О Программе развития малых городов Алматинской области на 2004-2006 годы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысының шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" № 903 Қаулысын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы "Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" № 1389 Қаулысын орындау мақсатында облыстық Мәслихат Шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысының шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық басқарма, комитет және департаменттер басшыларына, аудандар мен қалалар әкімдеріне Алматы облысының шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасының көрсеткіштерін толық және сапалы орындау жөнінде жан-жақты шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасарына (Б.Тәкенов) және облыстық Мәслихаттың бюджет, қаржы, тарифтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Хасенов М.С.) жүктелсін.
Басқа 4
Облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 5-31 шешімімен бекітілген АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Тарау 1. 1. Паспорт
1. Паспорт Атауы Алматы облысының шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы Негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" № 903 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы "Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 1389 Қаулысы Негізгі әзірлеуші Алматы облысы Әкімінің экономика басқармасы Мақсаты Алматы облысы шағын қалаларының әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін жағдай жасау Міндеттері Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді: ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жаңа және қолда бар өндіріс орындарын барынша жүктеу және жаңа өндірістерді іске қосу; жоғары сапалы және экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару, озат технологияларды пайдалану арқылы өнімдік инновацияларды кеңейту; ИСО 9000 және 14000 сапаның халықаралық стандарттарын енгізу; құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындарды дамыту; шағын және орта бизнес субъектілері үшін кредит қаражаттарына қол жетімділікті қамтамасыз ету; тұрғын үй мәселесін шешу, инженерлік инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіру; сапалы байланыс қызметін көрсету қажеттілігін қамтамасыз ету; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін салу, күрделі жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайту. Іске асыру мерзімдері 2004-2006 жалдар Қаржыландыру көздері Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ-ы, сонымен қатар "Қазақстанның Даму Банкі" ЖАҚ-ы, "Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ы, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ы және кәсіпорындардың өз қаржылары Күтілетін нәтижелер Өнеркәсіп өндірісі көлемі 2006 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 38%-ға, шағын және орта бизнесте өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 42%-ға өседі, облыстың шағын қалаларының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарының проблемаларын шешу
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Алматы облысының шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" № 903 Қаулысын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы "Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 1389 Қаулысын орындау мақсатында әзірленді. Бағдарламаны әзірлеуге экономикалық реформалар жылдары көптеген шағын қалалардың дамуында келеңсіз өзгерістер орын алғаны себеп болды. Нарықтық экономика жағдайында шағын қалаларды дамытуға көзқарасты өзгерту, оларды ішкі ресурстар есебінен дербес дамуға біртіндеп көшіру қажеттілігі туындады. Облыстың барлық шағын қалаларында бағдарламаны әзірлеу үшін үйлестіру кеңестері құрылған. Олардың құрамына азаматтық қауымдастықтың үш тобының өкілдері кіргізілген. Үйлестіру кеңестерінің жұмыс бабында кездесуі процесінде айқындалған даму басымдылықтары, облыстың барлық шағын қалаларында жарияланды. Бағдарлама экономиканың өнеркәсіптік секторы мен шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі бағыттарын белгілейді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдар мәселесін шешеді. Облыстың индустриялық-инновациялық даму Бағдарламасына сәйкес өнеркәсіпте негізгі бағдар құрылыс индустриясына, кәсіпкерлікте сауда-сатып алу қызметіне емес, өндіруге бағытталады. Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдық қоныстандыруды оңтайландыру саясатын және жыл сайынғы оралмандар көшіп келуі (иммиграциясы) квотасын ескере отырып, халықты қабылдаудың негізгі пункті шағын қалалар болады. Осыған байланысты бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылысын дамыту және онымен байланысты инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, сондай-ақ халықтың белгілі бір тобы үшін муниципалдық тұрғын үй құрылысы проблемасын шешу көзделеді.
Тарау 3. 3. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау
3. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау
Тармақша 1
1) Жалпы сипаттама Алматы облысында тұрғындарының саны 50 мың адамнан аспайтын 9 шағын қала бар. Оның ішінде 7 шағын қала тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталығы болып табылады және 2 қала облыстық маңызы бар статусқа ие. 2004 жылдың 1 қаңтарына 9 шағын қалада халық саны 257,8 мың адамды құрады, 1999 жылғы халық санағы мәліметтерімен салыстырғанда 2,7 мың адамға артты (1 диаграмма). 1 диаграмма 1 сурет Көптеген шағын қалалардың дамуы экономиканың белгілі бір саласымен тікелей байланысты болды, сондықтан осы салалардағы жағдай мен үрдістерге байланысты шағын қаладағы нақты жағдай түйінделген. Аудандық маңызы бар барлық шағын қалалардың ең өткір проблемалары дербес қалалық бюджеттерінің (заңды тұлғаның дербес мәртебесiнің және арнайы есеп шотының болуы) және статистикалық есептің жоқтығы болып табылады. Жоспар бойынша аудандық бюджеттерден қалаларды қаржыландыру, қала бюджеттерінің негізінен дотациялық сипатта болуына алып келді. Бюджет қаржыларын бюджеттің әртүрлі деңгейлері арасында қайта бөлудің қазіргі тетігі шағын қалалардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығына әкеліп отыр, қолда бар әлеуметтік сала объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты шығыстарды толық қаржыландыру қамтамасыз етілмейді. Статистикалық есептің жоқтығы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының талдауын қиындатады және, тиісінше, көрсеткіштердің негізгі топтары бойынша мониторинг жүргізу үшін мүмкіндік бермейді.
Тармақша 2
2) Өнеркәсіп 2003 жылы облыстың шағын қалаларындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15,5 млрд. теңге немесе облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 12,5 пайызды құрады (диаграмма 2). 2 диаграмма 2003 жылы өндірістің жалпы құрылымында Қапшағай (28%), Қаскелең (20%), Есік (18%) және Текелі (15%) қалалары елеулі орын алды. 3 диаграмма 4 диаграмма Өнеркәсіпте жұмыс iстейтiн адамдар саны аз 61 кәсіпорын бар, оларда 1245 адам жұмыс істейді. Шағын өнеркәсіп орындарында шұғылданатын адамдар санының ең көбі Талғар, Қаскелең және Үштөбе қалаларында. 5 диаграмма Негізінен бұл кәсіпорындар азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын және т.б. өнімдерді өндіруге маманданған. Қалалар бойынша өндіріс көлемінің елеулі өсуі 2001 жылмен салыстырғанда Үшарал (266,3%), Қапшағай (249,7%), және Текелі (206,0%) қалаларында тіркелді. 6 диаграмма 2001-2003 жылдар ішінде 65 жаңа өнеркәсіп өндірісі, учаскелер және цехтар іске қосылды. 1692 жаңа жұмыс орындары құрылды. Құрылған кәсіпорындар санының ең көбі Талғар (17 кәсіпорын 192 жұмыс орнына), Текелі (13/605), Жаркент (13/181), Қапшағай (6/460) және Сарқан (12/76) қалаларында құрылған. Жаркент және Қапшағай қалаларында 3 кәсіпорында өндіріс орындары көбейтілген, соның нәтижесінде қосымша 134 жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде, 3 жыл мерзім ішінде шағын қалалар экономикасының өнеркәсіп секторында 1826 жұмыс орны құрылды. Өнімдердің жаңа түрлерін шығару игерілді: крахмал, гипс картоны, жићаз, мәрмәр ұны, кондитерлік бұйымдар және басқалар. Сұраныс пен жоғары бәсекелестіктің артуы, жұмыс істейтін кәсіпорындарда өнімдік инновацияны құруға әсер етті: "ФудМастер" ААҚ-ы (ұзақ уақыт сақталатын сүт, биосүт, йогурттар, балмұздақтың жаңа сорттары); "Аям" ЖАҚ-ы (құрғақ таңертеңгілік ас); "Рыбпром" ЖШС-і (балық өнімдері); "ФудМастер асептик" ЖШС-і (табиғи шырындар, консервіленген көкөністер өз брэндімен), "Хамле компани ЛТД" ЖШС-і ("So№ata" сауда маркасымен кондитерлік бұйымдар). 2003 жылы Қаскелең және Қапшағай қалаларында ИСО 9000 сериялы менеджмент жүйесінің халықаралық стандарты 4 ірі және орта кәсіпорындарда енгізіліп, сертификатталды. Сонымен бірге көптеген кәсіпорындарда қазіргі заманғы технологиялық құрал-жабдықтармен төмен жарақтандыру, негізгі өндірістік қорлардың едәуір ескеруі және қуаттың төмен жүктелуі (20-50%) байқалады, бұл сапалы және европалық стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді өндіруге және өндірістің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар шағын қалалардың өнеркәсібін дамытуды шектеп отырған факторлар - жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өндіріс орындарының соңғы өнімді алуда үлесінің төмендігі болып табылады. Өндіргіш күштерді орналастырудағы аумақтық сәйкессіздік шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін күрт саралауды қажет етті. Шағын қалалардағы өнеркәсіптік өндіріс бір-екі салада ғана анық маманданумен сипатталды, ал басқа салалар нашар дамыған. Мысалы, 90 жылдардың басында шағын қалалардың өнеркәсібі бойынша 9 сала болған, ал бүгінгі күні өнеркәсіп салаларының саны 2 еседен аса артқан. Бұл үрдіс облыстың 9 қалаларында өнеркәсіпті дамытудың өңірлік бағыттылығын көрсетеді. Тау-кен өндіру өнеркәсібімен маманданған Текелі қаласы, рудникті жабу және жұмысшы күштерін босату проблемаларын бастан кешірді. Сондықтан балама өндіріс орындарын құру шеңберінде негізгі бағыттардың бірі мәрмәр және әк тастарды өндіру мен қайта өңдеу болды. Қазірдің өзінде мәрмәр блоктар, мәрмәр ұнтақтар, ұн өндірумен айналысатын бірқатар кәсіпорындар бар. Табиғи тастарды өңдеу жөнінде "Қазцинк" ААҚ-ы және "Шарықтас" ЖШС-де құрал-жабдықтарды монтаждау жүргізілуде. 2003 жылы "Көксу" ЖШС-де шунгит өндіруге кірісті. Сонымен бірге, қолданылмай отырған мүмкіндіктер де жоқ емес, Бирикши висмут кен орны - оның ішінде кешенді мыс - қорғасын - цинк - күміс рудаларында металл 0,1%-ды құрады. "Қазцинк" ААҚ-ы руднигі таратылғаннан кейін жұмыстан босап қалған қызметкерлерді пайдалану үшін 2002 жылдан бастап, балама өндіріс орындарын: жылыжай кешені, жеміс - көкөніс өнімдері өнеркәсіптік қайта өңдеу, қаптайтын құрылыс материалдарын өндіру, мөлдір - таза ауыз су құю, клинкер өңдеу, тігін өндірістерін құру жөнінде жұмыс басталды. Қалада бірқатар орта өнеркәсіп орындары, сондай-ақ "Алтын бидай" ААҚ-ы (сыра қайнататын уыт өндіру және сату), "Сандира" ЖШС-і (керамикалық кірпіш шығару), "Қазақстан Тексти Лайн" ЖШС-і (тігін - тоқыма және мата бұйымдарын өндіру), "Көксу ТКК-сы" ЖШС-і (шунгит концентратын алу үшін жаңа технологиялар енгізу), сондай-ақ қазіргі заманғы құрылыс материалдарын шығаратын бірқатар шағын өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Қапшағай қаласында Республика аумағына және одан тыс жерлерге белгілі болған ірі және орта кәсіпорындар бар. Олар мыналар: "Вимпекс" ЖШС-і (алкоголь өнімдерін шығару), "Транстроймост" ААҚ-ы (құрылыстар: көпірлер, жол көрсету белгілері, эстакадтар, виадуктер, акведуктер, аквапарктер, "Аям" ЖТАҚ-ы (бидайды, жүгерінi терең өңдеу немесе ұқсату, құрғақ таңертеңгілік ас шығару), "АЗОК" ЖАҚ-ы (профнастил және жұқа металдан черепицалар, әртүрлі металл конструкцияларын шығару), "Қапшағайсервис" ЖАҚ-ы (жол - тротуар плиталары, құрылыс материалдары және т.б.), "Ершин Стеклопак" ЖАҚ-ы (пластиктен және алюминийден терезе, есік блоктарын шығару), "Полимер" ЖАҚ-ы (полиэтилен трубалар мен бұйымдар өндіру), "Қапшағай фарфор" ААҚ-ы (тұрмыс қажеті үшін фарфор ыдыстар шығару). Қазіргі кезде Есiк қаласы ауыл шаруашылығы және мал өнімдерін өнеркәсіптік өңдеу жөнінде қуатты өнеркәсіп базасына ие. "Фудмастер компаниясы" ААҚ-ы "Фудмастер Асептик" ЖШС-мен бірігіп, сүт және айран өнімдерін өндіру, балмұздақ, йогурт, құрғақ кілегей, табиғи шырындар шығаруды игерді. Компания өндірісті техникалық жарақтандыру және шығарылған өнімнің түр-түрін көбейтуде мақсатты жұмыс жүргізуде. Қала кәсіпорындары, сондай-ақ, тоқыма тігін бұйымдары, мүшек-ыдыстар ("Көктем" ААҚ-ы және "Трилис Пластик"), резеңке техникалық және керамикалық бұйымдар шығарумен, ("Резина" ЖШС-і және "Өрнек" ЖШС-і), жол - құрылыс жұмыстары, жаңа объектілер салу ісімен, жөндеу-құрылыс жұмыстарымен ("ДСУ-13" ААҚ-ы, "Фирма" Андра ЖШС-і), экологиялық таза бұлақ ауыз суын және полиэтилен бөтелкелер шығару үшін "ПЭТ - форм" ("Меке и К" ЖШС-і) сатумен және т.б. өнімдер шығарумен айналысады. Қаскелең қаласында бірнеше жыл бойы әлемдік стандарт деңгейінде (100-ден аса түрі) кондитерлік бұйымдардың түр-түрін шығаратын "Хамле Компани ЛТД" ЖШС-і түрік компаниясы жұмыс істейді. Жергілікті рынокта өнім сату үлесі 70%-ды, экспортта - 30%-ды құрады Республиканың 17 қаласында сауда бөлімшелері мен өкілдіктер арқылы өнімдері сатылады, сондай-ақ Ресейге, Қырғызстанға, Беларуссияға, Монғолияға және ҚНР-на экспортталады. Өнімнің түр-түрін көбейту мақсатында жаңа бірегей құрал жабдықтар іске қосылып, ең қазіргі заманғы технологиялар қолданылуда. Қалада сондай-ақ нан өнімдері мен арақ-шарап өнімдерін өндіру жолға қойылған. Жеміс консервілеу зауытының жұмысын қалпына келтіру, көкөніс, шырын және томат цехтарын қайта жөндеу басталды. Маусымдық қызметкерлер ретінде студенттер мен оқушылар тартылады, бұл жастар арасында құқық бұзушылық санын азайтуға мүмкіндік береді. Темір бетон конструкцияларын, құрылыс кірпішін, әқ тасын шығару және мәрмәр ұсақ тастарын өндіру, жол салу, каналдар мен үйлер салу т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар республиканың барлық өңірлеріне қызмет көрсетеді. Талғар қаласында төмендегі кәсіпорындар жұмыс істейді: "I№tell Servis" ЖШС-і - жоғары сапалы полиграфиялық өнімдер шығару, Талғар эксперименталды құю - механикалық зауыты (ТЭЛМЗ) - шойынмен құйылған коррозияға қарсы арнайы құбырлар шығару, "Тексти Маркет" ЖШС-і - тігін бұйымдарын шығару, "Зергер" ЖШС-і стандартты емес ауыл шаруашылығы құрал - жабдықтарын шығару, "Брик" ЖШС-і кірпіш шығару, "Индастриз" ЖШС-і - велосипед үшін насостар шығару жөніндегі цех, "Алсу" АҚ-ы дәрілік препараттар өндіру, киіз басу фабрикасы - киіз үй ағаштары мен киіздерін басу, "УППКОС" ЖШС-і әскерилер үшін түйме өндіру, жұмысшы қолғаптарын тігумен айналысады. Тамақ және өңдеуші өнеркәсіп мына кәсіпорындардан тұрады: "Барон" ЖШС-і - макарон өнімдерін, "Снек Фуд Компани" ЖШС-і - картоп чипстерін, құрғақ таңертеңгілік ас "Талғарспирт" ААҚ-ы - спирт (1886 жылдан құрылған), "Қарлығаш" ЖШС-і - шұжық, арақ-шарап және кондитерлік заттар, "Салтанат" ЖШС-і - шарап, "Заилийский продукт" ЖШС-і жеміс-консерві бұйымдарын шығарады. Үшарал қаласының өнеркәсібі Алматы балық зауытының бөлімшесі "Рыбпром" ЖШС-мен белгілі. Онда өндірістің тұйық циклі бар нан пісіру сұйық май, ұн және т.б. өндіру жөніндегі өндірістер қалыптасқан. Балық зауытының негізгі өнімі көксерке балығы, ол европа елдеріне экспортқа шығарылады. Өнім өндіру балық ұнын алумен аяқталады, оны отандық құс фабрикалары жақсы пайдаланады. 2003 жылы Үшарал балық зауыты балықтың бағалы тұқымдарын өндіру жөнінде цех құрылысын іске қосты. Жаркент қаласында қаланың экономикасы бірқатар жұмыс істейтін орта өнеркәсіп, құрылыс кәсіпорындары мен ұйымдарға негізделген. Оған "Алым астық" ЖШС-і (крахмал), "Сұлтан" ЖШС-і (ағаш өңдеу кәсіпорындары), "Тұрсын" ЖШС-і (кірпіш өндіру), "Жаркент техника" ЖШС-і (ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу), "Құрылысшы М", ЖШС-і, "Строитель" АҚ-ы (құрылыстық қызмет көрсету), сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату жөніндегі шағын кәсіпорындар жатады. Үштобе қаласында экономиканың өнеркәсіп секторы төмендегі кәсіпорындармен белгілі: "Достар - Қаратал" ААҚ-ы (дән - ұқсату), "Үштөбе тәжiрибе - механикалық зауыты" базасында құрылған 12 шағын бизнес субъектілері (ауыл шаруашылығы қажеті үшін өнеркәсіп өнімдерін өндіру пластик бұйымдарын өндіру жөніндегі цех және кварц өңдеу және құю цехы, іске қосылған мұнай өңдеу зауыты), Үштөбе - Айдын "ЖШС-і" (сүт өндіру және өңдеу), "Қаратал - Балық" ЖШС-і (балық консервілері және ет-сүйек ұнын шығару, Германияға көксерке балығының өнімін экспортқа шығарады). Сарқан қаласында негізгі өнеркәсіп кәсіпорны, сүт өңдеумен айналысатын "Өрлеу" ЖШС-і, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жөніндегі ұсақ кәсіпорындар жүйесі: диірмен, май шайқау, нан пісіретін наубайхана болып табылады.
Тармақша 3
3) Аграрлық сектор Облыстың шағын қалаларында аграрлық сектор 1280 шаруа қожалықтарымен және 51443 жеке қосалқы шаруашылықпен көрсетілген. 2003 жылы шағын қалалармен ауыл шаруашылығы өнімі 3706,3 млн.теңге көлемінде, немесе жалпы көлемнің 3,6%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі - 2418,3 млн.теңге, мал шаруашылығы - 1288,0 млн.теңге көлемінде өндірілген (диаграмма 7). Аграрлық сектор өндірісінің көлемі өнеркәсіп секторы өндірісінен 5 еседен жоғары аз, бұл осы бағыттың дамуы қалаларға тән еместігін дәлелдейді. 7 диаграмма Барлық егістік жер көлемі 24,5 мың га құрады, жалпы егістік жер көлемінде бидайдық дақылдардың үлес салмағы 44,5%, олардың ішінде ең көп үлесті Сарқан - 22,5% және Қапшағай - 22,1% алады. Май дақылдары - 4%, картоп - 7,5%, көкөніс - 6,2% қамтылған. 2004 жылдың басына шағын қалаларда облыстағы мал басының жалпы санының ішінде ірі қара малдың 3,9%-ы, қой мен ешкінің 1,7%-ы, шошқаның 20,4%-ы, жылқының 2,4%-ы, құстың 2,4%-ы ұсталған. Негізінен мал тек тұрғындардың жеке тұтынуы үшін өсіріледі. Ірі қара малдың табиғи және өнімдік сапаларын жақсарту мақсатында барлық шағын қалаларда қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді. Шаруа қожалықтарын дамыту проблемасы егістік жерлерді өңдеуге ауыл шаруашылық техникасының жетіспеушілігі, тұқымдарды, жанар май, өсімдіктерді қорғауға арналған құралдарды, минералдық тыңайтқыштарды және т.б. сатып алуға арналған қаражаттық қиындықтар болып табылады. Барлық шағын қалаларда ауылшаруашылық техникаларын жөндеумен айналысатын МТС-тер қызмет көрсетеді. Болашақта ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеушілерін несие құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2003 жылы Есік, Жаркент, Қаскелең, Талғар қалаларында 4 ауылдық несие серіктестіктері құрылған, оларда 154,6 млн. теңге сомасында кредиттік линиялар ашылған, соның ішінде 43,9 млн. теңге беріліп үлгерген. Облыста шетел инвесторларының көмектесуімен шаруа қожалықтарын тауарлық несиемен қамтамасыз ету мақсатында "Фермерлерге көмектесу қоры" ашылған.
Тармақша 4
4) Шағын кәсіпкерлік Шағын кәсіпкерлікті дамыту кез келген шағын қаланы дамытудың басымды бағыты болып табылады. Шағын бизнес экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың толық кешенін шешудің қуатты тұтқасы болып табылады: рынокты әртүрлі тауарлар және қызметтермен толтырудан бастап, жұмыссыздықты төмендетуге дейін, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашу жолымен халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. 2004 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдай бойынша шағын қалаларда шағын бизнестің (заңды тұлғалардың) 1665 кәсіпорны немесе облыстағы кәсіпорындардың жалпы санының 35, 4%-ы жұмыс істейді. Аумақтық бөліністе белсенді кәсіпорындардың ең көбі: Қаскелең - 224 бірлік, Талғар - 187, Қапшағай - 170, Есік - 105 қалаларына тиесілі. Облыс бойынша жеке кәсіпкерлердің саны 37726 бірлікті, оның ішінде шағын қалаларда 6385 немесе 16,9%-ды құрайды. Сонымен бірге шағын кәсіпкерліктің барлық салаларында еңбекпен қамтылған халықтың ең көбі Қаскелең (26%), Қапшағай (20%), Талғар (16%) және Жаркент (11%) қалаларында байқалады. 8 диаграмма Шағын бизнес кәсіпорындарымен бұрын Қазақстанның басқа өңірлерінен және шет елдерден әкелінетін 400-ден астам өнімдердің түрлерін шығару игерілген. Олардың ішінде: пластмасса бұйымдары, үй жићаздары, тігін және тоқыма бұйымдары, майонез, кетчуп, қыша, кондитерлік, ет және шұжық бұйымдары, фармацевтикалық препараттар және тағы басқалары бар. Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілетін өнімдер негізінен ішкі рынокта сатылады. 2003 жылы өнім өндіру және көрсетілген қызметтердің көлемі 10,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2002 жылдың деңгейімен салыстырғанда 15,1%-ға артық. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілерінiң көбісі (30%) сауда және қызмет көрсету салаларында маманданған, өйткені сауда қызметі шағын бизнес кәсіпорындары үшін қол жетімділеу. Өнеркәсіп саласында 23%, ал ауыл шаруашылығында - 18% шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет етеді (9 диаграмма). 9 диаграмма Мұнымен сауда мен қызмет көрсету объектілерінің басым саны Жаркент (шағын қалалардағы объектілердің жалпы санының 15,8%), Қапшағай (14,9%), Талғар (14,3%) және Есік (12,8%) қалаларында байқалады. 10 диаграмма Облыстың шағын қалаларында кәсіпкерліктің дамуына атқарушы органдармен қолданылып жүрген заңдарға сәйкес дайындалған тетік себеп болды, оның ішінде: өндірістік алаңдарды жеңілдіктермен жалға беру; бюджеттік қаржылардан жеке кәсіпкерлерге жеңілдіктермен кредит беру; бюджеттік мекемелердің тапсырыстарын өз қызметтерін шағын қалаларда тіркеген және жүзеге асыратын кәсіпкерлерде орналастыру; шағын кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер мен бюджет арасында өзара қарыздарды есепке алу. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі қайнар көздері болып екінші деңгейлі банктердің несиелері және кәсіпорындардың қаражаттары болып табылады. Сонымен қатар, облыс шағын қалаларының кәсіпкерлік әлеуеті толық мәнінде іске асырылған емес. Кәсіпкерлік сферасына тән елеулі проблемалар шеңбері бар. Ең алдымен, инвестициялық шектеулер, алғашқы капитал тапшылығы және қажетті құрал-жабдықтарды, шикізаттар мен материалдарды алуға, жарнамаға қажетті айналым қорларының тапшылығы. Несие алуда қиындықтар кездесуде, себебі өтімді, кепілді қамтамасыз ету және нәтижелі бизнес - жоспарлардың жоқтығы. Шағын кәсіпорындардың жетекшілері өз кәсіпорындарының стратегияларын жасаумен шұғылданбайды. Туризмдi дамыту саласында шағын және орта кәсіпкерлік өсу үшiн елеулі әлеуетке ие. Облыс аумақтарында мемлекеттік ұлттық табиғи бақтар: "Алтын Эмель" және "Іле - Алатау ", Алматы және Алакөл қорықтары; Балқаш және Алакөл ірі көлдері, Қапшағай су қоймасы орналасқан. Облыста 100-ден аса туристік маршруттар бар, 150-ден аса туристік және санаториялық-сауықтыру объектілері қызмет етеді. Қарасай (Қаскелең қ.), Талғар (Талғар қ.), Еңбекшіқазақ (Есік қ.), Панфилов (Жаркент қ.) аудандары, Қапшағай және Текелі қалалары туристiк объектiлерiнiң даму перспективасы бар. Есiк қаласының шекаралық аумағында әлемге әйгілі Есік қорғаны сақ заманының жас жауынгері "Алтын - Адам" табылған, бұл барлық түркi тілдес елдердің және қазақ халқының тарихында ерекше маңызы бар бiрегей археологиялық ескерткіш. Жаркент қаласының 120 жылдық қызықты және бай тарихы бар, үлкен туризм инфрақұрылымы арқасында, "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, және туризм инфрақұрылымын жасау" Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасына енгiзiлген. Бұл бағдарламаға "Жаркент мешіті" сәулет-көркемдiк мұражайы және Жаркент бекiнiсiнiң ғимараты қосылған болатын. Талғар ауданының аумағы бойынша Жібек жолының маршруты өтедi, ол Талғар қаласының шетінде орналасқан, Талхиз қаласы арқылы созылып жатыр. Талхиз, "Жібек жолының орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және сабақтастыра дамыту және туризм инфрақұрылымын жасау" Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасына туризм объектісі ретінде енгiзiлген. Осы факторларды ескере отырып, болашақта қалада қосымша инфрақұрылымы бар өзіндік туристік өнім құрылатын болады: сувенирлермен сауда, экскурсияларды ұйымдастыру, тамақтану пункттері және т. б., сонымен қатар "Талхиз", қалашығын сәулеттендіру, мұражай ұйымдастыру жөнiнде жұмыстар жүргiзiлген. Қолайлы табиғи жағдайлардың болуына қарамастан, туризм әлеуеті әлi де болса өз дәрежесiнде қажеттiлiкке айналмай отыр. Көптеген туризм объектілерінің материалдық базасы нашар, халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейді, көрсету объектілері - мұражайлар, тарихи-мәдени ескерткіштер қалпына келтірулерді қажет етеді.
Тармақша 5
5) Әлеуметтік инфрақұрылым Шағын қалаларда 60 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, оның ішінде үшеуі бейімделген, ал қалғандары типтік ғимаратта орналасқан. Осы мектептерде 54810 бала білім алады. Мектептердің жалпы санынан төртеуінде спорт залдары жоқ. Мектептерде сабақ 3 тілде оқытылады: қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде. Мектептер толығымен телефондандырылған, 60 мектептің ішінде 9-ы ғана Интернет жүйесіне қосылмаған. Алайда мектептердің және білім беру объектілері барлығында материалдық-техникалық базаның әлсіздiгi байқалады. Сегіз мектептің 943 оқушысы немесе жалпы оқушы санының 12,2%-ы жекелеген пәндер бойынша терең білім алады. Сонымен қатар, шағын қалаларда 4 жеке меншік мектеп бар: Талғар агробизнес және менеджмент лицейі, Жаркент информациялық физикалық-математикалық лицейi, Есік қаласында жеке меншік гуманитарлық гимназия мен шығыстанудың қазақ - түрік жасөспiрiмдер лицейі, бұл мектептерде 833 оқушы білім алады. Негізінен оқу 2 ауысыммен жүргізіледі. Шамадан тыс жұмыс істеп отырған мектептерге Есік қаласының Абылайхан атындағы 4-ші мектебі (640 орынға 1518 оқушы), Жаркент қаласының Х. Хамраев атындағы мектеп (300 орынға 720 оқушы) және Талғар қаласының 49 мектебі (320 орынға 695 оқушы) жатады. 11 диаграмма Төтенше жағдайлар басқармасының бағалауы бойынша Есік қаласындағы Райымбек атындағы мектеп апатты жағдайда, ал 14 мектеп сейсмикалық күшейтудi қажет етедi. Барлық шағын қалаларда (Есік қаласынан басқа) 23 мектепке дейінгі мекемелерi бар, оларға 2342 бала барады. Жалпы орта білім беру жүйесі балалардың жеке дара талаптарын қанағаттандыратын сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарымен толықтырылады. Осылайша облыстың шағын қалаларында 22 мектептен тыс мекемелер, оның ішінде: 8 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi (Сарқан қаласында ғана жоқ), 5-i Үшарал, Үштөбе, Қапшағай, Текелі, Сарқан қалаларындағы балалар шығармашылық орталықтары, Талғар және Қаскелең қалаларындағы 2 өнер мектебі, Есік қаласындағы жас туристер станциясы, Талғар қаласындағы облыстық жас натуралисттер мен жас техниктер станциясы, Есік, Талғар және Жаркент қалаларындағы музыка мектептері және Талғар қаласындағы оқушылар үйі құрылған. Облыстың 6 шағын қаласында, Үштөбе, Үшарал және Текелі қалаларынан басқа, 14 колледж бар, онда 2003-2004 оқу жылының басына 5063 оқушы білім алады, оның ішінде 2007 оқушысы бар 8 жеке меншік колледж бар. Жұмысшы кадрларын дайындау 8 кәсіби-техникалық мектепте жүргізіледі, онда 1939 оқушы оқиды, кәсіби-техникалық мектеп тек Үштөбе қаласында ғана жоқ. Кәсіби-техникалық мектептердің барлығы, Есік қаласындағы мектептен басқа, мемлекеттік болып табылады. Білім беру жүйесінде балалық шақты мемлекеттік қорғауды және қолдауды мектеп-интернаттар мен балалар үйлері қамтамасыз етеді. Балалар саны 921-ге жететін 5 қосымша мектеп-интернаттар жұмыс істейді. Үштөбе қаласының балалар үйінде 144 бала тәрбиеленеді. Осылайша, шағын қалалардың білім беру сферасында мектептердің шамадан тым жүктелуі, мектепке дейінгі балалар мекемелерін ашу, кәсіби-техникалық мектептер желісін одан әрі дамыту және барлық объектілердің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін шешу қажет. Шағын қалалардың денсаулық сақтау салаларында орталық 7 аудандық және 2 қалалық емхана жұмыс істейді. Олар тек шағын қалалардың тұрғындарына ғана емес, сонымен бірге ауданның да тұрғындарына қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Жаркент және Сарқан қалаларында 2 өкпе ауруларының емханалары, Талғар қаласында өкпе ауруына қарсы аймақтық диспансер және Қаскелең қаласында инфекциялық емхана бар. Осы емханаларда 2175 төсек немесе облыстағы жалпы төсек санының (6830) 31,8%-ы кеңейтiлдi, амбулаториялық-емханалық мекемелердің жоспарланған қуаты 1 ауысымда 4000 қабылдауды қамтамасыз етедi. Облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерінде 2112 медициналық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 640 дәрігер және 1472 орта медициналық қызметкерлер (12 диаграмма). 12 диаграмма Денсаулық сақтау объектілерінің барлығы телефондандырылған және дәріханалармен қамтамасыз етілген. 2003 жылы Талғар қаласында орталық аудандық емханада 30,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, Қапшағай қаласының қалалық емханасында облыстық бюджеттің есебінен 32,6 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, медициналық қызметті жеке меншік ұйымдар да көрсетеді: Қаскелең қаласында "Вита" ЖШС-i, "Здоровье" ЖШС-i, "Брандт" және "Медцентр" ЖШС-i, Үштөбе қаласында 15 төсектік жеке меншік емхана, Үшарал қаласында "Қызыл крест" және "Қызыл жарты ай" емдеу орталықтары бар. Өкпе ауруымен аурудың жоғары деңгейі келесі қалаларда байқалады: Үштөбеде 100 мың адамға 200,9 адам, Үшаралда - 188,6, Сарқан қаласында - 183,8. Жалпы шағын қалаларда денсаулық сақтау жүйесі жеткілікті болып табылады, олардың материалдық-техникалық базасы - қанағаттанарлық. Алматы облысының барлық шағын қалаларында мәдениет үйлері, кітапханалар, 3 мұражай, Жаркент қаласында 1 музыкалық мектеп, Сарқан қаласында "Алуа" жастар орталығы, Текелі қаласында "Мир" жастар - демалыс орталығы, саңыраулар қоғамының клубы, Үшарал қаласындағы гарнизондық офицерлік клуб және Үштөбе қаласындағы "Достар клуб" ойын-сауық орталығы бар. Шағын қалалардың кітапханаларының кітап қорында 1237,8 мың дана, оның ішінде қазақ тілінде 292,9 мың дана кiтап бар. Кітапханалар қызметін 53930 оқырман немесе шағын қалалардың барлық тұрғындарының 21%-ы (261,4 мың адам) пайдаланады. Спортпен шұғылдану үшін облыстың барлық шағын қалаларында 13 стадион, 14 спорт алаңы, 16 спорт залдары бар. Сонымен бірге, Есік қаласында ипподром, Жаркент қаласында гректік-римдік күрестің "Дәулет" кәсіби жеке меншік клубы, Қапшағай қаласында "СКИФ", "Жағажайлық волейбол" және "Баскетбол федерациясы" спорт клубтары, Қаскелең қаласында жабық спорт кешені қызмет етеді. Текелі қаласында бокс федерациясы құрылған. Талдау көрсеткендей, мәдениет және спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттілігі туып отыр. 2003 жылы шағын қалаларда 3142 жұмыс орны ашылған немесе олардың облыс бойынша (13954) жалпы көлемдегі үлесі 22,5 %. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдарға 6652 адам арызданды, оның ішінде 4772 адам жұмысқа орналастырылды немесе облыс бойынша орташа 62%-дың орнына 68,4%. Жұмыспен қамтудың ең төменгі деңгейі Үштөбе қаласында (41%) және Есік қаласында (52%) тіркелген.(13 диаграмма) 13 диаграмма Құрамында бірде-бір жұмыс істейтін адамы жоқ жанұяларға ерекше назар аударылды. Шағын қалалардағы барлық есепке қойылған 403 жанұяның ішінен (Қаскелең қаласында мұндай жанұялар тіркелмеген) 2003 жылдың ішінде отбасының бір мүшесі жұмысқа орналастырылған (14 диаграмма). 14 диаграмма Төленетін қоғамдық жұмыстарға 3561 жұмыссыз жіберілді немесе жалпы облыс бойынша жіберілгендердің 27,4 %-ы, кәсіби оқуға және қайта даярлауға 1069 адам немесе 26,7 % жіберілді. Тұрақты атаулы әлеуметтік көмек 22,5 мың алушыға жалпы сомасы 231,7 млн. теңге төленді, бұл облыс бойынша көрсеткіштердің тиiсінше 18,3 және 20,2 пайызы. Шағын қалаларда халықтың 1000 адамға есептегенде облыс бойынша орта есеппен 83-тiң орнына, 85 атаулы әлеуметтік көмек алушыдан келді. 1000 адамға есептегенде алушылардың ең көп саны Сарқан (180), Қапшағай (158), Жаркент (134), Текелі (119) және Үшарал (118) қалаларына тиді (15 диаграмма). 15 диаграмма Шағын қалалар тұрғындарының негізгі табыс көздері болып кәсіпорындар мен ұйымдардағы (негізінен бюджеттік) еңбек ақылары болып табылады, оның табыстың жалпы сомасындағы үлесі 50-60%, зейнетақы, стипендиялар, әртүрлі жәрдемақылардың табыстағы үлесі 20-30%, қосалқы шаруашылықтан түсімдер - 10-15%. 2003 жыл бойынша жұмыссыздар саны 14362 адамды құрады, бұл облыс бойынша жұмыссыздар санының 21,2%-ы немесе шағын қалалардың экономикалық белсенді тұрғындарының жалпы санында 8,6%-дың орнына 10,6%-ы (облыс бойынша орташа) құрады. Жұмыссыздардың ішінде 60-80%-ын ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген, біліктілігін жоғалтқан азаматтар құрайды. Шағын қалалардың еңбек рыногында жұмысшы күші сұранысы мен ұсынысының сандық және сапалық сәйкессіздігі сақталынып отыр. Өнеркәсіптегі және жалпы экономикадағы тұрақтылық білікті кадрларды қажет етеді, ең алдымен инженерлік-техникалық жұмысшыларды, ал кәсіпорындарда жаңа технологияларды енгізу қызметкерлердің біліктілік деңгейіне талапты жоғарылатты. Осының салдарынан қалалардың экономикасын дамытудың перспективалары және басымдықтарынан, жаңа жұмыс орындарын ашудан шығатын жаңа сапалық негізде кадрлық әлеуеттi дайындау жөнiнде iс-шаралар қабылдау қажеттілігі туындап отыр. 6) Инженерлік инфрақұрылым Шағын қалалардың негізгі проблемаларының бірі инженерлік инфрақұрылымның объектілерін ұстау және жөндеу мәселесі болып табылады. Шағын қалалармен тұтынылатын судың көлемі 2004 жылдың басына 26300,0 мың текше метрді құрады. Тұтынылатын судың 1 текше м құны Қапшағай және Үштөбе қалаларында 10 теңге 50 тиын, қалған қалаларда 46,05 теңгеге дейін ауытқыды. Осымен қатар судың құны тұтыну көлемі ұлғайған сайын төмендейді (16 диаграмма). 16 диаграмма Қалалар ішіндегі және үйлер ішіндегі су құбырларының және канализациялық желілердің көбісі 20-25 жыл бұрын іске қосылып, немесе күрделі жөндеуден өткен. Сумен қамтамасыз етудің және канализацияның техникалық құрылғылары мен желілері 60-70%-ға тозған, осыған байланысты желілер мен құрылғылардың апаттық жағдайы өсуде, нормалық сападағы сумен қамтамасыз етілмейді, бұл өз кезегінде қоршаған ортаны ластаудың, тұрғындардың ауруға шалдығуының көздері болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін оларды толық түгендеу және дереу шара қабылдауды талап ететін, проблемалық объектілердің тізімін дайындау қажет. 2003 жылы барлық қалалардағы "Водоканал" кәсіпорындарында реформалау жүргізіліп, желілерге қызмет көрсету үшін оларға қажетті техника берілді. Шағын қалалардың автокөлiк жолдарымен қамтамасыз етiлуi қанағаттанарлық деңгейде. Қалалардың жетеуi - Қапшағай, Талғар, Есiк, Сарқан, Үшарал, Жаркент, Қаскелең республикалық маңызы бар автокөлiк жолдарының бойында, ал Үштөбе және Текелi қалалары жергiлiктi мәнi бар жолдардың бойында орналасқан. Алайда, шағын қалалардағы жол желiлерiнiң көп бөлiгiнiң жағдайы қанағаттанғысыз бағаланған. Жолдардың көбiсi 20-30 жыл бұрын салынған, автокөлiк қозғалысының өскелең талаптарына жауап бере алмайды, күрделi, орташа жөндеудi және жаңартуды қажет етедi. Жолдардың нашар жағдайы көлiк шығындарын көбейтедi және, тиiсiнше, шағын қалалар экономикасының дамуын тежейдi. Байланыс жүйесiне пошталық, телеграфтық, қалааралық және халықаралық автоматты телефон байланысы, сонымен қатар, кейбiр қалаларда интернет қызметi кiредi сонымен бiрге телефон нөмiрлерiнiң жетiспеушiлiк проблемасы қалып отыр. (диаграмма 17). 17 диаграмма 2004 жылдың қаңтарына Алматы облыстық телекоммуникациялар дирекциясының желiсiнде негiзгi телефондық аппараттардың жалпы саны 139,8 мың бiрлiктi құрады, оның iшiнде шағын қалаларда 35,2 мың бiрлiк (25,4 пайыз). Облыстың шағын қалалары бойынша орташа телефондық тығыздылық 100 адамға шаққанда 14,4 телефонды құрайды (орташа облыс бойынша - 9). 2003 жылы ЕDSF кредиттiк линиясы бойынша Жаркент қаласында электрондық станция iске қосылды. Есiк қаласының тұрғындары телефондандырудың толық мүмкiндiгiне ие болып отыр, өйткенi 2002 жылы 5 мың нөмірге лайықты жаңа АТС iске қосылды. Алайда тұрғындар радионың жоқтығымен және республикалық теледидар каналдарының кейбiреулерiн қабылдаудың шектеулiгiмен байланысты проблемаларды бастан кешiрiп отыр. 2002 жылдың желтоқсан айында Қапшағай қаласында 42 км-ге созылған Қапшағай-Шенгелдi кабелiн салумен ВО 12-3 тығыздау аппаратурасын ИКМ-30 аппаратурасына алмастыру жүзеге асырылды. 2003 жылы станция 512 номер сыйымдылығы бар электрондық станцияға ауыстырылды Қазақтелеком ААҚ-ң Талғардағы филиалында қалалық радио торабы жұмыс iстейдi. Хабарлар қазақ және орыс тiлдерiнде берiлуде. Қалада "МИГ" жергiлiктi телеарнасы қызмет етедi. Бұл қала тұрғындарына аймақ жөнiнде белгiлi бiр мәлiметтердi толық алуына мүмкiндiк бередi. Шағын қалалардың электрмен қамтылуы облыстың Талдықорған аймағында "ТАТЭК" АҚ-ы, арқылы қамтамасыз етiледi. Сонымен қатар, электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi қамтамасыз етiлмейдi. Бұл электр желiлерi қызметiнiң уақытымен 10 және 0,4кВ барлық нормативтердiң асып кетумен байланысты. Олардың кейбiреулерi 45 жылдан артық пайдаланылуда. Линиялардағы қолданылып жүрген ағаш ұстындарды аз уақытта темiр бетонды ұстындарға ауыстыруды талап етедi. Кабельдi линияларды, электроэнергия есебiнiң қондырғыларын және жаңадан өткiзгiштердi бейтараптандырылған өткiзгiштерге ауыстырудың, сонымен бiрге, трансформаторлық подстанцияларды жаңартудың қажеттiлiгi туындап отыр. Әрбiр шағын қаладағы 10 және 0,4кВ электр желiлерiнiң ұзындығы 50 км-ден 90 км-ге дейiн ауытқып, ал оларды жаңартудың құны 100 млн.теңгеден 180 млн. теңгеге дейiн өзгерiп отыр. 18 диаграмма Орталықтандырылған жылумен қамсыздандыру тек Қапшағай және Текелi қалаларында қамтамасыз етiлген, ал қалған қалалар жылумен жергiлiктi қазандықтардан қамтамасыз етiледi. Жалпы облыстың шағын қалаларында 8 қазандық бар, оның iшiндегi iрi бiр қазандық Қапшағай қаласында ("Қапшағайтеплосервис" ММК) және Талғар және Қаскелең қаласында ұсақ үш қазандық бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерiнiң баланстарында тұр. Қапшағай қазандығының 1 Гкал жылуының құны 1474 теңге. 2003 жылы онымен сағатына 134522 Гкал жылу энергиясы шығарылған. Өнеркәсiптiк өндiрiстiң төмендеуi, азаматтық тұрғын үй құрылысының тоқталуы жылу қуатының артықшылығына алып келдi. Күзгi-қысқы маусымға отын дайындау үшiн коммуналдық меншiктiң жылумен қамтамасыз ететiн кәсiпорындарына жәрдемақы беру қажет. Қалаларды газбен қамтамасыз ету көмiрсутегi газын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады. Газды пайдаланатын абоненттердiң саны 49746, оның iшiнде: 12647-сi сиымдылықтағы газбен, ал 37099 абонент баллонды газбен пайдаланады (19 диаграмма). Талдықорған аймағының 4 қаласында (Үштөбе, Үшарал, Жаркент және Сарқан) сиымдылықтағы газ мүлдем пайдаланылмайды. 19 диаграмма Сонымен бiрге, көпқабатты үйлерде газ баллондары қолданылады, ал бұл өртке қарсы қауiпсiздiктi бұзу болып табылады. Мұны жою үшiн қолдағы бар арнайы газ резервуарларын қалпына келтiру қажет. Шағын қалалар бойынша тұрғын үй қорының жалпы ауданы 5281432 шаршы метрдi құрайды, оның iшiнде: көп пәтерлi үйлер 4254105 шаршы метр, жеке үйлер 1027327 шаршы метр. Осыған қоса ескi және тастап кеткен үйлердiң үлесi көбейiп отыр. Жалпы ескi үйлердiң көлемi 81680 шаршы метрдi құрайды, оның iшiнде: бұзуға жататын 49744 шаршы метр, сейсмикалық жағдайды күшейту және 31936 шаршы метр күрделi жөндеудi қажет етедi (20 диаграмма). 20 диаграмма Көп пәтерлi үйлердi ұстау мәселелерi шешiлмеген. Оларға күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу барлық жерде тоқтатылған. Үйлердi ұстау мен жөндеу тұрғындардан жиналған қаржы есебiнен жүргiзiледi. Сонымен бiрге тұрғындардың табыс деңгейiнiң төмендiгi осы жұмыстарды жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi қаржыларды жинауға мүмкiндiк бермейдi. Көптеген үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық берiктiлiгiнiң және iрi панельдi үйлердi жаңартудың мәселелерiн шешу қажет. Осы мәселелердi шешу құрылыс-жөндеу ұйымдарын iске қосуға және қалалар экономикасының дамуына мультипликативтi әсер етуiне мүмкiндiк бередi. Тұрғындардың көптеген категорияларының тұрғын үй мәселелерi шешiлмей отыр, тұрғын-үй қоры ескiруде. 2004 жылдың 1-шi қаңтарына бос тұрғын үйлердiң саны 45-ке жеттi немесе 106044 шаршы метр, Бұл көп пәтерлі үйлердің барлығы шағын қалалар бойынша (21 диаграмма). Тұрғын үй қорын оңтайландыру шеңберінде жылжымайтын мүлiкке ие болған алақол тұрғын үй иелерiнен шара қолдану тетiгiн жетiлдiру қажет. 21 диаграмма Муниципалдық тұрғын үй құрылысы еғ аз мөлшерге дейін қысқартылды, ал шағын қалаларда ол мүлдем жоқ. Қалалардың бас жоспарлары ескіріп, жаңа рыноктік жағдайларға сәйкес өзгертуді талап етеді. Бүгінгі таңда бас жоспар тек Талғар қаласында ғана бар және келiсілу сатысында болып отыр. Тұрғындардың төлем қабілеттілігінің төмендiгі жеке тұрғын үй құрылысын салуды ұлғайтуға мүмкіндік бермейді және тұрғын үй рыногын қалыптастыруға кедергi болуда. Ипотекалық несиелеудің бұрынғы нысандары орташа табыс деңгейі бар адамдар үшін қол жетпейтін жағдайда болды және оны қайта қараудың қажеттілігі туындап отыр. Тоғыз шағын қала бойынша тұрғын үйге деген қажеттілік 137,8 мың. шаршы метрді немесе 1351 адамды құрады. Көркейту және аумақты санитарлық тазалау жөніндегi кәсіпорындар барлық қалаларда бiрдей қызмет етпейді. Осы жұмыстарды жүргiзуге бөлiнетiн қаражаттың жеткiлiксiздiгiне байланысты, бұл салада жеке құрылымдардың жұмыс iстегiлерi келмейдi. Бұл Үшарал және Сарқан қалаларында өткір мәселе болып отыр. Осы проблеманы шешудiң жолы мемлекеттік тұрғын үй қызметтерің құру арқылы шешілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Мақсаты мен мiндеттерi
4. Мақсаты мен мiндеттерi Бағдарламаның мақсаты қалаларды әлеуметтiк-экономикалық дамыту үшiн жағдай жасау және бәсекелестiк орта құру болып табылады. Бағдарламаның негiзгi мiндетi мыналар: ауылшаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi қолда бар өндiрiс орындарын барынша тиеу және iске қосу; жоғары сапалы және экспортқа бағдарланған өнiмдi шығару, озат технологияларды пайдалана отырып, өнiмдiк инновацияны ұлғайту; ИСО 9000 және 14000 сапаның халықаралық стандартын енгiзу; құрылыс материалдарын шығару жөнiндегi кәсiпорындарды дамыту; шағын және орта бизнес субъектiлерi үшiн кредит қаражаттарының қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету; тұрғын үй проблемасын шешу, инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн қалпына келтiру; сапалы байланыс қызметiн беру қажеттiлiгiмен қамтамасыз ету; оқушы орындары тапшылығының проблемасын шешу, мектепке дейiнгi балалар мекемесi мен кәсiптiк-техникалық мектептер жүйесiн дамыту, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту; халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру; облыстың мәдени-тарихи және рекреациялық аймақтарын сақтау және дамыту. Осы мiндеттердi шешу әртүрлi бағыттағы ауқымы кең шараларды әзiрлеудi және iске асыруды ұйғарады.
Тарау 5. 5. Шағын қалаларды дамытудың негізгі бағыттары
5. Шағын қалаларды дамытудың негізгі бағыттары
Тармақша 1
1) Жалпы бағыттары Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдар кезеңіндегі негізгі бағыттары: әртараптандыру және көлемі әртүрлі кәсіпорындар мен салалық иеліктің оңтайлы үйлесімін жасау арқылы экономика құрылымын жетілдіру; қалалардың функционалдық мамандар құрамын кеңейту; экономиканы дамытуға мультипликативті әсер ететін, ірі инвестициялық жобаларды іздестіру; тұрғын үй - коммуналдық саланы дамыту, тұрғын үй құрылысы және қайта жөндеу; халықтың негізгі қызмет түрлеріне қол жетімділігін арттыру үшін әлеуметтік инфрақұрылымды аумақтық ұйымдастыру; болашағы жоқ ауылдардан халықты шағын қалаларға көшіру процесін реттеу; аудандық маңыздағы шағын қалаларда статистикалық есепті енгізу; аудандық маңыздағы қалалар әкімдерінiң аппаратын оларға заңды тұлға мәртебесін бере отырып, құру; жергілікті бюджетті орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын, бюджеттік бағдарлама бойынша олардың шығысын қаржыландыру жолымен шағын қалаларды сметалық қаржыландыру тетігін жетілдіру; өз бюджеттері жоқ, шағын қалалардың дербес бюджеті болу мәселесін шешу; әрбір шағын қаланың стратегиялық жоспарлары мен даму бағдарламаларын орындау мониторингін үнемі өткізу үшін, құрылған Үйлестіру кеңестерін қоса алғанда, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту.
Тармақша 2
2) Өнеркәсіпті дамыту Өнеркәсіпті дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған негізгі бағыттары: инвестиция тарту есебінен индустриялық өсуді қамтамасыз ету және ғылымды қажет ететін өндіріс орындарын, инновациялық технологияларды дамыту мен өңдеуші салалар үлесін арттыру; импорттық орнын басатын, экспортқа бағдарланған өнімдер шығаратын, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөнінде жаңа өндіріс орындарын құру; жергілікті минералдық және шикізаттық ресурстарды барынша пайдалана отырып, қазіргі заманғы құрылыс материалдарының түрлерін өндіру жөніндегі қуаттарды дамыту; өнеркәсіптің өңдеуші салалары өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, 9000 және 14000 сериялы халықаралық стандарттарға сәйкес сапа жүйесі мен экологиялық мониторинг енгізу, ресурс сақтау және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру; Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2004 жылы 3 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланды: Шетел инвесторлары қаражаты есебінен "Кнауф-Гипс" АҚ-ы (Қапшағай қаласы) гипс картонын шығару жөніндегі зауыт құрылысы салынады, жоба бойынша 16 млн. евро игеріледі, оның ішінде жалпы сомасы 9,8 млн. евро құрал-жабдықтар әкелінеді, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі, зауыттың шамамен қуаты - жылына 6 млн.ш.м. Сондай-ақ алдағы үшжылдық мерзімде бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланады. Текелі қаласында кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен екі тас өңдеу зауыттары "Қазцинк-Гранит" ЖШС-і (қаптайтын плиталар өндірісі) мен "Шарықтас" (стандартты емес блоктар өндіру) ЖШС-і жоба бойынша тиісінше 504,9 және 119,5 млн. теңгені игеруді жоспарлады. Текелі кен байыту комбинаты базасында клинкер өндіру, "Көксу ТКК" ЖШС-де шин өндірісі үшін композициялық материал ретінде шунгитті игеру ұйымдастырылады. "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ның қатысуымен мәрмәр бут тасын өндіру және алдағы уақытта оны өңдеуден мәрмәр ұнын алу жөнінде "Мәрмәр тас" ЖШС-і жобасы іске асырылады, жобаның құны 1,1175 млн. $. Қапшағай қаласында алдағы уақытта құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі үш жобаны іске асыру көзделді: "Dala Group" ЖШС-і кірпіш зауытының құрылысы, құны 60 млн.теңге, қаптайтын плита және қабырға блоктарын өндіру жөніндегі "Каро" ЖШС-і зауыты, құны 70 млн. теңге және "Ермин стеклопак интернешнл" ЖАҚ-да итальян технологиясы бойынша стеклопакет өндіру. "Қапшағай фарфор" АҚ-ы базасында фарфор изоляторлар өндіру жоспарланады, жобаның құны 5 млн. $. Кәсіпорынның және екінші деңгейдегі банктер қаражаттары есебінен толық комплектілі МӨЗ құрылысының жобасы жүзеге асырылады, жобаны әзірлеуші Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы "НХТ и ММ ҒЗИ" құны - 453.4 мың $. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында 30 жұмыс орнымен ет және балық өнімдерін шығару жөніндегі зауытты және 55 жұмыс орнымен "Қазагросервис" ЖШС-де диірменді іске қосу жоспарланды. Тартылатын инвестиция сомасы тиісінше 60 және 290 млн.теңге. Талғар қаласында "ТЭЛМЗ" ААҚ-ның полимермен қапталған құбырлар өндіру жөніндегі жобасын Даму институты арқылы қаржыландыру мәселесі пысықталады, жобаның құны 450 мың $. Кәсіпорынның және екінші деңгейлік банктер қаражаты есебінен "УППКОС" ЖШС-нің темiр жол құрылысына қажетті бөлшектер өндіру жөніндегі жобасы іске асырылады. Оны қаржыландыру үшін 27 млн. теңге қажет және тоқыма-тігін бұйымдары өндірісін жетілдіру жөніндегі "Талғар" АҚ-ы жобасының құны 3 млн.$. Қаскелең қаласындағы "Хамле" ЖШС-де өнімнің жаңа түрлерін өндіру көлемі - шоколадтар, сорпаға қосатын қоспалар шығару ұлғайтылады. Жобаның құны 1050,0 млн.теңге. Үштөбе қаласында Даму институтының қатысуымен "Кварц зауыты" ЖШС-нің - кварц концентраттарын шығару жөніндегі байыту фабрикасының құрылысы жөніндегі жобасы іске асырылады. Құны 5.8 млн. $, жылына байытылған жобаның қуаты 4000 тонна кварц өндіреді. ИСО 9000 және 14000 өнімнің сапасын басқарудың халықаралық стандарттарына тездетіп өту жалғастырылады, ресурс сақтау және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шаралар іске асырылады. 2004 жылы "Казцинк" ААҚ-ы ("БИОТЕК" ЖШС-і, "Зеленый дом" ЖШС-і, ГОК "Энергокомплекс") кәсіпорынында сапа жүйесін енгізу және сертификаттау. Табиғатты пайдалануды дамыту саласында, пайдалы қазбалар кен орындарынан басқа, жанама орман пайдалануды дамыту үшін әлеует бар. Сондықтан Үшарал қаласында эфидрин өндіру жөніндегі зауыт құрылысының, Сарқан қаласында дәрілік шөптер дайындау және оларды алғашқы өңдеу жөнінде база құру, Қаскелең қаласында фармацевтикалық зауыт құрылысының болашағы зор болып табылады.
Тармақша 3
3) Агроөнеркәсіп секторын дамыту Агроөнеркәсіптік бағыттағы шағын қалалардың болашағы ауыл шаруашылығы шикізаттарын ұқсату жөніндегі кәсіпорындарды мемлекеттік қолдауға байланысты. Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында мынадай кәсіпорындарға қолдау көрсету жөнінде шаралар айқындалған: лизингтік негізде жабдықтар беру; жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары мен банк кредитін өтеу. Шағын қалаларда ауылшаруашылығы шикізаттарын өңдеу және ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін кәсіпорындар кешенін орналастыру көзделді: ауылшаруашылық техникаларын жөндеу жөніндегі зауыт; астықты, ет пен сүтті, жеміс-көкөніс өнімін, балықты барынша өңдеу жөніндегі кәсіпорындар; өнім сақтайтын қоймалар, өнімдерді сақтау үшін тоңазытқыш камералар; ауылдық тауар өндірушілер мен халыққа қызмет көрсету жөніндегі сервистік қызметтер (аграрлық-химиялық қызметтер, МТС, мал тұқымын асылдандыру орталықтары, консалтингтік және маркетингтік орталықтар). Халыққа және шаруа қожалықтарына егістік материалдарды сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалдау, жанар-жағармай, минералдық тыңайтқыштарды, жеміс дақылдарының көшеттерін, малдарды емдеу, аналық бастарды қолмен ұрықтандыру жөнінде қызмет көрсету үшін дотация, шағын кредит бөлу жөніндегі көмек көрсету жалғастырылады. Өсірілген өнімді өткізу үшін шаруа қожалықтары немесе өндірістік кооперативтермен бірігу көзделеді. Бұл шаралар жеке қосалқы шаруашылықтың тауарлығын көтеріп қана қоймай, халықтың табысын арттырады. Қант қызылшасы мен майлы дақылдардың егісін одан әрі өсіру көзделеді. Текелі, Сарқан, Үшарал және т.б. қалаларда бақ өсіру шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Көкөністер мен жеміс-жидектер өндіруді одан әрі дамыту қала халқының қажетін қанағаттандыруға мүмкіндік береді, артылғаны Талдықорған және Алматы қалаларында сатылады. Мал шаруашылығын дамыту және кедейлік шегінен төмен тұратын адамдар санын азайту үшін, табиғи грант түрінде мемлекеттік көмек беру тәжірибесі жалғастырылады.
Тармақша 4
4) Шағын кәсіпкерлікті және туризмді дамыту Шағын кәсіпкерлікті алдағы үш жылда дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: сауда-сатып алу қызметіне емес, өндіруге бағытталған кәсіпорындар құру жөніндегі жұмысты жандандыру; инновациялық және ғылымды қажет ететін өндіріс орындарын дамыту үшін жағдайлар жасау; шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау; шағын кәсіпкерлікті дамыту қорымен кәсіпкерлерге кредит беруге жәрдемдесу (ШКДҚ); АДБ мен ЕДБ бөлген, ШКДҚ қаражаты есебінен облыстың шағын кредит ұйымдары арқылы кәсіпкерлерге кредит беру мәселесін шешу; 4 шағын қалаларда (Есік, Жаркент, Қаскелең, Талғар) ауылдық несиелік серіктестіктер қызметін жандандыру; кредит ресурстарын тарту үшін, кепілдік қамтамасыз етуді беру тетігін жетілдіру арқылы, қаржылық инструмент ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану тәжірибесін кеңейту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне құрылысы аяқталмаған және бос тұрған объектілерді беру; атакәсіп саласына кәсіпкерлерді тарту үшін жағдайлар жасау; шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымдарын құруды ынталандыру және дамыту (бизнес инкубаторлар, консалтингтік орталықтар); жеке бизнесті ашу жөнінде ең тиімді бағдарламалар енгізілген, оқыту семинарлары мен тренингтерді жергілікті атқарушы органдар, еңбекпен қамту орталықтары, үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен күшімен ұйымдастыру; Осы шараларды іске асыру шағын кәсіпкерлікті сапалы түрде дамытуға, халықтың жұмыспен өзін-өзі қамтуын көтеруге және олардың өздерін қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жоспарланған шараларды 2004 жылы іске асыру нәтижесінде жоспарланады: шағын кәсіпкерліктің өнеркәсіп секторын дамыту саласында: Есік қаласында электр кабельдерін өндіру жөніндегі жаңа объектілерді іске қосу; Үштөбе қаласында газдалған сусындарды құю жөнінде цех; ашу; Жаркент қаласында кірпіш зауытын, жолдың шетіне салатын (тротуар) плиталар шығару, минералды сулар құю және шұжық бұйымдарын өндіру, 2 май шайқағыш, наубайхана және жем тарту цехтарын ашу; Талғар қаласында жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу жөніндегі өндіріс орындарын ұлғайту, ағаш ұстасы, тігін және макарон цехтарын іске қосу, сондай-ақ мәрмәр тасын өңдеу жөнінде цех ашу; Сарқан қаласында диірмен және үй-жићаздарын өндіру жөніндегі цехты іске қосу; Текелі қаласында мәрмәр ұны өндірісін ұлғайту. Бұл шараларды іске асыруға салынған қаржы сомасы 75.45 млн.теңгені құрады. сауда және қызмет көрсету салаларын дамыту: Үшарал қаласында 15 дүкен, сауда базары, 3 қоғамдық тамақтандыру және 5 қызмет көрсету салалары объектілерін ашу; Есік қаласында 5 дүкен, сауда базары және қызмет көрсету саласында 1 объект ашу; Үштөбе қаласында 34 дүкен, 7 қоғамдық тамақтандыру және 3 қызмет көрсету салалары объектілерін ашу; Қаскелең қаласында сауда базарын, 6 қоғамдық тамақтандыру, 1 қызмет көрсету салалары объектілерін ашу; Жаркент қаласында 19 дүкен, 16 қоғамдық тамақтандыру және 3 қызмет көрсету салалары объектілерін ашу; Сарқан қаласында 8 дүкен, сауда базары, 4 қоғамдық тамақтандыру және 5 қызмет көрсету объектілерін ашу; Талғар қаласында 25 дүкен, сауда базары, 7 қоғамдық тамақтандыру және 9 қызмет көрсету салалары объектілерін ашу; Қапшағай қаласында 6 дүкен, сауда базары, 6 қоғамдық тамақтандыру және 4 қызмет көрсету салалары объектілерін ашу; Текелі қаласында 7 дүкен, сауда базары, 1 қоғамдық тамақтандыру және 4 қызмет көрсету салалары объектілерін ашу; Барлығы 119 дүкен, 7 сауда базары, 52 қоғамдық тамақтандыру және 35 қызмет көрсету салаларының объектілері ашылады. Рекреациялық әлеуетті игеру және шағын қалаларда туризмді дамыту төмендегі шараларды іске асыруды көздейді: жыл бойына пайдалану есебімен туристер мен демалушылар орналастырылатын қарапайым, айтарлықтай арзан, шағын (25-100 орын шегінде) объектілер салуды; шағын қалаларда өздерінің демалыс аймақтарын салуға мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдарға, туризм мен демалысты дамытудың нақты аудандарында құрылыс жүргізу нормалары шегінде мемлекеттік табиғи грант түрінде жер телімдерін беруді; бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік демалу мен емделу (балалар, мүгедектер, қарттар) үшін объектілер салуды; туристік кешендер, этнографиялық мұражайлар және демалыс аймақтарын құруды; ілеспе инфрақұрылымды: көлік-жол, сумен, электрмен, жылумен жабдықтауды, телекоммуникацияны дамытуды қажет етеді. Туризмді одан әрі дамыту "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жаңғырту" мемлекеттік бағдарламасының объектілері бойынша жүзеге асырылады, Қапшағай су қоймасында туристік объектілерді қалпына келтіру және дамыту, сондай-ақ Алакөл көлі тобында, ол үшін облыстың шағын авиациясын пайдалана отырып, Алматы-Үшарал авиарейсін ашу қажет. Үшарал қаласына жақын орналасқан әскери аэропорт ұшақтардың қандай түрі болса да қабылдай алады. Қоғамдық бірлестіктер мен бизнес ассоциацияларды құруға жәрдемдесу, кәсіпкерлер мүддесін қорғауға және әртүрлі тексеруші органдардың бюрократтық араласуымен байланысты проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тармақша 5
5) Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту Шағын қалаларда әлеуметтік инфрақұрылымдарды одан әрі дамыту мақсатында көзделеді: инфрақұрылымның республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын әлеуметтік жаңадан салынатын және қайта жаңартылатын объектілерінің тізбесін қалыптастыру; Талғар қаласында футбол стадионын салу; одан әрі компьютерлендіру және денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту; бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді толық беру жөнінде жұмыс берушілермен жұмысты күшейту жолымен, қалалық еңбек рыногына жүйелі түрде мониторингті жүзеге асыру; еңбек рыногының қажетіне сәйкес кәсіби оқу және кәсіби дайындық курстарын ұйымдастыру; тұрақты еңбекпен қамтуға өте отырып, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жандандыру; жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін, басқа да жұмысқа орналастыруға себеп болатын көпшілік шараларды ұйымдастыру; шағын қалалардың еңбек рыногында қажет етілетін, мамандықтар бойынша жұмысшыларды дайындау үшін, жұмыс істеп отырған кәсіптік-техникалық мектептерді материалдық-техникалық жаңарту; жас мамандарды тарту жолымен кадрлық әлеуетті күшейту және ең қажет мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру. Жоспарланған шаралар есебінен жүргізіледі: республикалық бюджеттен: 2006 жылы Есік қаласында 250,0 млн. теңгеге жаңа мектеп салу; 2005-2006 жылдары Жаркент, Есік қалаларында 60 орындық перзентхана үйін салу - 610,8 млн. теңге; Қаскелең қаласында 2006 жылы 148,7 млн. теңгеге туберкулез ауруханасын салу; 2004 жылы Талғар, Есiк, Сарқан, Жаркент және Қаскелең қалаларында 2,3 млн. теңгеге орта кәсiптiк бiлiм мамандарын даярлау. жергілікті бюджеттен: 2006 жылы Қаскелең қаласында 760 оқушыға арналған жаңа мектеп салу - 400 млн.теңге; білім беру объектілерінде мектептердің шатырын күрделі жөндеуден өткізу және жылу жүйелерін жөндеу - 147,1 млн. теңге; 2005-2006 жылдары Жаркент, Қаскелең, Үштөбе, Сарқан, Талғар қалаларында орталық аудандық ауруханаларды күрделі жөндеуден өткізу - 230 млн. теңге; аудандық СЭС-ды күрделі жөндеуге - 20,0 млн. теңге; 2004 жылы Есік қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайын, мәдениет үйін және Қапшағай қаласында балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебін күрделі жөндеуден өткізу, Жаркент қаласында Ә. Қастеев атындағы сурет галереясын, Қаскелең қаласында тарихи-өлкетану мұражайын ашу-107,6 млн. теңге; 2004 жылы Сарқан, Талғар, Қаскелең және Үшарал қалаларында сүт кухняларын ашу - 12,0 млн. теңге. 2004-2006 жылдары Талғар, Есiк, Сарқан, Жаркент және Қаскелең қалаларында 219,6 млн. теңгеге орта кәсiптiк бiлiм мамандарын даярлау.
Тармақша 6
6) Инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін төмендегі шаралар жүргізіледі: сумен жабдықтаудың ең проблемасы су объектілерінің тізбесін дайындау және түгендеу, сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту; жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу және ішкі қалалық және кірме жолдарды жөндеу; көп қабатты үйлердің тұрғындарын үнемі және қауіпсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қолда бар арнайы газ резервуарларын қалпына келтіру; телефон станцияларын сандық жүйеге ауыстыру; мемлекеттік қызметшілер мен халықтың әлеуметтік әлсіз тобы үшін муниципалдық тұрғын үй салу; тұрғын үйдің жалпы құнының 10%-на дейін бастапқы жарнаны және кредит ставкасын азайту және 10 жылдан 20 жылға дейін кредит беру мерзімін ұзарту жолымен ипотекалық кредит беруді дамыту; жеке құрылыс үшін жер учаскелерін (телімдерін) беру жағдайын жеңілдету; жаңа нарықтық жағдайларды ескере отырып, барлық шағын қалалардың бас жоспарларын әзірлеу; барлық бос тұрған бөлмелер, ғимараттарды түгендеу шағын және орта бизнес ұйымдарына қараусыз қалған объектілерді беру; алақол меншік иелерінің жылжымайтын мүлігіне, оларды төлеттіріп алу тетігін жетілдіру жолымен, қараусыз қалған көп пәтерлі үйлерді айналымға тарту; Инженерлік ішкі үй жүйелері мен үйлердің шатырын күрделі және орта жөндеуден өткізу үшін пәтер иелері кооперативтерін екінші деңгейдегі банктермен жеңілдікпен және ұзақ мерзімдік несиелеу жөніндегі мәселені істеп бітіру; ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу; республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен коммуналдық меншіктің жылумен жабдықтау кәсіпорындарына жәрдемақы беру; қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін кеңейту жолымен аумақтарды көркейту және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстардың экономикалық қызығушылығын арттыру; апатты жағдайдағы үйінділерді түгендеу және рекультивациялау, қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарын салу. Жоспарланған шаралар есебінен мынадай жұмыстар жүргізіледі: республикалық бюджеттен: 2004-2006 жылдары Жаркент, Талғар, Есік, Текелі, Қапшағай, Сарқан және Үштөбе қалаларында жалпы сомасы 283,4 млн.теңге сомада сумен жабдықтау жүйелері салынады және қайта жөнделеді; апатты және ескі тұрғын үйлерді бұзу және күрделі жөндеуден өткізу, жаңа тұрғын үйлер салу, бос тұрған үйлерді қайта жаңарту (реконструкциялау) - жалпы сомасы 4,4 млн.теңге; жергілікті бюджет есебінен: сумен жабдықтау жүйелерін 2004 жылы Сарқан қаласында, 2006 жылы Текелі, Қапшағай және Үштөбе қалаларында 52,0 млн.теңге сомада қайта жаңарту; 2004-2006 жылдары Қаскелең және Қапшағай, Сарқан, Үштөбе, Жаркент, Есік, Үшарал, Текелі қалаларының бас жоспарларын 120,9 млн.теңге сомада әзірлеу; 2006 жылы ішкі қалалық жолдарды 5,0 млн. теңгеге түгендеу. 2005 жылы Есік, Қаскелең және Талғар қалаларында 27,6 млн.теңге сомада "Су құбыры" МКК-нын құру; 2005 жылы Қапшағай, Текелі қалаларында және 2005-2006 жылдары Сарқан, Үшарал, Үштөбе, Жаркент және Есік қалаларында жалпы сомасы 64,4 млн.теңге болатын көркейту жұмыстарын жүргізетін КМК-н құру; кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен: Қаскелең қаласында 500 нөмірлік сандық станцияны қоюды аяқтау; Үшарал қаласында 1800 нөмірлік сыйымдылығымен құрал-жабдықтарды, 2500 нөмірлік электронды сиымдылықпен құрал-жабдықтарға ауыстыру; Үшарал қаласында 700 байланыстың магистральді және тарату линияларының құрылысы; Сарқан қаласында байланыстың магистральді және бөлу (тарату) желілерінің құрылысы (қосымша 100 нөмір); Қапшағай қаласында 1000 нөмірге арналған электронды станцияларды ұлғайту (АТС-тер арасында ұзындығы 3 км болатын талшықты кабельдер орнату және Шеңгелді селосында радио байланысына қол жеткізу үшін 460 нөмірлік Сарыбұлақ, Кербұлақ, Қосқұдық және Алматы демалыс аймақтарын қамтитын станцияны кеңейту).
Тарау 6. 6. Қаржыландыру көлемі және көздері
6. Қаржыландыру көлемі және көздері 2004-2006 жылдарға арналған осы бағдарламаны іске асыру үшін қаражатқа есепті қажеттілік, басымды инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілген объектілер құрылысын есепке ала отырып, 14,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен 5,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге, кәсіпорындардың өз қаражаты және заем қаражаттары есебінен 6,8 млрд. теңге. Республикалық бюджет есебінен: 2004 жылы - 190,3 млн.теңге; 2005 жылы - 2765,5 млн.теңге; 2006 жылы - 2755,4 млн.теңге. Жергілікті бюджет есебінен: 2004 жылы - 223,3 млн. теңге; 2005 жылы - 975,2 млн. теңге; 2006 жылы - 471,7 млн. теңге. Кәсіпорындар қаражаты және заем қаражаты есебінен: 2004 жылы - 4567,9 млн. теңге; 2005 жылы - 1365,7 млн. теңге; 2006 жылы - 869,3 млн. теңге.
Тарау 7. 7. Күтілетін нәтижелер
7. Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру қалаларды тең жағдайда экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамыту үшін шағын қалаларды құруға себеп болады. Жаңа техникалық және технологиялық негізде шағын қалалардың кәсіпорындарын құрылымдық қайта құру жүргізіледі, бұл өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Шағын қалалардың экономикалық негізі күшейеді, еңбек рыногында, көші-қонда ауырпалық төмендейді, халықты еңбекпен қамту және олардың табысы артады. өнеркәсіп секторында: өнеркәсіп өндірісінің көлемі 38%-ға артып, 21,4 млрд.теңгені құрайды. 71 жаңа өндіріс орындары, учаскелер, цехтар пайдалануға беріліп, 8 объектіде өндіріс көлемі ұлғайтылады. 1519 жұмыс орны құрылады. 10 кәсіпорында ИСО халықаралық сапа стандарты енгізіледі; шағын және орта бизнесте: өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет 42%-ға артады; жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар саны 10%-ға, жеке кәсіпкерлер - 12%-ға, шағын кәсіпкерлікте шұғылданатындар саны 33,8 мың адамға жеткізіледі. сауда және қызмет көрсету салалары объектілерінің саны 213 бірлікке артады; білім саласында: 2 мектеп салынады; 4 мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізiледi; 11 білім беру объектілерінде жылу өткізу жүйелерін жөндеу және шатырын күрделі жөндеуден өткізу; жалпы білім беретін мектептерді интернетке қосу толық аяқталады; Жаркент қаласында балалар бақшасы ашылады; денсаулық сақтау саласында: 2 перзентхана ашылады; Қаскелең қаласында туберкулез ауруханасы салынады; Жаркент, Қаскелең, Сарқан, Талғар, Үшарал және Үштөбе қалаларында орталық аудандық аурухана күрделі жөндеуден өткізіледі; Үштөбе, Үшарал, Жаркент және Есік қалаларында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциялары күрделі жөндеуден өткізіледі; 4 қалада сүт кухнялары ашылады. спорт және туризм саласында: "Алтын Адам" туристік кешені саласында; Есік қаласында тарихи-өлкетану мұражайы, Қапшағай қаласында жасөспірімдер спорт мектебі және мәдениет үйі күрделі жөнделеді, Жаркент қаласында Ә.Қастеев атындағы көркем-сурет галереясы және Қаскелең қаласында тарихи-өлкетану мұражайы ашылады. инженерлік инфрақұрылым саласында: 7 шағын қалаларда сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту және жаңадан салынады; ішкі қалалық жолдарды түгендеу өткізiледi; 8 шағын қалалардың бас жоспарын әзірленедi; жаңадан үйлер салу, бос тұрған үйлерді қайта жаңарту, апатты жағдайдағы, ескі үйлерді бұзып, күрделі жөндеу өткiзiледi; 3 шағын қалада "Су құбыры" МКК-н құрылады; 7 шағын қалада көркейту жөніндегі КМК құрылады. ________________________________________________
Тарау 8. 8. Iс шаралар жоспары
8. Iс шаралар жоспары № п/п Iс шара Аяқталу нысаны Орындауға жауаптылар Орындалу мерзiмi 1 2 3 4 5 Өнеркәсiп 1 Қала салатын кәсіпорындардың қуаттарын толықтыратын немесе алмастыратын баламалы өндірістер құруға жәрдемдесу Ақпарат Энергетика және өнеркәсіп бөлімі, аудандар (қалалар) әкімдері Жыл сайын 20-қарашаға 2 Техногендiк қалдықтарды өңдеу мүмкіндіктерін қарастыру Ақпарат Энергетика және өнеркәсіп бөлімі, Текелi қ.әкімі Жыл сайын 20-қарашаға 3 Кластерлеу принципi бойынша шағын қалаларда iрi кәсiпорындар төңiрегiнде шағын өндiрiс орындарын дамыту және орналастыруға көмек көрсету Ақпарат Энергетика және өнеркәсіп бөлімі, аудандар (қалалар) әкімдері Жыл сайын 20-қарашаға 4 Облыстың шағын қалаларының өнеркәсiптiк, инвестициялық және инновациялық әлеуетiнiң мониторингiн жүзеге асыру Ақпарат Энергетика және өнеркәсіп бөлімі, Экономика басқармасы, аудандар (қалалар) әкімдері Тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 25-не 5 Жаңа кәсiпорындар құру және жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi ең перспективалы жобаларды даму институттарына жiберуге көмектесу Ақпарат Экономика басқармасы, энергетика және өнеркәсiп бөлiмi, "Инновациялар жөнiндегi комитет" КМК, аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 6 9000 және 14000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарына сәйкес сапа және экологиялық менеджмент жүйелерiн облыс кәсiпорындарында әзiрлеу және енгiзуге жәрдемдесу жөнiнде жұмыс жүргiзу Ақпарат Энергетика және өнеркәсiп бөлiмi, ҚР-ы ИСМ-нiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi Комитетiнiң Алматы облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы, аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 7 Қаскелең қаласында әмбебап технопарктiң ТЭН зiрлеу, оны қаржыландыру көздерiн анықтау, технопарк қызметi туралы Ереже әзiрлеу әкiмдiк қаулысы, жобаның ТЭН "Инновация жөнiндегi комитет" МКК-ы, Экономика басқармасы, кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту жөнiндегi комитет, ғылыми-техникалық Кеңес (келiсiм бойынша) 5 шiлдеге Аграрлық сектор 8 Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң аймақтық мамандануына сәйкес ауыл шаруашылық шикiзатын өңдейтiн және ауыл шаруашылығына қызмет көрсететiн кәсiпорындар кешенiн орналастыруды қамтамасыз ету Ақпарат Ауыл шаруашылығы департаментi, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аймақтық басқармасы, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 9 Қаскелең, Жаркент, Есiк және Талғар қалаларында селолық кредиттiк серiктестiктер арқылы кәсiпкерлерге кредит беруге көмектесу Ақпарат Ауыл шаруашылығы департаментi, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аймақтық басқармасы, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 10 Текелi, Сарқан, Үшарал қалаларында бақ өсiру шаруашылығын дамыту жөнiнде шаралар қабылдау Ақпарат Ауыл шаруашылығы департаментi, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 11 Табиғи грант түрiнде мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек беру тәжiрибесiн жалғастыру (мал сатып алу үшiн) Ақпарат Ауыл шаруашылығы департаментi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға Шағын кәсiпкерлiк 12 Шағын кәсiпкер- лiктi дамыту қорымен кәсiп- керлерге кредит беруге көмектесу (ШКДК) Ақпарат Кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту жөнiндегi комитет, Экономика басқармасы, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 13 Өндiруге бағдарланған шағын кәсiпорындарды құруға жәрдемдесу Ақпарат Кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту жөнiндегi комитет, Энергетика және өнеркәсіп бөлімі, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 14 ЕДРБ мен АДБ-i қаражаты есебiнен, шағын кредит ұйымдары арқылы кәсiпкер- лерге кредит беру мәселесiн пысықтау Ақпарат Кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту жөнiндегi комитет Жыл сайын 20-қарашаға 15 Инновациялық және ғылымды қажет ететiн өндiрiс орындарын дамытуға көмек көрсету Ақпарат "Инновациялар жөнiндегi комитет" МКК Жыл сайын 20-қарашаға 16 Кредит ресурстарын тарту үшiн қаржы құралы ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалану жөнiндегi жұмысты жандандыру Ақпарат Кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту жөнiндегi комитет, Коммуналдық меншiктi жекешелендiру және басқару жөнiндегi департамент, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 17 Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне аяқталмаған құрылыс және бос ғимараттар объектiлерiн беру жөнiндегi жұмысты жалғастыру Ақпарат Кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту жөнiндегi комитет, Коммуналдық меншiктi жекешелендiру және басқару жөнiндегi департамент, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 25-не Туризм 18 Қарапайым, салыстырмалы түрде арзан, iрi емес демалыс және туризм объектiлерiн жыл бойы пайдалану есебiмен құрылысын салуға жәрдемдесу Ақпарат Туризм бөлiмi, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 19 Шағын қалаларда жеке меншiк демалыс аймақтарын салуға мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдарға, туризмдi дамытудың нақты аудандарында мемлекеттiк табиғи грант шегiндегi нормада жер учаскелерiн беру мәселесiн пысықтау Ақпарат Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет, туризм бөлiмi, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 20 Әлеуметтiк демалыс және емделу үшiн (балалар, мүгедектер, кәрiлер) объектiлер салу мәселесiн шешу Ақпарат Туризм бөлiмi, Денсаулық сақтау басқармасы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 21 Туристiк инфрақұрылымды және жол бойындағы сервистiк объектiлердi дамытуды қамтамасыз ету Ақпарат Туризм бөлiмi, Сауда және қызмет көрсету салалары басқармасы, Кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту жөнiндегi комитет, сыртқы экономикалық байланыстар бөлiмi, Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға Әлеуметтiк инфрақұрылым 22 Республикалық және жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын әлеуметтiк инфрақұрылымның жаңадан салынатын объектiлерiнiң тiзбесiн қалыптастыру ұсыныс Бiлiм беру департаментi, Денсаулық сақтау басқармасы, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-ақпанға 23 Төмендегi шараларды: Ақпарат Бiлiм беру департаментi, аудандар әкiмдерi 1) Қаскелең және Есiк қалаларында мектеп салуды Жыл сайын 20-қарашаға 2) қалалардағы мектеп ғимараттарын күрделi жөндеуден өткiзудi 3) қалалардағы объектiлердiң инженерлiк жүйелерi мен шатырын күрделi жөндеуден өткiзудi қамтамасыз ету 24 қалалардағы орта бiлiмдi мамандар дайындауды қамтамасыз ету және шағын қалалардың еңбек рыногында талап етiлетiн, мамандықтар бойынша жұмысшылар дайындау үшiн кәсiптiк-техника- лық мектептер ашу жөнiнде ұсыныс берiп, оны зерделеу Ақпарат Бiлiм беру департаментi, аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 25 Төмендегi шараларды: Ақпарат Бiлiм беру департаментi, Санитарлы-эпи демиологиялық бақылау басқармасы, Аудандардың әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 1) Жаркент және Есiк қалаларында перзентханалар үшiн салу ЖСҚ-тар әзiрлеудi, 2) Жаркент және Есiк қалаларында 60 орындық әйелдер босанатын үйлер, Қаскелең қаласында туберкулез ауруханасын салуды, 3) Қаскелең, Талғар, Үшарал және Сарқан қалаларында сүт кухняларын ашуды, 4) Жаркент, Қаскелең, Сарқан, Талғар және Үштөбе қалаларында ОАА күрделi жөндеуден өткiзудi, 5) Үшарал, Үштөбе, Есiк, Жаркент, Қаскелең қалаларында санитарлық-эпи. демиологиялық қадағалаудың аудандық қызметтерiн күрделi жөндеу жүргiзудi қамтамасыз ету 26 Мәдениет және спорт объектiлерiнде көркейту және күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету Ақпарат Спорт және дене шынықтыру басқармасы, Мәдениет басқармасы, аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 27 Талғар қаласында футбол стадионын салуға жәрдемдесу Ақпарат Спорт және дене шынықтыру басқармасы, Талғар ауданының әкiмi 2004, 2005 жж. 20 ақпанына 28 Жұмысқа орналастыру мүмкiндiктерi туралы жаппай ақпарат құралдары арқылы халықты уақытылы хабардар ету үшiн мамандықтар бойынша жұмысшы күшiне сұраныс туралы Республикалық мәлiметтер базасының бос жұмыс орындары банкiн үнемi толықтырып отыру Ақпарат Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, аудандар (қалалар) әкiмдерi Тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 25-не 29 Кәсiби кеңес беру және әртүрлi категориядағы босатылған қызметкерлердi қайта оқытуды ұйымдастыру Ақпарат Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 30 Жаңа жұмыс орындарын құру есебiнен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесiн, және басқа да көпшiлiк шараларды ұйымдастыру жөнiндегi жұмысты жалғастыру Ақпарат Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға Инженерлі инфрақұрылым 31 Ескi үйлердi күрделi жөндеуден өткiзу, авариялық (апатты) тұрғын үйлердi бұзу және муниципалдық тұрғын үйлер салуды қамтамасыз ету Ақпарат Сәулет және құрылыс басқармасы, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 32 7 шағын қалада сумен жабдықтау жүйелерiн қайта жаңарту және салуды жүзеге асыру Ақпарат Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Аудандар мен қалалар әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 33 Жаркент, Есік, Қаскелең, Қапшағай, Сарқан, Үштөбе, Үшарал, Текелi қалаларының бас жоспарын әзiрлеу Ақпарат Сәулет және қала құрылысы басқармасы, тиiстi аудандар (қалалар) Жыл сайын 20-қарашаға 34 Есiк, Қаскелең және Талғар қалаларында "Су құбыры" ЖМКК құру Ақпарат Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Аудандар мен қалалар әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 35 Қапшағай, Текелi, Үшарал, Сарқан, Үштөбе, Есiк және Жаркент қалаларында көркейту жөнiнде МКК құру Ақпарат Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Аудандар мен қалалар әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 36 Iшкi қалалық жолдарды жөндеуге ЖСҚ-тар әзiрлеу және түгендеу жүргiзу Ақпарат Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Аудандар мен қалалар әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға Қоршаған ортаны қорғау 37 Өнеркәсiптi техникалық-тех нологиялық жаңартудың жобалық ұсыныстарын экологиялық және санитарлық-эпи демиологиялық сараптамадан өткiзуге мониторинг жүргiзу, өнеркәсiп орындарын экологиялық таза өнiмдер өндiруге көшiру Ақпарат Энергетика және өнеркәсiп бөлiмi, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттiк санитарлық-эпиде- миологиялық қадағалау басқармалары, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 38 Шағын қалаларда қоршаған ортаға тұрақты экологиялық мониторинг өткiзудi қамтамасыз ету Ақпарат қоршаған ортаны қорғау басқармасы, өнеркәсiп және энергетика бөлiмi, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 39 Беталды төгiлген күресiндердi жою және қатты тұрмыстық қалдықтардың тұрпатты полигондарын ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдау Ақпарат қоршаған ортаны қорғау басқармасы, жол және коммуналдық шаруашылық басқармалары, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 40 Кен өндiру кәсiпорындары ның үйiндiлерi мен қалдық сақтау қоймаларының үлкен көлемiн жою мәселелерiн шешу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру Ақпарат қоршаған ортаны қорғау басқармасы, өнеркәсiп және энергетика бөлiмi, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға Басқалары 41 Аудандық маңыздағы шағын қалаларда статистикалық есептi енгiзу мәселесiн iстеп бiтiру ұсыныс Экономика басқармасы, Статистика басқармасы, аудандар (қалалар) әкiмдерi 2004 жылдың 15-шiлде сiне 42 Шағын қалаларда халықтың көшi-қонының мониторингiн өткiзу Ақпарат Көшi-қон және демография басқармасы, Аудандар (қалалар) әкiмдерi Жыл сайын 20-қарашаға 43 Аудандық маңыздағы қалалар әкiмдерi аппаратын құру мәселесiн пысықтау ұсыныс қаржы басқармасы, Аудандар (қалалар) әкiмдерi 2004 жылдың 15-шiлде сiне 44 Жергiлiктi бюджеттi атқару барысында секвестрлеуге жатпайтын бюджеттiк бағдарламалар бойынша олардың шығыстарын қаржыландыруға көшу жолымен шағын қалаларды сметалық қаржыландыру тетiгiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзу ұсыныс қаржы басқармасы, Аудандар (қалалар) әкiмдерi 2004 жылдың 15-шiлде сiне кестенің жалғасы: № п/п Бағдарланған шығындар, млн теңге қаржыландыру көздерi 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. 1 6 7 8 9 өнеркәсіп 1 Инвестициялық жобаларға сәйкес 2 қаржыландыруды қажет етпейдi 3 қаржыландыруды қажет етпейдi 4 қаржыландыруды қажет етпейдi 5 4492500,0 1365700,0 869300,0 Шетел инвестициялары, кәсiпорындардың жеке меншік және қарызға алынған қаражаттары 6 қаржыландыруды қажет етпейдi 7 Жергiлiктi бюджет, кәсiпорын қаражаты Аграрлық сектор 8 Мемлекеттiк агроазық-түлiк бағдарламасына және инвестициялық жобаларға сәйкес 9 Мемлекеттiк агроазық-түлiк бағдарламасына және инвестициялық жобаларға сәйкес 10 қаржыландыруды қажет етпейдi 11 Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек шеңберiнде Шағын кәсiпкерлiк 12 ШКДҚ-нан бөлiнген қаражат есебiнен 13 75450 Инвестициялық жобаларға сәйкес 14 қаржыландыруды қажет етпейдi 15 қаржыландыруды қажет етпейдi 16 қаржыландыруды қажет етпейдi 17 қаржыландыруды қажет етпейдi Туризм 18 Инвестициялық жобаларға сәйкес 19 қаржыландыруды қажет етпейдi 20 Инвестициялық жобаларға сәйкес 21 Инвестициялық жобаларға сәйкес әлеуметтiк инфрақұрылым 22 қаржыландыруды қажет етпейдi 23 1) 400 000 250 000 Республикалық және жергiлiктi бюджет 2) 130000 125000 Жергiлiктi бюджет 3) 36000 51100 Жергiлiктi бюджет 24 84 261 67 307 70 336 Республикалық және жергiлiктi бюджет 25 25300 Жергiлiктi бюджет 1) 100000 510800 148 700 Республикалық бюджет 2) 12 090,0 Жергiлiктi бюджет 3) 40000 117000 113 000 Жергiлiктi бюджет 4) 20000 Жергiлiктi бюджет 26 40 913 52208 18000 Жергiлiктi бюджет 27 Инвестициялық жобаларға сәйкес 28 қаржыландыруды қажет етпейдi 29 Жергiлiктi бюджет қаражаты шегiнде 30 қаржыландыруды қажет етпейдi Инженерлі инфрақұрылым 31 2 129 200 2 286 700 Ескi тұрғын үйлердi күрделi жөндеуден және апатты жағдайдағы үйлердi бұзу жөнiнде 2004-2005 жж. Арналған бағдарлама шеңберiнде 32 91029,6 125459 119050 Республикалық және жергiлiктi бюджет 33 80 641 40 250 Жергiлiктi бюджет 34 27 600 Жергiлiктi бюджет 35 64 400 Жергiлiктi бюджет 36 5 000 Жергiлiктi бюджет қоршаған ортаны қорғау 37 қаржыландыруды қажет етпейдi 38 қаржыландыруды қажет етпейдi 39 Жергiлiктi бюджет қаражаты шегiнде 40 қаржыландыруды қажет етпейдi Басқалары 41 қаржыландыруды қажет етпейдi 42 қаржыландыруды қажет етпейдi 43 қаржыландыруды қажет етпейдi 44 қаржыландыруды қажет етпейдi