жылғы  29 _ шілде "Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" N  187 қаулысына 1 қосымша Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы N№№ Мамандықтардың атауы Мемлекеттік білім беру тапсырысы барлығы оның ішінде сырттай оқыту 1 Ветеринария 50 - 2 Фермер шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу 25 - 3 Агрономия 25 - 4 Ауыл шаруашылығын механикаландыру 25 - 5 Жерге орналастыру 35 - 6 Кітапхана ісі 20 - 7 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 10 - 8 Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету 45 - 9 Киімдерді құрастыру және модельдеу 20 - 10 Нан пісіру, макарон және тәтті тағам өндірісінің технологиясы 10 - 11 Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит 100 - 12 Дене тәрбиесі 30 - 13 Мұнай мен газ кен орындарын пайдалану 50 - 14 Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы 55 - 15 Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнер 19 - 16 Банк ісі 50 - 17 Бастауыш сыныптарда оқыту 40 - 18 Қазақ тілі мен әдебиеті 25 - 19 Аспапта орындаушылық 15 - 20 Хорда дирижерлық ету 6 - 21 Шетел тілі 45 - 22 Ағылшын және түрік тілдерінде оқытылатын менеджмент 25 - 23 Ағылшын және түрік тілдерінде оқытылатын маркетинг 25 - 24 Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау, іске қосу және пайдалану 15 - 25 Кәсіптік білім беру 15 - 26 Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану 10 - 27 Құқықтану 30 28 Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика 14 - 29 Қаржы 20 - 30 Өмір сүру қауіпсіздігі негіздері және валеология 25 - 31 Актерлік өнер 15 32 Емдеу жұмысы 75 - 33 Акушерлік жұмыс 75 - 34 Мейірбике ісі 87 - Жиынтығы: 1131 -
Басқа 8. Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысы
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 29 _ шілде "Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" N 187 қаулысына 2 қосымша Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысы N№№ Мамандықтардың атауы Мемлекеттік білім беру тапсырысы барлығы оның ішінде сырттай оқыту 1. Құқықтану 30 - 2. Қаржы 25 - 3. Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит 20 - 4. Банк ісі 15 - 5. Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету 15 - 6. Мұнай және газ кен орындарын пайдалану 15 - Жиынтығы 120 -