2004-2006 жылдарға арналған облыстың денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004-2006 жылдарға арналған облыстың денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 2004-2006 жылдарға арналған облыстың денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы бекітілсін.
Басқа 1
2004-2006 жылдарға арналған облыстың денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы
Тармақ 1
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ Бағдарламаның атауы: 2004-2006 жылдарға арналған облыстық денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы Бағдарламаның дайындауға негiздеме: "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулық жағдайын жақсартудың» бiрiншi кезектегi iс-шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң» 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығы, "Iшкi және сыртқы саясатты» 2003 жылға арналған негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына жолдауы, "2000-2005 жылдарда Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды одан әрi дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң» 2000 жылғы 25 мамырдағы N 790 қаулысы Бағдарламаны жауапты орындаушысы: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Бағдарламаның тең орындаушысы: Облыстық қаржы басқармасы, облыстық орындаушылары: сәулет, құрылыс және тұрғын ұй коммуналдық шаруашылық басқармасы, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, облыстық бiлiм басқармасы, Қызылорда қаласы мен аудандардың әкiмдерi. Бағдарламаның мақсаты: Облыстың денсаулық сақтау жүйесiн басқаруды жетiлдiру. Облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту. Тұрғындарға, әсiресе ауылдық жерлерде медициналық көмектiң жеткiзiмдiлiгiн қамтамасыз ету. Көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемiн ұлғайту. Бағдарламаның мiндеттерi: Алғашқы медициналық-санитарлық көмектi дамыту; Облыстың денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландыруды жетiлдiру; Ауылдық жерлердегi емдеу-профилактикалық мекемелерге басымдық бағыт бере отырып, облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын жақсарту; Облыстың денсаулық сақтау саласының кадрлар әлеуетiн күшейту; Профилактикалық жұмыстарды жандандыру, салауатты өмiр салтын қалыптастыруды күшейту және саланы ақпараттандыру. Бағдарламаны iске асыру мерзiмдерi: 2004-2006 жылдар Қаржыландыру көздерi: Республикалық, облыстық және жергiлiктi бюджеттердiң қаржылары, Қазақстан Республикасының Заңдарымен шектелмеген бюджеттен тыс қаржы көздерi Күтiлетiн нәтижелер: Облыс тұрғындарының аурушаңдық деңгейiн нақты төмендету, өлiм-жiтiмдiк пен мүгедектiктi азайту, орташа өмiр сүру ұзақтығын ұлғайту және өңiрдегi демографиялық жағдайды одан әрi жақсарту.
Тармақ 2
2. КIРIСПЕ Үстiмiздегi жылы облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi N 266 шешiмiмен бекiтiлген 2000-2002 жылдарға арналған облыстың денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының мерзiмi аяқталды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында емдеу-профилактикалық мекемелердiң материалдық-техникалық базалары едәуiр нығайтылды, алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң жақсаруына, кадрлар әлеуетiне үлкен көңiл бөлiндi. Ауыл халқына медициналық көмектiң жеткiзiмдiлiгiн жақсарту мақсатында 8 ауылдық аурухана, 10 отбасылық-дәрiгерлiк амбулатория, 4 фельдшерлiк-акушерлiк пункт қайтадан қалпына келтiрiлдi, 2000 жылдың басында медициналық қызмет көрсетiлусiз қалған 16 елдi мекен медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз етiлдi. Облыстық медициналық орталық толық пайдалануға берiлдi. Бiр мезгiлде 300 бала келiп көрiнуге болатын кеңес беру-диагностикалық емханасы бар 200 төсектiк облыстық балалар ауруханасы, облыстық медициналық орталықтың базасында 100 төсектiк перинаталды орталық, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерiнiң жанынан туберкулездiң мультирезистенттiк түрiн емдейтiн 40 төсектiк бөлiмше ашылды. 86 санитарлық автокөлiк және қымбат бағалы медициналық құрал-жабдықтар алынды. Ауылдық жерлердегi медициналық мекемелер желiсi ауылдық жерлердегi денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгi мемлекеттiк стандартына сәйкестендiрiлдi. Медициналық кадрларды дайындау және қайта дайындау жөнiндегi iс-шараларды орындау барысында 2001 жылдан бастап тұңғыш рет мамандарды облыстық бюджет қаржысы есебiнен алыс, оның iшiнде Түркия мен Израильде, және жақын шетелдерде оқыту жүзеге асырылды. 2001-2002 жылдарға облыстық бюджеттен 11 млн. теңге қаржы бөлiндi, бұған 105 маман оқытылды. Осының нәтижесiнде емдеу мен диагностиканың 100-ден астам жаңа әдiстерiн енгiзуге мүмкiншiлiк туды. Облыстың денсаулық сақтау саласына шетелдердiң инвестициясын тарту мақсатында белсендi жұмыстар жүргiзiлдi. 2002 жылы "Шөп тамыры" гранты бойынша 14 ауылдық аурухананы электр жарығымен үздiксiз қамтамасыз ету үшiн дизельдi генератор алынды, облыстық медицина орталығын медициналық құралдармен қамтамасыз етуге Жапон Үкiметiнiң 467 млн. йена көлемiнде гранты бекiтiлдi. Облыстың денсаулық сақтау саласының 2000-2002 жылдарға арналған даму бағдарламасы сол кезеңдегi облыстың денсаулық сақтаудың басым бағыттарын және өзектi мәселелерiн ескере отырып жасалынды және денсаулық сақтауды экономикалық ретке келтiру саясатын жүзеге асыруға бағытталды. 2004-2006 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын (бұдан былай - Бағдарлама) жасау тұрғындардың денсаулығын сақтау саясаты жөнiндегi мемлекеттiң басымдық бағыты мен мақсатын бiртұтас жүзеге асыру стратегиясын жалғастыру қажеттiлiгiнен туындады.
Тармақ 3
3. ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КҮЙI Облыс халқына 238 мемлекеттiк емдеу-алдын алу ұйымдары медициналық қызмет көрсетедi. Оның iшiнде 44 аурухана, оның 23-i ауылдық аурухана, 45 емхана, 12 диспансер, 32 отбасылық дәрiгерлiк амбулатория, 56 фельдшерлiк-акушерлiк және 72 фельдшерлiк пункт. Облыстың денсаулық сақтау саласында 1,7 мың дәрiгер, 5,6 мың орта буын медицина қызметкерлерi еңбек етуде. Жеке медициналық секторды 35 жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, 28 жеке кәсiпкер дәрiгерлер, 1 ААҚ жеке клиника және санаторий құрайды. Соңғы екi жылда аурухана ұйымдарының саны 53-тен 60-қа, төсек орын саны 5285-тен 5580-ге көбейдi. Тиiсiнше, әрбiр 10 мың тұрғынға шаққанда тұрғындарды төсекпен қамтамасыз ету 84,3-тен 88,9-ға өстi. Облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында 12 аймақтық бағдарлама және iс-шаралар жоспары жасалынып, жүзеге асырылуда, оның iшiнде "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы, ана мен баланы қорғау, нашақорлықты емдеу және медициналық алдын алу, салауатты өмiр салты, ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет және т.б. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жылдан жылға өсiп келедi. Осы салаға 2002 жылы 3471,8 млн. теңге бөлiндi, бұл 2001 жылға қарағанда 847,6 млн. теңгеге, ал 2000 жылмен салыстырғанда 1054,2 млн. теңгеге артық. Облыстың әрбiр тұрғынына шаққанда қаржыландырылу 2002 жылы 5720 теңгеге жеттi, бұл 2000 жылғы деңгеймен салыстырғанда 30%-ға жоғары. Осындай жағдайда да сала басқарудың жаңа тәсiлдерi мен модельдерiн қарастыра отырып, үнемi жетiлдiрiп, көрсетiлген медициналық қызмет үшiн ақы төлеудiң нарықтық тетiктерiн дамытып, мемлекеттен бөлiнген қаржыны үнемдеп пайдалануға көшуi қажет. Бiрақ та, облыстағы тұрғындардың аурушаңдық көрсеткiштерiнiң динамикасы соңғы жылдары мазасыздық тудыруда. Мысалы, соңғы екi жылда алғашқы аурушаңдықтың 9% өскендiгi байқалады. Өңiрде туберкулезбен аурушаңдық 2002 жылы әрбiр 100 мың тұрғынға шаққанда 289-ды құраса, бұл көрсеткiш республикада 165,1 құрайды. Жұқпалы аурулармен аурушаңдық деңгейi бiршама төмендегенiмен, әлi де болса жоғарғы деңгейде қалуда. Соңғы үш жылда облыста қаназдылықпен аурудың өскендiгi байқалады: 2000ж. - 4577, 2001ж. - 4639, 2002ж. - 6168 және қатерлi iсiкпен, тиiсiнше 149,0, 142,3 және 159,1. Әлi де болса, сәбилер өлiмi жоғарғы деңгейде қалуда (2002ж.-23,2), бұл республика көрсеткiшiнен үштен бiрге жоғары. Облыс тұрғындары санының өскенiне қарамастан, туу көрсеткiшiнiң төмендегенi (1 мың тұрғынға шаққанда туғандардың саны), 2000 жылы 20,9-дан 2003 жылы 20,3-ке және жалпы өлiм көрсеткiшiнiң тиiсiнше 7,4-тен 7,7-ге өскендiгi байқалады. Нәтижесiнде табиғи өсiм азайды, оның көрсеткiшi 2000 жылы 13,5 промилле болса, 2002 жылы 12,6-ны құрады. Облыста әлi де болса ауылдық жерлердегi денсаулық сақтау жүйесiнiң материалдық-техникалық базалары және ауыл тұрғындарының төсек-орынмен қамтамасыз етiлуi (19,1) қанағаттанғысыз күйде қалуда. Ауылдық жерлердегi медициналық ұйымдардың көпшiлiгi типтiк емес икемделген ғимараттарда орналасқан, орталықтандырылған жылу және су жүйесiмен, электрмен тұрақты қамтамасыз етiлмеген, ауылдық жерлердегi ұйымдардың 80%-нда телефон қондырғылары орнатылмаған. Ауылдық жерлерден мамандардың кетуi байқалады. Осындай жағдайда ауылдық жерлердегi денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайту, медициналық құрал-жабдықтар паркiн жетiлдiру, ауылдық жерлерде ақпараттандыру жүйесiн ұйымдастыруды жеделдету талап етiледi. Уақытылы бiлiктi көмек көрсету үшiн қашықтан диагностикалау әдiсi - телемедицинаны ендiру қажет. Ауыл тұрғындарын медициналық қызметпен толық қамтамасыз ету принциптi ұстаным болып табылады. Ауыл тұрғындарына дәрi-дәрмектiк көмектiң жеткiзiмдiлiгi бiрiншi кезектегi iс-шаралардың бiрi болуы тиiс. Жалпы медициналық қызмет рыногының даму жағдайында сапалық басқару жүйесi жалғастырылуы тиiс, бұның медициналық қамсыздандыру жүйесi кезiнде маңызы ерекше. Медицина кадрларын шет елдерде оқыту тәжiрибесiн жалғастыру жоспарлануда. Салауатты өмiр салтын насихаттауды күшейту мақсатында салауатты өмiр салтын қалыптастыру қызметiн дамыту қажет. Бұл бағдарлама Денсаулық жылында айқындалған қағидаларды ескере отырып жасалынды және денсаулық сақтау жүйесiн қолдауға бағытталған.
Тармақ 4
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI Осы бағдарламаның негiзгi мақсаттары: облыстағы денсаулық сақтау жүйесiн басқаруды жетiлдiру, тұрғындарға, әсiресе, ауылдық жерлерде көрсетiлетiн медициналық көмектiң жеткiзiмдiлiгiн және сапасын жақсартуды қамтамасыз ету, көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемiн ұлғайту. Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) алғашқы медициналық-санитарлық көмектi дамыту;
Тармақша 2
2) облыстың денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландыруды жетiлдiру;
Тармақша 3
3) кадрлар әлеуетiн күшейту;
Тармақша 4
4) емдеу-алдын алу мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын жақсарту;
Тармақша 5
5) салауатты өмiр салтын белсендi насихаттау;
Тармақша 6
6) саланың профилактикалық бағытын қамтамасыз ету. Облыс тұрғындарына медициналық көмектiң жеткiзiмдiлiгiн ұлғайту арқылы көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемiн ұлғайту және сапасын жақсарту, облыс тұрғындарының денсаулығын нығайту, өлiм-жiтiм мен мүгедектiктi азайту, Арал аймағы тұрғындарының орташа өмiр сүру деңгейiн көтеру көзделуде.
Тармақ 5
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТIГI Медициналық көмектi жетiлдiру мақсатында бағдарламаны жүзеге асыру алғашқы медициналық-санитарлық көмектi дамытуды, стационарлық және бiлiктi медициналық көмектi облыс тұрғындарына жақындату мақсатын қарастырады, облыстың төсек қорын стационарлық көмек түрiнiң қажеттiлiгiне келтiру, дәрi-дәрмектiк көмектi жақындату мақсатында дәрiхана пункттерiнiң жүйесiн ашу, бiлiктiлiгiн жетiлдiру жолымен кадрлар әлеуетiн нығайту және мамандарға тұрғын үй беру арқылы ауылдық жерлерге жұмысқа тарту. Медициналық көмектi қазiргi заман талабына және нарықтық жағдайларға сай келтiру үшiн, саланы нарықтық қатынастарға одан әрi қалыптастыру қажет: денсаулық сақтауда ресурстарды сақтау саясатын үнемдi және тиiмдi жүргiзу, салаға қосымша инвестициялар тарту, көпсалалы жекеменшiк түрлерiн, медициналық ұйымдар арасында бәсекелестiктi дамыту, медициналық қызмет нарығын құру. Негiзгi мiндеттердiң бiрi - жеке тұлғалардың өздерiнiң қаржысының есебiнен құрылған денсаулық сақтаудың мемлекеттiк емес секторын қолдау және дамыту болып табылады. Материалдық-техникалық базаларды нығайту үшiн облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерiне жаңа ғимараттар салу, оларды қазiргi заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтармен және оргтехникалармен, санитарлық автокөлiктермен және телефон байланысымен қамтамасыз ету қажет. Бағдарламаның орындалуы барлық деңгейдегi басқару органдарының бiрлесiп жұмыс жасауын және үйлестiруiн қажет етедi. "2004-2006 жылдарға арналған облыстың денсаулық сақтау саласының дамыту бағдарламасының" жауапты орындаушысы - облыстық денсаулық сақтауды басқармасы болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн iс-шаралар жоспары жасалынды, бұл белгiленген iс-шаралардың бiртiндеп орындалуын қарастырады.
Тармақ 6
6. БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КӨЗДЕРI ЖӘНЕ ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР 2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама төмендегi қаржы көздерiнен қаржыландырылады: республикалық бюджеттен; жергiлiктi бюджеттен; Қазақстан Республикасы заңдарымен шектелмеген басқа да қаржы көздерiнен.
Тармақ 7
7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН НҮТИЖЕЛЕР Бағдарламаның iске асырылуы және барлық iс-шараның қабылдануы, облыстың денсаулық сақтау жүйесiн басқаруды жетiлдiрудi, қаржыландырудың барлық көздерiнен шығын мөлшерiн ұлғайтуды жыл сайын қарастыра отырып, облыстың денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуына қол жеткiзiледi, медициналық көмектiң жеткiзiмдiлiк деңгейiн сақтайды және бiртiндеп көтередi, әсiресе, ауылдық жерлердегi тұрғындар үшiн, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жетiлдiрiледi, емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң материалдық-техникалық базалары нығайтылады, қазiргi технологияларды меңгерген, халықаралық стандарттарға, денсаулық сақтаудың тәжiрибелiк негiзгi талабына сай жоғарғы деңгейдегi бiлiктi мамандарды дайындау қамтамасыз етiледi, емдеу-диагностикалық процеске жаңа технологиялар ендiрiледi, осының нәтижесiнде емдеу сапасы мен деңгейi жақсарады, облыс тұрғындарына медициналық көмектiң көлемi ұлғаяды. Денсаулық сақтау саласына бөлiнген қаржыны үнемдi және тиiмдi пайдалана отырып, қаржыландыру жүйесi дамытылады, медициналық ұйымдарды қаржыландыру мөлшерi олардың көрсеткен қызметiнiң көлемiне және сапасына тығыз байланысты болады. Мұндай жағдайда денсаулық сақтау саласының бiрқалыпты дамуына мүмкiншiлiк туады және қаржыландыру жүйесi көрсетiлетiн медициналық көмектiң деңгейiне дер кезiнде сәйкестендiрiледi. Бұл облыс тұрғындарының денсаулығын нығайтуды қамтамасыз етуге, демографиялық жағдайдың тұрақтануына, белгiленген стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес қоғамның одан әрi дамуына қалыпты жағдай жасайды.
Басқа 15
Облыстың денсаулық сақтау саласының 2004-2006 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары Р.с Iс-шаралар Аяқтау нысаны Орындауға жауаптылар Орын- дау мерзiмi Болжамды шығыстар (мың. тг.) Қаржылан дыру көзi 2004 ж 2005 ж 2006 ж 1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектi (АМСК) жетiлдiру 1. Қызылорда қаласындағы N2 қалалық емхана филиалы негiзiнде дербес қалалық емхана ашу Қараөзек ОДА-сының базасында 15 төсектiк ауылдық аурухана ашу Облыс әкiмiнiң шешiмi Қызылорда қаласы әкiмi 2004 2005 4070 Қалалық мәслихат айқындаған қалалық бюджет шегiнде 2. Аудан орталықтарындағы орталық аудандық ауруханаларды, аудандық емханаларды, кеңес беру диагностикалық емханаларды (КДЕ),  және отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларды (ОДА) мемлекеттiк мекемелерге айналдыру Облыс әкiмиятының қаулысы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (ОДСБ), Облыстық қаржы басқармасы (ОҚБ), аудандар және Қызылорда қаласы әкiмдерi  (әкiмдер) 2004 12200 Облыстық бюджет 3. Қармақшы және Жалағаш аудандарының орталықтарында ОДА-ларды КДЕ-ларымен бiрiктiрiп аудандық емханалар құру Облыс әкiмиятының қаулысы ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 Аудандық мәслихаттар айқындаған аудандық бюджеттер шегiнде 4. Арал ауданы "Жақсықылыш" ОДА-сының           базасында 25 төсектiк ауылдық аурухана ашу "Аралқұм" ФАП- нiң базасында "Қамыстыбас" АА-сына бағынышты ОДА ашу "Үкiлiсай" елдi мекенiн бөлмесiз медицина қызметкерiмен қамтамасыз ету Облыс әкiмiнiң шешiмi бұйрық ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2005 2004 2004 329 95 7350 Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Облыстық бюджет Облыстық бюджет Қазалы ауданы "Бозкөл" ОДА-сының базасында 15 төсектiк ауылдық аурухана ашу Облыстық ЖҚТБ орталығының филиалын ашу Заңды тұлға етiп дербес шығару: ОДА "Басықара" ОДА "Түктiбаев" Бөлмесiз медицина қызметкерлерiмен: "Талберген", "Майлыбас" және "Водокачка" Елді мекендерiн қамтамасыз ету. Облыс әкiмiнiң шешiмi бұйрық ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 2004 2004 2004 2004 4705 285 Респ. бюджет Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Обл. бюджет Қармақшы ауданы Заңды тұлға етiп дербес шығару: ОДА "Ақжар" ОДА "Жаңажол" ОДА "Ақтөбе" Облыс әкiмiнiң шешiмi ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 2004 2004 Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Жалағаш ауданы 15 төсектiк ауылдық ауруханалар ашу "Қаракеткен" ОДА-сының  базасында "Аққыр" ОДА-сының базасында "Ақсу" ФАП-нiң базасында ОДА  ашу Облыс әкiмiнiң шешiмi ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 2005 2004 4070 263 4957 Респ. бюдж Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Обл. бюджет Сырдария ауданы Бөлмесiз медицина қызметкерлерiмен: "Айтек" және "Қарақасқа" елдi мекендерiн қамтамасыз ету. бұйрық ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 152 Обл. бюджет Шиелi ауданы "Тартоғай" ОДА-сының базасында 15 төсектiк ауылдық аурухана ашу Медициналық жедел жәрдем стансасын аудандық орталық ауруханадан бөлiп, дербес мекемеге айналдыру Облыстық ЖҚТБ орталығының филиалын ашу Бөлмесiз медициналық қызметкерлермен: "Лесхоз", "Ақтам", "Қосүйеңкi", "Жартылай казарма", және "18 разъезд" елдi мекендерiн қамтамасыз ету. Облыс әкiмияттың қаулысы Облыс әкiмiнiң шешiмi бұйрық ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 2004 2004 2004 4070 1944 380 Респ. бюджет Респ. бюджет Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Обл. бюджет Жаңақорған ауданы "Қыркеңсе" ОДА-сының базасында 15 төсектiк ауылдық аурухана ашу "Түгiскен" ОДА-сын заңды тұлға етiп дербес шығару Облыс әкiмiнiң шешiмi ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 2004 4070 Респ. бюджет Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде 2. Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының көрсететiн медициналық қызметi үшiн тиiмдi төлеу жүйесiн жасау және ендiру Есеп беру ОДСБ, ОҚБ 2004 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 3. Тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудi жетiлдiру 5. Ауылдық жерлердегi облыс тұрғындарына динамикалық бақылауды және сауықтыруды жалғастыру Есеп беру ОДСБ, әкiмдер 2004-2006 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 6. Облыстағы диспансерлiк аурулардың мәлiмет базасын құру Есеп беру ОДСБ 2004 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 7. Жұқпалы емес аурулардың алдын алу және бақылау жөнiндегi БДДСҰ-ының "Синди" жобасын; аурудың алдын алудың және қалпына келтiрудiң, емдеудiң, диагностиканың жаңа әдiстерiн; стационар жағдайында аурулардың сатылап емделуiн; әлеуметтiк мәнi бар негiзгi ауруларды емдеудiң және диагностиканың тиiмдi стандарттарын ендiру. Есеп беру ОДСБ 2004 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 8. Ауруханаға жатқызылуға дейiнгi кезеңде шұғыл жәрдем көрсетудiң сапасын көтеру Есеп беру ОДСБ 2004-2006 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 9. АМСК деңгейiнде жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау жүргiзу Есеп беру ОДСБ 2004-2006 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 10. Сарып ауруын азайту жөнiнде бiрлескен iс-шаралар жоспарын жасау Бұйрық ОДСБ, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау басқармасы, ҚР АШМ-лiгiнiң облыстық аумақтық басқармасы (келiсiм бойынша) 2004 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 4. Емдеу-алдын алу мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын жақсарту 11. Денсаулық сақтау нысандарының құрылысын салу Қызылорда қаласы 80төсектiк  жасөспiрiмдерге арналған туберкулез санаториясы Облыстық жүйке аурулар ауруханасының ас дайындау блогы Облыстық балалар ауруханасының залалсыздандыру блогы Облыстық балалар ауруханасының 3 қабатты ғимараты Пайдалануға беру Облыстық сәулет, құрылыс және тұрғын үй коммунал- дық шаруашылық басқармасы (ОСҚТҮКШБ), ОДСБ 2005-2006 2004 2004 2005-2006 15000 20000 70000 ЖСҚ сома-сына сәйкес 80000 Облыстық бюджет Арал ауданы 100 төсектiк туберкулезге қарсы күрес диспансерi "Жақсықылыш" АА "Көктем" ФП, "Құмбазар" ФАП "Ақбай" ФАП "Сазды" ФАП, "Қосжар" ФП "Аққұлақ" ФП, "Бекбауыл" ФАП Пайдалануға беру ОСҚТҮКШБ, әкiмдер 2004-2005 2004-2005 2004 2004 2005 2006 100000 27800 165160 130000 Респ. Бюджет Обл. бюджет Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Қазалы ауданы 125 төсектiк туберкулезге қарсы күрес диспансерiнiң ЖСҚ әзiрлеу "Сарбұлақ" ФАП "Тасарық" ФАП "Шилi" ФП Пайдалануға беру Үкiмдер 2005 2004 2005 2006 ТЭН сомасы-на сәйкес Обл. бюджет Аудандық мәслихат айқын-даған аудандық бюджет шегiнде Қармақшы ауданы 60 төсектiк туберкулезге қарсы күрес диспансерi "Ақтөбе" ОДА "Қызылтам" ФП Пайдалануға беру ОСҚТҮКШБ, әкiмдер 2004-2005 2005 2006 100000 124460 50000 Респ. Бюджет Обл. бюджет Аудандық мәслихат айқын-даған аудандық бюджет шегiнде Жалағаш ауданы "Мырзабай" ФАП "Жаңаталап" ФАП "ЖМК" ФАП "Шәменов" ФАП Жұқпалы аурулары бөлiмшесi Пайдалануға беру ОСҚТҮКШБ, әкiмдер 2004 2004 2004 2005 2005-2006 ЖСҚ сома-сына сәйкес Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Обл. бюджет Сырдария ауданы 50 төсектiк туберкулезге қарсы күрес диспансерi "Мәлiбаев" ФАП Пайдалануға беру ОСҚТҮКШБ, әкiмдер 2004-2005 2005 100000 112620 Респ. бюджет Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Шиелi ауданы "Бидайкөл" ФАП "Бестам" ФАП "Байсын" ФАП Пайдалануға беру Үкiмдер 2004 2005 2006 Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Жаңақорған ауданы 190 төсектiк ОАА "Төменарық" АА Пайдалануға беру ОСҚТҮКШБ, әкiмдер 2006 2005-2006 108000 820320 20000 Респ. бюджет Обл. бюджет 12. Медициналық ұйымдарды қымбат бағалы   медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету                    (осы жылдарға бекiтiлген облыстық бюджеттерге сәйкес) ОДСБ бұйрығы ОДСБ, ОҚБ 2004-2006 120000 126000 132000 Обл. бюджет 13. Медициналық ұйымдарды санитарлық автокөлiктермен қамтамасыз ету         (осы жылдарға бекiтiлген облыстық бюджеттерге сәйкес) ОДСБ бұйрығы ОДСБ, ОҚБ 2004-2006 20000 21000 22000 Обл. бюджет Арал ауданы УАЗ-3962 Жүйке аурулары диспансерi, "Абай"ОДЕ "Сексеуiл" АА, "Аралқұм" ОДЕ ОАА, медициналық жедел жәрдем стансасы 2004 2005 2006 2006 Қазалы ауданы УАЗ-3962 "Қазалы" ОДЕ "Жанқожа" ОДЕ "Болатжолы" ОДЕ, "Түктiбаев" ОДЕ Перзентхана, "Басықара" ОДЕ, ТЖАД 2004 2005 2006 Қармақшы ауданы УАЗ-3962 "Тұрмағанбет" АА, "Жаңажол" ОДЕ Медициналық жедел жәрдемстансасы "Қармақшы" ОДЕ, "Төретам" АА ОАА, "Ақжар" ОДЕ 2004 2005 2005 2006 Жалағаш ауданы УАЗ-3962 "Еңбек" ОДЕ, "Алтын ұя" ОДЕ "Мәдениет" АА Туберкулезге қарсы күрес диспансерi, ОАА, "Бұхарбай батыр ОДЕ 2004 2005 2005 2006 Сырдария ауданы УАЗ-3962 ОАА, "Бесарық" ОДЕ ОАА ,  "Iңкәрдария" ОДЕ "Шаған" АА, "Аманкелдi" АА 2004 2005 2006 Шиелi ауданы УАЗ-3962 "Қарғалы" ОДЕ, "Тартоғай" ОДЕ "Шипагер" ОДЕ "Сұлутөбе" АА, "Балаби" ОДЕ КДЕ, "Алғабас" ОДЕ "Қодаманов" ОДЕ, "Бәйгеқұм" АА ВАЗ "Нива" ОАА 2004 2004 2005 2005 2005 2006 Жаңақорған ауданы УАЗ 3962 "Төменарық" АА, "Түгiскен" ОДЕ "Келiнтөбе" ОДЕ Туберкулезге қарсы күрес диспансерi ОАА, "Қандоз" АА, "Сунақата" ОДЕ ОАА 2004 2004 2005 2005 2006 14. Ауылдық жерлердегi АМСК көрсететiн ұйымдарды АА, ОДА  деңгейiне дейiн компьютерлермен қамтамасыз ету  (бекiтiлген аудандық (қалалық) бюджеттерге сәйкес) Ақпарат Үкiмдер 2004-2006 Аудандық мәслихаттар айқындаған аудандық бюджеттер шегiнде 15. Ауылдық жерлердегi АМСК көрсететiн ұйымдарды байланыс құралдарымен қамтамасыз ету (бекiтiлген аудандық (қалалық) бюджеттерге сәйкес ) Ақпарат Үкiмдер 2004-2006 Аудандық мәслихаттар айқындаған аудандық бюджеттер шегiнде 16. Қазалы және Жаңақорған аудандарында телемедицинаны ендiру Пайдалануға беру ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2005-2006 156180 25650 Респ. бюджет 17. Облыстың денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту: Облыстық медициналық орталықты Жапон Үкiметiнiң гранты бойынша медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету Ақпарат ОДСБ 2004 Халықаралық  ұйымдардың және қорлардың қаржысы Перинаталдық орталықты Ислам Даму Банкiсінің гранты бойынша құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету Ақпарат ОДСБ 2004-2005 Облыстық балалар ауруханасына "Шөп тамырлары" гранты бойынша медициналық құрал-жабдықтар алу Ақпарат ОДСБ 2004-2005 Халықаралық  ұйымдардың және қорлардың қаржысы Медициналық жедел жәрдем стансаларын және медициналық тәуелдiлiк орталығын Ислам Даму Банкiсінің гранты бойынша медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету Ақпарат ОДСБ 2004-2005 5. Төсек санын нормативке және қажеттiлiкке келтiру 18. Стационарлардың төсек қорын көбейту Арал ауданы "Сексеуiл" АА 20 төсек орынға ұлғайту Перзентхананы 20 төсек орынға ұлғайту Бұйрық ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 2005 1679 1763 Обл. бюджет Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Қазалы ауданы Перзентхананы 20 төсек орынға ұлғайту Бұйрық ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2005 1763 Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Қармақшы ауданы ОАА 10 төсек орынға ұлғайту ОАА 15 төсек орынға ұлғайту "III-интернационал" АА 10 төсек орынға ұлғайту Бұйрық ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 2005 2005 794 1249 834 Обл. бюджет Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Жалағаш ауданы "Мәдениет" АА 10 төсек орынға ұлғайту Бұйрық ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 808 Обл. бюджет Сырдария ауданы ОАА 10 төсек орынға ұлғайту АА "Шаған" 15 төсек орынға ұлғайту Бұйрық ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 2004 808 1024 Обл. бюджет Шиелi ауданы ОАА 20 төсек орынға ұлғайту ОАА 20 төсек орынға ұлғайту ТЖАД 5 төсек орынға ұлғайту Бұйрық ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2004 2005 2004 512 132 538 Обл. бюджет Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Обл. бюджет Жаңақорған ауданы ОАА 10 төсек орынға ұлғайту АА "Бiрлiк" 10 төсек орынға ұлғайту ТЖАД 5 төсек орынға ұлғайту Бұйрық ОДСБ, ОҚБ, әкiмдер 2005 2004 2004 808 182 848 Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Обл. бюджет Обл. бюджет 19. 5 төсек орындық күндiзгi стационарларды ОДА-лар базасында ашу: "Ақбасты" Арал ауданы "Қазалы" Қазалы ауданы "Бұхарбай батыр" Жалағаш ауданы "Iңкәрдария" Сырдария ауданы "Қарғалы" Шиелi ауданы Бұйрық Үкiмдер 2004 2004 2004 2004 2004 Аудандық мәслихаттар айқындаған аудандық бюджеттер шегiнде 6. Кадр әлеуетiн нығайту 20. Ауылдық жерлердегi медицина ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету Бұйрық ОДСБ, әкiмдер 2004-2006 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 21. Мамандардың бiлiктiлiгiн көтерудi жылына 18% жеткiзу (қаралған қаржының шегiнде) Есеп беру ОДСБ 2004-2006 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 22. Алыс және жақын шетелдерде мамандарды мақсатты түрде дайындауды және қайта дайындауды қамтамасыз ету (қаралған қаржының шегiнде) Есеп беру ОДСБ 2004-2006 5576 5855 6136 Обл. бюджет 23. Медицинаның өзектi мәселелерi бойынша мамандарды оқытудың көшпелi түрiн ұйымдасты тәжiрибесiн жалғастыру Есеп беру ОДСБ 2004-2006 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 24. Дәрiгерлердiң бiлiктiлiк санатының көрсеткiшiн 50%-ға дейiн, орта буынды медицина қызметкерлерiнде 35%-ға дейiн көтеру Есеп беру ОДСБ 2004-2006 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 25. Медициналық ұйымдардың басшыларын және мамандарын аттестаттаудан жүйелi түрде өткiзiп тұру Есеп беру ОДСБ 2004-2006 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 26. Медицина қызметкерлерiн тұрғын үйлермен қамтамасыз ету облыс әкiмиятының 08.04.2003 жылғы N 479 қаулысына сәйкес) Ақпарат Үкiмдер 2004-2005 Обл/аудан/ бюджет 7. Ауылдық жерлердегi АМСК көрсету мекемелерiнiң жанынан дәрiхана пункттерiн ашу Арал ауданы 14 елдi мекенде Бұйрық ОДСБ, әкiм 2004 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi Қазалы ауданы 17 елдi мекенде Бұйрық ОДСБ, әкiм 2004 Қармақшы ауданы 11 елдi мекенде Бұйрық ОДСБ, әкiм 2004 Жалағаш ауданы 10 елдi мекенде Бұйрық ОДСБ, әкiм 2004 Сырдария ауданы 6 елдi мекенде Бұйрық ОДСБ, әкiм 2004 Шиелi ауданы 15 елдi мекенде Бұйрық ОДСБ, әкiм 2004 Жаңақорған ауданы 18 елдi мекенде Бұйрық ОДСБ, әкiм 2004 8. Облыстың барлық негiзгi және орта мектептерiн медпункттермен қамтамасыз ету Бұйрық Облыстық бiлiм беру басқармасы, әкiмдер 2004 Аудандық мәслихаттар айқындаған аудандық бюджеттерiнiң шегiнде 9 Ана мен бала денсаулығын қорғау қызметiн жақсартуға бағытталған iс-шаралар 27. Қызылорда қаласы Әйелдер консультациясын ашу Балалар церебральдық параличiнен зардап шегiп жүрген балалар үшiн 20 төсек-орындық оңалту орталығын ашу Перинатальды орталықты 20 төсек орынға ұлғайту Облыс әкiмiнiң шешiмi Бұйрық Бұйрық ОДСБ, әкiм 2004 2004 2005 7171 8267 4500 Респ. бюджет Респ. бюджет Обл. бюджет Қармақшы ауданы Сүт кухнясын ашу Бұйрық Үкiм 2004 Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Жалағаш ауданы 50 төсек орындық перзентхана ғимаратының   құрылысын салу "Мәдениет"  АА-сының, "Аққұм" АА-сының жанынан сүт кухнясын ашу Пайдалануға беру, бұйрық ОСҚТҮКШБ, әкiм 2006 2004 2004 361820 Респ. Бюджет Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Сырдария ауданы Сүт кухнясын ашу Бұйрық Үкiм 2004 Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде Шиелi ауданы 55 төсек орындық перзентхана ғимаратының құрылысын салу Пайдалануға беру ОСҚТҮКШБ, әкiм 2006 459680 Респ. бюджет Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентiнде аудандық емхананың     жанынан әйелдер консультациясын ашу "Төменарық" кентiнде сүт кухнясын ашу Бұйрық Үкiм 2004 2004 Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде 28. Бала туу жасындағы әйелдерге динамикалық бақылау жұмысын күшейту Есеп беру ОДСБ 2004-2006 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 29. Жоғарғы қауiптi топтағы жүктi әйелдердi бақылау мониторингiн жетiлдiру Есеп беру ОДСБ 2004-2006 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 30. Бала туу жасындағы әйелдердi құрсақ iшiндегi жұқпалы аурулар бойынша тексерудi 100%-ға жеткiзу Есеп беру ОДСБ 2004-2006 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 31. 1 жасқа дейiнгi балалар денсаулығы жөнiнде мониторинг бағдарламасын жасау Есеп беру ОДСБ 2004 Қосымша қаржы шығынын қажет етпейдi 10 Барлық аудан орталықтарында  аудандық денсаулықты нығайту орталықтарын (ДНО) ашу Бұйрық ОДСБ, Үкiмдер 2004 Аудандық мәслихат айқындаған аудандық бюджет шегiнде 11 Ауылға бөлiнген қаржыны тиiмдi игеру Есеп беру Үкiмдер 2004-2005