Об индикативном плане социально-экономического развития Алматинской области на 2004-2006 годы Қолданыста
Басқа 0
Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» жөніндегі VШ-бөлімінің 86 бабындары 4-тармақтың 1 -тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы маусымның 14-гi «Қазақстан Республикасының әлеуметтіпк-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын әзірлеу Ережесін бекіту туралы» № 647 қаулысына сәйкес, облыстық Мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен келісілген, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық басқармалар, комитеттер және департаменттер басшыларына, аудандар мен қалалар әкімдеріне Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспарының көрсеткіштерін толық және сапалы орындау жөнінде жан-жақты шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық экономика басқармасына (Б. Қажы-Кәрім) және облыстық Мәслихаттың бюджет, қаржы және тарифтік саясат мәселелерә жөніндегі тұрақты комиссиясына (Хасенов М.С.) жүктелсін.