О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в 2004-2005 учебном году Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004-2005 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандар даярлау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес және 2004-2005 жылдарда Қазақстан Республикасының қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандар даярлау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы қарулы Күштері үшін «Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМКК-ның Орал филиалында мамандар даярлау жөніндегі ұсынылып отырған жоспар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері «Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМКК-ның Орал филиалын оқу құраммен жасақтау жөнінде қалалық, аудандық әскери комиссариаттарға көмектер көрсетсін.
Тармақ 3
3. Облыстық әскери комиссариат «Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМКК-ның Орал филиалын шақырылуға дейінгі және шақырылған жастармен дер кезінде жасақтауды қамтамасыз етсін, оларды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру, өткізу нәтижесін ұдайы бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" РМКК-ның Орал филиалының басшылығы:
Тармақша 1
1) 2004-2005 жылдарда әскери-техникалық мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мектептің оқу-материалдық базасын әскери-техникалық мамандарды даярлау бағдарламасының талаптарына сәйкес келтірсін, өндірістік оқу мастерлерінің және оқытушылардың сапалық құрамын арттырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыстық әскери комиссар Г.К. Мұқатаевқа жүктелсін.
Басқа 8
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 256 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" РМКК-ның Орал филиалында 2004-2005 оқу жылында Қазақстан Республикасының қарулы күштері үшін әскери-техникалық мамандар даярлаудың ЖОСПАРЫ № Қалалық, аудандық әскери комиссариаттар Жоспар Топтар бойынша Ескерту 1 топ 2 топ 20.10.2004 ж. бастап 20.04.2005 ж. дейін 20.04.2005 ж. бастап 20.10.2005 ж. дейін 1 Орал ҚӘК 30 15 15 2 Ақжайық АӘК 10 5 5 3 Бөкейорда АӘК 6 3 3 4 Бөрлі АӘК 8 4 4 5 Жаңақала АӘК 6 3 3 6 Жәнібек АӘК 6 3 3 7 Зеленов АӘК 12 6 6 8 Казталовка АӘК 6 3 3 9 Қаратөбе АӘК 6 3 3 10 Сырым АӘК 6 3 3 11 Тасқала АӘК 6 3 3 12 Теректі АӘК 12 6 6 13 Шыңғырлау АӘК 6 3 3 Барлығы 120 адам 60 адам 60 адам