О состоянии готовности объектов жизнеобеспечения к устойчивому функционированию в осенне-зимний период 2004-2005 годов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004-2005 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің тұрақты әрекет етуге дайындық жағдайы туралы Облыс тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тұрақты әрекет етуін қамтамасыз ету, 2004-2005 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде облыс жолдарында көліктің үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19-I Заңының 13-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-II Заңының 27-бабы 1-тармағының 12), 13) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тұрақты әрекет етуі, 2004-2005 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде жолдарды жүретіндей жағдайда ұстау және жолдарда зардап шеккендерді көшіру жауапкершілігі қалалар мен аудандардың әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер бас басқармасының жол полициясы басқармасы қалалардың, аудандардың аумақтарында мемлекеттік автомобиль жолдарында жүру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне және тұрғындардың өміріне қауіп төнген жағдайларда көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу немесе тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде дереу жергілікті атқарушы органдар мен Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына хабарласын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) өшірілуі адамдардың өліміне, апаттық, экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға соқтыруы мүмкін тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің және үздіксіз электрмен жабдықтау объектілерінің тұрақты әрекет етуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) 2004 жылғы 20-желтоқсаннан бастап кезекшілік кестесіне сәйкес аудан (қала) деңгейінде министрліктер мен ведомстволардың аумақтық органдарының басшыларымен келісе отырып қалалардың, аудандардың әкімдері аппараттарының жауапты лауазымды тұлғаларының тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің, энергиямен үздіксіз жабдықтау объектілерінің жұмысы, қала, аудан аумағындағы жолдардың жағдайы туралы күн сайын сағат 9-да, егер тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде, энергиямен үздіксіз жабдықтау объектілерінде жұмыс тоқтатылса және жолдардың жағдайы нашарласа дереу мәліметтер берсін;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайлар пайда болғанда жолдарды тазалауға меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің қар тазалайтын техникасы тартылсын. Бұл техниканы пайдаланумен байланысты шығындардың орны қалалық және аудандық бюджеттерде жолдарды ұстау және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға көзделген қаражаттардың есебінен толтырылсын;
Тармақша 5
5) жылытылатын "Кунг" орнатылған жүрімділігі жоғары 2 бірлік техникасы бар көшіру-көлік тобы құрылсын, жолдарда зардап шеккендерді орналастыру, жылыту және зардап шеккендердің қаражаттары есебінен тамақтандыру орындары белгіленсін, ал ерекше жағдайларда жергілікті бюджеттерде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға көзделген қаражаттардың есебінен әрбір зардап шегушіге тәулігіне 0,5 ең төменгі есептік көрсеткіш есебінен 2 реткі тамақпен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 6
6) қалалық және аудандық бюджеттерде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға көзделген қаражаттардың есебінен 10 тонна қысқы дизельдік отын (-350), 15 тонна автомобиль бензині, 1 тонна мотор майы мөлшерінде жанар-жағар май материалдарының қоры жасалсын.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы (М.Т.Мыңбаев) (келісімі бойынша), қалалар мен аудандардың әкімдері: облыстың автомобиль жолдарын қыс кезеңінде тиісінше ұстауды қамтамасыз етсін, бұл үшін 2004 жылғы 10-желтоқсанға дейінгі мерзімде:
Тармақша 1
1) жол құламалары мен жиектерін өсімдіктерден тазартып, қауіпті учаскелерге ағаштар мен қажетті жол белгілерін орнатсын;
Тармақша 2
2) жол ұйымдарын жанар-жағар май материалдарымен толық көлемде қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) жолдардың қауіпті учаскелеріне себетін материалды жеткізсін;
Тармақша 4
4) жол ұйымдарын шарттар бойынша уақытында қаржыландыруды жүргізсін;
Тармақша 5
5) қар тазалау техникасы резервінің жинақы жасақтарын құрсын.
Тармақ 5
5. Көкпекті және Күршім аудандарының әкімдері Казнаковка паром өткелінің жұмысы тоқтатылғаннан кейін мұз өткелі жасалғанша Бұқтырма су қоймасы арқылы техниканың, ат-көліктің және тұрғындардың қозғалысына тыйым салатын уақытша тәулік бойғы постылар орнатсын.
Тармақ 6
6. Облыс әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бастығы (В.П.Коншу):
Тармақша 1
1) зардап шеккендерді, науқастарды көшіру және төтенше жағдайлар орнына азық-түлік жеткізу үшін ақаусыз тікұшақтарды тұрақты әзірлікте ұстасын;
Тармақша 2
2) жанар-жағар май материалдарының қоры болсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (Г.В.Темный) (келісімі бойынша) тіршілікті қамтамасыз ету, энергиямен үздіксіз жабдықтау объектілерінің жұмысы және облыс жолдарының жағдайы туралы ақпаратты күн сайын жинауды және қорытындылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (Г.В.Темный) (келісімі бойынша) қысқы кезеңде төтенше жағдайлар қаупі туғанда тұрғындарды құлақтандырудың сызбасын нақтыласын.
Тармақ 9
9. "Қолайсыз ауа райы кезіндегі және облыс жолдарындағы төтенше жағдайларда Ішкі істер бас басқармасының, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың және жол ұйымдары бөлімшелерінің жеке құрамының іс-қимыл жоспары" бекітілсін (қоса беріліп отыр.)
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.
Басқа 24. Қолайсыз ауа райы кезінде және облыс жолдарындағы төтенше жағдайларда ішкі істер басқармасының, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың және жол ұйымдары бөлімшелерінің жеке құрамының іс-қимыл
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 609 қаулысына қосымша Қолайсыз ауа райы кезінде және облыс жолдарындағы төтенше жағдайларда ішкі істер басқармасының, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың және жол ұйымдары бөлімшелерінің жеке құрамының іс-қимыл ЖОСПАРЫ
Тармақ 1. 1. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Қолайсыз ауа райы кезінде және төтенше жағдайларда облыс жолдарында үздіксіз және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету. Қар алып қалу мен көшкін түсудің зардаптарын уақытында жою, облыс жолдарына қызмет көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірлескен әрекетті қамтамасыз ету.
Тармақ 2. 2. АҚПАРАТТЫ ЖИНАУ МЕН БЕРУ ТӘРТІБІ
2. АҚПАРАТТЫ ЖИНАУ МЕН БЕРУ ТӘРТІБІ Автомобиль жолдарының учаскелеріне жауапты адамдар көлік құралдарының жүргізушілерін сұрау және тікелей зерттеу жолымен жол жағдайлары туралы ақпаратты жинау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Алынған ақпараттың негізінде ішкі істердің аумақтық бөлімінің басшысы, немесе жол полициясының бастығы аумақтық жол органдарымен бірлесіп бекітілген жол учаскесінде қозғалысты шектеу немесе тыйым салу туралы шешім қабылдап, бұл туралы 42-60-05 телефоны бойынша жол полициясының кезекші бөліміне және 26-28-08 телефоны бойынша "Қазавтомобильжолдары" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны филиалының диспетчеріне дереу хабарлайды. Қауіпсіз қозғалысқа кедергі жасайтын себептерді жоюға қажетті шаралар қолданады. Жолды ашу учаскедегі жол жағдайлары туралы нақты ақпарат алынған соң жүргізіледі, бұл туралы аталған инстанцияларға хабарланады. Жол полициясының басқармасы бойынша кезекші автомобиль жолдарында қозғалыстың шектелгені немесе қозғалысқа тыйым салынғаны туралы хабарды алған кезде ішкі істер басқармасының кезекшісіне, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың жедел кезекшісіне хабарлайды және орналасуына сәйкес постылардың қойылуын қадағалайды. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың жедел кезекшісі автомобиль жолдарындағы ауа райы жағдайлары және күтпеген нәубеттердің зардаптарын жою үшін қар күрейтін және басқа техниканы жұмылдыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3. 3. ПОСТЫЛАР МЕН МАРШРУТТАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫ
3. ПОСТЫЛАР МЕН МАРШРУТТАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫ
Тармақша 1
1) "Өскемен-Тарғын-Самар" автомобиль жолы, Самар ауылындағы "Ертіс-2000" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсететін 83-89-122 шақырымдағы учаске (бастығы А.В.Ашаргин, жұмыс телефоны 8-233-2-10-32, үйінің телефоны - 2-10-46). Қолда 8 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - Тарғын ауылы, жауапты Ұлан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі К.С.Кумаргажин, код 8-238, кезекші 27-6-02, бастық - 27-3-37. N 2 пост - "Самар" бақылау постысы, жауапты Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімі Самар бөлімшесінің бастығы полиция майоры К.К.Сураужанов, 8-233, телефоны 21-3-30.
Тармақша 2
2) "Өскемен-Сажаевка-Зырян" автомобиль жолы, 31-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 0 ден 97 шақырымға дейінгі учаске (бастығы Г.М.Романюк, жұмыс телефоны 23-06-83). Қолда 5 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - Степное ауылы, жауапты жол полициясы жеке батальонының командирі полиция подполковнигі Р.У.Халиков, тел. 42-70-81, 42-63-96. N 2 пост - "Осинов асуы", жауапты Зырян аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.К.Уалиев, 8-235, кезекші 4-10-88, бастық - 4-03-93.
Тармақша 3
3) "Омбы-Майқапшағай" автомобиль жолы, 26-шы жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 587-ден 733-шы шақырымға дейінгі учаске (бастығы Г.Т.Рахымбаев, жұмыс телефоны 8-322-2-45-61, үйінің телефоны 67-23-91, бас маман А.В.Ульянов, телефоны 45-61-20). N 1 пост - Семей қаласынан Павлодарға шығаберіс, жауапты жол полициясы жеке ротасының командирі полиция подполковнигі В.А.Попов, 8-3222, тел. 66-58-82. 26-шы жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 756-дан 860-шы шақырымға дейінгі учаске, Семей қаласы (бастығы Г.Т.Рахымбаев, жұмыс телефоны 8-322-2-63-86-84, үйінің телефоны 67-06-04). Қолда 4 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. 28-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 860-тан 966-шы шақырымға дейінгі учаске, Георгиевка ауылы (бастығы И.Ж.Атабаев, жұмыс телефоны 8-247-6-12-07, үйінің телефоны 6-18-03). Қолда 5 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 2 пост - Георгиевка ауылы, жауапты Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі М.Ш.Шаймарданов, код 8-247, кезекші 6-16-84, бастық 6-10-88. 29-шы жол-пайдалау учаскесі қызмет көрсететін 966-дан 1087-ші шақырымға дейінгі учаске, Көкпекті ауылы (бастығы К.Нургалиев, жұмыс телефоны 8-232-235-2-118-96, үйінің телефоны 2-10-49). Қолда 7 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 3 пост - Көкпекті ауылы, жауапты Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі С.А.Курымбаев, 8-248, кезекші 2-17-94, бастық 2-11-55.
Тармақша 4
4) "Алматы-Өскемен" автомобиль жолы, 24-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 615-тен 722-ші шақырымға дейінгі учаске (бастығы О.М.Цемкин, жұмыс телефоны 8-322-30-2-24-66). Таскескен ауылы (мастер М.А.Абдрахманов, жұмыс телефоны 8-322-30-2-17-32, үйінің телефоны 617-06). Қолда 5 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. 27-ші жол-пайдалау учаскесі қызмет көрсететін 722-ден 768-ші шақырымға дейінгі учаске, Аягөз қаласы (бастығы Р.Ф.Манафов, жұмыс телефоны 8-32-237-61-27, үйінің телефоны 44-93). Қолда 6 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. 71-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 778-ден 863-ші шақырымға дейінгі учаске (бастығы Н.С.Жумадилов, жұмыс телефоны 8-322-37-2-22-81, үйінің телефоны 2-64-15). 28-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 863-тен 1019 шақырымға дейінгі учаске, Георгиевка ауылы (бастығы И.Ж.Атабаев, жұмыс телефоны 8-247-6-12-07, үйінің телефоны 6-18-03). Қолда 5 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. 30-шы жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 1019-дан 1079-шы шақырымға дейінгі учаске, Өскемен қаласы (бастығы З.А.Кайтпенов, жұмыс телефоны 64-09-22, үйінің телефоны 27-29-47). Қолда 8 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - Таскескен ауылы, жауапты Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі У.М.Шарипов, тел. 8-322-30, кезекші 2-10-02, бастық - 2-21-50. N 2 пост - "Аягөз" жол полициясының тұрақты бақылау пункті, жауапты Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі М.Т.Турлыбаев, тел. 8-322-37, кезекші - 2-44-88, бастық 2-67-47. N 1 пост - Георгиевка ауылы, жауапты Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі М.Ш.Шаймарданов, тел.8-247, кезекші 6-16-84, бастық 6-10-88. N 1 пост - Молодежный ауылы, жауапты жол полициясы жеке батальонының командирі полиция подполковнигі Р.У.Халиков, кезекші 42-70-81, бастық 42-63-96.
Тармақша 5
5) "Семей-Новоалтайск" автомобиль жолы, 25-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 2-ден 113-ші шақырымға дейінгі учаске (бастығы Т.С.Бергенев, жұмыс телефоны 8-322-2-62-15-26, үйінің телефоны 45-83-80). Қолда 4 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост Семей қаласынан Бородулихаға шығаберіс, жауапты жол полициясы жеке ротасының командирі полиция подполковнигі В.А.Попов, 8-322-2, кезекші 66-53-82, бастық 66-30-97.
Тармақша 6
6) "Өскемен-Риддер" автомобиль жолы, 30-шы жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 0-ден 105-ке дейінгі шақырымға дейінгі учаске (бастығы З.А.Кайтпенов). Қолда 5 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - "Защита", жауапты жол полициясы жеке батальонының командирі полиция подполковнигі Р.У.Халиков. N 2 пост - Риддер қаласынан шығаберіс, жауапты Риддер аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.В.Храпов, 8-236, кезекші 2-22-50, бастық 2-24-24.
Тармақша 7
7) "Өскемен-Предгорное-Шемонаиха" автомобиль жолы, 31-ші жол-пайдалану учаскесі қызмет көрсететін 0-ден 52-ші шақырымға дейінгі учаске (бастығы Г.М.Романюк, жұмыс телефоны 23-06-83). Қолда 6 бірлік қар күрейтін техникасы бар. Шемонаиха жол-пайдалану пункті қызмет көрсететін 52-ден 102-ші шақырымға, 105-тен 123-шақырымға дейінгі учаске (мастері В.А.Иванов, жұмыс телефоны 8-232-2-10-08). Қолда 5 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - "Шемонаиха" тұрақты бақылау пункті, жауапты Шемонаиха аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі С.Х.Кайпеков, 8-232, кезекші 9-10-21, бастық 9-25-05.
Тармақша 8
8) "Өскемен-Таврия-Семей" автомобиль жолы, 0-ден 45-ші шақырымға дейінгі, 48-ден 119-шы шақырымға дейінгі учаскелер (бастығы З.А.Кайтпенов). Қолда 4 бірлік қар күрейтін ақаусыз техникасы бар. N 1 пост - Таврия ауылы, жауапты Ұлан ауданы Таврия полиция бөлімінің бастығы полиция майоры А.К.Ахметжанов, 8-238, кезекші 21-1-85. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы