О мерах по снижению негативного воздействия физических факторов на здоровье населения области на 2004-2005 годы Қолданыста
Басқа 0
2004-2005 жылдарға арналған физикалық факторлардың облыс халқының денсаулығына теріс әсер етуін төмендету жөніндегі шаралар туралы
Физикалық факторлардың халық денсаулығына теріс әсер етуін төмнендету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңының 8,9-баптарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 12 «Физикалық факторлардың халық денсаулығына теріс эсер етуін төмендету жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Меншік нысанына қарамастан, өнеркәсіп кәсіпорындарының ұйымдардың, консорциумдар мен мекемелердің басшыларына:
Тармақша 1
1) міндетті түрде физикалық факторлардың әсер ету деңгейін зерттеуді жүргізе отырып, шуылды, дірілді, электромагниттік сәулелендіру шығаратын жабдықтар мен құралдарды есепке алуды жүргізу;
Тармақша 2
2) еңбек ету жағдайларын талдай отырып, жұмыс орындарын аттестаттауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ғылым мен жаңа технологиялардыңжетістіктерін ескере келе, қазіргі заманғы қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, қызметкерлер мен халықты физикалық факторлардың әсер етуін қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Меншік нысанасына қарамастан, радиотехникалық объектілері бар жеке және заңды тұлғаларға:
Тармақша 1
1) кейіннен оларды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісе отырып, халыққа электромагниттік сәулелендіру әсер ететін аймақтары есепке алып, санитарлық паспорттарды жасау;
Тармақша 2
2) дербес компьютерлерді пайдаланушыларды қазіргі заманғы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Жалпы білім беретін және орта оқу орындарының басшылары компьютермен жарақтандырылған жұмыс орындарындағы жұмыс және оқу орындарын есепке алуды, еңбек ету және оқыту жағдайларын зерделеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Меншік нысанына қарамастан, жоғары оқу орындарының басшыларына компьютермен жарақтандырылған жұмыс орындарындағы жұмыс және оқу орындарын есепке алуды, еңбек ету және оқыту жағдайларын зерделеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Атырау-Жарық» ашық акционерлік қоғамына (келісім бойынша) жоғары вольтті желістерге жақын тұрғын үй-жайлары аумақтарындағы нүктелеріндегі өндірістік жиіліктің (50 Гц) ауыспалы тоғының жоғары вольтті электр тарату желісінің электромагниттік өріс көрнеуінің деңгейін зерттеуді жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Атырау облыстық ақпараттандыру және байланыс басқармасы (келісім бойынша) жеке және заңды тұлғаларға радиоэлектрлік құралдарды пайдалану мен бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруға рұқсат беру кезінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілген санитарлық паспорттардың болуын талап етсін.
Тармақ 7
7. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы диагностикалық, физиотерапиялық және өзге де емшараларды өткеру кезінде пациенттерге, сондай-ақ осы жабдықпен жұмыс істейтін тұлғаларға физикалық факторлардың (шуғыл, діріл, электромагниттік және ультракүлгін сәулелендіру, электрлік өріс) зиянды әсер етуінің алдын алу жөніндегі шараларды алсын.
Тармақ 8
8. Атырау облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) физикалық факторлар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындарын, жалпы білім беретін мектептердегі, жоғары және орта оқу орындарындағы оқыту жағдайларын есептеуге тікелей қатыссын.
Тармақша 2
2) алынған материалдар негізінде, қазіргі заманғы қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, физикалық факторлардың әсер етуін қорғау іс-шараларының кешенді жоспарын әзірлеуге қатыссын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Мүрсәлиеваға жүктелсін.