О плане мероприятий по воспроизводству лесов, лесоразведению, охране и защите лесов на землях государственного лесного фонда на 2004-2006 годы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды ұдайы өндіру, орман өсіру, күзету және қорғау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 15-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы №542 «2004-2006 жылдарға арналған «Қазақстан ормандары» бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысын орындау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды ұдайы өндіру, орман өсіру, күзету және қорғау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы - облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:
Тармақша 1
1) орманды ұдайы өндіру, орман өсіру, күзету және қорғау жөніндегі жоғарыда көрсетілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды ұдайы өндіру, орман өсіру, күзету және қорғау жөніндегі барлық кешенді жұмыстарды орындау үшін алдағы жылдарға қажетті қаржы көлемін бюджеттік комиссияның қарауына енгізсін.
Тармақ 3
3. Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша) 2005-2006 жылы облыс аумағында орманды орналастыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 мамырдағы №а-5/116 «Орманды ұдайы өндіру, орман өсіру, күзету және қорғау жөніндегі жұмыстардың көлемін көбейту туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Басқа 9
Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 12.08 № а-8/193 «Мемлекеттік орман қоры жерлерінде ормандарды ұдайы өндіру орманды өсіру, күзету және қорғау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» қаулысымен бекітілді Мемлекеттік орман қоры жерлерінде ормандарды ұдайы өндіру орманды өсіру, күзету және қорғау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар Аяталу түрі Орындалуына жауаптылар Орындалу мерзімі Жобаланған шығын мың т. Қаржыландыру көзі 1 2 3 4 5 6 7 1. Ормандарды өрттен сақтау және күзету 1. Минералдандырылған жолақ салу және оған күтім жасау Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл сайын сәуір-қазан 2004 ж. – 14331 2005 ж. – 6664 2006 ж. - 7035 Жергілікті бюджет 2. Өрт қауіпі күшті кезеңге уақытша күзетшілер, радисттер, өрт сөндіру-химиялық станцияларына қызмет көрсету үшін өрт сөндіруші жауынгерлер қабылдау Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы өрт қаупі бар кезең бойы 2004 ж. – 7965 2005 ж. – 8776 2006 ж. – 9145 Жергілікті бюджет 3. Орман иелері ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес өрт қаупін азайту үшін орман қоры аумағындағы және оның маңайындағы жоспарлы от жағулардан өзге барлық санаттағы жерлерде шөп өсімдіктерін жағуға тыйым салынсын. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл сайын сәуір-қазан Шығынсыз 4. Орман өрттерінің барлық оқиғалары бойынша себептерін анықтау жөніндегі тергеулер жүргізу және кінәлілер анықталса оларды қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жауапқа тарту Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Өрт қаупі күшті кезең бойы Шығынсыз 5. Өрт қаупі күшті кезеңде мемлекеттік орман қоры аумағына жеке тұлғалардың, көліктердің баруын, сонымен қатар белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізулерін шектеу Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл сайын 1 маусымға дейін Шығынсыз 6. Халықтың арасында өрт қауіпсіздігі тақырыбына түсінік-профилактикалық жұмыстарын жүргізуді жандандыру (лекциялар, баяндамалар оқуды, теледидар, радио арқылы хабарлар ұйымдастыру) Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Өрт қаупі күшті кезең бойы Шығынсыз 7. Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің жер үстіндегі патрулінің маршруттарын әзірлеу Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл сайын наурыз Шығынсыз БАРЛЫҒЫ: 2004 ж. -45296 2005 ж. -15440 2006 ж. -16180 2. Арнайы техникалар сатып алу (активтер сатып алу) 8. Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерін техникалық жабдықтауды жақсарту мақсаттарында жыл сайын арнай техникаларды жаңартып отыруға жағдай жасалсын Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл бойы 2004 ж. -77254 2005 ж. -35000 2006 ж. -38100 Жергілікті бюджет 3. Орманды ұдайы өндіру және орман өсіру 9. Мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш отырғызу жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізуді қамтамасыз ету Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл сайын 10 маусымға дейін 2004 ж.-2496 2005 ж.-5832 2006 ж -6304 Жергілікті бюджет 10. Ағашы кесілген және жанып кеткен ормандарда табиғи өсімді қолдау іс-шараларын жүргізу Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл сайын сәуір-қазан 2004 ж.-551 2005 ж. -679 2006 ж. -735 Жергілікті бюджет 11. Орман ағаштарының өсуі мен дамуына қолайлы жағдай жасау үшін орман ағаштарына күтім жасау Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл сайын мамыр-қыркүйек 2004 ж.-607 2005 ж.-1648 2004 ж -1780 Жергілікті бюджет 12. Орман ағаштарын толықтырып отыру Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл сайын 10 маусымға дейін 2004 ж.- 911 2005 ж.-1123 2006 ж-1250 Жергілікті бюджет 13. Орман питомниктерінде стандартқа сай көшет материалдарын өсіруді қамтамсыз ету. Соның ішінде: облыс елді-мекендерін көгалдандыру үшін питомниктерде ағаш-бұта және декоративтік өсімдіктер өсіруге арналған мектеп бөлімдерін салу Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл сайын вегитациялық кезеңде 2004 ж.-7848 2005 ж.-8699 2006 ж -8973 2005 ж.-4079 2006 ж -4525 Жергілікті бюджет 14. Жыл сайын орманды қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін орман тұқымдарын дайындау жұмыстарын жүргізу Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл сайын 2004 ж.-1867 2005 ж.-2259 2006 ж-2218 Жергілікті бюджет БАРЛЫҒЫ: 2004 ж – 14280 2005 ж. – 20240 2006 ж – 21260 4. Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру 15. Орман күзетуді қаржыландыру Облыс әкімінің аппаратына ақпарат Облыстық орман және аңшылық шаруашылық басқармасы Жыл сайын 2004 ж.-119181 2005 ж.-190512 2006 ж-225609 Жергілікті бюджет БАРЛЫҒЫ: 2004 ж – 233011 2005 ж. – 261192 2006 ж - 301149