О региональной программе капитального ремонта ветхого жилья и сносу аварийных жилых домов по Алматинской области на 2004-2006 годы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы бойынша 2004-2006 жылдарға арналған тозығы жеткен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу және құлағалы тұрған тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі өңірлік бағдарлама туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловтың 2003 жылғы 18-маусымдағы № 17-49/9718 тозығы жеткен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу және құлағалы тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі өңірлік бағдарламаны бекіту туралы тапсырмасына және облыс Әкімнің хатына сәйкес Алматы облысының Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысы бойынша тозығы жеткен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу және құлағалы тұрған үйлерді бұзу жөніндегі өңірлік бағдарлама №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін, №2 қосымшаға сәйкес жоғарыда аталған бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты ic шаралар жоспары.
Тармақ 2
2. Облыстық Құрылыс және инфрақұрылым бөлімі, сәулет және қалақұрылысы басқармасы, сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы, аудандар мен қалалардың әкімдері өңірлік бағдарламаны жүзеге асырудың нақты ic-шараларын әзірлесін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бакылау облыс әкімінің орынбасарына (A.Ғ.Баталов) және облыстық Мәслихатының бюджет, қаржы және экономикалық реформа мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (М.С. Хасенов) жүктелсін.