Об утверждении программы "Усиление борьбы с туберкулезом в Алматинской области на 2004-2006 годы" Күшін жойған
Басқа 0
"Алматы облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге қарсы күресті күшейту" бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы тұрғындарын туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" № 839 қаулысын , Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартудың бірінші кезектегі шаралары туралы" Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және облыс әкімі ұсынған "Алматы облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге қарсы күресті күшейту" бағдарламасын бекіту туралы 19.09.2003 жылғы № 86 қаулысын қарай келіп, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. "Алматы облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге қарсы күресті күшейту" бағдарламасы №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 4-22 "Алматы облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге қарсы күресті күшейту" бағдарламасын және жүзеге асыру жөніндегі шаралардың жоспарын бекіту туралы" шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық денсаулық сақтау басқармасына (А.Д.Дүйсекеев) және облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, тіл және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Е.Тұрсынмұратова) жүктелсін.
Басқа 4
Облыстық Мәслихаттың
2004 ж. "13" сәуірдегі
5-43 шешіміне№1 қосымша
"Алматы облысында 2004-2006 жылдары туберкулезге
қарсы күресті күшейту"
БАҒДАРЛАМАСЫ
Тармақ 1
1. Төл құжат
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Туберкулездің эпидемиологиялық жағдайының сараптамасы
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен тапсырмалары
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстармен қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асырудағы күтілетін нәтижелер
Тармақ 8. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
8. Бағдарламаны іске асыру барысындағы іс шараларының жоспары
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
АТАЛУЫ
"Алматы облысында 2004-2006 жылдағы туберкулезге қарсы күресті күшейту" бағдарламасы.
ЖАСАЛУ
НЕГІЗІ
Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы №1016 "Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жылғы 16-қарашадағы № 4153 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлығы
НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Алматы облысы әкімінің денсаулық сақтау басқармасы
МАҚСАТЫ
Эпидемиологиялық жағдайларды тұрақтандыру, туберкулез ауруының таралуын және одан өлім-жітімді төмендету
ТАПСЫРМАЛАР
Туберкулез ауруына қарсы күрестің маңыздылығына мемлекеттік қамқорлық.
Туберкулезге қарсы күресетін ұйымдардың жұмыс істеуін құқықтық нормалармен қамтамасыз ету.
Туберкулезге қарсы қызмет істейтін мекемелердің материалдық -техникалық базаларын нығайту
Туберкулез ауруларын емдеудің барлық этаптарында емдік сауықтыру және алдын алу шараларын жүргізуді алғашқы медико-санитарлық көмек мекемелерін қамту арқылы ұйымдастыру.
Туберкулезге қарсы қызметті басқа министрліктермен ведомствалармен интеграциялау.
Әскери
Туберкулездің барлық түрлеріндегі науқастарды есепке алу және оны анықтау, емдеу, қадағалаудың нәтижелілігінің мониторингісін
Алматы облыстық әділет басқармасының қылмысты істерді жүргізу бөліміне, Алматы облыстық әскери комиссариатына тиесілі науқастарды есепке ала отырып жетілдіру.
Туберкулез ауруларын және туберкулезге қарсы ұйымдардың медицина қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау.
Қаржыландыру көздері
Республикалық, жергілікті бюджет және Қазақстан Республикасының заңдылықтарына қарсы келмейтін басқа да қаржы көздері.
Күтілетін нәтижелер
Туберкулез ауруының эпидемиологиялық жағдайларын тұрақтандыру, туберкулез ауруымен ауыруды, өлім-жітімді, мүгедектікті төмендету, тұрғындардың денсаулық индексін көтеру.
Орындалу мерзімі
2004-2006 жылдары
КІРІСПЕ
Туберкулез ауруы елдің әлеуметтік, экономикалық даму деңгейіне байланысты ауру.
Соңғы жылдардың экономикалық өзгерістер кезеңінің қиындықтары туберкулез ауруының көрсеткіштеріне өз әсерін тигізді.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан-2030" Даму Стратегиясы ел азаматтарының денсаулықтары мен тұрмыс жағдайларын түзетуді бірінші кезекке қою мәселесін айқындап отыр. Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы №1016 "Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы №4153 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлығында 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күресті күшейтуге бағытталған бағдарлама жасау айқындалған.
Туберкулез ауруы елдің ең іске жарамды бөлігінің еңбек ету қабілетінен айырып, ерте өлім-жітімге ұшыратып материалдық шығын әкелетін әлеуметтік және медициналық күрделі проблема болып отыр. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулезді адамзатқа төнген алапат қатер екендігін бүкіл елдердің басқарушы биліктерін осы проблеманы шешуде кезек күттірмейтін шараларды тез қабылдауға шақырды. себебі: ешқандай мемлекет немқұрайдылық танытып өз халқын туберкулез эпидемиясы қаупінен бөлек сақтай алмайды.
Біздің еліміз басынан кешкен әлеуметтік экономикалық реформа кезеңі туберкулезге қарсы күрес шараларының деңгейі мен сапасына кері әсер етті. Сондықтан болар, 1998 жылы 1992 жылмен салыстырғанда осы аурумен ауру деңгейі 1,8 есе, өлімге ұшырау 3,3 есе көбейген.
Еліміз осы ауыруды тоқтатудың жылдам да қауірт шараларына зәуір болды. Осыған байланысты 1998 жылдағы 18 мамырдағы ҚР президентінің № 3956 "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын жақсартудағы кезек күттірмейтін шаралар туралы" Жарлығы және Қазақстан Үкіметінің 1998 жылғы 4-қыркүйектегі № 839 "Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды туберкулез ауруынан қорғаудағы кезек күттірмейтін шаралар" атты қаулысы қабылданды.
Сондықтан болар, Қазақстан мемлекеті туберкулез ауруымен күресудегі жаңа тәсілдерді игеруге белсене кіріскен ТМД елдері ішіндегі бірнеше мемлекеттердің алдыңғы қатарынан көрінді.
1998 жылы ДОТS Стратегиясын енгізуге байланысты туберкулезге қарсы мекемелердің қызметтерінде жаңа реформа басталды. Туберкулез ауруын емдеуде Республика жағдайына бейімделмей енгізілген Стратегия негізінде аурудың созылмалы түрлерімен ауыратын науқастарды диспансерлік есептен шығарып тастау, емін толық аяқтатпай ауруханадан ерте емханаға жіберу және оларды ары қарай бақылауды қадағаламау сияқты келеңсіздіктер Стратегияның жаңа тактикасын табу керектігіне көз жеткізді.
Тек 2001 жылы ғана Бүкілдүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келісе отырып, ДОТS Стратегиясының Қазақстанға бейімделген түрі енгізілді.Сонымен қатар, Республикалық бюджет арқылы туберкулезге қарсы дәрілерді бір орталықтан сатып алу мәселесі шешілді.
Халықаралық ұйымдармен бірлесіп, емдеу мекемелерінің басшыларын, мамандарын, санитарлық эпидемиологиялық және басқа да ведомстволардың қызметкерлеріне Стратегияның принциптерін оқыту жүргізілді. Жалпы емдеу мекемелері туберкулез ауруының жұқпалы түрлерін дер кезінде анықтауға көмектесетін бинокулярлық микроскоптар, лабораториялық реактивтер және басқа да керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Облыстық және аймақтық туберкулезге қарсы диспансерлердің материалдық және техникалық базалары нығайтылды. Оларға лабораториялық диагностиканы жақсарту үшін және ауру құрттарының туберкулезге қарсы препараттарға төзімділіктерін анықтауға көмектесетін түрлі лабораториялық аппараттар мен жабдықтар сатып алынды. Төрт жылдың арасында ауруды дер кезінде анықтау көрсеткіші 5,8 % өсті.Облыс бойынша туберкулез ауруын есепке алатын емдеу мен бақылау процестерін қадағалайтын (созылмалы және мультирезистенттік түрлерінде) "туберкулез ауруының ұлттық регистрі" деген компьютерлік бағдарлама енгізілді.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша туберкулез ауруына қарсы шаралардың нәтижелілігін көрсететін осы аурудан туындайтын өлім көрсеткіші болып саналады.
Соңғы 2003 жылы ол көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 10,4, яғни 2002 жылдың 11,3 көрсеткішінен едәуір төмен. (Республикалық көрсеткіш 24,2).
Алайда Қазақстанда туберкулезге қарсы күресті күшейтетін бағдарламаның жоқтығы түбірлі өзгерістер жасауға қиындықтар келтіруде. Сондықтан ауруды анықтауға, тексеруге, емдеуге және туберкулезге қарсы мекемелердің материалдық-техникалық (бағдарлама) базаларын нығайтуға, оларды қажетті медициналық құралдармен толығымен жабдықтауға арналған жүйелі бағдарлама керек.
Әрине, қазіргі әлеуметтік экономикалық реформаларға бұрыннан келе жатқан туберкулезге қарсы күресудің жақсы жақтарын ескеріп, қосып алған жөн.
ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 44 сессиясында мынадай 2 мақсатқа жету көзделді:
Туберкулез ауруының ашық түрлерінің барлығының 70%-ін дер кезінде анықтауды қамтамасыз ету.
Олардың 85%-інің толық емделіп, жазылуына қол жеткізу.
Осы бағдарламаны іске асыру арқылы 2005 жылы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайларын тұрақтандыру, 2006 жылы және одан арғы жылдары жағдайдың жақсаруына қол жеткізу күтілуде.
Қазақстан туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайы ушыққан елдердің қатарына жатады.
Бүгінгі күні туберкулез ауруымен ауырғандар және осы аурудан өлім-жітімге ұшырағандар саны бойынша ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарда келеді. 1994-2002 жылдар аралығында елдегі туберкулез ауруы 2,8 есе өскен. Жыл сайын облыс көлемінде осы ауруымен 1800 адам ауырып, 160 адам өлімге ұшырауда.
Облыста туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалып отыр. 2003 жылы былтырғы жылға қарағанда туберкулезбен ауыру 100 мың адамға шаққанда 1,9 %-ке төмендеген, яғни 123,2 (2002ж.), 120,8 (2003ж.). Осының ішінде балалардың туберкулезбен ауыру көрсеткіші (2002 жыл) 50,4-тен (2003ж) 47,2-ге, яғни 5,9%-ке азайған. Алайда, облыстың 5 ауданында туберкулез ауруымен ауыру көрсеткіші өсіп отыр (Алакөл ауданы - 44,5%; Текелі қаласы - 38,1%; Райымбек ауданы - 36,4%; Кербұлақ ауданы - 30,4%; Балқаш ауданы - 23,3%).
Туберкулез ауруымен жаңадан есепке алынған аурулардың арасында органдары мен мүшелерінің бүлінуі жағынан 95 %-і бұрынғыдай тыныс алу органдары туберкулезі үлесіне тиеді. Бактерия бөліп шығаратын аурулардың үлес салмағы былтырғы жылдың деңгейінде 35% қалып отыр. Аурулардың жас көлемі бойынша ең көбі, яғни 70 %-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, (15-44 жасқа дейін) 90 %-і әлеуметтік жағдайлары төмен адамдар. 2003 жылы барлығы 1404 бала сауықтырылып шығарылды. Соның ішінде 541-і туберкулез ошағынан, 863-і "күмәнді топты" құрайды.
Облыс бойынша туберкулез ауруының негізгі себебі аурулардың тұрмыс-жағдайларының нашарлығынан болып отыр. Биылғы жылы облыс бойынша туберкулез ауруымен ауырған 42 адам пәтер жағдайын жақсартуды керек еткенімен Панфилов ауданында - 2-не, Талдықорған қаласында - 5-не, қапшағай қаласында - 5-не ғана пәтер сатып алуға қаражат бөлінді.
Облыс бойынша Талғар және Іле аудандарынан басқа жерлерде туберкулез ошағында туберкулез құртын жұқтырған балаларға бала-бақшаларда арнайы "санаториялық топ" ашу мәселесі шешілмей келеді.
Эпизотияға және эпидемия қарсы күрестерді шұғыл және дер кезінде ұйымдастыру үшін медициналық және ветеринарлық қызметтердің арасында адамға және малға бірдей таратылатын зооноздық аурулар жөнінде ақпарат алмастыру жөнінде бұйрық шығарылған. (25-п 05.03.03ж.;№38-п 06.03.03 ж; 16-п 28.02.03 ж). 2003 жылы облыс бойынша жоспарға байланысты 615000 бас ірі қара туберкулезге қарсы тексеруден өткізілуге тиісті еді, соның ішінде 630680 бас ірі қара екі реттен туберкулезге қарсы тексеруден өтті, ауру мал табылмады. Туберкулез ауруы тараған елді-мекен жоқ.
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында тоқсан сайын облыстық үйлестіру кеңесі өткізіліп отырады. 2003 жылы облыстық деңгейде туберкулез ауруының проблемалық мәселелері сан рет көтеріліп (№ 1 05.05.03 ж.; №2 14.08.03 ж.; № 3 08.10.03 ж.) арнайы шешімдер қабылданды. Сондай-ақ облыстың барлық аудандары мен қалаларында туберкулезге бағытталған 46 үйлестіру кеңесі және 72 медициналық кеңес өткізілді. Медициналық қызметкерлердің білімдерін жетілдіру мақсатында 128 семинар өткізілді.
Жергілікті тұрғындар арасында туберкулезге қарсы күресті күшейтуге бағытталған санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп, 18 - радиолекция, 2326 - лекция, 34 рет теледидар арқылы сұхбат беріліп, 14 - пресс-конференция, 26 - дөңгелек стол, бұқаралық ақпарат құралдарында 60 - мақала шығарылып, 2880 - жарнама қағаздары, 904 - санбюллетень, 79687 - халықтармен әңгіме - сұхбат шаралары атқарылынды.
1990-1998 жылдары ауруларға жүргізілетін химиотерапия жүйесіз еді, диагностиканың, емдеудің және алдын-алу шараларының бұрынғы түрлері өзгеріп жатқан әлеуметтік экономикалық жағдайға сәйкес келмейтін, сондықтан болар созылмалы түріндегі науқастардың саны көбейіп кетті.
Туберкулезге қарсы мекемелердің диспансерлік есебінде 5103 туберкулездің өршімелі түрімен тіркелген. Соның ішінде 1917 жұқпалы түрлерін құрайды.
Эпидемиологиялық жағдай елдегі түзету мекемелеріндегі аурудың санының жыл сайынғы өсуімен қиындық туғызып отыр.
Сонымен қатар туберкулез ауруының әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың арасында, яғни ішімдікке, нашақорлыққа салынған адамдардың арасында таралуы белгілі бір қауіп туғызады.
Бүгінгі күні туберкулезге қарсы диспансерлерде аурудың жұқпалы түрлерін зорлап емдейтін арнайы бөлімдер ашылған жоқ. Сонымен қатар туберкулездің мультирезистенттік және микробактериясы қолданып отырған дәрілерге төзімді түрлері туберкулезді анықтау және емдеу проблемалары арасында үлкен актуалдық мәселе болып қалып отыр.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бағдарламаның мақсаты эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру аурудың таралуын және одан өлім-жітімді төмендету болып табылады.
Негізгі мәселелерге мыналар жатады:
Жергілікті жерлерде туберкулез ауруына қарсы күрестің маңызын арттыруға мемлекеттік қолдау көрсету.
Туберкулез ауруларын емдеудің барлық сатыларында алғашқы медико-санитарлық көмектерді пайдалану арқылы жүргізілетін қадағалауды, химиотерапияны ұйымдастыру.
Туберкулезге қарсы емдеу қызметтерін алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін жүйелерімен интеграциялау және басқа да басқармалар мен ведомстволармен қарым-қатынас жасауды ұйымдастыру.
Ауруларды анықтаудың, емдеудің және бақылаудың нәтижелілігін анықтайтын орталықтандырылған мониторингті жаңа ғылыми жетістіктердің компьютерлік программалары негізінде жүргізу.
Алғашқы медициналық көмек тораптарының мамандарын ДОТS Стратегиясы принциптері бойынша ауруды анықтауға, диагностиканы тексеруге және де емдеуге оқыту.
Туберкулезге қарсы қызметпен айналысатын барлық ұйымдардың түрлерін сақтау және олардың материалдық -техникалық базаларын нығайту.
Туберкулезге ұшыраған науқастарды экономикалық, этикалық жақтарынан көмек көрсету арқылы әлеуметтік қолдау көрсету. Оларды дұрыс емдеу және барлық туберкулезге қарсы мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік жағынан қолдау көрсету.
БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ МЕН МЕХАНИЗМІ
Негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) Бағдарламаны іске асырудағы іс шаралардың нәтижелілігін сараптау және бағалау үшін эпидемиологиялық мониторинг жүйесін және туберкулез ауруларының компьютерлік мәліметтердің банкін құру.
Тармақша 2
2) Алғаш анықталған туберкулез ауруына, аурудың қайталаған түріне, ем түрлеріне және де бұрын емделмеген аурудың созылмалы түріне ұшырағандарды қадағалау арқылы жүргізілетін химиотерапияның толық курсымен қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) Облыстағы барлық туберкулезге қарсы мекемелерді рентгендиагностикалық жабдықтармен, шешу қабілеті жоғары микроскоптармен, рентгенфлюорографиялық пленкаларымен және хим.реактивтермен қамтамасыз ету.
Іске асырудың механизмі:
Тармақша 1
1) Алғашқы медико-санитарлық көмек тораптарының қызметкерлерін туберкулез ауруын емдеуді қадағалауға жаппай жұмылдыру.
Тармақша 2
2) Туберкулезге қарсы облыстық диспансерлерде үнемі бактерия бөлетін туберкулез ауруының созылмалы түрлеріне ұшыраған науқастарға арнайы бөлімдерді ашуды сатылап қолға алу.
Тармақша 3
3) Туберкулез ауруларын емдеудің қосымша емдеу фазасын жүргізу үшін туберкулезге қарсы санаториялық мекемелердің қызметін пайдалану.
Тармақша 4
4) Облыстық туберкулез мекемелерінің ішінен туберкулез ауруының аса жұқпалы түрлерімен ауыратындықтарына қарамастан емнен бас тартқан ауруларды зорлап емдеу үшін арнайы бөлімдер ашу.
Тармақша 5
5) Туберкулездің асқынған түрлерін емдеу үшін жаңа ғылыми негізге бағытталған эндоскопиялық, коллапсохирургиялық, патогенетикалық, хирургиялық әдістерді қолдану.
Тармақша 6
6) Туберкулез ауруларын анықтау үшін бактериоскопиялық және жыл сайын тұрғындарды флюорографиялық тексеру әдістерін, балалар мен жасөспірімдердің "күмәнді топтарына" жататындарға туберкулинодиагностиканы қолдану.
Тармақша 7
7) Туберкулез ауруының алдын-алу үшін жаңа туған нәрестелерге екпе салуды және 6-7 жастағы, 11-12 жастағы балаларға қайталап екпе жасауды 98 % көлемінде қамтамасыз ету.
Тармақша 8
8) Туберкулез ошақтарында байланыста болған және ВИЧ қоздырғыштарын жұқтырған адамдарға химиопрофилактика жүргізу.
Тармақша 9
9) Балалар мен жасөспірімдерді арнайы мектеп жасына дейінгі мекемелерде, мектептерде ашылатын санаториялық жайларға оңашалау.
Тармақша 10
10) үнемі бактерия бөлетін туберкулез ауруларын әлеуметтік жағынан қорғау.
Тармақша 11
11) "Нашар эпидемиологиялық жағдайда басқа ауруларымен бірге туберкулездің таралуы" атты ғылыми комплекстік бағдарламаны орындау.
Тармақша 12
12) Түрлі әлеуметтік құжаттарды, сараптамалық шолуларды шығару, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру, аттестациялар өткізу, туберкулезге қарсы мекемелер үшін мамандарды дайындау және қайта дайындықтардан өткізу.
Тармақша 13. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
13) Барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу. Санитарлық ағарту жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдарды, діни мекемелерді, түзету мекемелерін кеңінен тарту арқылы тұрмыс-жағдайлары нашар адамдарға және де баспанасы жоқ адамдар арасында насихаттау.
ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Бағдарламаны іс жүзіне асыру төмендегі қаржы көздері арқылы жүргізіледі.
Тармақша 1
1) Республикалық бюджет.
Тармақша 2
2) Жергілікті бюджет.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдылықтарына қарсы келмейтін басқа да қаржыландыру көздері арқылы.
Бағдарламаны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен жұмсалатын қаржының болжамды мөлшері. (1000 теңге).
Қаражат
2004 ж.
2005 ж.
2006 ж.
Жергілікті бюджет
300000,0
304060,0
279210,0
Туберкулезге қарсы шаралардың жүйелі түрлерін енгізу 2005 жылы ауруды тұрақтандыруды және келесі жылдары аурудың таралуы мүгедектікке, өлім-жітімге ұшырату көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізеді.
Туберкулез ауруын анықтауда, тексеруде, емдеуде қолданылатын барлық күш жігерді біріктіру 2004-2006 жылдары осы аурумен ауыратындар көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 110,0 дейін төмендетеді. 2006 жылы туберкулез ауруының жағдайлары облыс бойынша тұрақталуға тиіс. Балаларға қадағалап химиопрофилактика жүргізудің деңгейі 95-98% жетеді, өршімелі туберкулездің тексеру мерзімі қысқарады. Туберкулездің кеш анықталған түрлері анықталады.
Облыстың көптеген аймақтарында аурудың таралуы және одан өлім-жітімге ұшырау төмендейді.
Сонымен қатар туберкулез ауруының созылмалы түрлерімен ауыратындардың саны азаяды.
Жоғарғы емдеу нәтижесінде аурудың жаңа анықталған түрлеріндегі өкпенің бүлінген тесіктері 85% ке жабылады, 95% ауру абациллированияға қол жеткізеді. Ауру қайта қайталанбайды және алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар салауатты өмірді насихаттау арқылы туберкулезге қарсы күреске толығымен жұмылдырылады.