Об утверждении региональной программы «Санитарная охрана территории Костанайской области от завоза и распространения карантинных инфекции на 2004-2006 годы» Қолданыста
Басқа 0
«2004-2006 жылдарға арналған карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таралуынан Қостанай облысының аумағын санитарлық қорғау» аймақтық бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2004-2006 жылдарға арналған карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таралуынан Қостанай облысының аумағын санитарлық қорғау» аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Бағдарламаның орындалуына бақылау білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. «2004-2006 жылдарға арналған карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таралуынан Қостанай облысының аумағын санитарлық қорғау» аймақтық бағдарламасын бекіту туралы 2004 жылғы 27 мамырдағы № 82 Қостанай облыстық мәслихатының шешімі бұзылсын.
Басқа 4. 2004-2006 жылдарға арналған карантиндік жұқпалардың
әкелінуі мен таралуынан Қостанай облысының аумағын
санитарлық қорғау аймақтық бағдарламасы
Қостанай облыстық мәслихатының
2004 жылғы 24 маусымдағы № 100
шешімімен бекітілсін
2004-2006 жылдарға арналған карантиндік жұқпалардың
әкелінуі мен таралуынан Қостанай облысының аумағын
санитарлық қорғау аймақтық бағдарламасы
Тармақ 1
1. Паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Мәселенің қазіргі күй-жайын талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8. Бағдарламаның паспорты
8. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары
Бағдарламаның паспорты
«2004-2006 жылдарға арналған карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таралуынан қостанай облысының аумағын санитарлық қорғау» бағдарламасы өзінің мәртебесі және мәнімен аймақтық орта мерзімді бағдарлама болып саналады, Қостанай облысы әкімінің облыстық қызметтердің ведомствоаралық әрекеттесулерін қарастыратын, денсаулықты сақтауға және азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 ««Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 22 қарашадағы № 1168 «Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және санитарлық қорғауды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы», 2004 жылғы 5 ақпандағы № 139 «Жұқпалы ауруларды шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру ережесін және жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін тізбесін бекіту туралы» қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 81-К «Әдеттен тыс пневмонияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» өкімін іске асыруға бағытталған.
Бағдарламамен карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таралуынан қостанай облысының аумағын санитарлық қорғаудың тәртібі және іс - шаралар кешені қарастырылған.
Бағдарлама «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы № 231 «Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру ережесі туралы» қаулысының талаптарына сай әзірленген.
Бағдарламаның негізгі әзірлеушілері: облыстық әкімият, Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және денсаулық сақтау департаменттері. Бағдарламаны іске асыру мерзімдері 2004-2006 жылдар.
Кіріспе
««2004-2006 жылдарға арналған карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таралуынан қостанай облысының аумағын санитарлық қорғау» бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 « Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 22 қарашадағы № 1168 «Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және санитарлық қорғауды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы», 2004 жылғы 5 ақпандағы 3 139 «Жұқпалы ауруларды шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру ережесін және жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін тізбесін бекіту туралы» қаулыларына, және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі 3 81-К «Әдеттен тыс пневмонияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес әзірленген.
Бағдарлама карантиндік жұқпалар бойынша қолайсыз елдерден облысқа жұқпалардың әкелінуі мен таралуының алдын алу және эпидемияға қарсы алдын алу шаралар кешенін өз уақытында өткізуді қамтамасыз ету және облыс экономикасы мен халқының денсаулығы ушін зардабын кемітуге бағытталған.
1998-2000 жылдарға арналған карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таралуынан облыс аумағын санитарлық қорғау бойынша іс шараларының кешенді бағдарламасымен қойылған міндеттерінің негізгі ұстанымдары орындалды. Бірақ соңғы жылдары әлемде жаңа жұқпалы аурулардың пайда болуын есептей келе соның ішінде айрықша қауіпті жұқпалар, оларға әдеттен тыс пневмонияны жатқызуға болады, эндемиялық елдерден әкелінген және олардың пайда болу кезінде көпшілік елдер адекваттық шараларды қабылдауға дайын болмады, осы бағдарлама карантиндік жұқпалардың облысқа әкелінуіне орай оның алдын алу және іс шаралар кешенін ұйымдастыру мен өткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Карантиндік жұқпалар бойынша эпидемиологиялық жағдай өте күрделі күйінде қалып тұр. 31 елде 90327 тырысқақ оқиғасы, соның ішінде 1529 опат болу және 16 әкелінген жағдаймен тіркелген. Азиаттық континент бойынша тырысқақ 7 елде (Гонконг, Үнді, Иран, Ирак, Қытай, Сингапур, Жапонияда)тіркелген, тырысқақ ауруының оқиғасы - 2307, соның ішінде 4 опат болу және 14 әкелінген жағдаймен тіркелді.
Қазақстан Республикасында 2001 жылы 32 тырысқақ ауру оқиғасы тіркелген. қостанай облысында тырысқақ ауруының соңғы оқиғасы 1995 жылы Пәкістан елінен келген саяхатшыда тіркелген.
Әлемде оба ауруының 21 оқиғасы (соның ішінде Монғолияда -10, Алжирде - 10, АқШ-та - 1), 2 оқиға - опат болу жағдайымен тіркелді.
қазақстанда адамдар арасында обаның 4 оқиғасы тіркелген, біреуі опат болу жағдайымен. Маңғыстау облысында обаның бубонды түрімен 3 адам науқастанды, үшеуі де оба ауру түйені союға қатысқан. қызылорда облысында обаның бубонды-септикалық түрімен 1 опат болу жағдай оқиғасы тіркелген. Республика бойынша эпизоотикалық жағдай қауіпті болып қалады, кеміргіштер эпизоотиясы 9 облыста байқалды, мұнда кеміргіштерден 661 оба микробының культурасы бөлінді.
Әдеттен тыс пневмония 2003 жылы бүкіл әлемдік эпидемияға айналды. 32 елде 8457 оқиға, соның ішінде 809(9,5 %) опат болу оқиғасымен тіркелген. Қытай, Гонконг, Тайван, Сингапур, елдерінің жағдайы ең қолайсыз болды.
Қазақстан Республикасында әдеттен тыс пневмония ауру оқиғасы тіркелмеген. Сонымен қатар қазақстан мен қытай және бірқатар Оңтүстік-шығыс Азия елдерімен көлік және жолаушылардың қатынасуына байланысты елге жұқпаны әкелу қаупі болды.
Әлемде сары безгек ауруының 499 оқиғасы тіркелді, соның ішінде 219 (43,9%) опат болу жағдайымен, Бразилияда 153, Колумбияда - 199, Перуда - 73, Африкада - 26, Океанияның Тонго елінде Денге безгегімен 5192 адам науқастанды.
Батыс Қазақстан облысында бүйректі синдроммен геморрагиялық безгек ауруы 20 оқиғасы тіркелді, аурудың өсуі осы жұқпаны тарататын кеміргіштер санының көбеюіне байланысты. Жамбыл және қызылорда облыстарында конго-крымдық геморрогиялық безгегімен 7 адам науқастанды, барлық оқиғалар табиғат ошақтарында кенелердің шағуымен байланысты болды.
Қостанай облысында санитарлық-карантиндік және керек жағдайда медициналық тексеру облысқа әуе көлігімен келген азаматтар ушін әуежайдың санитарлық-карантиндік пунктінде (СКП), темір жол көлігімен келгендерге темір жол вокзалының санитарлық-карантиндік пунктінде өткізіледі. Мемлекеттік шекара қиылысы орындарында санитарлық-карантиндік пункт ашу мәселесі ашық күйінде қалады.
Санитарлық-карантиндік пункттердің материалдық-техникалық базасы жеткіліксіз күйінде қалады: олар қазіргі заманға сай зертханалық құрал - саймандармен, соның ішінде келіп жатқан жолаушылар арасындағы жұқпалы аурулардың экспресс-диагностикасы мен келіп түскен қауіпті жүктерді айқындау ушін жабдықталмаған.
Карантиндік жұқпалардың әкелуінен облыстың аумағын тиімді қорғауды қамтамасыз ету ушін бірінші кезеңде мемлекеттік автокөлік өту шекарасы (қайрақ пункті) және кейін бүкіл шекаралық посттарда СКП ашылуы жоспарланды.
Жұқпалы, соның ішінде карантиндік аурулардың диагностикасы қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының айрықша қауіпті жұқпалар бөлімінің зертханасында және аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарында жүзеге асырылады.
Зертхананың құрал-жабдықтары бірталай жұқпалы аурулардың диагностикасын өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар зертханалық құрал-жабдық негізінде моральды және техникалық тұрғысында ескірді, соның салдарынан қысқа мерзімде аурудың диагнозын қоюға мүмкіндік жоқ. Бұл диагноздың анықталмау жағдайында аурудың алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге едәуір қаржы шығындарына әкеліп соқтырады.
Карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша медициналық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары келесі шараларды қолданады:
әуе және теміржол көлігімен келгендерге үнемі санитарлық-карантиндік және медициналық тексеру қамтамасыз етіледі;
ауруды анықтау жағдайында емдеу-алдын алу ұйымдарының эпидемиологиялық дайындығы көтерілді;
Тармақша 3
3) карантиндік жұқпалармен ауырғандарды анықтау жағдайына эпидемияға қарсы оперативтік іс шаралар жоспары әзірленген және аумақтық денсаулық сақтау басшыларының осыған сәйкес бұйрықтары шығарылады;
Тармақша 4
4) барлық қала және аудандардың емдеу-алдын алу мекемелерінде потенциалдық науқастар ушін палаталар бөлінген, дәрілік препараттар қоры құрылған;
Тармақша 5
5) барлық өңірде санитарлық-карантиндік пункттер мен емдеу - алдын алу мекемелері дайындығының тексерісі өткізілген;
Тармақша 6
6) бұқаралық ақпараттар құралы арқылы карантиндік жұқпалар белгілері мен зардаптары туралы халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс өткізіледі.
Бағдарламаның негізгі мақсаты облысқа карантиндік жұқпалардың әкеліну қауіпін төмендету және олардың тіркелген жағдайында таратылуын алдын алу, өткізіліп жатқан алдын алу және эпидемияға қарсы іс шаралар көлемі карантиндік жұқпалар әкелінген жағдайда халық денсаулығы мен облыс экономикасы ушін зардабын азайтуға тиіс.
Тармақ 1
1. Карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таратылуының алдын алу бойынша жергілікті атқарушы органдарының іс- шараларын уйлестіру.
Тармақ 2
2. Облысқа келіп жатқан жолаушылар мен көлік құралдарына санитарлық-карантиндік бақылау жүйесін жетілдіру.
Тармақ 3
3. Санитарлық-карантиндік пункттер мен аудан және қала санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының зертханаларына қазіргі заманға сай құрал-жабдықтарды сатып алу жолымен материалдық-техникалық негізін жақсарту.
Тармақ 4
4. Облысқа карантиндік жұқпалар әкелінген жағдайда таралуының алдын алуын қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы және алдын алу іс шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу.
Тармақ 5
5. Санитарлық қызмет, денсаулық сақтау мекемелері мен органдары қызметіне карантиндік жұқпаларды алдын алу және емдеу әдістерін әзірлеу және енгізу.
Карантиндік жұқпалар жөнінде санитарлық-эпидемиологиялық сәттілікті қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерін шешудің негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан және қостанай қаласы әуежайы мен теміржол вокзалының өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды өткізу;
Тармақша 2
2) санитарлық-карантиндік бақылауды өткізгенде карантиндік жұқпалар ауруының айқындалу кезіндегі эпидемияға қарсы шаралардың кешенін өткізу;
Тармақша 3
3) карантиндік жұқпалар ауруларын анықтау жағдайында емдеу- алдын алу ұйымдарының тұрақты эпидемиологиялық дайындықты қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) карантиндік жұқпаларға жол бермейтін ошақтарда эпидемияға қарсы шаралар кешенін өз уақытында өткізуін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) карантиндік жұқпалардың алдын алу және емдеу, клиникалық диагностика мәселелері бойынша тұрақты негізінде медицина қызметкерлерін дайындау;
Тармақша 6
6) әлемде және қазақстан Республикасында карантиндік жұқпалар бойынша эпидемиологиялық жағдайының мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) карантиндік жұқпалар бойынша эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуі кезінде Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен өзара хабарласуды жүзеге асыру;
Тармақша 8. «2004-2006 жылдарға арналған карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таралуынан Қостанай облысының аумағын санитарлық қорғау өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
8) карантиндік жұқпалы аурумен науқастарды анықтаған жағдайда емдеу- алдын алу ұйымдарында іс шаралар өткізу, санитарлық-карантиндік пункттердің дайындық қалпының мониторингін өткізу.
Бағдарламаның іске асырылуы бюджеттік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.
Аймақтық бағдарламаның іске асырылуы облысқа шет елдерден карантиндік жұқпалардың әкеліну мен таралуы қаупін төмендетуге мүмкіндік береді; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 « Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңы орындау бойынша шаралардың тиімділігін көтереді. Осы бағдарламада жоспарланған шараларды өткізу карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таралуының алдын алу жағдайында өткізілетін шараларға жұмсалған материалдық шығыстарды төмендетуге мүмкіндік береді.
«2004-2006 жылдарға арналған карантиндік жұқпалардың әкелінуі мен таралуынан Қостанай облысының аумағын санитарлық қорғау өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Р/с
№
Іс-шара
Аяқталу
нысаны
Орындау
ға
жауапты
Орында
лу
мерзі-
мі
Болжам-
да
латын
шығыс-
тар
қаржылан
дыру
көздері
1
2
3
4
5
6
7
1
Қайрақ кеден постында санитарлық-карантиндік пункт ашу (Ресей мемлекеттік шекарасынан автоөту орны)
Пайдала
нуға
енгізу
қОМСЭқД
2005 ж.
3364,0
мың.
теңге
Облыстық
бюджет
2
Мемлекеттік шекара қиылысы орындарында тұрақты санитарлық-карантиндік және медициналық бақылау.
Есеп
қОМСЭқД
үнемі көлік құралдарының келу шамасы бойынша
қосымша қаржыландыру талап етілмейді
3
Қостанай қаласының әуежайына келіп түскен экипаж бен жолаушыларға санитарлық-карантиндік пункттерде тексеру және сауалнама ұйымдастыру.
Есеп
Теміржол көлігіндегі қОМСЭқБ
үнемі
қосымша қаржыландыру
талап
етілмейді
4
Теміржол көлігінде карантиндік жұқпалармен науқастанған ауру анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс - шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз ету.
Есеп
Теміржол көлігіндегі қОМСЭқБ
үнемі
қосымша қаржыландыру
талап
етілмейді
5
Көлік құралдарында карантиндік жұқпалардың белгісі бар науқас анықталған жағдайда, эпидемияға қарсы санитарлық іс - шаралар өткізу ушін белгіленген тәртіпте көлік құралдарын санитарлық тұраққа жолдау.
Есеп
Қостанай» әуежайы» ААқ
әуежайдың СКП
теміржолдағы қОМСЭқБ, қОМСЭқД
Анықталған жағдайда
қосымша қаржыландыру
талап
етілмейді
6
Карантиндік жұқпалармен науқастанған ауру анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс шаралар өткізу бойынша әуежай мен теміржол вокзалының СКП жұмысын бақылауын қамтамасыз ету.
Есеп
қОМСЭқД
Теміржолдағы қОМСЭқБ, Қостанай» әуежай» ААқ әуежайдың СКП, (келісім бойынша)
Анықталған жағдайда
қосымша қаржы-
ландыру
талап
етілмей
ді
7
Карантиндік жұқпалармен науқастанған ауру анықталған жағдайда арналған жедел іс шаралар кешенді жоспарын әзірлеу және бекіту, жыл сайын жоспарды уйлестіріп отыру.
Бұйрық
ОА, ОқА, ОАА, МСЭқБ
2004 жылғы
III тоқсан
қосымша қаржы-
ландыру
талап
етілмей
ді
8
Эпидстанцияларды орналастыру ушін орын анықтау, госпиталдық базаның, зертхананың күшін, регидратация құралдары, жұқпасыздандыру құралдарының есебін шығару.
Есеп
қОДД, қОМСЭқД, ОА, ОқА, ОАА, МСЭқБ
Жыл сайын
15 мамырға дейін
қосымша қаржы-
ландыру
талап
етілмей
ді
9
Карантиндік жұқпалармен науқастанған ауру анықталған жағдайға емдеу - алдын алу ұйымдарының унемі эпидемиологиялық дайындығын қамтамасыз ету.
Есеп
қОДД, қОМСЭқД
үнемі
қосымша қаржы-
ландыру
талап
етілмей
ді
10
Карантиндік жұқпалармен науқастанған ауру анықталған жағдайға арналған қажетті дәрілік препараттар қорын қамтамасыз ету.
Бұйрық
қОДД, ОА, ОқА, ОАА
қажетті жағдайда
378,5
мың
теңге
бюджет
тік
қаржылан
дыру
есебінен
11
Карантиндік жұқпаның алдын алу мәселесі бойынша әуе кемелері экипажы, поезд жолаушылары, туристік фирмалардың өкілдері, емдеу- алдын алу ұйымдарының қызметшілерімен нұсқаулық ұйымдастыру және тұрақты өткізу.
Есеп
қОДД, қОМСЭқД, ОА, ОқА, ОАА, МСЭқБ
Жыл сайын
қосымша қаржы-
ландыру
талап
етілмей
ді
12
Карантиндік жұқпалармен науқастанған ауру анықталған жағдайда жұқпасыздандыру өткізу және жұқпасыздандыру жұмыстарын өткізуге керекті құралдар қоры болуға тиіс.
Есеп
қОМСЭқД
қажет-
ті
жағдай
да
5.0
мың.
теңге
бюджет
тік
қаржы
ландыру
есебінен
13
Карантиндік жұқпалардың лабораториялық диагностикасын өткізу ушін қоректендіргіш ортаның, диагностикалық препараттардың қорларын жасау.
Есеп
қОМСЭқД, қОСЭСО
2004
жылғы
II тоқ
сан
14
Карантиндік жұқпалармен науқастанған ауру анықталған жағдайда ауруханаға жатқызу ушін автокөлікпен қамтамасыздандыру, ағымдағы және қорытынды жұқпасыздандыруды өткізу.
Шешім
ОА, ОқА, ОАА, МСЭқБ
Эпидемиологиялық жағдайдың күшеюі кезінде
қосымша қаржы-
ландыру
талап
етілмей
ді
15
Карантиндік жұқпалар бойынша қолайысыз елдерге баратын туристік топтарды жинақтау туралы ақпаратпен аймақтық мемсанэпидқадағалау басқармаларын өз уақытында қамтамасыздандыру.
Ақпарат
Қостанай облысының туризм және спорт басқармасы
үнемі
қосымша қаржы-
ландыру
талап
етілмей
ді
16
Эпидемиялық жағдайдың қалыптасуын ескере отырып карантиндік жұқпалар бойынша қолайсыз елдерден азаматтардың келу және кету тәртібін нақты бақылау.
Бұйрық
қОІІББ
Эпидемиологиялық жағдайдың нәшарлану кезінде
қосымша қаржы-
ландыру
талап
етілмей
ді
17
Карантиндік жұқпаларды тіркеп және карантин тәртібін белгілегенде жұқпалардың таралуының алдын алуды ұйымдастыру шараларының кешенін өткізу.
Шешім
қО ДД, қОМСЭқД
қажетті жағдайда
қосымша қаржы-
ландыру
талап
етілмей
ді
18
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында карантиндік жұқпалардың қауіптігі жөнінде тусіндіру жұмысын ұйымдастыруды қамтамсыз ету.
Шешім
қО ДД, қОМСЭқД, ОАА, МСЭқБ
үнемі
ҚОМСЭҚД - Қостанай облысының мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
департаменті
ҚО ДД - Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті
МСЭҚБ - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы
ҚОСЭСО - Қостанай облысының санитарлық - эпидемиологиялық
сараптама орталығы
ОАА - орталық аудандық ауруханалар
ОА, ОҚА - облыстық ауруханалар, орталық қалалық ауруханалар
СКП - санитарлық-карантиндік пункт
ААҚ - ашық акционерлік қоғамы
ҚОІІББ - Қостанай облысының ішкі істер бас басқармасы