О утверждении Программы индустриально-инновационного развития Акмолинской области на 2004-2006 годы Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму Бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамуының мемлекеттік Стратегиясымен», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі №712-1 «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық - инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» Қаулысымен, облыс әкімдігінің 2004 жылғы 9 шілдедегі №А-7/144 қаулысы және 2004 жылғы 16 шілдедегі №1-19/1059 ұсынысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық - инновациялық даму Бағдарламасы» бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Ақмола облысының әділет департаментінде 2003 жылы 28 сәуірде № 1750 бекітілген, облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 наурыздағы №С-25-3 «Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған индустриалдық даму Бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 5. Мазмұны
Облыстық мәслихат сессиясының
2004 жылғы 24 қыркүйектегі
№3С-7-4 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мазмұны
Тармақ 1
1. Бағдарламының паспорты 3
Тармақ 2
2. Кіріспе 4
Тармақ 3
3. Мәселенің қазіргі кезеңдегі жағдайын талдау 4
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 9
Тармақ 5
5. Бағдараламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері 9
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері 14
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже 15
Тармақ 8
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жаспары 16
Тарау 1. 1. Бағдарламаның төлқұжаты
1. Бағдарламаның төлқұжаты
Атауы.
Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық- инновациялық дамуының бағдарламасы.
Дайындалуына негіз.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамуының стратегиясы.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамуының стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары.
Негізгі дайындаушылар.
Ақмола облыстық өнеркәсіп және сауда, ауыл шаруашылық және экономика, шағын бизнесті дамыту басқармасы.
Мақсаты.
Бағдарламаның негізгі мақсаты шикізат бағытынан бас тартатын іске ықпал жасайтын экономика саласын жан-жақты қылу арқылы облыстың тұрақты дамуы, экономиканың басымды секторына инвестицияны тартуды көбейту, аймақта инвестициялық жағдайды жақсарту болып табылады.
Міндеттері.
Тармақ 1
1. Озық технологияларды игеру, өндірілетін өнімнің сапасы мен бәсекелестікке жарамдылығын арттыру. Кәсіпорындарды жаңарту негізінде өнеркәсіп секторының технологиясын қайта құру.
Тармақ 2
2. Мемлекет аралық және сала аралық кооперацияны дамыту.
Тармақ 3
3. Ғылыми қомақты, жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған өндіріс құруға ынталандыру.
Тармақ 4
4. Шикізатты өндіруден өтімді технологиялық циклді қалыптастырудан жоғары тауарлық әзірлік өнімін өндіруге дейін қалыптастыру.
Тармақ 5
5. Сапаның әлемдік стандарттарына көшу.
Тармақ 6
6. Өнеркәсіптің өңдеу саласына бағытталған капитал құрайтын инвестицияның келуін қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Аймақтың инвестициялық ұнамдылығын жақсарту бойынша ұйымдастыру шаралар кешенін жүзеге асыру және инвестициялық климатты жақсарту.
Тармақ 8
8. Қомақты инвестиция талап ететін басымды инвестиция жобасын іске асыру институтымен жұмыс жүргізу.
Тармақ 9
9. Капиталды тартудың әртүрлі формасын дамыту (лизинг, венчурлық компаниялар).
Қаржыландыру көздері.
Бағдарламаны жүзеге асыруды қаржыландыру үшін кәсіпорындардың, мемлекеттік және облыстық бюджеттің, банктің несиелік қорларының қаражаттары қызмет етеді.
Күтілетін нәтижелер.
Тармақ 1
1. 2004 жылмен салыстырғанда 2006 жылға қарай өнеркәсіп өндірісі көлемін 12 пайызға өсіру.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіп орындарының тұрақты жұмыс істеуі.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіптік сипаттағы тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің нарқын кеңейту.
Тармақ 4
4. Жаңа жұмыс орындарын ашу және қалпына келтіру.
Тармақ 5
5. Сауда қарым-қатынасы саласындағы халықаралық келісімдер бойынша іс-шараларға қатысу есебінен экспортты өсіру.
Тармақ 6
6. ИСО 9000 халықаралық стандарттарды енгізетін кәсіпорындардың санын көбейту.
Тарау 2. 2. КІРІСПЕ
2. КІРІСПЕ
Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамуының бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N№712-1 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамуының Стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының 4.2.2 тармақтарына сәйкес әзірленген.
Бағдарлама бұрын қабылданған салалық өндірісті дамыту, оның бәсекелестікке жарамдылығы мен экспорттық сипатын дамыту бағыттарындағы басымдылықтарды жалғастыруға және тереңдетуге инвестиция салу үшін қолайлы инвестициялық климат жасауға, жоғары технологиялы импортты ығыстырушы жаңа өндіріс орындарын құру мен қолда барын дамытуға бағытталған.
Тарау 3. 3. Мәселенің қазіргі жағдайын талдау
3. Мәселенің қазіргі жағдайын талдау
Экономикадағы қазіргі жағдайды талдау нәтижесі негізгі көрсеткіштердің өсу тенденциясын көрсетеді, ол дағдарыс жағдайларын жоюға іс-шаралардың нәтижесі және барлық өндірушілердің оларға байланысты оң көз қарастарын көрсетеді.
Облыстың индустриалдық кешені тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, соның ішінде химиялық, микробиологиялық, машина жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарымен ұсынылады. Облыс аумағында алтын, уран, техникалық алмаз, темір кені, доломит, каолин және де басқа пайдалы қазбалардың барланған кен орындары шоғырланған. Олардың баланстық бағасы 20 миллиард доллардан кем емес, ал болжаулы ресурстар 100 млрд. АҚШ долларын құрайды. Экономика саласының кең тараған түрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Облыста астық, ет және сүт өңдеу өндірістік күштері дамыған.
Облыс экономикасында өнеркәсіп жүргізуші рөл атқарады. Ішкі аймақтық өнім өндіруде оның үлесі 18 пайыздан жоғары, өндірістің көлемінің өсуін есепке ала отыра ол әлі де жоғарлайды.
Облыста өнеркәсіптік өндірістің өсуі байқалады. Физикалық көлем индексі (үй шаруашылығы секторын қоса есептегенде) 2001 жылы - 108 пайыз, 2002 жылы - 106,6 пайыз, 2003 жылы 117,2 пайыз құрады. 2001 жылда облыс өнеркәсібі қолданып жүрген бағамен (үй шаруашылығы секторын қоса есептегенде) 34,4 млрд. теңге, 2002 жылы 39,3 млрд.теңге, ал 2003 жылы - 44,8 млрд.теңге өнім өндірді.
Өнеркәсіптің өндіру секторындағы өндірілген өнімнің физикалық көлем индексі 2001 жылы 147,2 %, 2002 жылы - 155,9%, 2003 жылы -109,7%.
Жалпы өнеркәсіп өндірісінде бұл саланың үлес салмағы көп емес екендігіне қарамастан, ол облыстың өнеркәсіп өндірісін өсіруге айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, 2001 жылғымен салыстырғанда табиғи құм өндіру 10 есе өсті, түсті металл кендерін өндіру 3 есе, таскөмір өндіру 5 есе өсті.
Облыс өнімінің 66 пайызын құрайтын өңдеу саласында соңғы үш жылдың ішінде өндірістің өсуі байқалды, ол тоқыма және тігін өнеркәсібінде, металлургия кәсібінде, машина жасау, металл емес және минералдық өнімдер өндірісінде оң өзгерістер қамтамасыз етілді.
Электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату өнеркәсібі құрылымындағы экономикалық жұмыстың маңызды түріне жатады. Көптеген салалардың жұмысы соларға байланысты, ол облыс өнеркәсібі көлемінің 30 пайызын құрайды.
1999 жылдан бері облыста импортты ығыстыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында электровоз, темір жол вагондарын күрделі жөндеу, доңғалақты жұп өндірісі шағын механизация құралдарының номенклатурасы, подшипник, газ және тығындау жабдықтары, өрт сөндіргіштер және басқа да өнімдер өндірісі игерілді.
2001 жылы импортты ығыстыру өнімдерінің көлемі 2,5 млрд. теңгені, 2002 жылы - 1,6 млрд. теңгені, 2003 жылы - 2,7 млрд. теңгені құрады.
2001 жылы 55 кәсіпорын жандандырылды және құрылды. Оларда 1704 жұмыс орны ашылды, қалпына келтірілген жаңадан ашылған кәсіпорындарда барлығы 3512 адам жұмысқа орналастырылды. 2002 жылы - 3745 жұмыс орны қалпына келтірілді және ашылды, 2003 жылы 150 кәсіпорында 4118 жұмыс орны қалпына келтірілді және ашылды.
Бүгінгі таңда жұмыссыздарды жұмыспен қамту және табиғи ресурстарды айналысқа енгізу есебінен өнеркәсіп өнімдерін өндіру мен қызмет көрсетуді дамыту мүмкіндіктері шектеліп барады. Осыған байланысты облыс өнеркәсібін одан әрі дамытуда интенсивтік факторлар маңызды рөл атқаруда. Өз кезегінде, кадрлардың білімі мен еңбек өнімділігін жетілдіру, материалдар мен жабдықтардан қайтарылым, өндірілетін өнімнің сапасы экономика салаларында ғылым мен техниканың жетістіктерін қолдану дәрежесімен айқындалады.
Мемлекеттік және жеке инвестициялар тартпай қазіргі экономиканың жедел өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес. Қазіргі таңда атқарылып жатқан инвестициялық саясат оң сәттерімен сипатталады, оның ішінде отандық және шет елдік инвестициялар тарту үшін қолайлы инвестициялық климатты, экономиканы несиелеудегі банктердің рөлінің күшеюін атап өткен жөн.
2003 жылы негізгі капиталға енгізілген инвестицияның мөлшері қосымша бағалауды есептей келе 13,7 млрд. теңге немесе 2002 жылдың деңгейіне қарағанда 93,3 % құрады. Экономикалық қызмет түрлері бойынша инвестиция құрылымында көлік пен байланысқа 29,2 % (1999 жылы үлесі 2,4% болған), ауылшаруашылығына - 21,4 % (1999-5,8%), тау-кен өндірісіне - 7,5% (1999 жылы -22,1%) келді. Инвестицияны игерудің төмен деңгейі өңдеу өндірісінде, инвестицияның жалпы мөлшерінен бар-жоғы 3 % (1999 жылы - 12,3 %). Әлеуметтік саланы дамытуға 3,2 млрд. теңге инвестиция жіберілді немесе игерілген қаражаттың 23,5 %-ы.
Инвестицияның негізгі көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың меншікті қаражаты болып табылды (56,4 %), олар негізінде ауыл шаруашылық техниканы жаңартуға жұмсалды. Мысалы, 2003 жылы осы іске 2,6 млрд. теңге жұмсалды. Бюджеттік қаражат үлесі 42,4% құрастырды, республикалық бюджеттің қаражатын игеру 2,4 % өсті (4,2 млрд. теңге немесе 30,7 %), «Астана-Бурабай» республикалық автожол және су шаруашылығы объектілері өңделді. 3,1 есе (1,6 млрд. теңге) жергілікті бюджет есебінен капитал салу өсті, бұл білім, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін, жол инфраструктурасы мен тұрғындық пункттердің жылу жүйелерін қалпына келтіруге және күрделі жөндеуден өткізуге бағытталды. Жалпы мөлшерден шет ел инвестициясы 164,8 млн. теңге немесе 1,2 % құрастырды.
Қазіргі уақытта облыста бірнеше шет ел компаниялары мен бірлескен кәсіпорындар өз қызметтерін іске асыруда. Степногорск қаласында 1999 жылдан бастап «Сабтон LTD» Израиль фирмасы жұмыс істейді. Шикізаттан уран өндіретін гидрометаллургиялық завод кәсіпорынның негізгі технологиялық буыны болып табылады.
2000 жылдан бастан Атбасарда өз қызметін «Интер-Трайд» (Түркия) ЖШС атқаруда, 6 млн. АҚШ долларын игерді. 2003 жылы «Джейлайн Лимитед» фирмасы (Түркия) «Оқжетпес» шипажайын жөндеді - 11,3 млн. АҚШ доллары сомасында инвестиция игерілді.
«Астана-Қарағанды» жолын жөндеудің мемлекет аралық жобасы бойынша «Ексен КZ» ЖШС (Түркия) құрылыс компаниясы «Вишневка-Астана» учаскесінде автожолды жөндеді. Жобаны қаржыландыру 2000 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Ислам Даму Банкісі арасында қол қойылған халықаралық келісім бойынша Ислам Даму Банкісімен жүзеге асты. Жобаның құны - 18 млн. АҚШ доллары, демек толық көлемде игерілді.
Еңбекшілдер ауданының аймағында «Узбой» кен орнында кәсіпорынның инвесторы «Алхамбра Ресурсез» ЖШС (Канада) болып табылатын «Сага Крик Голд Компани» ЖШС құрамында алтын бар руда игеруде инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорынның қызметі кезеңінде 3,5 млн. теңге игерілді.
Қазақстан Республикасының алтын игеру саласын одан әрі дамыту мақсатында «Васильковское» ірі алтын рудасын өндірістік игеру үшін «Флудгейт Холдинг Б.В.» шет ел компаниясының (Нидерланды) қатысуымен «Васильков алтыны» ААҚ БК құрамына «Васильковский ГОК» ААҚ-ы (Зеренді ауданы) кірді. Жарғылық капиталда мемлекет үлесі 40%, стратегиялық инвестордың үлесі - 60%. 2003 жылғы шілде айында Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министерствосында «Васильков алтыны» ААҚ БК-мен «КазСабтон» ЖАҚ құрамында уран бар руданы қайта өңдеудегі қалдықтарды сақтау қоймаларын рекультивациялау жөніндегі экологиялық міндеттемесі бар жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасалды. 2004 жылы жерлестіру жобаcын іске асыру үшін халықаралық компанияларды қатыстыру арқылы қалдық сақтау қоймасы ауданының экологиялық жағдайына аудит өткізіледі.
Барлық кезеңде «Флудгейт Холдинг Б.В.» Нидерланд компаниясымен ынтымақтастық Васильков кен орнын дамыту үшін 320 млн. теңге сомасында инвестиция салынды. Қаражат карьерлік автокөлікті, экскаваторлық техниканы жаңартуға, 1,7 млн. тонна кен және жылына 600 м3 құрылыс қиыршықтас өндіретін қуаты бар ұнтақтау кешенін іске қосуға жұмсалды.
2003 жылғы 23 тамыздағы №С-29-3 облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген, Ақмола облысында 2003-2005 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасы шеңберінде шағын бизнес субъектілері қаржылы-несиелік қолдау табуда. 2003 жылы облыстық бюджеттен банктермен 36 жобаға 60 млн. теңге несие беріліп, 202 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бизнес-жобаның басымдылық бағыты болып ауыл шаруашылықты дамыту (29,5 млн. теңге, 49,2 %), өнеркәсіптік өндіріс (17 млн. теңге, 28,3 %), халыққа қызмет көрсету (8,5 млн. теңге,14,2 %), жолдық инфрастуктураны дамыту (5 млн., 8,3 %) болды.
Сондай-ақ 2003 жылы аудандық және қалалық бюджеттерден (50% банкке қосылып қаржыландыру) 34,4 млн.т. несие берілді. Берілген несиелердің ең көп сомасы өнеркәсіп өндірісіне 22,5 млн.т (14 бизнес-жоба), халыққа қызмет көрсетуге 10,5 млн.т. (11 жоба), ауыл шаруашылыққа - 1,4 млн.т. (6 жоба) бағытталды.
2003 жылдың басынан шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында республикалық бюджет қорынан және өз қаражат қорынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бағдарламасын іске асыратын Кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ өкілдігі жұмыс істейді. Несиелер 12% жылдық ставкамен 1 жылдан 5 жылға дейін беріледі. 2003 жыл ішінде қор 12 кәсіпкерге 74,5 млн.т. берді, 2004ж. бірінші тоқсанында 32,6 млн.т. (3 жоба) берілді. 2 тоқсанда 32,6 млн.т. 2 жобасы қолдау тапты.
Ақмола облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 26 желтоқсанындағы сессиясының № 3с-3-2 «2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес 2004 жылға облыстық бюджеттен 65 млн. теңге (жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға 20 млн. т), экономика саласын қолдауға 45 млн. т. бөлінді.
Облыстың 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген кезде облыс индустриясының оған әсер ететін қазіргі ахуалының мықты және осал жақтары ескерілді.
Қазіргі жағдайдың мықты тұстары:
Өнеркәсіп секторы аймақтық негізгі өнімнің (АНӨ) ширек бөлімін өндіреді және алдағы жылдары өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны АНӨ оң өзгерістерге және мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуде негізгі факторға айналады.
Сектор бюджетке негізгі салық төлеушілердің бірі болып табылады, маңызды әлеуметтік функцияларды жүзеге асырады, еңбекке жарамды тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Облыстағы өңдеу өнеркәсібінің өнімдері ақша түсірудің басты көзі болып табылады.
Өнеркәсіп өзімен байланысты ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары сияқты экономика секторларының дамуын ынталандыратын өнеркәсіп ошағының ролін атқарады.
Секторда шаруашылық қатынастарын либерализациялау жүргізілді, меншік қатынастары реформаланды, нарықтың жеке субъектілері қалыптастырылды және олардың инфрақұрылымы құрылды.
Нарықтық бәсекелестік орта қалыптастыру аяқталды. Өндіріс құлдырауы тоқтатылды және тұрақтандырылды.
Сонымен қатар, бірнеше келеңсіз жағдайлар да бар, олар белгіленген жоспарды жүзеге асыруды қиындатып жіберуі мүмкін.
Қазіргі жағдайдың осал тұстары:
Өңдеу саласы нашар дамығандықтан шикізат өндіру саласы артып барады.
Салалардың технологиялық деңгейінің дамуы әртүрлі, негізгі қорлардың басым бөлігінің моральды және физикалы ескірген.
Өнеркәсіп секторының ғылыми-техникалық саладан алшақтығы.
Банктердің беретін несиелеріне пайыздық ставкалары жоғары, экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімге несиелендіруде қызығушылық жоқ, кедендік режим жетілдірілмеген.
Банкроттау туралы» Заңның кемшіліктері бар, атап айтқанда тиімді бәсекелестікке жарамды өндіріс құру мақсаттарында кәсіпорындарды банкроттау кезінде бірыңғай мақсатты саясаттың жоқтығы.
Қалыптасқан кооперациялық байланыстардың технологиялық сабақтастығы өзгерген.
Облыс экономикасының тұрақты өсуін, импортты ығыстыратын өндірісті игеру және дамыту, жұмыс орындарын сақтау және ашу, негізгі қорлар құру және өндіру, жоғары тиімді кәсіпорындар ашуды қамтамасыз ету мақсаттарында ұзақ мерзімді және кең көлемді қаржы салымдары қажет. Ең басты стратегиялық міндеттердің бірі экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тура және портфельдік инвестициялар тарту.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты шикізат қалдықтарына әсерін тигізетін экономика салаларын диверсикациялау арқылы облыстық бірқалыпты дамуын жетістіру, экономиканың басымды секторындағы инвестицияның ағымын арттыру, инвестициялық климатты арттыру болып табылады. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекелестікке жарамды өнімдер өндіруді көбейту, жаңа технологияларды енгізу, облыстың экспорттық және импортты ығыстыру мүмкіндіктерін күшейту, өнеркәсіпті тұрақты дамыту, тоқтап тұрған кәсіпорындар мен өндірістерді жандандыру жөніндегі жұмыстарды аяқтау.
Осы мақсаттарға жету үшін мыналар қарастырылған:
Тармақ 1
1. Алдыңғы қатарлы технологиялардың негізінде өнеркәсіп секторын технологиялық қайта құру, сапа мен бәсекелестікке жарамдылықты күшейту, кәсіпорындарды жаңарту.
Тармақ 2
2. ИСО 9000 және ИСО 14000 халықаралық стандартқа сәйкес өндірілетін өнім сапасын және қоршаған ортаның менеджмент жүйесін енгізу.
Тармақ 3
3. Қосымша бағаның бірыңғай тізбегін құру мақсатында өнеркәсіпті қалыптастыруға кластерлік қарасу.
Тармақ 4
4. Аймақтың инвестициялық тартымдылығын жетілдіру бойынша ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру.
Тармақ 5
5. Өнеркәсіптің өңдеу саласына жіберілетін капитал құратын инвестицияның келуін қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Капиталды тартудың әртурлі формаларын дамыту(лизинг, венчурлік компаниялар).
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру тетіктері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру тетіктері
Облыс өнеркәсібін дамытуда негізгі бағыттар ретінде экспортқа бағытталған салалар таңдап алынды, сонымен қатар тамақ, машина жасау, биотехникалық, жеңіл, ағаш өңдеу сияқты бірқатар ішкі салалар.
Экспортқа бағытталған салаларға тау-кен өнеркәсібі жатады. Алтын кенін өндіру мен өңдеу жөніндегі «ГМК Қазақалтын»«ЖШС және «Васильковское золото» БК кәсіпорындарында өндіріс көлемін арттыру қарастырылып отыр. 2006 жылға дейін облыста жылына 5 тоннадан кем емес алтын өндірілмек. Қолайлы жағдайлар жасалса, облыс аумағында алтын кенін өндіру және өңдеу жөніндегі 4-5 компания жұмыс істейтін болады, ол 2003 жылға дейін өндіріс көлемін 2 есе өсіруге мүмкіндік береді. Бұл саланы дамытудың басым бағыты «КазСабтон» ЖАҚ-нда уран қоспаларын өңдеу болып қала береді, онда табиғи шикізатты кешенді және терең өңдеуді арттыру қарастырылуда. Жыл сайын темір кенін, доломит, кең тараған пайдалы қазбалар - қиыршық тас, құм, балшық, өңдеу тастарын өндіру көлемін арттыру көзделіп отыр. «Бурабай» курорттық аймағын дамытуға байланысты емдеу саздары мен минералдық суларды тұтыну көлемі арта түседі. Алексеев каолин кен орнында каолин тау-кен байыту комбинатының құрылысын салу болжанып отыр. 2004 жылдан бастап кеніштің инфрақұрылымын қалпына келтіру және карьерді пайдалануға дайындау жұмыстары басталады.
Бағдарламада фосфор тыңайтқыштарын өткізу нарқындағы жоғалтып алған позицияларымызды қайтару жағы қарастырылған. Еліміздің және жақын шетелдер ауыл шаруашылығы тұтыну көлемін арттыруына байланысты фосфорлық тыңайтқыш өндіруді одан әрі дамытып, алыс шетелдерге шығу көзделіп отыр.
Өнім өндіруді 122 мың тоннаға жеткізіп, оның сапасы мен бәсекелестікке жарамдылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар қолдану керек.
Ішкі бағыттағы салаларға бірінші кезекте тамақ өнеркәсібі жатады. Оның дамуы облыста өндірілетін (ең алдымен астық, ет, сүт) шикізаттың мөлшерін және тереңдігін көбейтуге, тағам өнімдерінің жаңа түрлерін ішкі рыноктан импорттық өнімдерді біртіндеп шығарумен бірге игеруге, Астана қаласының азық рыногының өсіп келе жатқан сұранымын мейлінше қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін жолдар:
ауыл шаруашылық өнімдерінің шикізат базасын дамыту және ауыл шаруашылық шикізатының сапасын жақсарту;
саланың ірі және орта кәсіпорындарының өндірістік қуатын пайдалануды жиілету;
жабдық лизингін кеңейту;
кадр потенциалын нығайту;
халықаралық стандарт базасында ірі кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйесін енгізу;
сауда-саттық рыногын кеңейту, таяу және алыс шет елге экспортты көбейту бойынша бастырмалату саясатын жүргізу.
Машина жасау саласында мыналар қарастырылған:
ғылыми негізделген және жоғары технологиялық өндірістер енгізу;
ауыл шаруашылығына, көліктік машина жасауға, мұнайгаз және тау-кен металлургия кешендеріне арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндіру жөніндегі кооперациялар;
машина жасау саласында халықаралық өндірістік кооперацияларды кеңейту, әсіресе Ресей, Белоруссия және басқа да мемлекеттермен;
жоғары технологиялы өндірістерді қалыптастыру және игеру, соның ішінде франчайзинг, патенттер мен лицензиялар сатып алу шарты бойынша.
Құрылыс материалдары өндірісінде мыналар қарастырылған:
құрылыс өнеркәсібі өндірісін қалпына келтіру;
жаңа ашылған кәсіпорындарда өнім шығару көлемін өсіру және кеңейту, соның ішінде Астана қаласының құрылысына арналғандарын:
«Таскөл» АҚ (Целиноград ауданы) - өңдеу плиткаларын шығару бойынша;
«Көкшетауиндустрия» ЖШС (Көкшетау қаласы) - тратуар плиткаларын, брусчаткалар және бордюр тастарын шығару бойынша;
«Стройпластмасс» ЖШС (Степногорск қаласы ) - есік-терезелер жасау және басқа да өңдеу құрылыс материалдарын шығару бойынша;
жылына 50 млн. талға дейін өнім беретін қызыл кірпіш шығаратын «Асар» ЖШС қазақстан-қытайлық бірлескен мекемесі;
құрылыс материалдарының сапасын және бәсекелестікке жарамдылығын арттыру.
Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі бойынша бағдарламада мыналар қарастырылған:
тиімсіз өндірістерді сигментациялау немесе профильдерін өзгерту, олардың базаларында шағын бәсекелестікке жарамды өндіріс жүргізу мүмкіндігі бар кәсіпорындар құру;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлер өткізу кезінде жергілікті тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау және протекционизм жасау;
тігін және тоқыма өндірісін шағын кәсіпкерлікті қолдау және импортты ығыстыру бағдарламасы аясында жеңілдікпен несиелендіру.
Биотехнология саласында мыналар қарастырылған:
дәрі-дәрмектер мен медициналық препараттардың отандық өнімдерін өндіріске енгізу және жаңаларын шығару;
Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық биотехнология орталығы әзірлеген «Биотехнология» негізіндегі өнімдер өндіруді игеру бағдарламасын жүзеге асыру;
Биотехнология ұлттық орталығы мен осы сала кәсіпорындарын Степногорск қаласында одан әрі дамыту.
Алға қойған мақсаттарға жету және басым міндеттерді орындау үшін бағдарламада облыстың өнеркәсіп потенциалын тұрақтандыру мен одан әрі дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар қарастырылған.
Кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыру үдерісін жеделдету мақсатында оларды қаржы-экономикалық сауықтыру процедуралары ұсынылады. Дәрменсіз кәсіпорындардың біразы сигментацияланады, қайта ұйымдастырылады және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тапсырылады, ол банкротталған кешендердің мүліктік базаларында жаңа тиімді жұмыс жүргізетін кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді, сөйтіп өнеркәсіптің өндірістік күштері сақталады, шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуы қамтамасыз етіледі, жаңа жұмыс орындары ашылады. Лизингтік, франчайзингілік қатынастар қолданылады, қолда бар бизнес-орталықтар, технопарк құрылымдары және шағын бизнес орталықтарды дамытылады және жаңалары ашылады.
Облыста шет ел инвесторларын тарту үшін қолайлы жағдай жасалады. Шет ел инвесторларына таныстыру үшін инвестициялық жобаларының көрсеткіштер банкі ашылды. Инвестициялы жобалар облыс экономикасының негізгі басым салаларын дамытуға арналып қарастырылады. Жоғары бәсекелестікке жарамды және экспортқа бағытталған өнімдер шығарудың басты шарты ИСО 9000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа жүйесін енгізу болып табылады. Халықаралық стандарттар ережесі бойынша жұмыс жүргізетін кәсіпорындардың санын өсіру жоспарланып отыр. Азық-түлік өнімдерін, тұтыну тауарларын, құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын кәсіпорындар оған қатыстырылады. Тау-кен өндірісі кәсіпорындарын дамыту үшін маңызды шарт ИОС 9000 және ИСО 14000 стандарттары бойынша сапа сертификаттарын алу болып табылады.
Аймақаралық шаруашылық байланыстарымен кәсіпорындар кооперацияларын дамыту тау-кен өндірісі өнеркәсібінің өнімдерін (темір рудасы, уран және т.б) өткізуді қарастырады. Тау-кен өндірісі өнеркәсібі өнімдерінің 80 пайызы сыртқы нарықта өткізіледі. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін өткізу және шикізат сатып алу бойынша Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс жүргізеді. Мемлекетаралық байланыстар алыс-жақын шет елдермен (Ресей Федерациясы, Украина, Германия, Түркия және басқа да, барлығы - 45-тен астам ел) жүзеге асырылады. Экспортты дамыту мақсаттарында мыналар қарастырылған:
2005 жылға дейінгі кезеңде Ресей Федерациясымен шекаралас облыстарымен (Омбы, Қорған, Челябинск) жасалған контрактілер мен келісім-шарттарды орындау;
Ресей қалаларында жаңа сауда өкілдіктерін («Көкшетау минводы» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС және т.б.) ашу;
2002 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде жүргізілетін сапа жүйесінің халықаралық стандарттарын (ИСО 9000), («Тыныс» ААҚ, «СПЗ» ЖАҚ) енгізу;
сауда әріптестері - елдерін таңдау кезінде жайлы саясат жүргізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, өткізу нарқын толық пайдалану;
облыстың өнеркәсіп орындарын халықаралық қарым-қатынас жөніндегі көрмелерге қатыстыру (Чехословакия, Германия, Астана қаласы - «Шаңырақ»-10 және т.б.).
Өнеркәсіп өндірісін инновациялық дамыту үрдісі күннен-күнге маңызды болып барады. Бағдарламамен өндірістің энерго және ресурсын сақтайтын, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялар қарастырылған. Облыстың ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында озық технологиялар базасында жаңа өндірісті игеру жалғасын табады.
«Тыныс» ААҚ композит баллондарын, полиэтилен құбыры мен фитингі өндіруді игеру жобалары енгізіледі.
«Наука-Восток» ААҚ мамандары су және суспирттік қоспа үшін қашықтық электромагниттік клапанды, ауыржүкті автомобильдер үшін дизель отын жылытуышты әзірлеуге және жасауға кіріспекші.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Мәскеулік Орталық авиация моторлар жасау институтымен бірге «Жел электрогенераторлық композициялық жабдық диффузормен бірге әзірлеу және жасау» атты ғылыми қомақты жоба жасамақ.
Жасалып жатқан инвестициялық саясаттың облыс кәсіпорындарының инвестициялық жоба базасын қалыптастыру және мемлекеттің араласуынсыз жеке сектор алып кете алмайтын жерлерге инвестиция тартудың тиісті механизмдері мен қаржыландыру көзін белгілеу болып табылады.
Қойылған міндеттерді шешу үшін:
аймақтың тартымдылығын және инвестициялық ашықтықты қалыптастыру, экономиканың басымды салаларына отандық және шет ел инвестицияларын тарту;
аймақтың инвестициялық мүмкіншілігін ашатын шаруашылық жасайтын субъектілердің әр түрлі баспа жарнамалық - инвестициялық материалдар шығару;
ақпараттық - тұсау кесер шаралар.
Экономикалық иінтіректерді ынталандыру ретінде инвесторларды тартуда Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес қызметтің басым түрлерінде кәсіпорындардың бекітілген активтерінде салуды қамтамасыз ететін инвесторларға ұсынылған салықтың жеңілдіктер, мемлекеттік табиғи гранттар мен бірқатар гарантиялар пайдаланылады. Қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорынның өз қаражаты, облыстық бюджеттің қаражаты, мемлекеттік даму институттарының қаражаты, банктердің несиелері болып табылады.
Қазіргі уақытта шет ел инвесторларының тұсаукесері үшін инвестициялық жобалар банкі құрылды. Инвестициялық жобалар облыстық экономикасының негізгі салалары дамуының басымдылықтарымен сәйкес қарастырылады. Жобаларды жүзеге асыру өнеркәсіп өндірісінің өнімі көлемін 4,5 млрд. теңгеге көбейтуге мүмкіндік береді. Сөйтіп салық базасын 510 млн. теңгеге өсіріп, 1475 жаңа жұмыс орындары ашылады, нәтижесінде жұмыспен қамту мәселелері шешіліп, облыс тұрғындарының өмір сүруі деңгейі өсе түседі. Атқару органдары бекіткен инвестициялық жобалар тізіміне сәйкес облыстағы жобаларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың өз қаржылары, банк несиелері, облыстық бюджет қаржылары болып табылады.
Инвестицияның негізгі мөлшері өңдеу өнер өнеркәсібін (азық өнімін, биотехнология өндіру); тұрғын үй құрылысын, құрылыс материалдарын өндіру, инфрақұрылымды жақсарту (жол, сумен жабдықтау объектілері); ауыл шаруашылық өндірісінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады.
Инвестициялық процесті активтендіру жолдарының бірі айналымдағы қаражаттың жетіспейтін жағдайында ең бір құптауға лайық нысан ретінде техниканың қымбат түрлерінің лизинг тәжірибесін тарату болып табылады.
Шағын бизнесті дамыту мақсатында өнеркәсіп, сауда және мейманханалық қызмет, туризм, автосервис және тағы басқа саласында франчайзингтік қатынасты дамыту қажет. Сол үшін шағын кәсіпорын жетекшілерімен семинарлар өткізіледі, методикалық көмек көрсетіледі. Франчайзингтің дамуы бизнесті таратуға әсерін тигізеді, осынысымен, өндіріс және қызмет саласында кәсіпкерліктің салмағын арттырады, жаңа жұмыс орындары құрылады.
Бағдарлама жүзеге асыру тікелей оны еңбек ресурстары-квалификациялық кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуге байланысты. Осы мақсатта біраз іс-шаралар әзірленген, яғни жоғары технологиялар мен өнеркәсіпті дамыту жағдайындағы жұмыстарға керек әр түрлі білікті мамандарды дайындау.
Қоршаған ортаны қорғау халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды шарт болып табылады. Облыс кәсіпорындарында экологиялық қауіпсіздіктің мәселесін кешенді шешу үшін практикаға ИСО 14000 сериясы мен ИСО 9000 сериясын енгізу қажет. Облыстағы алға қойылған міндеттерді шешу үшін ауада, суда, топырақта улағыш элементтердің барлығын анықтау жөніндегі лаборатория пайдалануға беріледі.
Өнеркәсіптің және экономиканың басқа салаларының бәсекелестікке жарамдылығы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның даму ахуалына байланысты. Облыста телекоммуникация құралдарын жаңартудың шаралар жоспары әзірленді.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету кәсіпорындардың өз қаржылары, банктердің несиелік ресурстары, республикалық және облыстық бюджеттер есебінен жүзеге асырылады. Бағдарламада қарастырылатын инвестициялық жобаны қаржылау үшін ҚДБ, инвестициялық және инновациялық қорлар қаражатын тарту көзделеді. Сонымен қатар, басымды және тиімді жобаларды іске асыру үшін атамекен және шет ел инвесторларының қаражаттарын тарту мүмкіншілігі бар.
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты елді мекенді сумен қамтамасыз етуге, көліктік және басқа да әлеуметтік инфрастуктураларды дамытуға, мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар мен Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа жоспарларына сәйкес шеңберде бөлінетін кәсіпкерлік қызметті жеңілдікпен несиелеуге бағытталады.
млн. теңге
Жобалаған қаржыландыру
2004ж.
2005ж.
2006ж.
Барлығы
Жылдар бойынша барлығы,
7933,574
23396,453
6639,043
37968,569
оның ішінде:
қаржыландыру көздері бойынша
кәсіпорындардың меншікті қаражаты
7650,6
23013,9
6304,8
36968,8
республикалық бюджет
172,8
167,8
107,8
448,4
облыстық бюджет
110,173
214,753
226,443
551,369
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Нысаналы инвестициялық саясатты жасау облыс экономикасын өнімнің бәсекелестік түрлерін өндіру, отандық және шет елдік инвесторларды тарту үшін жағдай жасау негізінде жасалады.
Жалпы алғанда бағдарламаны жүзеге асыру облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейіне әсер етеді, жаңа жұмыс орындары құрылады, бюджетке салық түсімі көбейеді, ол дегенін әлеуметтік бағдарламаларға шығысты көбейтеді.
Тарау 8. 8. Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
8. Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Р/с
Іс-шаралар
Аяқталу түрі
Орындалуына жауаптылар
Орындалу мерзімі
Болжаулы шығындар
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
7
1
Васильков алтын кен орнын одан әрі игеру, құрамында алтын бар кендерді өңдеу жөніндегі алдыңғы қатарлы технологиялар ды енгізу, жылдық алтын өндіруді 3-5 тоннаға жеткізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Васильковское
золото» БК (келісім бойынша)
2004 жылдан бастап
2004ж.- 1,3 млрд. теңге
2005ж.- 4,1 млрд. теңге
2006ж.- 3,4 млрд. теңге
өз қаржылары
2
Жаңа каолин ТБК құрылысын салу, каолин өндіруді жылына 40 мың тоннаға дейін жеткізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Тұрақты инвестор (келісім бойынша)
2004-2006 жылдар
2005ж.- 2,0 млрд. теңге 2006ж.- 0,6 млрд. теңге
өз қаржылары
3
Алтын, цианплавтар, барит ауырлатқыштарын алудың технологиялық схемасын жетілдіруді жүргізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
«КазСабтон» ЖАҚ (келісім бойынша)
2004- 2006 жылдар
2005ж.- 73,7 млн. теңге
Инвестордың қаржысы
4
Ақсу және Бестөбе кеніштерінде қышқылсыздандыру учаскелерін ұйымдастыру, жылына қосымша 70 кг. алтын өндіру
Облыс әкімдігіне ақпарат
КМК «Қазақ алтын» АҚ (келісім бойынша)
2004-2006 жылдар
2004ж.- 800 млн. теңге 2005ж.- 1900 млн. теңге 2006ж.- 1900 млн. теңге
өз қаржылары
5
Шығарылатын өнімнің түрлерін көбейту кварцидтер мен қиыршық тас өндіру көлемін арттыру «МуСА Импекс» ЖШС өндірісінің үдерісінде құралған қосалқы шикізат негізінде құрылыс өнімдерін өндіру жөніндегі технологиялар әзірлеу және енгізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
«МуСа Импекс» ЖШС (келісім бойынша)
2004-2005 жылдар
2004ж.- 150 млн. теңге
2005ж.- 50 млн. теңге
өз қаржылары
6
Алтын өндіру жөніндегі «Узбой» кен орнында (Еңбекшілдер ауданы) карьерді іске қосу, жылына 1,0 тонна алтын өндіру
Облыс әкімдігіне ақпарат
«САГА КРИК ГОЛД КОМПАНИ» ЖШС (келісім бойынша)
2004-2005 жылдар
2004ж.-324 млн. теңге
өз қаржылары
7
Құрамында фосфор бар минералдық тыңайтқыштар өндірісін арттыру, жылына 122 мың тонна өндіру
Облыс әкімдігіне ақпарат
«КазФосфат» химиялық зауыт ЖШС (келісім бойынша)
2004-2006 жылдар
2004ж.- 138,3 млн. теңге
өз қаржылары
8
Жылына 862 тонна полиэтилен құбырлары мен фитингтер өндіру
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Тыныс» ААҚ (келісім бойынша)
2004-2005 жылдар
2005ж.-1,0 млрд. теңге
Несиелік ресурстар
9
175 мың данаға дейін композиттік газ балондар өндіру
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Тыныс» ААҚ (келісім бойынша)
2004- 2005 жылдар
2005ж.- 477 млн. теңге
Несиелік ресурстар
10
Облыстың машина жасау кешенін одан әрі дамыту аясында:
«Макинка поршын сақинасы зауытты ЛТД зауытының өндірістік күштерін игеру, поршын сақиналарының түрлерін көбейту, 2004 жылы тауар өнімінің көлемін 50,0 млн. теңгеге жеткізу
«MateN» ЖШС реконструкциясын аяқтау, өндіріс көлемін арттыру, 2004 жылы тауар өнімінің көлемін 25,0 млн. теңгеге жеткізу
«Ерейментауреммаш» ӨК-нде жол көліктерін жөндеу базасын құру, жылына 250,0 млн.теңге көлемінде жол техникаларын күрделі жөндеуді игеру
«КРМЗ» ЖШС-нде автомобиль газ балондарын дайындау технологиясын әзірлеу және игеру, 35,0 млн.теңге көлемінде жаңа өнім түрін игеру
«Эльбор» ӨК-нде түсті металды детальдар дайындау бойынша өндірісті реконструкциялау, жаңарту және кеңейту, өндіріс көлемін 350,0 млн. теңгеге дейін өсіру, жаңа жұмыс орындарын ашу
Облыс әкімдігіне ақпарат
«МПСЗ
ЛТД» ЖШС
басшылығы
(келісім
бойынша)
«MateN»
ЖШС
басшылығы (келісім бойынша)
«Ерейментау
реммаш»
ӨК» (келісім бойынша)
«КРМЗ» ЖШС басшылығы (келісім бойынша)
«Эльбор» ӨК басшылығы (келісім бойынша)
2004- 2006 жылдар
2004- 2005 жылдар
2005 жыл
2004- 2005 жылдар
2004- 2005 жылдар
2004ж.- 2,6 млн. теңге
2005ж.- 5,0 млн. теңге
2004ж.-5,0 млн.теңге
2005ж.-120,0 млн. теңге
2005ж.- 20,0 млн. теңге
2005ж.- 25,0 млн. теңге
өз қаржылары
өз
қаржылары
өз
қаржылары
өз
қаржылары
өз
қаржылары
11
Темір-бетон өнімдерін өндіру көлемін арттыру, 2010 жылға дейін өндіріс көлемін 2,5 млрд. теңгеге дейін жеткізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Казшпалы» ЖШС (келісім бойынша)
2004-2005 жылдар
2004ж.- 80 млн. теңге
2005ж.- 81 млн. теңге
өз қаржылары
12
Болат тұрбаларын пенополиминералмен оқшалау өндіретін линиясын іске қосу
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Завод бытовой химии» ЖШС (келісім бойынша)
2004-2005 жылдар
2004ж.- 10,0 млн. теңге
2005ж.- 27 млн. теңге
13
Пеноизол қымталауын өндіретін линиясын ашу, өндіру көлемі жылына 3,0 мың куб
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Завод бытовой химии» ЖШС (келісім бойынша)
2004-2005 жылдар
2005ж.- 1,5 млн. теңге
өз қаржылары
14
Су және суаралас спирт қоспасына дистанциондық электромагниттік клапанды әзірлеу және дайындау, өндіру көлемі жылына 1500 дана
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Наука- Восток» АҚ (келісім бойынша)
2005 жыл
2005ж.- 1,1 млн. теңге
өз қаржылары
15
Ауырсалмақты автомобильдерге жанармай отынының қыздырғышын әзірлеу және дайындау, өндіру көлемі жылына 500 дана
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Наука-Восток» АҚ (келісім бойынша)
2005 жыл
2005ж.- 5,2 млн. теңге
өз қаржылары
16
Өткізу нарқында бәсекелестікке жарамды өнім өндіру мақсаттарында, кәсіпорындарда ИСО-9000 халықаралық стандарттарын енгізуге қолдау жасау
Облыс әкімдігіне ақпарат
Өнеркәсіп басқармасы, кәсіпорын басшылылары (келісім бойынша)
2004-2006 жылдары
2004ж.- 1,2 млн. теңге
2005ж.- 1,5 млн. теңге
2006ж.- 1,8 млн. теңге
өз қаржылары
17
Аймақаралық және мемлекет аралық шаруашылық байланыстары мен кооперацияларды дамыту
Облыс әкімдігіне ақпарат
өнеркәсіп басқармасы, кәсіпорын басшылары (келісім бойынша)
2004-2006 жылдар
Қажет емес
18
Этил спиртті шикізаты (этанол) өндірісін ұйымдастыру
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Прогресс» ҒӨБ Технопарк (келісім бойынша)
2004-2005 жылдар
2005ж.- 7,7 млрд. теңге
«Қазақстанның даму банкі» ЖАҚ
19
Астықты кешенді (терең) өңдеуді ұйымдастыру, құрғақ клейковина -1120 кг/сағ, крахмал сұйығын 39 пайыз, -4740 кг/сағ, крахмал қоспасын 14 пайыз-5320 кг/сағ, жарма -1,75 тонна/сағ.
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Прогресс» ҒӨБ Технопарк (келісім бойынша)
2004-2005 жылдар
2005ж.- 1,5 млрд. теңге
«Қазақстанның даму банкі» ЖАҚ
20
«Прогресс» ҒӨБ Технопаркте өнімнің жаңа түрлерін өндіруді ұйымдастыру:
жемшөп. Қоспалары тазаланған ферменттер (глюкаваморин, амилосубтилин) бакторлавицида өсімдіктерді қорғаудың микробиологиялық құралдары пестицидтер ауыл шаруашылығына арналған амин.қышқылдары
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Прогресс» ҒӨБ Технопарк (келісім бойынша)
2004- 2005 жылдар
2005ж.- 10,5 млрд. теңге
өз қаржылары, несиелік ресурстар
21
Антибиотиктердің субстанциялары өндірісін ұйымдастыру
Облыс әкіміне ақпарат
«Прогресс» ҒӨБ Технопарк (келісім бойынша)
2004-2006 жылдар
2005ж.- 100 млн. теңге
2006ж.- 148 млн. теңге
Несиелік ресурстар
22
Өндірілетін өнімнің ассортиментін жақсарту үшін жаңа технологиялар мен рецептуралар әзірлеу
Облыс әкіміне ақпарат
«Көкшетауминводы» ЖШС (келісім бойынша)
2004-2006 жылдар
2004ж.- 18 млн. теңге
2005ж.- 40 млн. теңге
2006ж.- 35 млн. теңге
өз қаржылары
23
Минералдық суларды құю линиясын автоматтандыру және цехын реконструкциялау
Облыс әкіміне ақпарат
«Көкшетауминводы» ЖШС (келісім бойынша)
2004-2006 жылдар
2004ж.- 12,0 млн. теңге
2005ж.- 12,0 млн. теңге
өз қаржылары
24
Шығарылатын өнімдердің ассортиментін жақсарту соның ішінде балмұздақ, йогурт, бифидок, голланд сырасы, сұйытылған құрғақ сүт
Облыс әкіміне ақпарат
«Гормолзавод» ЖШС (келісім бойынша)
2004-2006 жылдар
2004ж.-22,7 млн. теңге
өз қаржылары, несиелік ресурстар
25
«Май ТГТ» ЖШС-нде (Шортанды ауданы) қатты ірімшік өндірісін ұйымдастыру, жылына 4,0 тоннаға дейін ірімшік өндіру
Облыс әкіміне ақпарат
«Май ТГТ» ЖШС (келісім бойынша)
2005 жыл
2005ж.- 3,1 млн. теңге
өз қаржылары
26
Облыс кәсіпорындарында ет және сүт тағамдарын өндіретін өндірісті реконструкциялау және жаңарту
Облыс әкіміне ақпарат
Облыс кәсіпорындары (келісім бойынша)
2004-2006 жылдары
2004ж.- 40 млн. теңге
2005ж.- 40 млн. теңге
2006ж.- 40 млн. теңге
өз қаржылары
27
Жиһаз дайындаудың жаңа технологияларын игеру , облыстың жићаз кәсіпорындарында жаңа өндірістер ашу, өндірілетін өнімнің ассортиментін көбейту, оның ішкі нарықта бәсекелестікке жарамдылығын жақсарту, өндіріс көлемін жылына 50,0 млн.теңгеге дейін өсіру
Облыс әкіміне ақпарат
«Кристалл» ЖШС және басқа жићаз кәсіпорындары (келісім бойынша)
2005 жылдан бастап
2005ж.- 10,0 млн. теңге
2006ж.- 20 млн. теңге
өз қаржылары
28
Облыс кәсіпорындарының «Қазақстанның ең жақсы тауарлары» атты конкурс-көрмесіне қатысуын ұйымдастыру
Облыс
әкіміне
ақпарат
Ақмола облысы бойынша Мемтандарттың мемқадағалау басқармасы
Жылсайын 2-3 тоқсан
Қажет емес
-
29
Мемстандарттың экономика салалары халықаралық стандарттарға көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуіне қатысу
Қазақстан Республика сы Үкіметіне ұсыныс
Ақмола облысы бойынша Мемтандарттың мемқадағалау басқармасы
2004 жылдың 3 тоқсаны
Қажет емес
30
Мемстандарттың 2004-2005 жылдарға ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуіне қатысу
Қазақстан Республика сы Үкіметіне ұсыныс
Ақмола облысы бойынша Мемтандарттың мемқадағалау басқармасы
2004 жылдың 3 тоқсаны
31
Щучье ПС 2-қатарын реконструкциялау (РУ 10кВ)
Орындалған жұмыстар актісі
«Қазақтелеком» ААҚ (келісім бойынша)
08.2004ж
2004ж.-9,8 млн. теңге
өз қаржылары
32
Бүгінгі таңдағы байланысты транктік кешен байланысымен жаңарту
Орындалған жұмыстар актісі
«Қазақтелеком» ААҚ (келісім бойынша)
05.2005ж
2005ж.- 50 млн. теңге
өз қаржылары
33
Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану
Есеп
Табиғатты пайдалану басқармасы
2004- 2006ж
2004ж - 103,5 млн. теңге
2005ж - 83 млн. теңге
2006ж - 85 млн. теңге
Облыстық бюджет 105.256.
002
бюджеттік бағдарлама
34
Ауа бассейнін қорғау
Есеп
Табиғатты пайдалану басқармасы
2004ж
2004ж.- 20 млн. теңге
Облыстық бюджет 105.256.
002
бюджеттік бағдарлама
35
Экологиялық ағарту
Есеп
Табиғатты пайдалану басқармасы,
қоршаған айналаны қорғау басқармасы
2004- 2006ж
Газеттің шығарылуы (млн. теңге): 2004ж.- 1,7 2004ж.- 1,7 2006ж.- 1,8 экологиялық ағарту (млн. теңге) 2004ж.- 1,3 2005ж.- 1,3 2006ж.- 1,4
Облыстық бюджет 105.256.
002
бюджеттік бағдарлама
36
ЭАТС орнату
Орындалған жұмыстар актісі, облыс әкімдігіне ақпарат
Ақмола ОТД (келісім бойынша)
2004-2005ж
2004ж.- 213 млн. теңге
2005ж.- 300 млн. теңге
«Қазақтелеком» ААҚ
37
Цифрлық РРЛ ұйымдастыру
Орындалған жұмыстар актісі, облыс әкімдігіне ақпарат
Ақмола ОТД (келісім бойынша)
2004-2005ж
2004ж.- 59 млн. теңге
2005ж.- 60 млн. теңге
«Қазақтелеком» ААҚ
38
Елді мекендерді сумен жабдықтайтын бүгінгі таңдағы жүйені реконструкциялау
Орындалған жұмыстар актісі, облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
2004-2005ж
2004ж.- 50 млн. теңге
2005ж.- 60 млн. теңге
Республикалық бюджет
39
Су жүргізетін құбыр ғимарат кешенін реконструкциялау
Орындалған жұмыстар актісі, облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
2004-2006ж
2004 - 65 млн. теңге
2005ж.- 50 млн. теңге
2006ж.- 50 млн. теңге
Республикалық бюджет
40
СУ құбыры желісін және құрылысын қайта құру
Орындалған жұмыстар актісі, облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
2004-2009 жылдар
жыл сайын 57,8 млн. теңге
Республикалық бюджет
41
Нарыққа керектігіне сәйкес жұмыссыздардың профессионалды дайындығын ұйымдастыру
Есеп
Аудандық және қалалық ММ «Жұмыспен қамту орталықтары»
Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде
2005ж. - 18110 мың. теңге
2006ж. - 19700 мың. теңге
Облыстық бюджет 258.010.
103
бюджеттік бағдарлама
42
Жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша бос орын жәрмеңкесін ұйымдастыру
Ақпарат
аудандық және қалалық ММ «Жұмыспен қамту орталықтары»
Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде
2004ж- 473 мың. теңге
2005ж.- 1553 мың. теңге
2006ж.- 1331 мың теңге
Облыстық бюджет 258.010.
103
бюджеттік бағдарлама
43
Тұрмысы төмен тұрғындар қатары мен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын қамтамасыз ету
Есеп
аудандық және қалалық ММ «Жұмыспен қамту орталықтары»
Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде
2005ж.- 29900 мың. теңге
2006ж.- 31400 мың теңге
Облыстық бюджет 258.010.
103
бюджеттік бағдарлама
44
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарына керек мамандықтар бойынша жұмыс күштерінің ұсыныс пен керектігін болжауын, талдауын және мониторингін жүргізу
Облыс
әкімді-
гіне
ақпарат
Обл. ЕЖҚжХӘҚБ Обл. ӨжСБ Обл. БББ
Аудан және қала әкімдері
Жыл сайын 2004 - 2006ж
1 тоқсаны
Қажет емес
45
ҚР 2015 жылға дейінгі кезеңге білім беру жүйесін дамыту концепциясының негізінде облыс білім беру жүйесін жетілдіретін аймақтық бағдарламаны әзірлеу
Облыс әкімдігінің қаулысы
Обл.БББ Обл ЭжККҚБ, аудан және қала әкімдері
2004 жылдың 4 тоқсаны
Қажет емес
46
Шортанды п. Аудандық орталығында 10-0,4 желісінде КЕЖАЖ (коммерциялық есеп жүргізудің автоматтандырылған жүйесі ) ұшқыштық жобасын жүзеге асыру
Орындалған жұмыстар актісі, облыс әкімдігіне ақпарат
«АРЭК» АҚ (келісім бойынша)
2004ж
2004ж.- 5000 мың. теңге
Кәсіпорынның кірісі мен аммортизациясы
47
ҚР электроэнергетикасында нарықтық қатынастар концепсиясын жүзеге асыру мақсатымен - АСКУЭ жүйесімен РЭК-ты жабдықтау
Орындалған жұмыстар актісі, облыс әкімдігіне ақпарат
«АРЭК» АҚ (келісім бойынша)
2006ж
2005ж.- 10,0 млн. теңге
2006ж.- 10 млн. теңге
Кәсіпорынның кірісі мен аммортизациясы
48
«Ақмола», «Веселовская» кВ ПС аккумулятор батарейлерін Словаакияда шығарылған ОР S3000 типіне ауыстырумен жаңарту
Орындалған жұмыстар актісі, облыс әкімдігіне ақпарат
«АРЭК» АҚ (келісім бойынша)
2005ж
2005ж.- 10,3 млн. теңге
Кәсіпорынның кірісі мен аммортизациясы
49
Астық өңдеу бойынша жаңа қуат жасау және өндіріске қосымша танап қосу
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Агрофирма Кенащы» ЖШС (келісім бойынша)
2005ж.
2005ж. - 877,5 млн.т.
Меншікті қаражат
50
Керамикалық плиткалар мен керамогранит өндірісін ұйымдастыру
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Азия-керама» ЖШС (келісім бойынша)
қыркүйек, 2005ж.
2005ж - 4050 млн.т.
Меншікті қаражат
51
«Тыныс» АҚ базасында «Қазақстан-КАМАЗ» консорциумімен бірге шағын габаритті автобус жинауды ұйымдастыру
Облыс әкімдігіне ақпарат
Автобус шығару бойынша БК (келісім бойынша)
2005ж. II т.
2004ж-405,0 млн.т
Меншікті қаражат
52
Кірпіш зауытын салу, жылына 50,0 млн. кірпіш өндіру
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Асар» ЖШС (келісім бойынша)
2004-2007ж.
2004- 25,0 млн.т.
2005- 275,0 млн.т.
2006- 150,0 млн.т.
2007- 100 млн.т.
Меншікті қаражат
53
Нан зауытын жаңарту және қайта салу, нан өнімдерін тәулігіне 20т. шығару
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Ақсай-Көкшетау Нан» филиалы (келісім бойынша)
2004ж. 3т.
2004- 30,0 млн.т.
Меншікті қаражат
54
Фармацевт зауытын салу (Зеренді ауданы)
Облыс әкімдігіне ақпарат
«Pharm Industru corporation» фирмасы (келісім бойынша)
2005-2006 ж.
2005- 3200 млн.т.
2006- 4225 млн.т.
Меншікті қаражат
Қысқартылған сөздер:
БК - бірлескен кәсіпорын
ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам
ААҚ - ашық акционерлік қоғам
ЖСС - жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
КМК - кен-металлургиялық концерні
ӨК - өндірістік кооператив
АҚ - акционерлік қоғам
ҒӨБ - ғылыми-өндірістік бірлестік
ОТД - облыстық телекоммуникациялар дирекциясы
ММ - мемлекеттік мекеме
ОЕЖҚХӘҚБ - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
ӨжСБ - өнеркәсіп және сауда басқармасы
ОББ - облыстық білім басқармасы