О региональной программе по усилению борьбы с туберкулезом на 2004-2006 годы в Акмолинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысыңда туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші реттегі шаралар туралы» № 3956 Жарлығын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы» № 839 Қаулысын орындау мақсатында және ДОТС стратегиясын енгізуге байланысты туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруін ескере отырып, облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Аймақтық бағдарлама облыстық мәслихат сессиясына бекітуге енгізілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Кеңес құрылсын.
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Кеңес туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Кеңестің дербес құрамы облыстық мәслихаттың сессиясында бекітуге ұсынылсын (қосымша).
Тармақ 5
5. Облыстық атқарушы органдар, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері және басқа да мемлекеттік органдар Аймақтық бағдарламада белгіленген шаралардың облыстық мәслихат сессиясында бекітілгеннен кейін уақытында және тиісті орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдіктеріне 2004-2006 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күрес жөніндегі аймақтық бағдарламаларын әзірлеп, оларды қалалық, аудандық мәслихат сессияларында бекіту, Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамын белгілеп, оларды қалалық, аудандық мәслихат сессияларында бекіту ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № а-7/206 «Ақмола облысында туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
Басқа 9
Облыс әкімдігінің 2003 ж. 30.09. № а-10/266 «Ақмола облысында туберкулезге қарсы, күресті күшейту жөніндегі 2004-2006 ж.ж. арналған аумақтық бағдарлама туралы» қаулысымен бекітілді Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) кеңестік-мәжілістік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес құрамына облыстық білім, мәдениет және денсаулық сақтау басқармаларының, қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының, қаржы басқармасының, ішкі істер басқармасының ауыл шаруашылық басқармасының, ақпарат және қоғам келісім басқармасының өкілдері енеді.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаттары және міндеттері
2. Кеңестің мақсаттары және міндеттері
Тармақ 3
3. Кеңестің мақсаты:
Тармақ 1
1) Туберкулезге қарсы күресу мәселелерін ұйымдастыру жөніндегі қалалардың, аудандардың, ведомстволардың, атқару органдарын үйлестіруге қатысады.
Тармақ 2
2) Жергілікті аймақтарда туберкулезге қарсы күресу жағдайы жөнінде іске асырылған шараларды алдын ала тексере отырып, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, ветеринария, ішкі істер және басқа да органдардың бастықтарының ақпараттарын тыңдайды.
Тармақ 3
3) Туберкулезге қарсы күресу жағдайын жақсарту жөнінде облыс, аудан әкімдерінің қарауына негізделген ұсыныстар енгізеді.
Тарау 3. 3. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
3. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Кеңес - төрағасы, орынбасарлары және мүшелерінен құралады.
Тармақ 5
5. Кеңестің отырысын Кеңес төрағасы өткізеді. Кеңес төрағасы Кеңестің шешімдеріне және басқа құжаттарына қол қойып, отырысқа енгізілген мәселелерді анықтайды, басқа да ұйымдастыру-әкімшілік міндеттерін атқарады. Кеңестің төрағасы болмаған уақытта оның міндетін орынбасары атқарады.
Тармақ 6
6. Отырыс жарты жылда бір рет өткізіледі
Тармақ 7
7. Кеңес мүшелері қарастырылған мәселелерге қатысып, талқылауға, ұсыныс енгізуге, ескертуге, аудан әкімдіктерімен, облыстық басқармалары және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға құқықты.
Тармақ 8
8. Кеңес шешімі ұсыным ретінде шығарылады.
Тармақ 9
9. Кеңес мүшелерінің отырысқа өздерінің орнына басқа тұлғаларды қатыстыруға құқықтары жоқ.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшелерінің отырыстарында шешімді көпшілік дауыспен қолдайды. Дауыс тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші маңызға ие болады.
Басқа 26
Облыс әкімдігінің 2003 ж. 30.09. № а-10/266 «Ақмола облысында туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі аймақтық бағдарлама туралың қаулысымен бекітілді Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің ҚҰРАМЫ 1. Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы - облыс әкімінің орынбасары, кеңестің төрағасы 2. Савицкий Дмитрий Емельянович - қаржы басқармасының бастығы 3. Құлышев Сапарғали Қайроллаұлы - облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері, кеңестің хатшысы 4. Тәшметов Қасымжан Қалымжанұлы - облыстық мемсанэпидбақылау баскармасының бастығы 5. Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинович - денсаулық сақтау басқармасының бастығы 6. Нұркенов Жомарт Жұмағалиұлы - ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің бастығы 7. Дмитриенко Елена Александровна - облыстық білім басқармасының бастығы 8. Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы 9. Исабеков Аманберлі Елеукенұлы - Ақмола облыстық ішкі істер бас басқармасы бастығының орынбасары 10. Ахметов Талғат Байзоллаұлы - қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының бастығы 11. Кәкпенов Сәкен Жәзитұлы - облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры