Об организации и проведении начальной военной подготовки с учащимися допризывного возрастов в организациях образования Мангистауской области в 2004-2005 учебном году Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысының білім беру ұйымдастыру әскерге шақырылғанға дейінгі және әскерге шақыру жасындағы оқушыларды 2002-2003 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығын ұйымдастыру және оны өткізу туралы Қазақстан Республикасының " Жалпыға бірдей әскері міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңдарына және "Бастапқы әскери даярлық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 Қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2004-2005 оқу жылына арналған жастардың бастапқы әскери даярлығын ұйымдастыру және оны өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шараларының Жоспары (бұдан әрi - жоспар) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық бiлiм басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық спорт және дене тәрбиесi басқармасы, облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) жоспарды орындау жөнінде шаралар алсын;
Тармақша 2
2) жастарды әскери қызметке даярлауды түбірлі түрде жақсартсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) медициналық-санитарлық даярлауды оқытушыларын іріктеуді, дайындауды және жұмыстарын бақылауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оқушылармен практикалық сабақтар өткізілуіне көмек көрсетсін және олардың даярлауына бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Маңғыстау облысының әскери комиссариаты (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) облыста алғашқы әскери даярлық бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарын бақылауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) жастардың алғашқы әскери даярлығының, әскері-патриоттық тәрбиесі мен дене шынықтыру дайындығының жәй-күйі туралы ай сайын облыс әкіміне хабарлансын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсiн.
Басқа 12
Маңғыстау облысы әкiмінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі № 56 шешімімен бекітілген Маңғыстау облысының оқу орындарында, 2004-2005 оқу жылында бастапқы әскери даярлықты (БӘД) ұйымдастыру және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының ЖОСПАРЫ № Ic-шаралардың атауы Орындау мерзiмi Орындалуына жауаптылар 1. Бастапқы әскери даярлыққа басшылық жасау 1. Облыстың оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлықтың, әскери патриоттық және дене тәрбиесiнiң жай күйiне тексеру жүргiзу Кестеге сәйкес Маңғыстау облысының әскери комиссариаты (келісім бойынша), облыстық бiлiм басқармасы 2. Оқу жылының қорытындысын шығару, талдау-жүргiзу және БӘД, жастардың әскери- патриоттық және дене шынықтыру даярлығының жай-күйi туралы облыс әкiмiн хабардар ету 2004 жылғы шiлде тамыз облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) 3. Облыстық бiлiм басқармасы мен мүдделi ұйымдардың бiрлескен кеңесiн дайындау және оны өткiзу, онда БӘД, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесi мен дене шынықтыруын ұйымдастыру және өткiзудi жақсартудың мәселелерiн қарау 2005 жылғы ақпан Облыстық бiлiм басқармасы, облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) 4. Облыстың оқу орындарын БӘД оқытушы-ұйымдастырушылармен жасақтау жөніндегі жұмысын жандандыру, ол үшін келешектік жасақтау жоспарын қайта қарау, қажетіне қарай толықтыру Жоспар бойынша ұдайы Бiлiм басқармасы; облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) 5. Қарағанды және Талдықорған педагогикалық институттарында БӘД және тәрбиесі оқытушыларын даярлау үшін кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс жүргізу ұдайы Бiлiм басқармасы; облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) 6. БӘД ӘПТ жүргізу және ОМБ жасау мәселелері бойынша облыстық білім беру мекемелеріне бақылау жасау және қажет болған жағдайда практикалық көмек көрсетуді жүзеге асыру оқу жылы ішінде Бiлiм басқармасы, облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) 7. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Бастығының директивасы мен бағдарламасы бойынша 10-сынып оқушыларымен 6 күндік (48 сағат) оқу-далалық (лагерлік) жиынын ұйымдастыру және оны өткізу 2005 жылғы сәуір, мамыр, маусым Қалалар мен аудандардың әкімдері; обл. Бiлiм басқармасы; әскери комиссариат (келісім бойынша) 8. Облыстың оқу орындарындағы жастарды және дене шынықтырудың жай-күйіне бақылау жасау және қажет болған жағдайда оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету жыл ішінде Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасы 2. БӘД оқу-материалдық базасын жасау оны жетілдіру 9. Білім беру ұйымдары мен басқа да мүдделі ұйымдары БӘД оқу-материалдық базасының барлық элементтерін жабдықтауға қаражат бөлу мүмкіндігін іздестіру, пневматикалық винтовкаларды сатып алу және мектеп тирлерін құру, ҚР Қорғаныс Министрлігінің 09.08.1994ж. № 151 нұсқаулығына сәйкес БӘД, ҚТН және АҚ бойынша арнайы мүліктерді сақтау бөлмесін жабдықтауға және рұқсат беру туралы келісімді ресімдеуге арналған оқу орындарындағы БӘД, ҚТН және АҚ бойынша арнайы мүліктерді сақтау бөлмелерін күзеттік белгі беру құралын орнатуға, қазіргі заманға сай техникалық оқыту құралдарын сатып алу және бөлмелерін жаңарту жыл ішінде Облыстық білім басқармасы 10. Қазақстан Республикасы Үкіметі 1996 жылғы 1 қарашасындағы № 1340 қаулысының 42 тармағына сәйкес қорғаныстық-спорттық сауықтыру лагерлерін құру мәселесін қарау жыл ішінде облыстық білім басқармасы; спорт және дене мәдениеті бөлімдері, облыстың қалалық және аудандық әскери комиссариаттары (келісім бойынша) 3. Оқу-әдістемелік жұмыс 11. Білім беру ұйымдарымен бірлесіп БӘД оқытушы-ұйымдастырушыларын аттестациялауды өткізу 2005ж. сәуір, мамыр Облыстық білім басқармасы, облыстың әскери комиссариаты 12. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма және бөлімдер жанындағы штаттан тыс әдістемелік кеңестердің жұмысын жандандыру. Кеңес мәжілістерінде секция басшыларын кемінде тоқсанына бір рет тыңдау Кеңестің жоспары бойынша 2004-05ж (қараша, ақпан, тамыз, мамыр) Маңғыстау облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) 13. Маңғыстау облысының әскери комиссариаты базасында БӘД оқытушы-ұйымдастырушыларымен үш күндік оқу-әдістемелік жиын ұйымдастыру және оны өткізу 2005 жылғы сәуір, мамыр облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) 14. БӘД оқытушы-ұйымдастырушыларының ай сайынғы оқу әдістемелік сабақтарының сапасын жақсарту. Оларды қатаң түрде бекітілген кесте бойынша өткізуге, сабақ өткізу БӘД оқытушыларын, тәжірибелі педагогтарды, заңгерлерді және штаттан тыс әдістемелік кеңестердің мүшелерін тарту ұдайы облыстық білім басқармасы,аудандық және қалалық әскери комиссариаттар (келісім бойынша), МҚКК "Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты 15. Бастапқы әскери даярлықты өткізудің ұнамды тәжірибесін зерделеу, қорыту және тарату жыл ішінде облыстық білім басқармасы, МҚКК Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты" 16. БӘД, ҚТН, МСД және ҚР білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі бекіту туралы № 695 бұйрықпен бекітілген АҚ бойынша өткізілетін сабақтардың сапасын жақсарту үшін бағдарламаның күрделі тақырыптары бойынша конспектілер мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және орындаушыларды онымен уақытылы қамтамасыз ету оқу жылы ішінде облыстық білім басқармасы, МҚКК Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты" 17. БӘД оқытушыларымен және оқу орындарының дене тәрбиесі мұғалімдері мен әскерге шақырылғанға дейінгі және шақырылу жасындағы жастардың дене шынықтыруын жақсарту мәселесі бойынша және Президент тестілерінің жаңа нормативтері бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар дайындау және оны өткізу оқу жылы ішінде (желтоқсан-наурыз 2005ж.) Облыстық спорт және дене мәдениеті басқармасы 18. Медициналық-санитарлық даярлығы оқытушыларының сапалы іріктелуі мен орналастырылуын қамтамасыз ету және оларға әдістемелік көмек көрсету Жергілікті жерде сабақ басталғанға дейін Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 19. Оқу далалық (лагерлік) жиындар өткізу кезінде БӘД-қа оқу- әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру 2005ж. сәуір, мамыр облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) 20. Оқу қарулары мен оқ-дәрілерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін оқу орындарындағы БӘД, ҚТН, Ақ есепке алынуының, сақталуының жай-күйіне мезгіл-мезгіл бақылау жасауды жүзеге асыру мезгіл- мезгіл облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) 4. Жастарға әскери - патриоттық тәрбие беру және дене шынықтыру 21. БӘД сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларының тәрбиелік рөлін арттыру үшін білім беру қызметкерлерімен ғылыми-практикалық конференция өткізу 2003 жылғы ақпан Облыстық білім басқармасы; облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты; әскери комиссариат 22. 2002 жылдың 25 қыркүйегіндегі тәрбиелеудің № 695 кешенді бағдарламасының негізінде облыс жастарына әскери-патриоттық тәрбие беру мен дене шынықтыруды одан әрі дамытудың бағдарламасын әзірлеу 2005 жыл ішінде Облыстық білім басқармасы, МҚКК "Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты", облыстық әскери комиссариаты 23. Әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысты күшейту үшін мектеп жанындағы мұражайлары мен жауынгерлік және еңбек даңқы мүйістерінің жұмысын жандандыру, олардың болмаған жерінде, оны құру туралы мәселе қарау ұдайы облыстық білім басқармасы 24. Әскерге шақырылғанға дейінгі және шақырылу жасындағы жастардың дене шынықтыру даярлығын жақсарту мен олардың Президент тестілерін орындауы жөнінде облыстық спорт активін дайындау және өткізу 2005 жылғы наурыз облыстық спорт және дене мәдениет басқармасы, білім басқармасы 25. Әскерге шақырылғанға дейінгі және шақырылу жасындағы жеткіншектердің Президенттің тестілерін тапсыру және спорттық разрядын алу үшін оқу орындары арасында жарыс ұйымдастыру. Жарыс қорытындысын Жеңіс күніне шығару оқу жылы ішінде 2005ж. 9 мамыр облыстық спорт және дене мәдениет басқармасы, білім басқармасы 26. Білім ұйымдарының басшыларымен, Маңғыстау облысы әскери комиссариаттарының қызметкерле- рімен әскери оқу орындарына кандидаттар іріктеу мәселесі бойынша бірлескен кеңес өткізу 2005 жылғы наурыз облыстық білім басқармасы, облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) 27. БӘД пен ӘПТ ұйымдастыру және оны өткізу мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында мезгіл-мезгіл жазып көрсету оқу жылы ішінде облыстық білім басқармасы, облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) 28. Жастарды әскери оқу орындарына іріктеуді насихаттау жөнінде арнайы телерадиохабарларын ұйымдастыру оқу жылы ішінде облыстық білім басқармасы, облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша) Ескертпе: БӘД - бастапқы әскери даярлық. ҚТН - қауіпсіздік және тіршілік қызметінің негізі. МСД - медициналық-санитарлық даярлық. АҚ - азаматтық қорғаныс. ОМБ - оқу материалдық база. АҚӘК - аудандық және қалалық әскери комиссариат ӘПТ - әскери-патриоттық мектеп КТМ - кәсіптік техникалық мектеп АООО - Арнаулы орта оқу орны ТЖ - төтенше жағдай ЖОО - жоғары оқу орны