О региональной программе государственной поддержки неправительственных организаций Западно-Казахстанской области на 2004-2006 годы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004-2006 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың аймақтық бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-шы бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. «2004-2006 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Тармақ 2
2. "2004-2006 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың аймақтық бағдарламасы туралы" облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 20 ақпандағы N 6-4 шешімі мемлекеттік тіркеуден өтпегеніне байланысты жойылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі саясат департаменті басқармасының бағдарламаның іске асырылуы туралы есебі жыл сайын 1 желтоқсанда және 1 маусымда облыстық мәслихатқа берілсін.
Басқа 4. Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
"Бекітілді" Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың сессиясының шешімімен 2004 жылғы 29 мамырдағы N 8-14 Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы 1. Паспорт Атауы Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы Бағдарламаның әзірлеу негіздемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 "Қазақстан Республикасының Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" қаулысы Бағдарламаның негізгі жасақтаушылары Облыс әкімдігі, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаменті Бағдарлама мақсаты Батыс Қазақстан облысындағы үкіметтік емес ұйымдарға азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде дамуына және олардың мемлекеттік билік органдары жағынан қолдауымен қарым-қатынасы негізінде қоғамның әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешудегі ролін нығайту үшін жағдай жасау Бағдарлама міндеттері Мемлекеттік органдармен ҮЕҰ арасындағы қарым-қатынас жүйесін жетілдіру, аймақтардағы азаматтық бастамалардың артуы үшін жағдай жасау, мемлекеттік қызметшілердің ҮЕҰ қарым-қатынасы мәселелері жөнінде дайындық жүйесін құру және біліктілігін жетілдіру, үкіметтік емес ұйымдардың іс-қимылына тұрақты мониторингімен зерттеу жүргізу, халықаралық ұйымдармен біріккен іс-қимылды дайындау Бағдарламаны қаржыландыру көздері Облыстық бюджет Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер Мемлекеттік органдармен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы тұрақты және тиімді әріптестік қарым-қатынас орнатып енгізу, азаматтық бастаманың өсуіне жағдай жасау Бағдарламаның іске асыру мерзімдері 2004-2006 жылдар
Тарау 5. Кіріспе
Кіріспе Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысына сәйкес жасалып үш жыл мерзімге арналған. Бұл Бағдарламаның жасақталуы үкіметтік емес ұйымдарға кешенді және мақсатты түрде қолдау көрсетудің және біріккен іс-қимыл жасаудың үкіметтік саясаттық қажеттілігінен туындап отыр. Бағдарлама мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында әріптестік қарым-қатынас орнатудың тұрақты және тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жоғарыда аталған Бағдарламаның облыста енгізілуі "үшінші сектордың" тек Батыс аймақта ғана емес, тұтас республика бойынша өскелең дамуынан туындап отыр.
Тарау 3. 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау Қазақстан Республикасындағы ҮЕҰ қалыптасу кезеңдері және оның мемлекетпен қарым-қатынасы облыстағы және бүкіл Қазақстан бойынша "үшінші сектордың" қалыптасу процессі әртүрлі өзгерістерге ұшырады. Алайда бұл "азаматтық бастаманың" тиімсіздігін көрсетпейді. Қазіргі кезде мемлекет бойынша 4500-ден астам ҮЕҰ бар. Оларда тұрақты негізде 35 мыңға жуық, уақытша (кеңесшілер мен сарапшылар) - 50 мың, өз еркімен - 100 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Үкіметтік емес ұйымдар дегеніміз - бұл мемлекеттік билікке ұмтылмайтын (сондықтан ҮЕҰ-ға партияларға жатпайды) және өзінің кәсіби ерекшеліктерімен шектелген (сондықтан ҮЕҰ-ға кәсіподақтарға жатпайды) ашық коммерциялық емес, қоғамдық ұйымдар. Республикада алғашқы коммерциялық ұйымдар тәуелсіздік алған тұста пайда бола бастады және олардың негізгі іс-қимылы экология, құқық қорғау және тарихи-ағартушылық сияқты салаларда өрістеді. Бұл қоғамдағы сол кездегі болып жатқан процестермен: сана-сезімнің қалыптасуы, мемлекеттік пайда болуы, Қазақстанның қалыптасып дамуының жаңа жолдарының айқындалуымен байланысты болды. Бұл жерде сол жылдары Қазақстанда кеңінен дамыған "Мемориал", "Желтоқсан", адам құқығы мен заңның орындалуы жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросы, "Невада-Семей" сықылды алғаш ірі ҮЕҰ-ды атап кетуге болады. Тәуелсіз Қазақстандағы ҮЕҰ секторының құрылуына бұрынғы КСРО-да болған "Үкіметтік емес ұйымдардың" мына екі кезеңі себепші болды:
Тармақша 1
1) кеңестік кезең (1985 жылға дейін);
Тармақша 2
2) қайта құру кезеңі (1985-1991 жылдар). Үкіметтік емес сектордың дамуын талдай келіп, республикада үкіметтік емес ұйымдардың құрылуының төмендегідей кезеңдерін атап өтуге болады. Отандық және халықаралық сараптамашылардың мәлімдеуінше, республикада 80-жылдардың аяғынан 1994 жылға дейін 400-ден астам ҮЕҰ құрылған. Олар Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің қалыптасу кезеңімен және демократиялы қайта құру процесінің басталуымен байланысты негізінен құқық қорғау бағытында жұмыстанды. Екінші кезең бұл 1994-1997 жылдар, ҮЕҰ сапалық және сан жағынан дамуы. Осы кезең ішінде үкіметтік емес ұйымдар саны 400-ден 1600-ге жетті. Үшінші, сапа жағынан жаңа кезең болып саналатын, 1998 жылдан басталып қазірге дейін жалғасуда. Ол мемлекеттік ҮЕҰ-мен қарым-қатынас механизмінің іске асу мәселесінің нақтылануымен сипатталады. Сонымен бірге осы кезде үкіметтік емес сектор саяси жағдайға біркелкі ықпал ете алатын "күшті механизм" болып саналады. Жастардың, зейнеткерлер мен мүгедектердің, экологтар мен тұтынушылардың және тағы басқалардың мүддесін көрсете отырып, "азаматтық сектор" Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуына белсене араласуда. ҮЕҰ мемлекеттен тәуелсіз және мемлекетпен қарым-қатынас түрін айқындайтын осы заманғы әлеуметтік тұрғыдағы институттар болып табылады. ҮЕҰ мемлекеттік құрылымдар тарапынан да белсенді қолдау табуда. Мысалы, ҚР табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі көптеген экологиялық ҮЕҰ-мен қарым-қатынас орнатуға көмектесе, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі әлеуметтік әріптестік орталығын құрды, ал облыс әкімдіктері жергілікті жерлердегі ҮЕҰ-дың проблемаларын шешуге қолғабыс беруде және т.б. Мемлекеттік және үкіметтік емес саладағы қарым-қатынаста қол жеткен үлкен жетістіктердің бірі ол 2002 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан үкіметі қолдаған ҚР коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдарға мемлекеттік қолдаудың Тұжырымдамасы. Тұжырымдама Қазақстан Үкіметтік Емес Ұйымдардың Конфедерациясына (ҚҮЕҰК), ҮЕҰ-ға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) Ресурстар орталығы және Алматының бірқатар ірі ҮЕҰ-дың бастамасымен және олардың тығыз қарым-қатынасы арқылы ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігімен жасақталған болатын. Сондай-ақ "ҮЕҰ ақпарат орталығы" атты республикалық үкіметтік емес ұйымдарды қолдау орталығы құрылып, оның шеңберінде ҮКҰ-ға ақпараттық талдау, ұйымдастырушылық техникалық және насихаттық қолдау көрсетіледі. Егер біздің облыс бойынша ҮЕҰ-дың құрылу мен даму динамикасын алсақ, аймақтағы "үшінші сектор" саласындағы жағдайды бірқалыпты деп айтуға болады. Жергілікті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдар өзара қарым-қатынаста болып, жергілікті деңгейде мемлекет басшысының саясатын белсенді жүргізіп келеді. Қазіргі кезде облыстық Әділет департаментінде 300-ден аса ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктер тіркелген. Олар облыс тұрғындарының, әсіресе жастар мен әйелдердің экономикалық және іскерлік белсенділігін арттыру, жастар және гендерлік саясатын іске асыру, қоршаған орта мен экологияны қорғау, кедейлікпен, нашақорлықпен, түрлі аурулармен күрес, тұрғындардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салатын насихаттау және т.б. бойынша маңызды жұмыстар жүргізуде. Облыстағы ҮЕҰ бүгінде қалыптасу және даму сатысында тұр. Алайда үлкен тәжірибесі болмаса да, олар атқарушы билік органдары мен облыс халқына үлкен көмек көрсетіп, түрлі бағыттағы істерді игеріп жатыр. Облыстық мемлекеттік органдары мен "үшінші сектор", сонымен қатар республикалық және халықаралық ұйымдар мен қорлар арасындағы байланыстар нығая түсуде. Батыс Қазақстан облысында республика бойынша алғашқылардың бірі болып, ҮЕҰ-мен қарым-қатынас жасау үшін облыстық Кеңес құрылды. ҮЕҰ-мен қарым-қатынас бойынша облыстық Кеңестің басты міндеттері:
Тармақша 1
1) ҮЕҰ-мен қарым-қатынас бойынша аймақтық кешендік саясатты қалыптастыру үшін ұсыныстар мен басымдықтарды анықтау;
Тармақша 2
2) ҮЕҰ-ға кеңестік, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық қолдаудың кешенді жүйесін жасауға күш салу;
Тармақша 3
3) Жергілікті атқарушы органдардың ҮЕҰ-мен өзара қарым-қатынас жүйесін жетілдіру;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-дың және азаматтардың Кеңес құзіріне енетін проблемалaр бойынша ұсыныстарын қарау;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламалық құжаттарды әзірлеп, қарастыруға қатысу;
Тармақша 6
6) үкіметтік емес сектор проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге ықпал ету, облыстық ҮЕҰ ақпараттық базасын қалыптастыру;
Тармақша 7
7) ҮЕҰ жұмысын жан-жақты сипаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас орнату;
Тармақша 8
8) ҮЕҰ-ға қатысты БАҚ хабарлары мен азаматтардың өтініштерін қарастыру;
Тармақша 9
9) ҮЕҰ жұмысына арналған конференцияларға, семинарларға, өзге де жиындарға қатысу. Өткен 2003 жылдың 18 қыркүйегінде ҮЕҰ-мен қарым-қатынас бойынша Кеңестің бірінші отырысы өтті. Бас қосуда үшінші сектордың барлық құрылымдарымен қарым-қатынаста болу керектігі және маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекетке көмектесу қажеттігі атап өтілді. Тиімді де жоспарлы жұмыс үшін бұл кеңестік органның мүшелерін мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-дың қарым-қатынасының түрлі бағыттарына, яғни орта және шағын кәсіпкерлік, экология, білім, денсаулық сақтау және т.б. салаларға бөлу ұсынылды. Отырыс барысында мемлекеттік сатып алулар бойынша, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменттері директорларының ақпараттары тыңдалды. Кеңес отырысы нәтижесінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тауарларды, жұмыс пен қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастырушыларға ҮЕҰ-мен қарым-қатынасты қамтамасыз етуге, ашық конкурстар өткізген кезде оларды бақылаушы ретінде шығаруға және аудандық, қалалық деңгейде осындай Кеңестер құруға нұсқау берілді. Өткен жылдың 19 тамызында Орал қаласында ҮЕҰ-ның облыстық конференциясы өтті. Басқосуға мемлекеттік органдар жетекшілері, облыстық БАҚ өкілдері, ҮЕҰ өкілдері, "азаматтық секторды" қарайтын аудандық әкімдіктер мамандары және аудандық ҮЕҰ өкілдері шақырылды. Конференция барысында қатысушылар "Облыстағы азаматтық сектордың дамуы" атты көрмені тамашалап, "Батыс Қазақстан облысындағы ҮЕҰ рөлі" атты дөңгелек үстелге қатысты. Отырыста ҮЕҰ өкілдері арасынан біздің облыс атынан Азаматтық Форумның 10 делегаты сайланды. Өткен жылғы 15-16 қазанда Астанада мемлекеттік билік органдары мен ҮЕҰ арақатынасы нығайтуға арналған Азаматтық Форум өткен болатын Форумда сөз сөйлеген Елбасы еліміздегі "үшінші сектордың" маңызы мен осы шараның қажеттілігін атап көрсетті. Мемлекет пен ҮЕҰ диологы - Қазақстан Республикасын демократиялау мен егемендігінің басты тетігінің бірі. "Азаматтық сектор" өкілдерінің ұсыныстары тыңдалып, негізгі проблемалар мен оларды шешу әдістері талдалды. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, азаматтық қоғам құрылысында демократиялық мемлекет реформаларын өткізуде және қоғам мен мемлекет арақатынасын әлеуметтік реттеу функцияларын атқаруда, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауда ҮЕҰ-ға басты рөл бөлінгендігін айтпау мүмкін емес.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның мақсаты - Батыс Қазақстан облысындағы ҮЕҰ-ның азаматтық қоғам бөлігі ретінде тұрақты дамуына жағдай жасау, мемлекеттік билік органдары тұрғысынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешудегі олардың рөлін нығайту. Бағдарламаның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арақатынасы жүйесін жетілдіру;
Тармақша 2
2) азаматтық бастамалар өсу үшін жағдай жасау;
Тармақша 3
3) ҮЕҰ-мен қарым-қатынас мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлерді әзірлеу және біліктілігін көтеру жүйесін құру;
Тармақша 4
4) ҮЕҰ жұмысына тұрақты мониторинг және зерттеулер жүргізу.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізі бағыттары мен тетігі
5. Бағдарламаны іске асырудың негізі бағыттары мен тетігі Бағдарламаны іске асыру барысында келесідей негізгі бағыттар бойынша жүйелілік сақталуы тиіс: 1) облыс аудандарында азаматтық бастамаларды дамыту; 2) Орал қаласы мен аудандарда ҮЕҰ мен арақатынас орнататын органдар жасақтау; 3) үкіметтік емес сектормен жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру. Бағдарлама ҮЕҰ-ға мемлекеттік қолдауды іске асырудың тиімділігін көтеруге, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қарым-қатынасын одан әрі дамытуға бағытталған. Үкіметтік емес секторды, әсіресе ауылдың жерде дамыту, жергілікті билік органдарының ҮЕҰ-ды әлеуметтік мәселелерді шешуге тартуды әлеуметтік босатады, өзіндік көмекпен жұмысты қамтылуын ұйымдастырудағы халық бастамаларының өсуіне, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемінің өсуіне ықпал етеді. Аймақтағы азаматтық бастамаларды қолдау облыстағы жергілікті атқарушы органдардың ҮЕҰ-мен біріге отырып маңызды проблемалары бойынша үйретуші тренингілер, семинарлар, "дөңгелек үстелдер", конференцияларды өткізуге ықпал етеді сөзсіз. Облыстық әлеуметтік белсенділігін өсірудің маңызды шарты - қайырымдылық, ерікті, мәдени және өзге де акциялар өткізу. Облыс әкімі, аудан және Орал қаласы әкімі жанынан кеңестік-мәжілістік мәртебесі бар кеңестер мемлекеттік билік органдары мен үкіметтік емес сектордың қарым-қатынас жасауына тиімді жолдар іздеумен шұғылданады. Кеңестер қызметінің негізгі бағыттары: Мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар қарым-қатынасы аясын кеңейтіп, нығайту, жүйелік сипат беру, ортақ іс-шаралар координациясы мен оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерін жасау әлеуметтік-экономиялық мәселелерді шешуге бағытталған ортақ шаралардың кешенді бағдарламаларының жоспары, Қазақстанның мемлекеттілігін, қоғамдық процестерді демократияландыру нығайту өзара тиімді шешім табуды мақсат ете отырып қоғам дамуының өзекті мәселелерін бірлесе талқылау. Бұл бағыт мемлекеттік қызметкерлер үшін әртүрлі мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жүйесін дамытуға байланысты үйрету тренингтері, жүйелік семинарлар мен ұйымдар көрінісінде болмақ. Аудан және Орал қалалық әкімдігінің "үшінші секторға" жетекшілік ететін қызметкерлерін оқыту ҮЕҰ мен мемлекет арасындағы табысты қарым-қатынастар қамтамасыз ететін болды. Бағдарламаны іске асыру үшін 2004-2006 жылға арналған Батыс Қазақстан бойынша ҚР үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау Бағдарламасын іске асыруға байланысты іс-шаралар жоспары жасалынды (бұдан әрі - Жоспар). Онда жоспарланған шаралардың кезең-кезеңімен орындалуы қарастырылған. Жоспар Бағдарламаны орындау барысындағы мемлекеттік органдар қызметін бақылап, үйлестіруге мүмкіндігін туғызады. Бағдарламаны іске асыру механизмі органдар мен үкіметтік емес ұйымдар, сонымен қатар халықаралық ұйымдарымен бірігіп, белсенді қызмет істеуін қарастырды.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі көздері:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджет - 3850,0, соның ішінде: 2004 ж. - 2350,0 мың теңге; 2005 ж. - 700,0 мың теңге; 2006 ж. - 800,0 мың теңге. Халықаралық ұйымдардың, қоғамдық қорлардың, меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың, ҚР Заңнамаларымен тиым салынған қаржы көздерінің қаражатын техникалық және гранттық көмек ретінде қатыстыру көзделген.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Бағдарлама толық жүзеге асырылып, онда қаралған барлық шаралар қолданылғаннан кейін қоғамдық сектор мен мемлекеттік органдар арасындағы серіктік қарым-қатынастардың тиімді жүйесі, сонымен қатар республикамыздың азаматтық қоғамының тұрақты дамуы қамтамасыз етіледі. Бұл Бағдарламаның жүзеге асуы еліміздің үкіметтік емес секторының нақты ұйымдық-техникалық, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдауынан көрініс тауып, халықаралық ұйымдармен қайырымдылық қызмет істеуге жағдайлар туғызады.
Басқа 27. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары
Oблыстық мәслихат шешіміне қосымша 2004 жылғы 29 мамырдағы N 8-14 Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары N Іс-шаралар Аяқтау нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі Болжамды шығыстар Қаржыландыру көздері 1 2 3 4 5 6 7 Азаматтық ұсыныстарды дамыту 1. ҮЕҰ бірге әлеуметтік маңызы бар аумақтық мәселелер конференциясын, семинар, "дөңгелек үстел" өткізіп, республикалық аймақаралық тәжірибе алмасу семинарларына қатысу Облыс әкім аппаратына ақпарат, ҮЕҰ жұмысымен тәжірибе алмасу Ішкі саясат департаменті, облыстық мемлекеттік ұйымдармен және Орал қаласының, аудан әкімдерінің аппараты, ҮЕҰ 2004 ж. 300,0 мың теңге Облыстық бюджет Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі органдар құру 2 Облыс әкімі, Орал қаласы, аудан әкімдері жанынан ҮЕҰ ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік Кеңес құру Облыс әкімі, Орал қаласы және аудан әкімдігінің қаулылары Ішкі саясат департаменті, облыстық ҮЕҰ 3 квартал 2004 ж. Қарыжыландыру қажеті жоқ Үкіметтік емес секторлармен өзара іс-қимыл жөніндегі сұрақтары бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, дайындау 3 Үкіметтік емес секторлармен өзара іс-қимыл жөніндегі сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар қызметкерлеріне аумақтық семинарлар ұйымдастыру Облыс әкіміне хабар Ішкі саясат департаменті, аудан әкімдерінің аппараты мен облысты ҮЕҰ 2004 ж 100,0 мың теңге Облыстық бюджет 4 Үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне арналған әдейі роликтер құру, көрсету Облыс әкіміне хабар Ішкі саясат департаменті, Батыс Қазақстан филиалының "Қазақстан телерадио Республикалық корпорациясы" 2004 ж. 3 квартал 200,0 мың теңге Облыстық бюджет 5 Облыс аудандарында аймақтық бағдарламаны іске асыру ("үшінші сектор" уәкілдеріне жылжымалы "дөңгелек үстелдер", конференция, семинарлар ұйымдастыру) Облыс әкіміне ақпарат Ішкі саясат департаменті, аудан әкімдерінің аппараты 2004 ж. 4 квартал 50,0 мың теңге Облыстық бюджет 6 ҮЕҰ мемлекеттік құрылымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі әдістемелік құралдар, ақпарат материалдарын басу Облыс әкіміне ақпарат Ішкі саясат департаменті, үкіметтік емес ұйымдар 2004 ж. 4 квартал 350,0 мың теңге Облыстық бюджет 7 ҮЕҰ арасында ең үздік әлеуметтік жоба конкурсын ұйымдастыру Облыс әкімінің орынбасарына ақпарат Ішкі саясат департаменті, үкіметтік емес ұйымдар 2004 ж. 4 квартал 1500,0 мың теңге Облыстық бюджет 8 ҮЕҰ облыс басшыларымен, қоғамдық саяси партия және қозғалыс өкілдерімен кездестірулер ұйымдастыру Облыс әкімінің орынбасарына ақпарат Ішкі саясат департаменті, үкіметтік емес ұйымдар Бағдарламаны іске асыру мерзімінде Қарыжыландырудың қажеті жоқ 9 Жалпыға құқықтық білім беру көлемінде ҮЕҰ жастармен кездесулер, лекциялар, сұхбат ұйымдастыру Облыс әкімінің орынбасарына ақпарат Ішкі саясат департаменті, облыстық Әділет басқармасы мен облыстық үкіметтік емес ұйымдар Бағдарламаны іске асыру мерзімінде Қарыжыландырудың қажеті жоқ Барлығы: 2500,0 мың теңге Ескерту: Іс шаралардың қаржыландыру көлемі қаржыландыратын жылға сәйкес облыстық бюджеттің құрылып және өзгеруіне қарай анықталады. ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар.