О региональной программе развития массового спорта в Западно-Казахстанской области на 2004-2005 годы Күшін жойған
Басқа 0
«2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың аймақтық бағдарламасы туралы»
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-шы бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңын және "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы N 570 Жарлығына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы" 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 462 қаулысын іске асыру мақсатында облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Тармақ 2
2. "2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың аймақтық бағдарламасы туралы" облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 20 ақпандағы N 6-8 шешімі мемлекеттік тіркеуден өтпегеніне байланысты жойылсын.
Тармақ 3
3. "Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" облыстық мәслихатының 2001 жылғы 25 наурыздағы N 10-9 шешімінің (тіркеу N 856 2001 жылғы 15 мамыр) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық туризм және спорт басқармасының бағдарламаның іске асырылуы туралы есебі жыл сайын 1 желтоқсанда және 1 маусымда облыстық мәслихатқа берілсін.
Басқа 5. 2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың аймақтық
Бағдарламасы
Облыстық мәслихатының
2004 жылғы 29 мамырдағы
N 8-16 шешімімен
«Бекітілген»
2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың аймақтық
Бағдарламасы
1. Паспорт
Бағдарламаның атауы: Батыс Қазақстан облысында аймақтық бұқаралық спортты дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме:
Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру мен спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490-1 Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы 2001 жылғы 12 наурыздағы N 570 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы" »2001 жылғы 6 сәуірдегі N 462 , «"Қазақстан спортшыларын Солт-Лейк-Сити қаласындағы (АҚШ) кезекті ХІХ қысқы лимпиада ойындарына және 2004 ж. Афинадағы (Греция) XXVIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шұғыл шаралар туралы"2001 жылғы 18 сәуірдегі N 510 қаулылары, облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамудың 2005-2007 жылдарға индикативтік жоспары
Негізгі әзірлеуші: Батыс Қазақстан облыстық туризм және спорт басқармасы
Бағдарламаның мақсаты:
Салауатты өмір салтын бекіту, денені жетілдіруге қажеттілікті қалыптастыру, спорттың кез келген түрімен шұғылдануға жағдай туғызу, аурулардың алдын-алу, зиянды әдеттер мен тәртіп бұзушылықтарды жою.
Батыс Қазақстан облысы мен Қазақстанның әлемдік аренадағы спорттық жоғары абырой-беделін нығайту
Бағдарламаның міндеттері:
Бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы төмендегі міндеттерден тұрады:
Тармақ 1
1. Дене тәрбиесін отбасында, мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде дамыту;
Тармақ 2
2. Дене тәрбиесін оқу орындарында дамыту;
Тармақ 3
3. Дене тәрбиесін өндірісте дамыту;
Тармақ 4
4. Дене шынықтыру-спорттық іс-шараларын өткізу;
Тармақ 5
5. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілерінің желісін дамыту, оларды пайдалануды арттыру;
Тармақ 6
6. Әскерге дейінгі, әскер жасындағы жастардың және әскери қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын дамыту;
Тармақ 7
7. Дене және ақыл-ой дамуы бұзылған адамдар үшін спортты дамыту;
Тармақ 8
8. Жоғары білікті спортшылар мен спорт ізбасарларын даярлау;
Тармақ 9
9. Саланы кәсіби және қоғамдық кадрлармен қамтамасыз ету;
Тармақ 10
10. Ғылыми-әдістемелік өңдеу және әдістемелік қамтамасыздандыру
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі:
Осы бағдарламаны жүзеге асыру 2004-2005 жылдар ішінде кезең бойынша енгізуге қарастырылған.
Бағдарламаны қаржыландыру:
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін көзделген шығындар мынаны құрайды:
2004 жыл - 5000,0 мың теңге
2005 жыл - 40000,0 мың теңге
Күтілетін нәтижелер:
Дене шынықтыру мен спортпен нақты шұғылданатын адамдардың санын көбейту. Батыс Қазақстан облысының беделін және Қазақстан Республикасының беделін нығайтудың дәлелі іспеттес Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының сапында облыс спортшыларының санын көбейту
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Бұқаралық спортты дамытудың аймақтық Бағдарламасы 1999 жылы 2 желтоқсан N 490-1, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңды 1999 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын орындау мақсатында жасалған.
Осы Бағдарлама 1996-2000 ж. бұқаралық спортты дамытудың аймақтық Бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады, мұны өткізу дене-шынықтыру ұйымдары мен облыстық атқару органдарына бұқаралық спортты дамытуға, өмір сүрудің таза үлгілі принциптерінің құрылуына, халықаралық дәрежедегі спортшылар мен спорттағы ізбасарларды дайындауға ықыласын аударар еді. Бағдарламаны өткізу нәтижесінде бұқаралық дене шынықтыру, спорттық шаралар, соған сәйкес дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың саны анағұрлым көбейді. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің қысқартылуы тоқтатылды.
Сонымен бірге спорттық кешендердің жағдайы мен жоғары сапалы төреші-мұғалімдердің тапшылығы, халықтық кеңінен қолданысын қанағаттандырмайды, әсіресе балалармен жасөспірімдердің дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуларына жол бермей тұр. Қазіргі заманғы спорттық нысандардың жоқтығы, сапалы керек-жарақпен және құралдармен жабдықталмағандықтан спорттық шеберлік пен облыстағы спорт резервтерінің бой өсуін тежеп тұр.
Тарау 3. 3. Мәселелердің қазіргі жай-күйін талдау
3. Мәселелердің қазіргі жай-күйін талдау
Облыста 43 спорт түрі таралған. Оның 23 олимпиадалық. Облыстағы спорттық-бұқаралық және сауықтыру жұмыстарын спорт мекемелері, яғни: 22 спорт клубы мен қоғамы (2002 ж. - 20 клуб), соның ішінде 3 кәсіптік-техникалық клубы (2002 ж. - 3 клуб) 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (2002 ж. - 23 БЖСМ), оның біреуі - олимпиадалық резервке мамандандырылған және олимпиада резервтерін даярлау орталығы жүргізеді.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 54248 адам шұғылданады (2002 ж. - 53942 адам), оның 17108-і әйелдер (2002 ж. - 15241 адам). Облыста дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін мынадай материалдың-техникалық базалар бар: 1420 спорт ғимараты (2002 ж. - 1417 ғимарат) оның 1182-сі ауылдың жерде (1179), 3 стадион (2002 ж. - 3 стадион), 271 спорт залы (2002 ж. - 271 спорт залы) 2-теннис корты, 151 - спортпен айналысуға жабдықталған орын, оның 119-ы ауылдың жерде. Облыста 1315 штаттық дене шынықтыру қызметкерлері (2002 ж. - 1191 адам) жұмыс жасайды. Оның ішінде 896-сының дене шынықтыру білімі бар (2002 ж. - 792).
Сонымен қатар, кәсіптік-техникалық мектепте аптасына 4 сағат дене шынықтыру сабағы барлық жерде бірдей енгізілмеген. Осылайша, студент және оқушы жастардың арасында аптасына 8-10 сағат қозғалыс белсенділігінің орындалуы нормаға жеткен жоқ. Облыста спорт клубтары түріндегі алғашқы дене шынықтыру ұжымдарын, меншік формаларына тәуелсіз кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде әртүрлі спорт бірлестіктерін құру жөніндегі жұмыстар нашар қарқынмен жүруде. Бұл орайда кәсіпорында спорт жөніндегі әдіскер бірлігін ашуға еңбек ұжымдары басшыларының барлығы бірдей қол жеткізе алған жоқ.
Спорт ұйымдарының жұмысында жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау, соның ішінде резервтерді даярлау жақсы деген пікір қалдырады. Облыста спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттық болмауы жаттықтырушылар мен мамандардың сұрыптау жұмыстарын жүргізуге, спортқа дарынды балаларды іріктеуге мүмкіндік бермей отыр.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын бекіту, денені жетілдіруге қажеттілікті қалыптастыру, спорттық кез келген түрімен шұғылдануға жағдай туғызу, түрлі аурулардың алдын-алу, зиянды әдеттер мен тәртіп бұзушылықтарды жою болып табылады.
Батыс Қазақстан облысы мен Қазақстанның әлемдік аренадағы спорттық жоғары абырой-беделін нығайтуда Бағдарламаның басты мақсатының бірі.
Мына міндеттерді шешкен жағдайда ғана бұл мақсаттарға қол жеткізу мүмкін:
Тұрғындар арасында дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға қажеттілікті, салауатты өмір салтының беделін қалыптастыру, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың, оқушылардың, студент және жұмысшы жастардың сапалы дене тәрбиесін қамтамасыз ету, тұрғындардың әртүрлі топтары мен санаттары арасында дене шынықтыру-сауықтыру, алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру, қазіргі заманғы талаптарға сай материалдық-техникалық базаны нығайту және дамыту, жоғары білікті спортшыларды, толыққанды спорт резервін даярлау үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру және басқа да жағдайларды туғызу, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт клубтарында, спорт бірлестіктерінде жүйелі сабақтарды ұйымдастыру. Спорттық жарыстарға, чемпионаттарға, біріншіліктерге облыс, аудан, қала еңбек ұжымдарының, оқу орындарының қатысуы.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігі
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігі
Осы Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мыналар:
Тармақ 1
1. Cпорт бәрі үшін немесе бұқаралық спорт:
Тармақша 1
1) Мұнда мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің, орта-арнаулы оқу орындарының, жоғары оқу орындарының оқушы жастарын дене тәрбиесімен және спортпен қамту.
Тармақша 2
2) Тұрғындардың әртүрлі топтары мен санаттары арасында спортты дамыту. Басты мұңды денсаулықтың, салауатты өмір салтының беделін көтеруге, дене шынықтыру жаттығулары мен спортпен жүйелі түрде айналысушыларды әлеуметтік-экономикалық ынталандыру қажеттілігіне берген жөн.
Кәсіпорын басшыларының назарын спорттық жеке материалдың базасын нығайтуға қаражат жұмсау қажеттілігіне, еңбек ұжымдарында дене шынықтыру-алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруға аударту.
Тармақша 3
3) Тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы.
Саяжайларды, еңбекшілердің көпшілік демалыс орындарын, жазғы жағажайларды және сауықтыру лагерьлерін кеңінен пайдалану қажет. Спорт ұйымдары әртүрлі жабдықталған орындарды тұрғындардың тұрғылықты жерінде спорттық-сауықтыру жұмыстарын өткізу үшін спорт федерацияларының, спорт бірлестіктері мен клубтарының қарамағына берілуіне қол жеткізуге тиіс.
Тармақ 2
2. Спорт резервтері мен жоғары дәрежелері спортшыларды даярлау.
Тармақша 1
1) Спорт мектептерінің материалдың-техникалық базасын жақсарту, жоғары нәтижемен жұмыс жасауға қабілетті жаттықтырушыларды анықтау үшін жаттықтырушылар корпусын аттестациядан өткізу қажет.
Тармақша 2
2) Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісін кеңейту және спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты ашу жөнінде жұмыс жүргізу.
Тармақша 3
3) Олимпиада циклы кезеңінде алдағы Олимпиада ойындарына үміткерлерді мақсаттылы қаржыландыруды белгілеу және жүзеге асыру қажет.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру негізінен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асады, сонымен қатар республикалық бюджет есебінен де шығындар көзделген. Дене шынықтыру және спорт туралы Заңға сәйкес Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде несиелер мен кәсіпорынның барлық меншік формаларының қаржылары пайдаланылады.2003 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға 241 341 мың теңге (2002 ж. - 207743 мың теңге), соның ішінде бюджетті дамытуға 14534 мың теңге (2002 ж. - 10390 мың теңге) бөлінді.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға қажетті жағдайлар туғызу, және осының негізінде салауатты өмір салтын нығайту.
Жастардың жұмыспен қамтылуының өсуіне әрекет ету, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруды бақылау.
Өскелең ұрпақ арасында тәртіп бұзушылықтың алдын-алу. Дене шынықтыру мен спортпен нақты айналысушы адамдардың санын 30-35 пайызға көбейту. Батыс Қазақстан облысының имиджін және Қазақстан Республикасының беделін нығайтудың дәлелі іспеттес елдің Ұлттық құрама командалары үшін спорт резервтерін даярлау көрсеткішін өсіру.
БҚО бұқаралық спортты дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары
N
Іс-шаралар
Аяқталу нысаны
Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауаптылар
Орындалу (жүзеге асырылу) мерзімі
Болжалды шығыстар
Қаржыландырылу көзі
1. ЖАНҰЯДАҒЫ, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
1.
Мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін бөлмелер бөлу
ақпарат
Қала және аудан әкімдері,
Облыстық білім басқармасы
Бірінші жарты жартыжылдық 2005 ж
2.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың аптаға 4-6 сағаттық қозғалыс белсендігінің ғылыми-негізделген ауқымын орындауы
ақпарат
Жергілікті атқару органдары
Тұрақты
2. ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
3.
Жыл сайын балалар мен жасөспірімдер арасында
"Үміт мәрелері",
"Ақ ладья",
"Ғажайып дойбылар",
"Тоқыма доп",
"Былғары доп"
жарыстарын және ұлттық спорт түрлері мен ойындардан жарыстар өткізу
өткізу
Облыстық білім басқармасы,
Жергілікті атқару органдары
2004-2005 жж.
Желтоқсан, мамыр, наурыз, сәуір, ақпан, маусым-шілде, сәуір-мамыр
4.
Жыл сайын оқушылардың жазғы және қысқы спартакиадаларын өткізу;
кәсіптік-техникалық білім жүйесі оқушыларының спартакиадасын өткізу;
Орта арнаулы оқу орындары мен жоғарғы оқу орындары студенттерінің спартакиадасын өткізу
өткізу
Облыстық білім басқармасы
2004ж. 2005ж.
ақпан сәуір
1500.0
1500.0
300.0
Жергілікті бюджет
5.
Оқушылар мен студенттердің уақытылы сапалы дәрігерлік тексеруден өтуін қамтамасыз ету
ақпарат
Облыстық білім басқармасы,
жоғарғы оқу орындары,
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Тұрақты
6.
Жоғарғы оқу орындарында спорттық-бұқаралық жұмыстарды жүргізу үшін спорт клубтарын ұйымдастыру
ақпарат
ЕжӘҚА, ҚазИИТУ басшылығы
Бірінші жартыжылдық 2004 ж.
3. ӨНДІРІСТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
7.
Мемлекеттік қызметкерлер арасында жыл сайын спартакиада өткізу
өткізу
Облыстық туризм және спорт басқармасы,
Мем.мекемелер басшылары
Қазан-қараша 2004ж. 2005ж.
200.0
200.0
Жергілікті бюджет
8.
Жыл сайын ведомство ішінде спорттық жарыстарды өткізу:
1. медицина қызметкерлері арасында;
2. теміржол көлігі қызметкерлері арасында;
3. энергетиктер мен коммуналды шаруашылық қызметкерлері арасында;
4. байланыс қызметкерлері арасында;
5. мектеп, орта арнаулы емес жоғарғы оқу орындарының педагогикалық ұжымдары арасында;
6. баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында
өткізу
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы,
Теміржол басқармасы,
Облыстық ақпарат басқармасы,
Облыстық білім басқармасы,
Облыстық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық және көлік басқармасы
2004ж 2005ж Маусым-шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қыркүйек қазан
500.0
500.0
Жергілікті бюджет
9.
Кәсіпорындар мен мекемелер базасында спорт клубтары мен қоғамдарын құру
ақпарат
"Зенит", "Омега" Мекеме заводта- рының басшылары
Бірінші жартыжылдық 2004-2005 ж
4. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ
10.
Облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың біртұтас күнтізбелік жоспарын жасау
ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы
Қантар-ақпан 2004-2005 ж
11.
Жыл сайын облыстық спартакиадаларды өткізу:
1) "Орал ақшақары";
2) Халықтық және ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық спартакиада;
3) "Ақбидай" ауыл спорт ойындары
өткізу
Облыстық туризм және спорт басқармасы,
Аудан әкімдіктері
2005 ж Ақпан Шілде Шілде-тамыз
300.0
Жергілікті бюджет
5. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖЕЛІЛЕРІН ДАМЫТУ, ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ АРТТЫРУ
12.
Жыл сайын ведомстволық меншіктілігіне тәуелсіз, қолда бар спорт ғимараттарын паспорттауды өткізу
ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы
Қазан-қараша
6. ӘСКЕРГЕ ДЕЙІНГІ, ӘСКЕР ЖАСЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ
13.
Жыл сайын әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастардың спартакиадасын өткізу, дене дайындығына тест жүргізу
өткізу
Облыстық туризм және спорт басқармасы, Облыстық білім басқармасы,
Облыстық әскери комиссариат
Ақпан Маусым 2004ж
2005ж
300.0
Жергілікті бюджет
7. ДЕНЕ ЖӘНЕ АҚЫЛ-ОЙ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ
14.
Мүгедектер арасындағы республикалық, халықаралық жарыстарға қатысу
қатысу
Спорт ұйымдарының басшылары
Тұрақты 2004-2005 ж
2200.0
2200.0
Жергілікті бюджет
15.
Мүгедектер арасында облыстық жарыстарды өткізу
өткізу
Облыстық туризм және спорт басқармасы, Облыстық мүгедектер спорты федерациясы
Жыл ішінде 2004 ж 2005 ж
100.0 100.0
Жергілікті бюджет
8. ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ СПОРТШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ СПОРТ РЕЗЕРВТЕРІН ДАЯРЛАУ
16.
Әлем чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген жетекші спортшылардың, олардың жаттықтырушыларының тұрғын үй-тәрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету
ақпарат
Облыс әкімдігі, Орал қаласы мен аудан әкімдіктері
Тұрақты
17.
Батыс Қазақстанның мықты спортшыларды әлем, Азия чемпионаттары мен Кубоктарына, Грециядағы 2004 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына даярлау және қатысуын қамтамасыз ету
қатысу
Облыстық туризм және спорт басқармасы, ОРДО, ООРМБЖМ
Бірінші жарты жылдық 2004 ж.
5000.0
Жергілікті бюджет
18.
Садақ тарту, велоспорт, байдарка мен каноэ есу, академиялық есу секілді басым спорт түрлерінен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлауды қамтамасыз ету
ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы
Тұрақты 2004-2005ж
9. САЛАНЫ КӘСІБИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ КАДРЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
19.
Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі Агенттігінің кестесіне сәйкес өтетін семинарларға Батыс Қазақстан облысынан тыңдаушылардың қатысуын қамтамасыз ету
қатысу
Облыстық туризм және спорт басқармасы
Тұрақты 2004-2005ж
250.0
300.0
Жергілікті бюджет
20.
Облспортбасқармасының,
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, мұғалімдердің мамандықтарын жетілдіру институтының базаларында дене шынықтыру мамандарына қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру
ақпарат
Облыстық білім басқармасы, БҚМУ, Мұғалімдердің мамандықтарын жетілдіру институты
Жоспарға сәйкес
10. ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
21.
Жақын шет елдердің, Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі Агенттігінің жетекші мамандарының қатысуымен тұрғындардың дене тәрбиесі, спортты жоғары жетістіктерге дамыту, спорт резервтерін даярлау мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу
ақпарат
Облыстық туризм және спорт басқармасы
Екінші жарты жылдық
2005ж
11. АҚПАРАТ-ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ
22.
Бұқаралық ақпарат құралдарында спорттық-бұқаралық іс-шараларды жариялау
БАҚ спорттық іс-шаралардың жариялануы
Облыстық туризм және спорт басқармасы
Тұрақты
12. СПОРТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН НЫҒАЙТУ
23.
Спорт ұйымдарының материалдық- техникалық базасын күрделі жөндеуден өткізу және нығайту
жұмыстарды аяқтау
Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық архитектура және құрылыс басқармасы
2005ж
40000.0
Жергілікті бюджет