О внесении дополнений в Программу социально-экономического развития города Макинска Буландынского района Акмолинской области на 2004-2006 годы, утвержденную решением районного маслихата № 3С-13/3 от 21 сентября 2004 года Қолданыста
Басқа 0
Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 21 қыркүйектегі № 3С-13/3 шешімімен бекітілген, Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының 2004-2006 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағына және аудан әкімінің қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 21 қыркүйектегі № 3С -13/3 шешімімен бекітілген (Әділет департаментінде №2814 тіркелген, «Бұланды жаршысы» газетінің 15.10.04 жылдағы № 42 санында жарияланған), кейін:
2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 3С-22/3 шешімімен (07.10.2005 жылда № 1-7-12 тіркелген, «Бұланды жаршысы» газетінің 21.10.2005 жылдағы № 44 санында жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының 2004-2006 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына келесі толықтырулар енгізілсін:
Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 8-тарауына қосымшаға сәйкес 38-тармақпен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Ескертусіз КЕЛІСІЛДІ
Бұланды ауданының әкімі Н.Ережепов
24.03.2006 ж.
Ескертусіз КЕЛІСІЛДІ
Макинск қаласының әкімі В.Потапов
24.03.2006 ж.
Ескертусіз КЕЛІСІЛДІ
Аудандық экономика және
бюджетті жоспарлау бөлімінің
меңгерушісі К.Самойлова
24.03.2006 ж.
Ескертусіз КЕЛІСІЛДІ
«ШЖҚ Макинск су» МКК директоры С.Гранкин
24.03.2006 ж.
Басқа 4
Бұланды аудандық мәслихатының
2006 жылғы 24 наурыздағы
№ 3С -28/4 шешіміне
қосымша
Р/с
Іс-шаралар
Аяқталу нысаны
Орындау үшін жауаптылар
Орындау мерзімі
Болжанған шығындар
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
7
38
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Макинск су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жарғылық капиталын көбейту
Есеп
Қала әкімі
2006 ж.
600,0
Аудандық бюджеттен инвестиция