О подготовке специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан из числа призывников в Актауском филиале Республиканского государственного казенного предприятия "Военно-техническая школа Министерство обороны Республики Казахстан в 2004-2005 учебном году" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Ақтау филиалында 2004-2005 оқу жылында шақырушылар ішінен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін даярлау туралы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жертілікті мемлекеттік баскару туралы” 2001 жылғы 23 каңтардагы № 148 және “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы” 1993 жылғы 19 қаңтардағы заңдарына сәйкес, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөлімдермен және Ақтау қалалық әскери комиссариатымен (келісім бойынша): “Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалык мектебі Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Ақтау филиалын шақырылушылар ішінен сапалы курсанттармен жинақталуын қамтамасыз етсін; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери- техникалық мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған жоспарын уақытында бекітсін; комиссияда алатын әскери-техникалық мамандығы бойынша Республикасының Қарулы Күштеріндегі, әскери қызметке жарамдылығы мәнісіне курсанттарды медициналық куәландыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық спорт және дене мәдениеті басқармасы облыстық әскери комиссариатпен бірлесіп (келісім бойынша) курсанттарды дене тәрбиелік дайындау жөнінде тұрақты оку-жаттығу сабақтарын ұйымдастырсын оқытудың соңында олардың спорттық нормативтерді тапсыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. “Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі” Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Ақтау филиалының директорына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған жоспарын толык әрі сапалы орындауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық әскери комиссар кезекті шақырудың қорытындысы бойынша әскери-техникалық мамандар даярлаудың жай-күйі туралы облыс әкіміне ақпарат табыс етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б. Керелбаевқа жүктелсін.