О подготовке призывников по военно-техническим специальностям по Атырауской области в 2004-2005 учебном году Қолданыста
Басқа 0
2004-2005 оқу жылында Атырау облысы бойынша әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтарға даярлау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы №1900 «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 29-бабына сәйкес және облыста әскери-техникалық мамандарды даярлау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2004-2005 оқу жылында әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтарға даярлау «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Атырау филиалында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Атырау облысы бойынша әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтарға даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған жоспары (әрі қарай – Жоспар) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Атырау қаласы мен аудан әкімдері, Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) жаттығу взводтарын уақтылы жиынтықтауды және Жоспардың орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) көлік жүргізушілердің жарамдылығын анықтауға арналған комиссияда, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдерінің жанындағы медициналық комиссияларда іріктелген әскерге шақырылушыларды, алатын әскери-техникалық мамандығы бойынша әскери қызметке жарамдылығына дәрігерлік куәландырудан өткізсін;
Тармақша 3
3) бұрыннан сырқат, соталған және кезекті әскерге шақырылуға жатпайтын әскерге шақырылушыларды оқуға жіберу жағдайларын болдырмасын;
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Атырау филиалының директоры (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Жоспардың толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мектептің оқу-материалдық базасын әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау талаптарына сәйкес келтірсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөліміне жүктелсін.
Атырау облысы қорғаныс істері
Жөніндегі департаментінің
бастығы С. Рысқалиев
«ҚР Қорғаныс Министрлігінің
әскери-техникалық мектебі» РМҚК
Атырау филиалының директоры
М. Рахманов
Басқа 11
Облыс әкімінің
2004 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 68 шешіміне қосымша
2004-2005 оқу жылында Атырау облысы бойынша әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтарға даярлаудың
ЖОСПАРЫ
№
р/с
Оқу ұйымының атауы мен даярлау саласы
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жүктемесі
Оқу түрі
Іріктеу мерзімі
Даярлау мерзімі
Ескерту
1
2
3
4
5
6
7
Оқудың 1-легі
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Атырау филиалы, «В,С» санатындағы жүргізушілер
Барлығы:
Атырау қаласы
Жылыой ауданы
Индер ауданы
Исатай ауданы
Қызылқоға ауданы
Құрманғазы ауданы
Мақат ауданы
Махамбет ауданы
30
7
3
4
2
4
5
2
3
Өндірістен қол үзе отырып
2004 жылдың 1.10.-30.10. аралығында
2004 жылдың 1.11.- 2005 жылдың 1.04. аралығында
Оқудың 2-легі
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Атырау филиалы, «В,С» санатындағы жүргізушілер
Барлығы:
Атырау қаласы
Жылыой ауданы
Индер ауданы
Исатай ауданы
Қызылқоға ауданы
Құрманғазы ауданы
Мақат ауданы
Махамбет ауданы
30
7
3
4
2
4
5
2
3
Өндірістен қол үзе отырып
2005 жылдың 1.03.-20.03. аралығында
2004 жылдың 15.04.- 15.10. аралығында