Облыстағы 2004-2006 жылдарға арналған
туберкулезге қарсы күресті күшейту
бағдарламасын бекіту туралы
"Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 289 Қаулысына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Облыстағы 2004-2006 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күресті күшейту бағдарламасы бекітілсін.
Облыстағы 2004-2006 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күресті күшейту бағдарламасын бекіту туралы от 26.03.2004 г. № 54 (Облыстағы 2004-2006 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күресті күшейту бағдарламасын бекіту туралы)
Облыстық Мәслихаттың
2004 жылғы 26 наурыздағы
VI сессиясының N 54 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
ОБЛЫСТАҒЫ 2004-2006 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮШЕЙТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Бағдарлама паспорты
Атауы: Облыстағы 2004-2006 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күресті күшейту бағдарламасы
Бағдарлама негізі: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсартудың бірінші кезектегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығы "Қазақстан Республикасы халқын туберкулезден қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 қаулысы "2003-2005" жылдарға арналған "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын орындауға байланысты іс жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 289 қаулысы
Бағдарламаны дайындаушылар: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, "Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері" мемлекеттік мекемесі
Мақсаты: Облыста туберкулездің індеттік ахуалын тұрақтандыру
Бағдарламаның жауапты орындаушысы: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Бағдарламаның үйлестірушісі: Облыстық әкімият жанындағы туберкулезге қарсы күресті үйлестіру кеңесі
Қаржы көздері: Облыстық, аудандық және Қызылорда қалалық бюджеттер, республикалық орталықтандырылған және басқа да тартылатын қорлар есебінен
Күтілетін нәтижелер: Туберкулез бойынша аурушаңдықты, мүгедектікті, өлім-жітімді төмендету, туберкулездің асқынған түрін, жұғатын түрлерін азайту, туберкулез ошағындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы бақылаулы ем жүргізуді жақсарту
Орындау мерзімі: 2004-2006 жылдар
2. КІРІСПЕ
Туберкулез дүниежүзі халықтары денсаулығына төнген әлемдік қатер. Қызылорда облысы туберкулез індеттік сипат алған аймаққа жатады. Туберкулезге қарсы күрес шаралары өзара байланысты үш бағытта: әлеуметтік, экономикалық және денсаулық сақтау саласы бойынша жүруде. Денсаулық сақтау саласына қатысты мәселе туберкулез ауруының диагнозын уақытылы анықтау және емдеу, оның таралуын тежеу үшін туберкулезге қарсы күрес бағдарламасын дайындауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсартудың бірінші кезектегі шаралары туралы" N 3956 Жарлығына сәйкес облыстағы туберкулезге қарсы күрес саласына 1999 жылдан бастап Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы ұсынған туберкулезге қарсы күрестің ДОТС стратегиясы енгізілді.
Туберкулез мәселесіне жергілікті билік органдарының бетбұрыс жасауы, сонымен қатар өтпелі кезеңнің экономикалық ерекшеліктері, экология әсерлері ескеріле отырып, осы өңірге бейімделген "Туберкулезге қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы" жасалды.
Облыс, қала, аудандарда әкімияттар жанынан туберкулезге қарсы күресті үйлестіру кеңестері жұмыс істейді.
Облыста туберкулездің індеттік ахуалын тұрақтандыруға бағытталған шешуші шаралар іске асырылды. 8 туберкулезге қарсы күрес мекемелері, 100 төсек-орындық балалар санаториясы, 80 төсек-орындық "Шалхия" ересектер санаториясы, 600 орындық 2 мектеп-интернат, 1020 орындық санаториялық 13 бала-бақша жұмыс істейді.
Туберкулезге қарсы күрес мекемелерінің материалдық-техникалық базалары кеңейтіліп нығайтылды, туберкулезге арналған төсек-орын саны 1095-тен 1135-ке артты. Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің төсек-орын саны 170, оның ішінде 30 төсек-орындық туберкулездің жұқпалы түрімен ауырып, емделмей жүрген науқастарды мәжбүрлеп емдеу бөлімі бар. Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері жанынан 40 төсек-орындық мультирезистентті туберкулезді емдеу бөлімі ашылды.
Қызылорда қаласында 4 санаториялық жобадағы 290 орындық бала-бақша, Арал қаласында 200 орындық санаторлық мектеп-интернат іске қосылды. Арал (100 төсек-орындық), Қармақшы (60), Сырдария (50) аудандарында жаңа үлгідегі туберкулез ауруханалары салынуда. Қызылорда қаласында 80 төсек-орындық жасөспірімдер санаториясының сметалық-құрылыс жобасы дайындалып, құрылысшыларға ұсынылды.
Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде науқастарды тексерудің және емдеудің сапасын жақсарту мақсатында заман талабына сай медициналық озық технологиялары қолданылып, диагностикалық және емдік фибробронхоскопиялық тексеру, УЗИ-диагностикасы, жылжымалы КРФ-112 "Флюкар" компьютерлік орталығы және биохимиялық "Автолаб" автоматты анализаторы, биологиялық қауіпсіздік шкафымен жабдықталған орталықтандырылған клиникалық-биохимиялық, полимеразды-тізбекті реакция (ПЦР) зертханалары жұмыс жасауда.
Облыста 9 бактериологиялық, 29 баскопиялық зертханалар ұйымдастырылып, бинокулярлы микроскоптармен жабдықталды. Туберкулез микобактериясының дәрілерге сезімталдығы зерттеліп, мультирезистентті түрлері анықталуда.
2002 жылдың қазан айынан "ДОТС+" бағдарламасы ендіріліп, 106 науқас емделіп шықты.
Клиникалық 2-ші диспансерлік топқа көшіру 39,0%-дан (2000 ж.) 48,1%-а (2002 ж.) 49,0% (2003 ж.) артты.
Жалпы емдеу мекемелерінде емді жалғастыру кезеңінде бақылаулы ем жүргізетін 95 емдеу бекеттері ұйымдастырылған, фельдшер-химизаторлармен толық қамтылған.
Стандартты, бақылаулы ем жүргізу жоғары нәтиже көрсетті. Аурулардың алғаш анықталуы, тіркелген науқастарды ауруханаға жатқызып емдеу көрсеткіші 97,0% жетіп, жұқпалы түрімен тіркелген науқастардың айығу көрсеткіші 85,6% болды.
Облыстың барлық туберкулезге қарсы күрес мекемелерінде туберкулездің жұқпалы түрлерін, алғашқы және созылмалы түрлерін жеке бөлектеп емдеу іске асты.
2003 жылы туберкулезге алдын ала тексеру шараларының көлемі артты. Халықты туберкулезге тексеру бойынша 423509 адам қамтылды (2001 жылы - 325311, 2002 жылы - 393419 адам), ересектердің флюро- байқауы - 64,5%(2002 - 55,0%) болды.
2003 жылы балалардың Манту сынағы қамтылуы 76,7% (салыстырмалы 2001 жылы - 57,4%, 2002 жылы - 78,7%).
Соңғы 3 жылда облыс тұрғындары арасында санитарлық-ағарту жұмыстары едәуір жанданды. Санитарлық насихаттың жаңа түрлері енгізілді, радио арқылы санитарлық хабарлар тарату, қоғамдық және діни ұйымдар қатыстырыла отырып туберкулезге қарсы акциялар, журналистерге арналып халықаралық семинарлар ұйымдастырылды.
"Арал теңізі" бағдарламасы бойынша Америка Қызыл Крест қоғамының ұйымдастыруымен 1999-2003 жылдары туберкулез науқастарына 401 млн.теңгенің азық-түліктері (ұн, күріш, өсімдік майы) таратылды.
Жыл сайын бюджеттен қаржыландыру тұрақты өсуде (2000 жылы - 311537 мың теңге, 2001 жылы - 326810,0 мың теңге, 2002 жылы - 397718 мың теңге, 2003 жылы - 498849,0 мың теңге).
Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде халықаралық оқу орталығы ұйымдастырылып, тұрақты оқу курсында әртүрлі әдістемелік оқулар жүргізіледі. 3 жылда туберкулезге қарсы күрес мекемелерінен 992, жалпы емдеу мекемелерінен 1384, барлығы 2376 маман оқуға тартылды. Халықаралық семинарлар, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты мамандарының көшпелі циклы, Қызылорда медициналық колледжімен бірлескен курстар ұйымдастырылды. Облыс мамандары халықаралық, Алматы, Астана, Мәскеу, Санкт-Петербург, Каир, Варшавада ұйымдастырылған семинарларға қатысты.
Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігерлері туберкулез мәселелерінің Ұлттық Орталығы, Project HOPE және облыстық індетке қарсы күрес стансасы мамандарымен бірлесіп, облыс бойынша 189 инспекторлық бақылау жүргізді. Облыстық ішкі істер басқармасымен бірлесе отырып еңбекпен түзеу орындарының медициналық мекемелерінде семинарлар өткізілді, мониторинг бақылау жасау реттелді. Туберкулездің негізгі індеттік көрсеткіштерінің тежелу қарқыны төмен. Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған тұрғындар туберкулезге шалдығуға бейім күйінде қалуда.
Туберкулездің дәріге төзімді түрінің өсуі бағыт алуда.
Жасөспірімдер арасында індеттік жағдай тұрақсыз күйде қалыптасқан. Жалпы емдеу мекемелерінің жұмысы жеткіліксіз күйінде қалуда, тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік көмек қажет, туберкулездің созылмалы, жұқпалы түрлерімен ауыратын науқастарға жеке пәтер бөлінуі, туберкулез ошағынан балаларды оқшаулау, туберкулез мекемелері мен жалпы емдеу мекемелері мамандарын туберкулездің алдын алуға оқыту мәселелері тұр.
3. Туберкулездің індеттік ахуалын талдау
Соңғы екі жылда облыс көлемінде туберкулездің індеттік көрсеткіштерінің тұрақтануы байқалады. Туберкулезбен аурушаңдық 2000 жылы 100 мың адамға шаққанда 303,8-ден 2002 жылы - 289,0-ға, 2003 жылы - 278,1-ге, сырқаттылық 731,0-ден (2001 жылы) 663,9-ға (2002 жылы), 653,0-ке (2003 жылы), өлім-жітім 38,9-дан (2000 жылы) 26,4-ке (2002 жылы), 25,2-ге (2003 жылы) төмендеген, ал аурушаңдық Қызылорда қаласында - 335,0 (2003 жылы), 372,6 (2002 жылы).(2000 жылы - 288,7), Арал ауданында - 328,4 (2003 жылы) 359,7 (2002 жылы) өлім-жітім Қызылордада 33,0 (2001 жылы - 36,6, 2002 жылы - 41,6) төмендегенімен жоғары деңгейде қалуда.
Жасөспірімдердің туберкулезбен аурушаңдығы 100 мың адамға шаққанда 330,5-тен 265,8-ге төмендеген. Дегенмен Жалағаш ауданында 271,0, Сырдария ауданында 249,4 болып өскен.
Балалар арасында туберкулезбен аурушаңдық 65,9-дан (2002 жылы) 56,3-ке (2003 жылы) төмендеген. Балалар аурушаңдығы Арал ауданында 86,0, Қызылорда қаласында 73,0 болып жоғары деңгейде.
Туберкулезге шалдыққан науқастар негізінен әлеуметтік тұрмыс жағдайлары төмен отбасыларынан, олардың 70,1% жұмыссыз. Қызылорда қаласындағы науқастардың 59-61% тұрақты жұмыс орындары жоқ. 11-12% зейнеткерлер.
Мүгедектер үлесі жоғары, 100 мың жұмыскерге шаққанда, мүгедектікке шығу көрсеткіші 41,9 (2001 жылы - 51,4%).
Жұқпалы науқастардың емделу нәтижелілігі 2002 жылы 85,0% (2001 жылы - 85,5%).
4. Бағдарлама міндеттері
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
туберкулезге қарсы күрес облыс және аудандар деңгейінде мемлекеттік қолдау көрсетілуі;
туберкулез науқастарын емдеудің барлық кезеңінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек беру мекемелері мектеп медбикелерінің қатысуымен бақылаулы ем жүргізуді ұйымдастыру; туберкулезге қарсы күрес диспансері мен алғашқы дәрігерлік санитарлық көмек беру және басқа алдын алу мекемелерінің өзара байланысын нығайта түсу;
компьютерлік "Ұлттық регистр" бағдарламасы негізінде туберкулезбен ауырған науқастарды анықтаудың, емдеудің және бақылаудың нәтижелілігіне мониторинг жүргізу;
жалпы емдеу мекемелері медициналық қызметкерлерін және тұрғындарды туберкулездің алдын алуға оқытуды ұйымдастыру;
туберкулезге қарсы күрес мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту, жаңа құрылымдар құру, балалар туберкулезі мекемелерін ұйымдастыру;
туберкулез науқастарына әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыспен қамту, пәтер бөлу, отандық және шетелдік қайырымдылық көмегін тарту;
туберкулездің мультирезистентті түрімен аурушаңдықты және өлім-жітімді азайту мақсатында жаңа ДОТС+ бағдарламасын жетілдіре түсу;
туберкулездің созылмалы және мультирезистентті түрімен ауырған науқастардың бірыңғай мәліметтер қорын жасау.
5. Бағдарламаны орындаудың негізгі бағыттары
мен орындау тетігі
Бағдарламаны орындаудың басты бағыттары:
жалпы емдеу мекемелерінде ДОТС стратегиясын қолдану аясын әрі қарай кеңейте түсу, туберкулез науқасымен алғаш ауырып тіркелгендер мен қайталап ауырғандарды, емдеуді сәтсіз аяқтаған және бұрын емделмеген, аурудың созылмалы түрімен ауырғандарды емдеуді толық химиотерапиялық курсы аяқталғанша бақылаулы ем жүргізумен қамтамасыз ету;
ішкі істер басқармасына қарасты еңбекпен түзеу орындарымен туберкулезге қарсы мекемелерінің туберкулез науқасын емдеу, бақылау барысында сабақтастықты арттыру;
құрылған осы замандық ақпараттық қызметті жетілдіру, компьютерлік технологияны аудан орталықтарына енгізуді жалғастыру, алғаш ауырған науқастардың тіркелуіне талдауды одан әрі жақсарту, мониторинг бақылауды жетілдіру, емнің нәтижелілігін бақылау, дәріге төзімді туберкулез түрлерімен ауыратын науқастарды бақылау;
барлық туберкулезге қарсы күрес мекемелері мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек беру мекемелеріне орталықтандырылған дәрі-дәрмек сатып алуды, дәрілердің бір жылдық қорын жасауды, қолда бар дәрілерді тиімді пайдалануды және пайдалануға қатаң бақылау орнатуды ұйымдастыру;
туберкулездің мультирезистентті түрін емдеу үшін науқастарды резервті дәрілермен қамтамасыз ету;
туберкулезге қарсы күрес мекемелерін рентген, флюоротаспалармен, химиялық реактивтермен, жабдықтармен қамтамасыз ету;
облыстық индикативтік даму жоспары бойынша санаторлық жобадағы мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде және санаторлық жобадағы мектеп интернаттарда туберкулез ошағындағы балаларды сауықтыруды толық қамтамасыз ету;
туберкулездің БК+ ошағына санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту, олармен қарым-қатынастан ауырғандарға талдау жасау;
бейімді топ, декретті контингент пен тоқырауға ұшыраған елді мекендердің халқын толық флюорографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету;
тұрғындар арасында туберкулездің алдын-алу мақсатында санитарлық-ағарту, насихат жұмыстарын жүргізуде бұқаралық-ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану;
туберкулез ошағында жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілу барысын жақсарту мақсатында облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының және жалпы емдеу мекеме мамандарымен бірлесіп бақылауды күшейту;
туберкулездің жұқпалы түрімен ауырып, емделмей жүрген науқастарды мәжбүрлеп емдеу үшін ішкі істер басқармасы мекемелерімен және сот орындарымен бірлесе кеңінен жұмыс жүргізу;
Облыстағы 2004-2006 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күресті күшейту бағытында жасалған аймақтық бағдарламаны орындау тұрақты мониторинг және туберкулездің алдын алу жұмыстарына баға беру мақсатында іздену жұмыстарын жүргізуді, бағдарламада қойылған басты міндеттерді шешудің тиімді жолдарын іздену қажет етеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы - "Аймақтық бағдарламаның" жауапты орындаушысы, осы бағдарламада көрсетілген міндеттерді, жұмыстарды орындау үшін облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерімен бірігіп зерттеу жүргізеді, облыстық туберкулезге қарсы күресті үйлестіру кеңесіне және облыстық төтенше індетке қарсы күрес комиссиясына материалдар дайындап, ұсынады. Осы аймақтық бағдарламаға сәйкес аудандық және қалалық туберкулезге қарсы күресті күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы дайындалып, нақтыланған жұмыс жоспары болу керек. Аудан әкімдері және Қызылорда қаласының әкімі тоқсан сайын әр тоқсанның соңғы айының 25 күні осы аймақтық бағдарламаның орындалу барысы туралы мәлімет береді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тоқсан сайын облыс көлемінде осы аймақтық бағдарламаның орындалу барысы туралы облыс әкімі аппаратына, жылына екі рет облыстық мәслихатқа есеп береді.
6. Қажетті қаржы көздері
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаны орындауға негізгі қаржы көздері:
республикалық бюджет қаржысы;
жергілікті (облыстық, аудандық және Қызылорда қалалық) бюджет қаржысы;
Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келмейтін басқа да қаржы көздері.
7. Бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
Дайындалған туберкулезге қарсы күрес кешенді іске асыру нәтижесінде:
2005 жылы туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіштері тұрақтанады және әрі қарай таралуы, мүгедектік, өлім-жітім азаяды;
балаларға бақылаулы ем жүргізу жақсарады, балалар мен жасөспірімдер арасындағы аурушаңдықты төмендетеді;
туберкулездің асқынған түрімен ауыратындар азаяды;
емдеу нәтижелілігі артады (өкпе ойығы жабылуы, абацилендіру), қайталап ауыру үлесі кемиді;
туберкулез ошағынан ауырған науқастардың аурушаңдығы азаяды.
Облыстағы 2004-2006 жылдарға арналған туберкулезге қарсы
күресті күшейту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары
Р/с
Іс-шара-
лар
атаулары
Аяқ
тау
ныса
ны
Орын
дауға
жауап
тылар
Орын
далу
мер
зімі
Болжамды шығыстар
Қаржылан-дыру
көзі
бар
лы
ғы
2004
2005
2006
1. Туберкулезге қарсы күрестің ұйымдық-құқықтық
шаралары
1
Қазақстан
Үкіметінің
2003
жылғы 21
наурыздағы
N 289
"Халық
денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2003 жылғы 25 тамыздағы N 593 "Облыста 2003-2006 жылдарға туберкулезге қарсы күрес шараларын күшейту бағдарламасының іс жоспарын бекіту" туралы облыс әкімияты қаулысын жүзеге асыру
Облыс
ық
мәсли
хат
шеші
мі
Облыстық денсау
лық сақтау басқармасы (ОДСБ)
2004-2006 жыл
дар
-
-
-
-
2
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 28 ақпан 2003 жылғы N 174 "Ұлттық регистрді енгізу" бұйрығына сәйкес облыс көлеміндегі туберкулезге қарсы күрес мекемелерінде ұлттық регистрді енгізу (жаңа үлгідегі компьютермен жабдықтау)
Ақпарат
Аудан және Қызылор
да қаласы әкімдері, Облыстық сақтау басқармасы
2005 жыл
1680,0
1680,0
-
-
Аудандық
және қалалық мәслихаттар бекіткен бюджет көлемінде
3
Облыс бойынша туберкулездің мультирезистент-ті түрін емдеу үшін ДОТС+ бағдарламасын әрі қарай дамыту
Ақпарат
Облыстық денсау
лық сақтау басқармасы
2004-2006 жыл
дар
-
-
-
-
Қосымша қаржы көзін қажет етпейді
4
Туберкулездің емдеуге жарамайтын мультирезистент-ті БК+ түрімен ауыратын науқастарды оқшаулау мақсатында арнайы емдеу орын ашу жөнінде мәселе қою
Шешім
Облыстық әкімият
2004-2006 жыл
дар
-
-
-
-
5
Қазақстан Республикасының "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауырған науқастарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Заңын орындау туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 18 мамырдағы N 79 қарарына сәйкес туберкулездің жұқпалы түрімен ауырып, емнен жалтаратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу үшін ішкі істер басқармасы мекемелерімен, сот орындарымен кеңінен жұмыс жүргізу
Ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, әділет басқармасы (келісім бойынша) облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша)
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Қосымша қаржы көзін қажет етпейді
6
1)
Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде:
Туберкулездің асқынған ауыр түрлерін емдеуге детоксикациялық бөлімше ашу, плазмаферез емдерін енгізу;
Бұйрық
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004 жыл
Бекітілген штат кестесі көлемінде
Бекітілген бюджет көлемінде
2)
Туберкулез және ЖҚТБ инфекциясымен (Вич) қатар сырқаттанған науқастарды бөлектеп емдеу мақсатында арнайы типтегі бокстелген бөлме ашуды жоспарлап жабдықтауды қарастыру
Бұйрық
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005 жыл
-
-
-
-
Бекітілген бюджет көлемінде
3)
Туберкулез науқастарына диспансерлік бақылауды жүргізу мақсатында диспансерлік бөлімше ашу
Бұйрық
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005
жыл
1552,0
-
1552,0
-
Облыстық бюджет
4)
Аса ауыр науқастарды емдеу үшін өкпе хирургия бөлімі жанынан 3 төсектік реанимация бөлімшесін ашу
Бұйрық
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005 жыл І тоқсан
2994,0
-
2994,0
-
Облыстық бюджет
5)
Жанама мирофлора құрамын анықтауға арнайы зертхана ашу және жабдықтау
Бұйрық
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004 жыл
1000,0
1000,0
-
-
Бекітілген бюджет шеңберінде
6)
Туберкулезді флюорографиялық әдіспен тексеру жұмыстарын жақсарту мақсатында флюорографиялық орталық ашу және жабдықтау
Бұй
рық
Облыстық денсау
лық сақтау басқармасы
2005 жыл
776,0
-
776,0
-
Облыстық бюджет
7)
Балалар арасында туберкулез науқасын фибробронхоско-
пиялық әдіспен анықтау және емдеу бөлмесін ашу
Бұйрық
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005 жыл
-
Бекітіл-ген бюджет шеңберін-де
-
-
Облыстық бюджет
8)
Туберкулез науқастарының иммундық жағдайын анықтау мақсатында иммунологиялық зертхана ашу
Бұйрық
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005 жыл
Бекітілген бюджет шеңберінде
2.Кадрлар біліктілі
гін арттыру
7
ҚР Туберкулез мәселелері жөніндегі Ұлттық Орталық, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мекемелерінің (Проект ХОУП) мамандарының қатысуымен жалпы емдеу және індетке қарсы күрес мекемелері дәрігерлерін оқыту бағдарламасын жүзеге асыру
Жоспар
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Бекітілген бюджет шеңберінде
8
Ұлттық бағдарламаны іске асыру мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек беру және туберкулезге қарсы күрес мекемелері мамандарын облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің білім көтеру орталығында оқыту
Жоспар
Аудан әкімдері және қала әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
2500,0
565,0
885,0
1050,0
Облыстық, ақпараттық технология-лар және кадрлардың біліктілігін арттыру институты-ның смета шығысы көлемінде
9
Емханаларды, клиникалық-диаг-ностикалық емханаларды бекітілген штаттық норматив бойынша рентгенолог дәрігерлермен толықтырып, оларды оқыту
Ақпа-
рат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Қосымша қаржы көзін қажет етпейді
10
Фтизиохирург мамандарын Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтына біліктілігін арттыруға жіберу
Бұй
рық
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005-2006 жылдар
840,0
-
420,0
420,0
Мемлекет-тік мекеме-лердің кадр-
лар біліктілі
гін арттыру және қайта даярлау бағдарламасы бойынша бекітілген шығыстар көлемінде
3.Материалды-
техникалық базаларды нығайту шаралары
11
Медициналық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету:
Ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық құрал жабдықтарды орталықтардырылып сатып алу шығындары есебінен
Облыстық бюджет
1)
Аудан көлеміндегі жалпы емдеу және туберкулезге қарсы күрес мекемелерін жоғарғы дәрежедегі мүмкіндігі бар микроскоппен қамтамасыз ету: Аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерлері бойынша: (Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған, Қармақшы, Шиелі) Жалпы емдеу мекемелері бойынша: (Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария)
Ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
1593,0
-
1593,0
-
Облыстық бюджет
2)
Туберкулезді ерте анықтау мақсатында жалпы емдеу және аудандық туберкулезге қарсы күрес мекемелерін жылжымалы флюороқондырғы-
мен қамтамасыз ету: (Шиелі, Жалағаш, Арал)
Облыс әкімия-тының қаулы-сы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005-2006 жыл
дар
45000,0
-
30000,0
15000,0
Облыстық бюджет
3)
Облыстық және қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне туберкулез науқасын фибробронхоскопиялық және УЗИ әдістерімен анықтау және емдеу мақсатында: Фибробронхоскоп (2) Фиброгастроскоп (2)
УЗИ аппараттарымен (2) жабдықтау
Бұйрық
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жыл
дар
9000,0
1050,0
3450,0
3450,0
Облыстық бюджет
4)
Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде:
-"гипербаричес-
кая оксигенация" емін жүргізу үшін барокамерамен жабдықтау
- ИФА зертханасын медициналық құралдармен жабдықтау
Ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005-2006 жылдар
18000,0
1350,0
-
-
1350,0
18000,0
Облыстық бюджет
12
Облыс көлемінде туберкулезге қарсы күрес мекемелерін жұмсақ төсек-орын жабдықтарымен нормативке сәйкестендіру-ді қамтамасыз ету, оның ішінде:
- Қала және аудандар көлемінде
- Облыстық тубдиспансер, "Шалхия" шипажайы, балалар туб.санаториясы
Ақпарат
Аудан және Қызылор
да қаласы әкімдері, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
7953,0 2052,0
2965,0
1142,0
-
-
3161,0 1026,0
1283,0
3650,0 1026,0
1283,0
Аудандық Қызылорда қалалық мәслихаты бекіткен бюджет шегінде
Облыстық бюджет
13
Облыс көлеміндегі туберкулезге қарсы күрес диспансерле-рінде науқастардың аурухана жағдайында емделу кезінде патогенетика-лық және сим-птоматикалық еммен толығы-мен қамту:
- Қала және ау-дандар көле-мінде
- Облыстық тубдиспансер,
"Шалхия шипажайы",
Балалар туб.санатория-сы
Ақпа-
рат
Аудан және Қызылор
да қаласы әкім
дері, Облыстық денсау
лық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
172316,0 15694,0
16623,0
54733,0 4985,0
5280,0
57470,0 5234,0
5544,0
60113,0 5475,0
5799,0
Аудан
дық Қызы-
лорда қала-
лық мәслихаты бекіт
кен бюд
жет шегінде
Облыстық бюджет
14
Науқастардың аурухана жағдайында емделу кезінде тамақтануды нормативке сәйкестендіру-ді қамтамасыз ету, оның ішінде:
- Қала және аудандар көлемінде
- Облыстық тубдиспансер, "Шалхия" шипажайы, Балалар туб.санаториясы
Ақпарат
Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
131404,0 31532,0
27561,0
31645,0 6900,0
7855,0
48758,0 12039,0
9631,0
51001,0 12593,0
10074,0
Аудан
дық Қызы-
лорда қала-
лық мәсли
хаттар бекіткен бюджет шегінде
Облыстық бюджет
15
1)
Туберкулезге қарсы күрес мекемелеріне жаңа құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу:
Жаңа құрылыс жұмыстары
Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне қосымша құрылыстар жүргізу
Шешім
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005-2006 жыл
дар
Жобалық сметалық құжаттарда есептеліп бекітілген қаржы көлемінде
Облыстық бюджет
2)
Арал, Қармақшы, Сырдария аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерлері бас ғимаратын салу
Шешім
Аудан әкімдері, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2005 жыл
дар
265160,0 212620,0 224460,0
100000,0 100000,0 100000,0
165160,0 112620,0 124460,0
-
Республика
лық бюджет
3)
Қызылорда қаласы бойынша:80 төсек орындық туберкулезбен ауырған жасөспірімдерге арналған облыстық шипажай салу
Шешім
Қызылорда қаласы әкімі, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005-2006 жылдар
150000,0
-
70000,0
80000,0
Облыстық бюджет
Күрделі жөндеу жұмыстары
4)
Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері бойынша жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары
Ақпарат
Облыстық денсау
лық сақтау басқармасы
2005-2006 жылдар
Жобалау сметалық құжаттар
да есептеліп бекітіл
ген қаржы көлемінде
Облыстық бюджет
5)
Облыстық туберкулезге қарсы күрес балалар санаториясы бойынша жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары
Ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005-2006 жылдар
Жобалау сметалық құжаттар
да есептеліп бекітіл
ген қаржы көлемінде
Облыстық бюджет
6)
Қызылорда қаласы бойынша:
а)Диспансер-лік бөлімге күрделі жөндеу жүргізу;
б)Аурухана бөліміне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
Ақпа-
рат
Қызылор
да қаласы әкімі, Облыстық денсау
лық сақтау басқармасы
2006 жыл
2006 жыл
Жобалау сметалық құжаттарда есептеліп бекітіл-ген қаржы көлемін-де
Қалалық мәслихат-пен бекітілген бюджет шеңберінде
7)
Жалағаш ауданы бойынша:
Жалағаш аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансері бойынша жылу, аяқ су, ауыз су жүйелеріне және шатырына күрделі жөндеу жүргізу
Ақпарат
Аудан әкімі, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2006 жыл
Жобалау сметалық құжаттар-да есептеліп бекітіл-ген қаржы көлемін-де
Аудандық мәслихатпен бекі-
тілген бюджет шеңберінде
8)
Шиелі ауданы бойынша:
Шиелі аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансер ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
Ақпа-
рат
Аудан әкімі, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005 жыл
Жобалау сметалық құжаттарда есепте-
ліп бекітіл-ген қаржы көлемін-де
Аудандық мәсли-хатпен бекі-
тілген бюджет шеңберінде
9)
Жаңақорған ауданы бойынша:
Жаңақорған аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің зертхана, балалар бөлімі, диспансер бөлімі және 2 қабатты бас ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
Ақпарат
Аудан әкімі, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2006 жыл
Жобалау смета-
лық құжат-
тарда есепте-ліп бекітіл-ген қаржы көлемін-де
Аудандық мәслихатпен бекітілген бюджет шеңберінде
4.Жалпы емдеу, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа үкіметтік мекемелермен ықпалдастыру жұмыстарын жүргізу
16
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі мекемелері, жалпы емдеу және туберкулезге қарсы күрес диспансер дәрігерлерімен бірлесіп ошақта жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілу барысын жақсарту
Ақпа-
рат
Облыстық денсаулық сақтау басқарма-
сы, облыстық мемлекет-
тік санитарлық-эпидемио-логиялық қадағалау басқармасы
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Бекітілген бюджет шеңберінде
17
Туберкулездің мультирезистент-ті түрі ошақтарына эпидемиологиялық бақылау жүргізу, балалар мен жасөспірімдерді ошақтан 100% оқшаулауды ұйымдастыру
Ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Қосымша қаржы көзін қажет етпейді
18
Облыстағы пенитенциар-лық мекеме-лерде туберку-лездің алдын-алу, емдеу жұмыстары бойынша кешенді іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, бірыңғай регистр жасау
Тиісті мекеме-лердің келісімі
Облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004 жыл І тоқсан
-
-
-
-
Аталған мекемелер бекіткен бюджет шеңберінде
19
Көші-қон полиция қызметімен бірлесе Қазақстан Республикасына келген және ел ішіндегі көшіп-қонып жүрген барлық азаматтарды туберкулезге тексеру жүргізу
Ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
Қосымша қаржы көзін қажет етпейді
20
Ішкі істер басқармасына қарасты еңбекпен түзеу орындары мен туберкулезге қарсы күрес мекемелерінің туберкулез науқасын емдеу, бақылау барысында сабақтастықты арттыру
Келісім
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша)
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Қосымша қаржы көзін қажет етпейді
21
Облыс көлеміндегі кеңес беру диагностикалық және аймақтық емханаларда нормативтерге сәйкес туберкулезге қарсы күрес кабинеттерін ашып, фтизиопульмоно-
лог штатын енгізу
Шешім
Аудан әкімдері, Қызылорда қаласы әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2005 жыл
Облыстық аудандық және қала-
лық бюджеттер есебінен
22
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, бизнес-жоспар жасау гранттық көмек, қайырымдылық қорларымен тікелей байланысты күшейту (ЮСАИД, Неміс Даму банкі, Америка Крест қоғамы)
Келісім
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
ҚР Заңына қайшы келмейтін басқа қаржылар көзі
23
Жалпы емдеу мекемелерінде балалар арасындағы туберкулездің алдын-алу және анықтау үшін иммундық әдістердің сапасын жақсарту шараларын жүргізу (нормативтерге сәйкес иммунологтар дайындау, егу бригадаларын жасақтау)
Бұйрық
Облыстық денсаулық сақтау басқарма-
сы, облыс-тық мемле-кеттік сани-тарлық-эпидемио-логиялық қадағалау басқармасы
2005 жыл
-
-
-
-
Аудандық және қала-
лық мәслихат бекіткен бюджет шеңберінде
24
Тұрғындар арасында туберкулездің алдын-алу шараларын түсіндіруде қоғамдық, діни, жастар ұйымдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану
Ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқарма-
сы, облыстық ішкі саясат департамен-ті
2004-2006 жылдар
1640,0
-
820,0
820,0
Облыстық ішкі саясат департаментінің салауатты өмір қалып-тастыру шараларына қаралған шығыстар есебінен
25
Облыстық ауыл шаруашылық басқармасымен бірге мал арасында туберкулезге қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру, бірлесіп бағдарлама жасау
Бағдар-лама
Облыстық денсаулық сақтау басқарма-
сы, облыстық ауыл шаруашы-лық басқармасы
2005 жыл
-
-
-
-
Қосымша қаржы көзін қажет етпейді
26
Байқоңыр қаласындағы туберкулез науқастарын емдеу, алдын-алу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында Байқоңыр қаласының әкімшілігімен келісім шартқа отыру және оны іске асыру
Келісім шарт
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Байқоңыр қаласының әкімі
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Қосымша қаржы көзін қажет етпейді
27
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық және Байқоңыр қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті-мен медици-налық тұрғыда байланысты күшейту
Келісім
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті-
нің департа-
менті (келісім бойынша)
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Қосымша қаржы көзін қажет етпейді
5.Медицина-лық- әлеуметтік шаралар
28
Туберкулезбен емделіп, жұмысқа жарайды деген дәрігерлік қорытындысы бар науқастарды жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасау
Облыс әкімі-нің шешімі
Аудан әкімдері және қала әкімі
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
29
Туберкулездің БК+ түрімен ауыратын науқастарды оқшаулау мақсатында оларға бөлек үйлер бөлу қарастыру
Облыс әкімі-нің шешімі
Аудан әкімдері, Қызылорда қаласының әкімі
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Аудандық және Қызы-
лорда қала
лық мәслихаттар бекіткен бюджет көлемінде
30
Тұрмысы төмен туберкулез науқастарын амбулаториялық емдеу кезінде бір мезгіл ыстық тамақ және автокөлік тегін жүргізуді ұйымдастыру
Облыс әкімі-нің шешімі
Облыс әкімі
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
ҚР Заңына қайшы келмейтін басқа қаржы-лар көзі
31
Туберкулезбен ауыратын науқастарға көмек ұйымдастыру мақсатында кең көлемді акциялар жүргізу
Ақпарат
Аудан және қала әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
ҚР заңына қайшы келмейтін басқа қаржы- лар көзі
32
Туберкулез ошағынан вираж, гиперергия болған балаларды сауықтыру үшін күніне бір рет ыстық тамақ беруді ұйымдастыру
Облыс әкімінің шешімі
Аудан әкімдері, Қызылорда қаласының әкімі
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Аудандық, қалалық "Жалпыға бірдей білім беру" қорында бекітілген қаржы көлемінде
33
Қала, аудан көлемінде санаториялық бала-бақшаларда туберкулездің мультирезистент-тік ошағындағы балаларды оқшаулау мақсатында тәулік бойынша жұмыс жасайтын 20-30 төсектік топтар ашу:
1) Қызылорда қаласы бойынша:
- N4, 8,32 санаториялық бала-бақшалардың 2 тобын тәулік бойғы жұмыс жасау режиміне көшіру;
- Теміржолдың терістік бетінде санаториялық бала-бақша ашу;
2) Жалағаш ауданы бойынша:
- санаториялық бала-бақшаны Жалағаш қыстағының орталығына көшіру және үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету
3) Қармақшы ауданы бойынша:
-Төретам қыстағындағы 140 төсектік бала-бақшаның негізінде 50 төсектік санаториялық типтегі бала-бақша ашу
Қаулы
Шешім
Шешім
Шешім
Облыстық білім басқармасы
Қала әкімі
Аудан әкімі
Облыс әкімі
2004-2006 жылдар
Қалалық мәслихатпен бекітілген бюджет шеңберінде
Аудандық
мәслихатпен бекі-
тілген бюджет шеңберінде Аудандық мәслихатпен бекітілген шеңберінде
34
Туберкулез ошағындағы балаларды оқшаулау мақсатында облыс көлеміндегі тынығу лагерлерінің соңғы легін ошақтағы балаларға арнау
Шешім
Аудан әкімдері, Қызылорда қаласының әкімі, облыстық білім басқармасы
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Аудандық қалалық "Жалпыға бірдей білім беру" қорында бекітілген қаржы көлемінде
35
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 30.10.2001 ж. N 987 "Туберкулез санаторияларында курорттық емді жетілдіру туралы" бұйрығына сәйкес туберкулез науқастарын емді жалғастыру кезеңінің санаторлық жағдайда емдеуді қамтамасыз ету
Шешім
Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері, Облыстық халықтық еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Облыстық аудандық, қалалық, бюджеттер
36
Облыс көлеміндегі туберкулезге қарсы диспансерлерінің қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қорғау жұмыстарын ұйымдастыру
Шешім
Аудан әкімі Қызылорда қаласының әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2004-2006 жылдар
-
-
-
-
Облыстық, аудандық және қалалық бюджеттері