О подготовке предприятий энергообеспечения, объектов жилищно-коммунальной и социальной сферы к осенне-зимнему периоду 2004-2005 годов Қолданыста
Басқа 0
Энергиямен жабдықтау кәсіпорындарын, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік сала нысандарын 2004-2005 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 және 7 тармақтарын басшылыққа ала отырып және энергиямен жабдықтау кәсіпорындарын, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік сала нысандарын 2004-2005 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне тұрақты жұмысқа уақытылы дайындау және осы маңызды мәселені орындауға Атырау қаласы және аудан әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдар, пәтер иелері кооперативтері басшыларының күштерін шоғырландыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Энергиямен жабдықтау кәсіпорындарын, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік сала нысандарын 2004-2005 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау бойынша облыстық штаб 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын:
Тармақ 2
2. Атырау қаласы мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) сәйкесті қалалық және аудандық штабтар құрсын;
Тармақша 2
2) балансында тұрғын үйлері бар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және пәтер иелері кооперативтері басшыларымен алдағы күзгі-қысқы кезеңге тұрғын үйлерді дайындау үшін жөндеу-профилактикалық шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 3
3) білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала нысандарына 2004 жылдың 1 қазанына, тұрғын үйлерге 2004 жылдың 15 қазанына жылу беруді қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Аудандар және Атырау қаласы әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, мен ұйымдар басшылары, Атырау облысы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының басшыларына:
Тармақша 1
1) энергиямен жабдықтау кәсіпорындарын, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік сала нысандарын 2004-2005 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау жөніндегі іс-шараларды дайындап бекіту және ақпаратты Атырау облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына тапсыру;
Тармақша 2
2) 2004 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде барлық орындалуға міндетті көлемде дайындау, жөндеу және құрылыс жұмыстарының аяқтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жылу беру кезеңі басталғанға дейін барлық жылумен қамту көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) әр апта сайын, дүйсенбі күні Атырау облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына қысқа дайындық жөнінде белгіленген үлгі бойынша мәлімет беру (2-қосымша);
Тармақша 5
5) коммуналдық қызметтерге берешекті өтеу шараларын алу;
Тармақша 6
6) арнаулы техникасы бар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға жылу беру кезеңіне жолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын және басқа аумақтарды уақытылы және сапалы тазарту үшін барлық мамандандырылған техниканың дайындығын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және өндірістік-әкімшілік бағыттағы нысандарды, жылу энергиясын, газды, салқын және ыстық суды есептеу құралдарымен одан әрі жарақтандыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
Тармақша 8
8) жылу беру науқанына дейін апатты жағдай туындаған жағдайда апат қызметтерімен қызмет көрсетуге шарт жасауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Балансында тұрғын үйлері бар мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына, тұрғын үй қорына қызмет көрсетуші пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларына 2004 жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлердің жылыту жүйелерін жуып-шайып, тазалауды, қысымын сынау, жабу арматурларын түгендеу, есептік дроссельдік құрылғыларды орнату және олардың герметикалық жайының тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесін жөндеп, тексеруден өткізу, жылумен жабдықтау тәртіптемесін қамтамасыз ету және жылу таратушы шығындарын қысқартуды жөніндегі ретке келтіру-іске қосу жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 3
3) энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен үйлерге ортақ жылуды есепке алу жүйесіне техникалық қызмет қөрсетуге және оның сақталуын қамтамасыз етуге келісім жасасу;
Тармақша 4
4) ғимараттар мен құрылғыларды жылу жүйесіне қосуды тек қана дайындық паспорты болғанда ғана жүргізу;
Тармақша 5
5) коммуналдық қызметтерге берешекті өтеу бойынша шараларын алу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Атырау жылуэлектр орталығы» (келісім бойынша), «Атырау-Жарық» (келісім бойынша), «Атырау жылу жүйелері» (келісім бойынша), «Атырауоблгаз» (келісім бойынша) ашық акционерлік қоғамдары, «Водоканал» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Атыраугазинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) күзгі-қысқы кезеніңде үздіксіз жұмыс істеуі үшін облыстың тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының дайындығын уақытылы қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Атырау облысы әкімінің 2004 жылғы 10 маусымдағы №56 «Энергиямен жабдықтау кәсіпорындарын, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік сала нысандарын 2004-2005 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И.Байғожинге жүктелсін.
Басқа 24
Облыс әкімиятының
2004 жылғы «13» тамыздағы
№ 174 қаулысына 1 қосымша
Энергиямен жабдықтау кәсіпорындарын, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік сала нысандарын 2004-2005 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау жөніндегі облыстық штабтың құрамы
Байғожин
Марат Имашұлы
-облыс әкімінің орынбасары, штабтың бастығы;
Арыстанова
Гүлбаршн Жолдасқызы
-Атырау облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқарма бастығының міндетін атқарушы, штаб бастығының орынбасары;
Әбдібеков
Нұрмұханбет Қанапияұлы
-Атырау облысы экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасының бастығы, штаб бастығының орынбасары;
-
Мүшелері:
Ақтөриев
Орынғали Ақтөреұлы
-«Атырауоблгаз» ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша);
Артығалиев
Орынғали Ақтөреұлы
-«Атыраугазинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастығы (келісім бойынша);
Әбдірахманов
Марат Ғинаятұлы
-Атырау облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы (келісім бойынша);
Әміров
Мұқаран Серікұлы
-Атырау облысы бойынша ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша);
Әкімжанов
Жандос Әбілханұлы
-Атырау облысы коммуналдық меншік басқармасының бастығы;
Әбілғапаров
Жанұзақ Әсетұлы
-«Атырау жылу жүйелері» ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша);
Дощаев
Ерген Николайұлы
-«Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының төрағасы (келісім бойынша);
Жантеміров
Бауыржан Ересұлы
-Атырау облыстық қаржы басқармасының бастығы;
Жантоқов
Нұрлан Қойланұлы
-Мақат ауданының әкімі;
Зинуллин
Өмірзақ Зиноллаұлы
-Атырау облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы;
Қайненов
Қилымғали Қайненұлы
-Атырау облыстық білім беру басқармасының бастығы;
Қалиев
Мұхамбет Қалиұлы
-«Атырау жылу орталығы» ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша);
Қарасаева
Әлия Орынғалиқызы
-Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы;
Құтқожа
Парасат Жақыпұлы
-облыс әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары;
Лұқпанов
Сәден Сәкенұлы
-Индер ауданының әкімі;
Мұхтаров
Нұртас Мұхтарұлы
-Жылыой ауданының әкімі.
Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы
-Құрманғазы ауданының әкімі;
Нұрғалиев Айтқали
Құмарғалиұлы
-Атырау облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы (келісім бойынша);
Рахманов
Айбар Дүйсебәліұлы
-«Атырау-Жарық» ашық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша);
Рахметқалиев
Жанкелді Нұржанұлы
-Қызылқоға ауданының әкімі;
Сердюк
Игорь Григорьевич
-«Водоканал» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының төрағасы
Сисатов
Рысқали Ғабдығапарұлы
-Махамбет ауданының әкімі;
Сүйнешов
Зұлпықар Мақсотұлы
-Исатай ауданының әкімі;
Тасыбаев
Манас Мұхитұлы
-Атырау қаласының әкімі;
Хайрошев
Серік Салахиденұлы
-Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (келісім бойынша).л
Басқа 25
Облыс әкімиятының
2004 жылғы «13» тамыздағы
№ 174 қаулысына 2 тіркеме
2004-2005 жылғы күзгі-қысқы кезеңгі жұмыстарға дайындық барысы жөнінде мәлімет
№
Шаралар атауы
Өлшем бірлігі
Барлығы
2004 жылы күрделі жөндеуге жататындары
Бюджет есебінен
кәсіпорын қаражат есебінен
саны
сомма
саны
сомма
жоспар
нақты
жоспар
нақты
жоспар
нақты
жоспар
нақты
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1
Жылу қазандары
2
Жылу пункті
3
Жылу желілері
4
Су құбыры желілері
5
Канализация желілері
6
35-220 жылу тарату сымдары
7
10-0,4 жылу тарату сымдары
8
электрлік қосалқы станция
9
бөлу пункттері (трансформаторлық қосалқы станса 10/04кв)
10
Орталық жылу қазандығынан жылытылатын көп қабатты тұрғын үйлер (жылу пункттері)
11
денсаулық сақтау нысаны
12
білім беру нысаны
13
отынға қажеттілік: сұйық, қатты
14
ГбП, ШРП
15
Газ көлемін куәландыру