Об утверждении Региональной программы по усилению борьбы с туберкулезом в Акмолинской области на 2004-2006 годы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі Аймақтық бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасының ‘‘Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес және облыс әкімдігінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № а-10/266 қаулысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі Аймақтық бағдарлама бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 26 желтоқсан № 3С-3-4 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Ақмола облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі Аймақтық бағдарлама
Тарау 1. 1. Ақмола облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі Аймақтық бағдарламаның Паспорты
1. Ақмола облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі Аймақтық бағдарламаның Паспорты Атауы Ақмола облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі аймақтық бағдарлама. Әзірлеуге негіздеме Қазақстан Республикасы президентінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 1016 «Қазақстан Республикасы Президентінің 16 қарашадағы № 4153 Жарлығын толықтырып, өзгерту енгіздіру туралы» Жарлығы. 1998 жылғы 16 қарашадағы «Халықтың денсаулығ» Мемлекеттік Бағдарламасы. 2001 жылдағы 10 сәуірдегі № 323 «Қазақстан Республикасын туберкулезге қарсы күрес жәрдемін жетілдіру шаралар туралы» және 2001 жылғы 18 мамырдағы № 471 «Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы жағдайы және күшейту шаралары туралы» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жөніндегі Агенттілігінің бұйрықтары. Негізгі әзірлеушілер Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері Мақсаты Эпидемиялогиялық жағдайды тұрақтыландыру, туберкулез індетіне шалдығумен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету. Міндеттері Туберкулезбен күресу мемлекеттік қолдаудың приоритеттігі. Туберкулезге карсы күрес мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту. Алғашкы мешициналық-санитарлық жәрдемінің тараптарын қатыстыра отырып, туберкулезбен ауырғандарға емдеу кезеңдерінде алдын алу және емдеу-сауықтыру шараларын ұйымдастыру. Туберкулезге қарсы күресу қызметін басқа ведомстволармен бірлесе отырып интеграциялау. Туберкулезбен ауырғандарды айқындап, емдеп және қадағалап отыратын орталықтандырылған мониторинг жүргізу. Туберкулезбен ауыратындарға және туберкулезге қарсы күресу қызметінің медициналық қызметкерлеріне әлеуметтік жәрдем көрсету. Қаржыланжару көздері Республикалық және жергілікті бюджетінің қаражаты. Басқа да бюджеттен тыс қаржыландыру көздері (демеушілердің, қорлардың қаражаттары)
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Ақмола облысында туберкулезге қарсы күрес жөніндегі аймақтық Бағдарлама еліміздегі туберкулез эпидемиясымен байланысты әзірленген және азаматтардың денсаулықтары және жақсы тұрмыстары негізгі ұзақ мерзімді басымдылығы болып мемлекет анықтаған Казакстан Республикасының “Қазақстан 2030” стратегиясының дамуына сәйкес. Туберкулез халықтың ең еңбекке жарамды бөлігі мезгілсіз дүние салуымен және еңбекке жарамдылығын жоғалтуымен орны толмас шығын келтіретін әлеуметтік және медициналық ерекше проблемаға айналып отыр. 1993 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы адамзатқа туберкулез өте қауып-қатерлі деп жариялап, барлық елдердің үкіметтерінің осы проблеманы шешу үшін, шұғыл шаралар қолдануға шақырды, яғни туберкулез эпидемиясы халыққа қауіпті екенін естен шығаруға болмайды. Еліміздегі әлеуметтік - экономикалық реформалар кезеңі туберкулезге қарсы шаралардың көлемімен сапасына әсер етті. Қазіргі таңда туберкулезге қарсы күрес қызметінің реформасы басталды, бірақ нақты деректі бағдарламаның жоқтығынан жағдай өзгермей тұр. Сондықтан осы бағдарламаның барлық белгіленген тармақтарын кешенді түрде атқаруға нәтижелі диагностика, емдеу және профилактика әдістерін енгізіп, сонымен бірге әлеуметтік - экономикалық реформаларының жалпы кұрылымына қалыптасқан жұмыстарды тиімді сақтап, жаңа бағыттар бейімдеу қажет.
Тарау 3. 3. Туберкулез жағдайы жөніндегі эпидемиологиялық талдау
3. Туберкулез жағдайы жөніндегі эпидемиологиялық талдау Ақмола облысы республикамыздағы эпидемиялық жағдайы күмәнді облыстардың біріне жатады. 1999 жылдан - 2002 жылға дейінгі уақытта халықтың туберкулез ауруына шалдыққаны 82 пайыздан астам көбейген. Жыл сайын облыста 1,5 мың адам туберкулезбен ауырып, олардың 200-і дүние салады. Өлім-жітім көрсеткіші 2002 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 1999 жылдан 24,5 тен -27,9 дейін көбейді. Туберкулезге қарсы күресу мекемелерінің диспансерлік есебінде 4600 науқас белсенді туберкулезбен тіркелген, бұлардың 1700-і аурудың жұқпалы түріне шалдыққан. Туберкулез ауруына басымырақ шалдыққандар жергілікті халық өкілдері. Әскери міндетті атқаратын жастардың арасында да жиі-жиі туберкулез анықталып отыр. Еңбекпен түзету мекемелеріндегі туберкулез ауруына шалдыққандар саны жылда көбеюімен облысымызда эпидемиологиялық жағдайды ауырлатады, бұнда азаматтық тұрғындарымен салыстырғанда індетке шалдыққандардың саны 15-20 рет, ал дүние салуы 9 рет басымдырақ. Ерекше алаңдататыны балалар мен жасөспірімдердің арасында індетке шалдықандардың көбеюі. 2002 жылғы балалар арасындағы ауру көрсеткіші 100мың тұрғынға шаққанда 47,8- ге жетті, ал жасөспірімдерде 242,1,-ге. Ауруға шалдыққан балалармен жасөспірімдердің клиниқалық құрамында туберкулездің шұғыл, диссеминирлі және деструктивті түрлері көбейді. Туберкулез инфекциясы ошақтарында эпидемияға карсы қолданған іс-шаралар нашарлаған. Туберкулезбен ауратындардың 15 пайызы үйде дүние салады. Ал бацилла бөлетін науқастардың 9 пайызы ғана бөлек тұрғын алаңмен қамтамасыз етілген. Балалар туберкулез ошағынан 1/3 жағдайда ғана оқшауланады, сондықтанда туберкулездік асқынған формасы басым. Аудандардың көбінде қаржының тапшылығынан санаториялық мектептер мен интернаттар, мектепке дейінгі санаториялық топтар жабылды. Ал инфекция ошағынан бөлініп денсаулықтарын түзейтін балалардың саны 79,7 пайыз астам, “қауіп-қатерлі” тобы да 70 паыздан астам. Нашақорлар, созылмалы маскүнемдік ауруына шалдыққандар арасында туберкулез ауруына шалдыққандар қауіпті. Бүгінгі таңда бұларға облыста туберкулезге қарсы күрес диспансерлерінде туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеуге арналған барлығы бір-ақ арнайы бөлімше Щучье аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде бар. Облыста эпидемиялық жағдай туберкулезге шалдыққан мүйізді ірі қара мал есебінен ушығып отыр. Зерттелген малдың саны 2000 жылы 1,5 пайыз құрап отыр. Қазіргі уақытта туберкулездің диагностикасы мен дәріге тұрақты формасын емдеу көкейкесті проблемаға айналып отыр. Есеп бойынша алғашкы туберкулез ауруына щалдыкқан науқастарда туберкулез бактерияларының негізгі препараттарға тұрақтылығы 35 пайыз құраса, қайта ауырғандар мен созылмалы түрімен ауырғандардың арасында 96 пайызға жуық кұрап отыр.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты
4. Бағдарламаның мақсаты Фтизиатриялық қызметті ауқымды ұйымдастыру негізінде індеттің төмендеуі, таралуы туберкулезден мүгедек болу, өлу көрсеткіштерін төмендетуге әкелетін эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылануы болып табылады. Қойылған мақсат үшін келесі міндеттерді шешу қажет : аудандық, облыстық, орталық деңгейде туберкулезбен күресуді Мемлекеттік қолдауы; туберкулезден емдейтін БЦЖ - вакциналар, туберкулин препараттары мен медициналық жабдықтарды орталықтандырылған секвестірілмейтін қаржымен сатып алу; алғашқы медициналық санитарлық тарабының пунктарын қатыстыра отырып, туберкулезбен ауырғандарды барлық ем деңгейінде химиятерапиямен бақылап, алдын алу және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру. туберкулезге қарсы күресу қызметіне алғашқы медициналық санитарлық тарабының пунктарын қатастырып интеграциялау; Ішкі істер бас басқармасы, облыстық әскери комиссариат, ауыл шаруашылық басқармасы, әділет басқармасы, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы; мәдениет және басқа ведомстволармен бірлесе отырып туберкулез ошағын уақытында анықтап емдеу және профилактика жұмыстарын жүргізу; ДДҰ, НОРЕ халықаралық ұйымдарымен және басқа да ұйымдармен іс-шараларды жүзеге асыру; компьютерленген бағдарламалар негізінде туберкулезбен ауырғандарды айқындап, емдеп және қадағалап отыратын орталықтандырылған мониторинг жүргізу; барлық деңгейдегі медицина қызметкерлері мен тұрғындарға білім беретін оқу орталығын құру; туберкулезге қарсы күресу мекемелерінің барлық бөлімшелерінің материалдық-техникалык базасын нығайту; туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз етіп, экономикалық, моральды-этикалық жолдармен профилактикалық емдеу жүргізу және туберкулезге қарсы күрес қызметінің барлық ведомстволарының қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсету.
Тарау 5. 5. Жүзеге асыру механизмі және негізгі бағыттары
5. Жүзеге асыру механизмі және негізгі бағыттары
Тармақша 1
1) Негізгі бағыттары: атқарылған шаралардың нәтижелерін сараптап, бағалау мақсатында компьютерлік көрсеткіштері мен эпидемиологиялық мониторингінің жүйесін әзірлеу және қолдау; алғашқы туберкулез анықталған науқастар мен қайталанған және созылмалы түрлерімен ауырғандардың толық химиотерапия курсын өтуге бақылау тәртібімен қамтамасыз ету; алдын ала алты айлық қор ескеріп, негізгі туберкулезге қарсы препараттарды орталықтандырып сатып алу; мультирезистенттік формасымен ауырған науқастарды емдеу үшін препараттардың қор молшылығын қамтамасыз ету; туберкулезге қарсы мекемелерді флюоро-рентгенологиялык жабдықтар, пленкалар және химреактивтермен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Жүзеге асыру механизмі: туберкулез науқастарды емдеу бағытында бақылау үшін жалпы емдеу бөлімшелерінің медициналық қызметкерлерін қатыстыру; созылмалы формасымен ауырған ұдайы бацилла бөлетін туберкулез науқастарды оқшаулап емдеу үшін, сатылап арнайы бөлімшелер ашу; науқастарды демеу фазасында емдеуге жергілікті шипажайларды колдану; емдеуге хирургиялық әдісті колдану; балалар мен жасөспірім арасында туберкулинодиагностикасы мен бактериоскопия әдісін қоса туберкулездің жұқпалы түрін анықтау және флюорография әдісін басымырақ қолданып туберкулездің бастапқы формасын анықтау; 1998 жылғы 16 қарашадағы ҚР Президентінің “Халықтың денсаулығы” Мемлекеттік бағдарламасының № 4153 қаулысы және 1999 жылдағы 26 сәуірдегі “Қазақстан Республикасы халқы алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемді жақсарту жөнінде” Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 472 Қаулысына сәйкес әр аудан орталығында туберкулезге қарсы өздік мекемелерін ашуды жүзеге асыру талабын қамтамасыз ету; туберкулезді алдын алу үшін жаңа туған нәрестелерге вакцина егіп, 6,11-12 жастағы балаларға қайта вакцина егуді кемінде 96 пайызға дейін жеткізу; туберкулез ошағында қатынаста болған түлғаларға химиопрофилактикалық ем жүргізу; мекен жайлық жәрдем қажет ететін туберкулез науқастарға әлеуметтік көмек көрсету; облыстағы туберкулезге қарсы күрес қызметі үшін кадрларды дайындау және қайта дайындау өткізу; бұқаралық ақпарат қызметін қатыстыра отырып, халық арасында кешенді санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері 2004-2006 жылдардың бағдарламасы Республикалық бюджетінің қаражатынан, жергілікті бюджеттердің қаражатынан басқа да бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен іске асырылады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже 2005 жылға және соңғы кезеңге де әзірленген кешенді іс-шараларды енгізу нәтижесінде туберкулезден ауру, індеттің таралуы, мүгедектену және өлімге ұшырау көрсеткіштері тұрақтанып төмендейді. 2004-2006 жылдары ауруды айқындау мен диагностикалау барлық ауқымды ресурстармен қабілеттілікті жұмылдырудың нәтижесінде ауру көрсеткіштері мен қарқыны маңызды түрде төмендейді деп күтілуде. Сонымен қатар, ауру көрсеткіштері тұрақтанып, бағдарламаның барлық пунктері мүлтіксіз орындалса, осы көрсеткіштерді төмендетуге мүмкіншілік туады. Балаларды химиопрофилактикалықпен қадағалау өсіп, белсенді туберкулезді айқындау мерзімі қысқартылып, туберкулездің кешігіп анықталуы төмендейді. Бұл болжам 1998 жылдан 2002 жылға дейін аурудың карқыны мен шығыны төмендеуімен негізделген. Сонымен қатар, туберкулездің созылмалы түрі де төмендейтіні күтілуде. Емдеу нәтижелі болып, созылмалы саны төмендейді, яғни туберкулезге қарсы күресуге салауатты өмір салтын жақсы санитарлық үгіт- насихаттау қолданған алғашқы дәрігерлік-санитарлық жәрдем қосылады. Халыққа туберкулезбен күресу бойынша жәрдем (адам қүқығын сақтау, тегін және медициналық жәрдем) мемлекет заңдарымен негізделіп ұйымдастырылады.
Тарау 8. 8. Ақмола облысында 2004-2006 жылдарда туберкулезбен күресуді күшейту Аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының ЖОСПАРЫ
8. Ақмола облысында 2004-2006 жылдарда туберкулезбен күресуді күшейту Аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының ЖОСПАРЫ № Шаралар Аяқталу нысаны Орындаушылар Мерзім дері Қаржыландыру Болжамды шығындар 1 2 3 4 5 6 1) Туберкулезбен күресуге арналған үйымдастрыру-құқықтық шаралар 1 Көкшетау қаласының және аудан әкімдерінің жанындағы үйлестіру кеңестерінің халықты туберкулезден қорғау жөніндегі ұйымдастыру және әлеуметтік мәселелерін шешу жұмыстарын жалғастыру. Үйлестіру кеңестерінің жұмыс жоспары Облыс әкімдері, Көкшетау қаласының әкімі, аудандық әкімдер, денсаулық сақтау басқармасы. 2004-2006 жылдары Қаржы талап етпейді 2 1998 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулықтарын жақсарту жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Жарлығының 4 тарабы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауымен бастаған ДОТС және ДОТС плюс стратегиясын жүзеге асыруды жалғастыру. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Денсаулық сақтау басқармасы Ұдайы Қаржы талап етпейді 3 Облыстық диспансерінің мамандары және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық мамандары мен кураторлары аудандарға шығып, көмек көрсетуі және медициналық кеңестерінде материалдарды тыңдап, шара қолдануды жалғастыра беру. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына есеп Облыстық туберкулезге қарсы диспансер, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тоқсанда 2 рет 2004- 2006 жылдары Қаржы талап етпейді 4 Облысты туберкулезбен ауырғандардың жалпы тіркеуін әзірлеу бақылау мониторингін қамтамасыз ету Көрсеткіштер базасын жасау Облыстық туберкулезге қарсы диспансер 2004 жылы Облыстық бюджет 2247,0 мың теңге 5 әлуметтік жагдайлары төмен туберкулез науқастарға емханалық ем қабылдау кезеңінде қосымша тамақтануға ақшалай қаржы бөлуді қарастыру (демеулік кезеңдегілерге) Әкімдіктердің шешімдері Аудан және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері 2004 жылы 2005 жылы 2006 жылы Жергілікті бюджеттер 36720,0 мың теңге 6 әлуметтік жағдайлары төмен туберкулез науқастарға емханалық ем қабылдау кезеңінде аудандық фтизиатрдың кезекті тексерісінен өтуге және облыстық мамандардан кеңес алу үшін жол ақы төлемін қарастыру Әкімдіктердің шешімдері Облыс және аудан әкімдерінің шешімдері 2004 жылы 2005 жылы 2006 жылы Жергілікті бюджеттер 2101,2 мың теңге 7 Алғашқы медико- санитарлық жәрдемінің мамандарын Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан ДОТС стратегиясы принципімен анықтап емдеу оқуының бағдарламасын әзірлеуін қамтамасыз ету Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жоспары Облыстық туберкулезге қарсы диспансері 2004 жыл Жергілікті бюджеттер 1344,0 мың теңге 8 Рентгенографиялық аппараттарды жөндеуге қаражат бөлу Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 жылы 2005 жылы 2006 жылы Жергілікті бюджеттер 30000,6 мың теңге 9 Жалпы емдеу мекемелері бөлімдерінде туберкулезді ерте анықтау мақсатымен ірі кадрлі стационарлық және жылжымалы қондырғылар, химреактивпен флюоропленкалармен қамтамасыз ету Әкімдіктердің қаулысы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 2004 жылы 2005 жылы 2006 жылы Жергілікті бюджеттер 190000,0 мың теңге 2) Туберкулезге қарсы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту 1 Санатория типті облыстық интернат ашу. Облыс әкімдігінің қаулысы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық білім беру басқармасы 2005 ЖЬІЛ Облыстық бюджет 131125,0 мың теңге 2 Мектеп жасына дейінгі оқу мекемелерінде санаториялық топтар ашу Жақсыда - 20 орын Зерендіде - 20 орын Шортандыда - 20 орын Жарқайыңда- 20 орын Целиноград - 20 орын Облыс әкімдігінің қаулысы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Аймақ әкімдері 2004 жыл 2005 жыл Жергілікті бюджет 10200,0 мың теңге 3 Туберкулездің өте асқынып ем қонбайтын түрлерін емдеу үшін Мариновка отбасылық емхдгіа базасында арнайы аурухана ашу Облыс әкімдігінің қаулысы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, 2004 жыл Облыстық бюджет 78000,0 мың теңге 4 Орталық аудандық аурухананың жанындағы туберкулезге қарсы бөлімшелерді 3 жылдың ішінде әділет тұлға ретінде құқығы бар өздік мекемеге ауыстыру: Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Ерейментау, Қорғалжын аудандары. Облыс әкімінің шешімі Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 – 2006 жылдар Жергілікті бюджеттер 125000,0 мың теңге 5 Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде, Щучье аудандық туберкулезге қарсы диспансерінде іркілген суды хлорлайтын қондырғы орнату Постановление акимата Аудан әкімі, облыстық туберкулезре қарсы диспансері 2004 жыл 2005 жыл Облыстық бюджет 10595,0 мың теңге 7500,0 мың теңге барлығы: 18095,0 мың теңге 6 Облыстық тубдиспансердің 4 қабатты корпусының 3-і қабатына және 2-і ем қабылдайтын корпустары мен шаруашылық бөлімшелеріне күрделі жөндеу жүргізу Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық туберкулезге қарсы диспансері 2004 жылы 2005 жыл 2006 жыл Жергілікті бюджеттер 48276,0 мың теңге 7 Барлық аудандық, аймақтық және облыстық мекемелерін қатты мүліктермен қамтамасыз ету, соның ішінде: Тоңазытқыштар - 50 дана Тоңазытқыш камера - 9 дана Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрыгы Емдеу профилактикалық мекемелерінің бас дәрігерлері 2004- 2005 жылдары Жергілікті бюджеттер 36752,0 мың теңге 8 рентген-томографиялық қондырғылармен қамтамасыз ету: облтубдиспансер-3 аймақтық: Атбасар-1 Степногорск-1 Щучье-1 әр ауданга бір аппараттан Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Аймақ әкімдері, Денсаулық сақтау басқармасы 2004 – 2005 жылдар Жергілікті бюджеттер 140545,0 мың теңге 9 санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету Аудан әкімдіктерінің қаулысы Денсаулық сақтау басқармасы 2004- 2005 жылдар Жергілікті бюджеттер 17500,0 мың теңге 10 Барлық туберкулезге қарсы диспансерлерді медициналық жабдықтармен қажеттілігі көрсетіліп берілетін тізімге сәйкес қамтамасыз ету Денсаулық сақтау басқармасына есеп Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004-2005 жылдары Жергілікті бюджеттер 65000,0 мың теңге 3) Профилактикалық қараулар 1 Барлық жаңа туған нәрестелерге туберкулез иммунитетін қондыру мақсатымен профилактикалық егу және 1-ші мен 5-ші сынып оқушыларының иммундық сапасын бақылау үшін қайта егу ұйымдастыру. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Мемлекеттік санэпидемиялық қадағалау басқармасының бұйрықтары Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Мемлекеттік санэпидемиялық қадағалау басқармасы Егу жоспары бойынша Республикалық бюджет 2 Санатория типті мектепке дейінгі және мектеп мекемелерін ашу жолымен туберкулез індетінің ошағындағы балаларды емдеп сауықтыруды қамтамасыз ету Денсаулық сақтау басқармасына есеп Облыстық туберкулезге қарсы диспансері Ұдайы Жергілікті бюджеттер Қаржы талап етпейді 3 Халық арасында бұқаралық ақпарат арқылы туберкулез жөнінде ақпарат және қоғамдық келісімінің басқармасымен бірге санитарлық-ағарту насихаттың бағдарламасын әзірлеу Ведомство аралық келісім Облыстық ақпарат және қоғамдық келісімі басқармасы (келісіммен), Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық салауатты өмір салты орталығы (келісіммен), аймақ әкімдері Ұдайы Жергілікті бюджеттер 8526,0 мың теңге 4) Туберкулезді ерте анықтауға арналған шаралар 1 Облыстық алгашқы медико-санитарлық жәрдем тарабының микроскопияға арналған химиялық құрамдар мен дәрілік сезімділікті анықтайтын құрамдар және шығын материалдармен, жоғары қабілетті микроскоптармен қамтамасыз ету. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004- 2006 жылдар жергілікті бюджеттер және 6290,0 мың теңге 5) Емдеу-сауықтыру шаралары 1 Азаматтық денсаулық сақтау туберкулезге қарсы қызметінің туберкулез науқастарын емдеу және бақылау жұмыстары мен ішкі істер басқармасының, әділет басқармасының алғашқы медико-санитарлық жәрдемінің жұмыстарының сабақтастығын қамтамасыз ету. Ведомство аралық келісім Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері Ұдайы Қаржы талап етпейді 6) Медициналық әлеуметтік шаралар 1 Денсаулық сақтау ұйымының нақтамасы бар бацилла бөлгіш емес туберкулез науқастарды еңбекпен қамту жөніндегі шараларын ұйымдастыру. Әкімдіктердің қаулылары қала және аудан әкімдері Ұдайы 2 Мүшесінде туберкулез науқасы бар отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге қаражат қарастыру Әкімдіктердің қаулылары қала және аудан әкімдері 2004-2006 жылдар Жергілікті бюджеттер 21600,0 мың теңге 7) Нормативтік-құқықтық қамтамасыздандыру 1 Адамдар мен ауылшаруашылық малдардың арасында туберкулезді анықтау жөненде облыстығы ветеринар қызметімен өзара ақпарат алмасу және бірігіп әрекет жасауды қамтамасыз ету. Басқармалардың бұйрықтары Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық білім беру басқармасы 2004-2006 жылдар Қаржы талап етпейді “Ақмола облысында туберкулезбен күресуді нығайту жөніндегі 2004-2006 жылдарға арлалған Бағдарламаның әр тарабын атқару үшін 969321,8 мың теңге қажет 2004 жылы- 411550,9 мың теңге; 2005 жылы- 36996,3 мың теңге; 2006 жылы - 164774,6 мың теңге. Ескерту: 2004-2006 жылдары Бағдарламаны жүзеге асырудың қаржы көлемі жергілікті бюджет құрастырылғанда анықталады.