О начальной военной подготовке допризывной и призывной молодежи Восточно-Казахстанской области в 2004-2005 учебном году Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын жастарының 2004-2005 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығы туралы
"Бастапқы әскери даярлық туралы" Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1996 жылғы 1-қарашадағы N 1340 қаулысына сәйкес 2003-2004 оқу жылында облыстың оқу орындарында бастапқы әскери даярлау жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi.
Облыстың оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық жағдайын тексеру жергiлiктi жерлердегi атқарушы органдар, Шығыс
Қазақстан облысының қала және аудандардың қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдері, төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттік мекемелер, бiлiм және денсаулық сақтау органдарының басшылары материалдық базаны қалпына келтiру, оқу орындарының әзiрлiгi бар және тәжiрибелi оқытушы-ұйымдастырушылармен толықтыру жөнiндегі шаралар қабылдағанын көрсетті. Бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтар бекiтiлген бағдарлама мен тақырыптық жоспарларға сәйкес жүргiзiлдi.
Өскемен қаласы (әкім А.К.Кажибаев, бiлiм басқармасының бастығы А.А.Кузнецов), Семей қаласы (әкім Н.С.Омаров, бiлiм басқармасының бастығы Б.А.Балгинбаева), Тарбағатай ауданы (әкiм А.М.Каримов, бiлiм бөлiмiнiң бастығы М.Т.Омарбекова), Күршiм ауданы (әкiм К.К.Толеубеков, бiлiм бөлiмiнiң бастығы А.К.Косамбеков), Зырян ауданы (әкiм А.М.Барбашов, бiлiм бөлiмiнiң бастығы Н.И.Навахатский), Абай ауданы (әкiм Б.С.Уйсумбаев, бiлiм бөлiмiнiң бастығы К.Н.Дурмекбаев) 2003-2004 оқу жылында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және лагерьлiк (оқу-далалық) жиындарды сапалы өткiзгендерімен көзге түсті.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-II Заңының 29-бабы 1-тармағының 11) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бастапқы әскери даярлық, әскери-отансүйгіштік және дене шынықтыру, жастардың әскери қызметке ақлихат-психологиялық дайындығын ұйымдастыру жұмысын жақсарту және Қазақстан Республикасының қарулы Күштерiн жас ұрпақпен сапалы толықтыру мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткiзудi жақсарту жөнiндегi 2004-2005 оқу жылына арналған iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының оқу орындарындағы, оқу пункттерiндегi, қорғаныс-спорт сауықтыру лагерьлерiндегi бастапқы әскери даярлық, әскери-отансүйгіштік және дене шынықтыру жағдайын тексеру кестесi бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) штат санының шегінде, әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын бозбалалармен жұмыс жөнiндегi маман - қорғаныс-спорт сауықтыру лагерiнiң бастығы лауазымын қарастырсын;
Тармақша 2
2) әрбiр қала мен ауданда қорғаныс-спорт сауықтыру лагерiн құрсын, оларды атқарушы органдардың осы мақсатқа бөлінетін қаражаттары есебiнен қажеттi мүлiкпен және жабдықпен толықтырсын;
Тармақша 3
3) қорғаныс-спорт сауықтыру лагерiн оқу-тәрбие, шаруашылық және қаржы қызметiне басшылықты қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық бiлiм департаментi (Ферхо С.И.), Шығыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы (Мукашев К.М., келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) жалпы бiлiм беретiн, кәсiби-техникалық мектептерде (лицейлерде) және арнаулы орта оқу орындарында (колледждерде) бастапқы әскери дайындықты штаттағы бастапқы әскери дайындық оқытушылары-ұйымдастырушыларымен жүргiзуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) жалпы білім мектептерінің 10-11 сыныптары, кәсіби-техникалық мектептердің 1-2 курстары, арнаулы орта оқу орындарының 1-3 курстарының оқушыларын кейін 6-күндік лагерьлік (оқу-дала) жиындарына қатыстырумен толық қамтуын қамтамасыз етсін, бұл жиындар 2005 жылғы мамыр-маусымда бастапқы әскери дайындықты өткізуге бөлінген каникул уақытының есебінен өткізілсін, ал оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты өтпеген, Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне шақыруға жататын бозбалалар кезекті шақыру алдында оқу пункттерінде өтсін;
Тармақша 3
3) бастапқы әскери дайындықтың материалдық базасын қалпына келтiру жөнiндегi жұмысты аяқтасын;
Тармақша 4
4) Оқу орындарына әскери-отансүйгіштік тақырыпты, Қазақстан Республикасы халқының жауынгерлiк дәстүрлерiн, әскери қызметтегi ержүректiк пен романтиканы бейнелейтiн көрнекi үгiттi ресiмдеуге көмек көрсетсін;
Тармақша 5
5) Бастапқы әскери дайындық жөнiндегi оқу-әдiстемелiк жұмысқа басшылықты қамтамасыз етсiн, қорғаныс-спорт сауықтыру лагерi әкiмшiлiгiне лагерьлiк (оқу-далалық) жиындарды әзiрлеу және өткiзу кезiнде көмек көрсетсiн;
Тармақша 6
6) Шығыс қазақстан облысының қала және аудандардың қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдері жанынан штаттан тыс әдістемелік кеңестер құрсын;
Тармақша 7
7) гарнизондардың бастықтарымен, әскери бөлiмдердiң командирлерiмен, әскери кафедралар мен әскери-техникалық мектептердiң бастықтарымен бiрлесiп әскери қызметшiлердiң тұрмысымен және өмiрiмен, әскери бөлiмдер мен мекемелердiң техникасы және қаруымен таныстыру мақсатында әскери бөлiмдер мен мекемелерге бару жоспарларын әзiрлесiн;
Тармақша 8
8) Бозбалалар лагерьлiк (оқу-далалық) жиындарда болған кезде қыздардың медициналық мекемелерінде тәжiрибені өту мүмкiндiгiн облыстық денсаулық сақтау басқармасымен, "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы" мемлекеттік мекемесімен келiссiн.
Тармақ 5
5. "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Темный Г.В., келісімі бойынша) тiршiлiк қызметiнің қауiпсiздiгi негiздерiн оқытуды жетiлдiру жөнiндегі шаралар қабылдасын, бiлiм органдарын оқу-әдiстемелiк әдебиетпен, плакаттармен және көрнекi құралдармен қамтамасыз етуге көмек көрсетсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Андагулов К.Б.):
Тармақша 1
1) медициналық-санитарлық даярлық оқытушыларын iрiктеудi, даярлауды және жұмысына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) оқу орындарына емдеу мекемелерiн бекiтсiн, бозбалалар лагерьлiк (оқу-далалық) жиындарды өткен кезде қыздардың медициналық мекемелерде тәжірибені өту мүмкiндiгiн көздесiн;
Тармақша 3
3) қорғаныс-спорт сауықтыру лагерiнде жиындар өтетiн кезде медициналық пункттер ашсын және олардың жұмысын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. "Шығыс Қазақстан облыстық спорт және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Музапаров М.О.):
Тармақша 1
1) облыстың оқу орындарындағы әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын бозбалалардың дене шынықтыруларына басшылықты жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысының қала және аудандардың қорғаныс істері жөніндегі басқармаларымен және бөлімдерімен бiрлесiп әдiстемелiк сабақтар өткiзсiн және жарыстар ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын жастардың әскери-спорттық бағдардағы ұйымдар, үйірмелер мен бірлестіктер жүйелерін құру жөніндегі шаралар қабылдасын;
Тармақша 4
4) облыстың қалалары мен аудандарының қорғаныс-спорт сауықтыру лагерiн ұйымдастыруға және жұмысына қатыссын;
Тармақша 5
5) қорғаныс-спорт сауықтыру лагерi қызметкерлерiне әскери-патриоттық тәрбие жұмысын, сондай-ақ бозбалалардың дене шынықтыруын жүргiзуге және спорттың әртүрлi түрлерi бойынша нұсқаушылар iрiктеуге көмектессiн.
Тармақ 8
8. "Шығыс қазақстан облысының әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын жастарының 2003-2004 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығы туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2003 жылғы 17-қыркүйектегі N 50 шешімінің күші жойылды деп саналсын, тіркеу N 1399.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсiн.
Тармақ 10
10. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 30. Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткiзудi жақсарту жөнiндегi 2004-2005 оқу жылына арналған негiзгi iс-шаралар
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 98 шешiмiне
N 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткiзудi жақсарту жөнiндегi 2004-2005 оқу жылына арналған негiзгi iс-шаралар
ЖОСПАРЫ
N
Iс-шаралардың
таулары
Орындау
мерзiмдерi
Жауаптылар
Орындал
ғаны
туралы
белгiлер
1
2
3
4
5
1
Облыстың оқу орындарындағы, оқу пунктеріндегі бастапқы әскери даярлық, әскери-отансүйгіштік тәрбие мен дене шынықтыру жағдайын тексерудi жүргiзу. Жұмыс нәтижелерiн әкімдік отырыстарында және облыстық бiлiм департаментiнің алқаларында талдау және қарау, олқылықтарды жою жөнiндегi шаралар қабылдау
Кестеге сәйкес
2004 ж. желтоқсан
2005 ж. мамыр
қала және аудан әкiмдері, облыстық білім департаменті, қорғаныс істері жөніндегі департамент, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдер (келісімі бойынша)
2
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыруды жақсарту мен жүргiзу мәселелерi бойынша мүдделi тараптардың бiрлескен кеңесiн әзiрлеу және өткiзу
2005 жылғы наурыз
Облыстық бiлiм департаментi, қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісімі бойынша)
3
Бастапқы әскери даярлық және оқу-материалдық базасын құру мәселелерi бойынша оқу орындарының директорларына көмек көрсетудi және бақылауды жүзеге асыру
Оқу жылы бойында
Облыстық бiлiм департаментi, қорғаныс істері жөніндегі департамент, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдер (келісімі бойынша)
4
қорғаныс-спорт сауықтыру лагерінде лагерьлiк жиындарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткiзу
2005 жылғы сәуiр-мамыр
қала және аудан әкiмдері, аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерi, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдер (келісімі бойынша)
5
Оқу орындарында, оқу пунктерінде, қорғаныс-спорт сауықтыру лагерінде жастардың дене шынықтыру
жағдайын бақылау
Оқу жылы бойында
"Облыстық спорт және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі
6
2004-2005 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлықты қорытындылау. өткен оқу жылындағы бастапқы әскери даярлықтың жағдайы туралы жоғарғы органдарға қорытынды баяндаманы ұсыну
2005 жылғы маусым
қала және аудан әкiмдері, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдер (келісімі бойынша), ТЖ жөнiндегi (келісімі бойынша), спорт және туризм басқармалары, бiлiм беру, денсаулық сақтау органдары
7
Бастапқы әскери даярлықты жүргiзудiң оң тәжiрибесiн қорытындылау және тарату.
2005 жылғы сәуір-мамыр
қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісімі бойынша)
8
Оқу орындарының бастапқы әскери даярлықты оқу-материалдық базасын, оқу орындарындағы, қорғаныс-спорт сауықтыру лагерьлерінде бастапқы әскери даярлық мүлiгiн тұрақты жетiлдiру және жаңарту. Бастапқы әскери даярлықты таңдаулы оқу-материалдық базасына, әскери-отансүйгіштік тәрбиесi мен дене шынықтыруға байқау-конкурс өткiзу
Оқу жылы бойында
қала және аудан әкiмдері, аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерi, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдер (келісімі бойынша), оқу орындарының директорлары
9
Бастапқы әскери даярлық оқытушы- ұйымдастырушылармен қорғаныс-спорт сауықтыру лагерінің қызметкерлерiмен 3 күндiк оқу-әдiстемелiк жиындарды ұйымдастыру және өткiзу
2004 жылғы тамыз
қорғаныс істері жөніндегі департамент, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдер (келісімі бойынша), облыстық бiлiм департаментi, облыстық ТЖ (келісімі бойынша), денсаулық сақтау, спорт және туризм басқармалары, оқу орындарының директорлары
10
Оқу-әдiстемелiк жұмысты жақсарту және бастапқы әскери даярлық, тiршiлiк қауiпсiздiгiнің негіздері, медициналық-санитарлық даярлық, әскери-отансүйгіштік тәрбиесі мен дене шынықтыру жөнiндегi тақырыптарды үйрену және оқу- әдістемелік жұмысын жақсарту мақсатында бастапқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушыларымен айсайынғы бiркүндiк әдiстемелiк сабақтар ұйымдастыру және өткiзу
Ай сайын, айдың
2-шi сәрсенбiсi
қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдер (келісімі бойынша), қалалық бiлiм басқармалары және аудандық бiлiм бөлiмдері, қалалық және аудандық денсаулық сақтау бөлiмдері,ТЖ жөніндегі мемлекеттік басқармалар , (келісімі бойынша), спорт және туризм басқармалары, оқу орындарының директорлары
11
Аудандық, қалалық
бастапқы әскери даярлық жөнiндегi
штаттан тыс әдiстемелiк кеңестердiң отырыстарын
өткiзу
Тоқсанына бiр рет
қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының және бөлімдерінің басшылары
(келісімі бойынша)
12
Жастардың әскери- отансүйгіштік тәрбиесiнiң рөлiн арттыру. Ол үшiн: сарбаздар әндерiнiң байқау-конкурстарын, ерлiк сабақтарын, әскерге шақырылатындар күнiн, әскери қызметшiлермен, ауған соғысы жауынгерлерiмен, ұОС ардагерлерiмен кездесулер өткiзу
Жыл бойында тұрақты
Оқу орындарының директорлары
13
қорғаныстық-бұқаралық айлық өткiзу
2005 ж.
9.04.-10.05.
Облыстық бiлiм департаментi, қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісімі бойынша)
14
әскери бөлiмдер базасында әскери техниканы, қару көрсетумен
және әскери қызметшiлердiң өмiрi мен
тұрмысының таныстыруымен "әскерге шақырылатындар күнiн" ұйымдастыру және өткiзу
2005 жылғы
сәуiр-мамыр
қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдер (келісімі бойынша), аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерi
15
әрбiр оқу орнында, әскери комиссариатта бастапқы әскери даярлық, азаматтық қорғаныс, тіршілік қауіпсіздік қызметі жөнiндегi басшылық және анықтамалық құжаттардың, есеп жүргiзу және беру құжаттарының бар болуы. Бастапқы әскери даярлық, азаматтық қорғаныс, тіршілік қауіпсіздік қызметі жөнiндегi көкейкестi, қазiргi заманғы көрнекi үгiттi безендiру
Тұрақты
Оқу орындарының директорлары, қорғаныс істер жөніндегі басқармаларының және бөлімдерінің басшылары (келісімі бойынша)
16
Облыстың оқу орындарында, қорғаныс- спорт сауықтыру лагерінде бастапқы әскери даярлықты жүргiзудi, жастардың әскери-отансүйгіштік тәрбиесiн және дене шынықтыруын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау
Оқу жылы бойында
Облыстық бiлiм департаментi, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдер (келісімі бойынша)
Аппарат басшысы
Басқа 31. Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының оқу орындарындағы,
оқу пункттеріндегі, қорғаныс-спорт сауықтыру лагерьлеріндегі жастардың
бастапқы әскери даярлығының, әскери-отансүйгіштік тәрбиесi мен
дене тәрбиесiнiң жағдайын тексеру
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
2004 жылғы 15 қыркүйектегі
N 98 шешiмiне N 2 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының оқу орындарындағы,
оқу пункттеріндегі, қорғаныс-спорт сауықтыру лагерьлеріндегі жастардың
бастапқы әскери даярлығының, әскери-отансүйгіштік тәрбиесi мен
дене тәрбиесiнiң жағдайын тексеру
КЕСТЕСI
N
Облыстың қалалары мен аудандарының атауы
Тексеру түрлерi
Кiм
жүргiзедi
Орындалуы туралы белгi
Оқу жылы басталар
алдында
Кешендi тексерулер
Жеке тексерулер
1
¤скемен қаласы
25.08.04.
15-30.03.2005
20-30.02.2005
Шығыс Қазақстан облысының ¤скемен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (келісімі бойынша), қалалық бiлiм басқармасы
2
Семей
25.08.04.
15-30.03.2005
15-25.02.2005
Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісімі бойынша), облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi
басқармасы (келісімі бойынша), облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық бiлiм департаментi
3
Риддер
25.08.04.
10-20.05.2005
20-30.04.2005
Шығыс
Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісімі бойынша), облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi
басқармасы (келісімі бойынша), облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық бiлiм департаментi
4
Зырян-Зырян қаласы
25.08.04.
1-10.04.
2005
10-15.03.2005
Зырян аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша), аудандық бiлiм басқармасы
5
Аягөз
25.08.04.
15-25.01.2005
15-25.12.2004
Бірлескен Аягөз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша),
аудандық бiлiм бөлімі
6
Курчатов
25.08.04.
10-20.12.2004
1-10.12.
2004
Курчатов қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша), қалалық бiлiм басқармасы
7
Абай ауданы
25.08.04.
20-30.11.2004
10-20.11.2004
Шығыс қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісімі бойынша), облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi
басқармасы (келісімі бойынша), облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық бiлiм департаментi
8
Бесқарағай
25.08.04.
20-30.01.2005
5-15.01.
2005
Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша), аудандық білім бөлімі
9
Жарма
25.08.04.
15-25.01.2005
15-25.12.2004
Шығыс
Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісімі
бойынша), облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi
басқармасы (келісімі бойынша), облыстық денсаулық сақтау басқармасы,
облыстық бiлiм департаментi
10
Катонқарағай
25.08.04
20-30.03.
2005
5-15.03.
2005
Катонқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша),
аудандық білім бөлімі
11
Глубокое
25.08.04
1-10.02.
2005
15-25.01.
2005
Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша), аудандық білім бөлімі
12
Шемонаиха
25.08.04.
15-25.02.2005
1-10.02.
2005
Шығыс
Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісімі бойынша), облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы (келісімі бойынша), облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық бiлiм департаментi
13
Бородулиха
25.08.04.
10-20.02.2005
1-10.02.
2005
Бородулиха аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша), аудандық білім бөлімі
14
Зайсан
25.08.04.
1-15.03.
2005
20-28.02.2005
Зайсан аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша), аудандық білім бөлімі
15
Күршiм
25.08.04.
1-10.04.
2005
20-30.03.2005
Шығыс
Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісімі бойынша), облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi
басқармасы (келісімі бойынша), облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық бiлiм департаментi
16
Көкпектi
25.08.04
10-20.04.2005
15-25.01.2005
Көкпектi аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша), аудандық білім бөлімі
17
Тарбағатай
25.08.04
20-30.04.2005
20-25.01.2005
Тарбағатай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша), аудандық білім бөлімі
18
үржар
25.08.04.
10-20.04.2005
1-10.04.
2005
үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша), аудандық білім бөлімі
19
ёлан
25.08.04.
20-30.12.2004
10-20.12.2004
ёлан аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша), аудандық білім бөлімі
Аппарат басшысы