О внесении изменений и дополнений в Программу обеспечения жителей области качественной питьевой водой "Сапалы су" на 2004-2006 годы, утвержденной решением областного маслихата № 3С-8-5 от 28 октября 2004 года Қолданыста
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 28 қазандағы N 3С-8-5 шешімімен бекітілген Облыс тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз етудің 2004-2006 жылдарға арналған "Сапалы су" Бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігінің ұсынысына байланысты және 2005 жылға бекітілген бюджетпен сәйкестікке келтіру мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың Әділет департаментінде 2004 жылдың 7 желтоқсанда № 2920 тіркелген 2004 жылғы 28 қазандағы № 3С-8-5 шешімімен бекітілген облыс тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз етудің 2004-2006 жылдарға арналған "Сапалы су" Бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (Қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 8 сәуірдегі
№ 3С-11-13 шешіміне
қосымша
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 28 қазандағы № 3С-8-5 шешімімен бекітілген облыс тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз етудің 2004-2006 жылдарға арналған "Сапалы су" Бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарына енгізілген өзгерістер
1 бөлімде. Облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған шаралар:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданы бойынша:
Тармақша 1
1) 1 тармақшадағы Ақкөл:
2005 жылы облыстық бюджеттен 12,1 млн. теңге сомасында "Канализациялық жүйелерін қайта құру" енгізілсін;
2005-2006 жылдары облыстық бюджеттен қаржыланатын барлық шаралар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Аршалы ауданы бойынша:
1 тармақшадағы Аршалы поселкесі бойынша:
облыстық бюджеттен 7,5 млн. теңге сомасы алынып тасталсын;
9,077 млн. теңге сомасында облыстық бюджеттен "Митченко көшесіндегі тарату желісін күрделі жөндеу" енгізілсін;
2005 жылы облыстық бюджеттен 8,026 млн. теңге сомасында "Су құбырын күрделі жөндеу" енгізілсін.
Тармақ 3
3. Астрахан ауданы бойынша:
2 тармақшадағы Астраханка селосы бойынша: 2005 жылы облыстық бюджеттен қаржыландыру сомасы 6,0 млн. теңгеден 6,263 млн. теңгеге өзгертілсін;
3 тармақшадағы Акимовка селосы 2006 жылы облыстық бюджеттен 1,0 млн. теңге алынып тасталсын.
4 тармақшадағы Приишимка селосы 2006 жылы облыстық бюджеттен 1,5 млн. теңге алынып тасталсын;
5 тармақшадағы Ақбейіт селосы 2005 жылы облыстық бюджеттен 0,5 млн. теңге алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Атбасар ауданы бойынша:
4 тармақшадағы Атбасар қаласы бойынша 2005 жылғы қаржыландыру сомасы 8,0 млн. теңгеден 9,783 млн. теңгеге өзгертілсін.
Тармақ 5
5. Бұланды ауданы бойынша:
1 тармақшадағы Макинка қаласы бойынша 2005 жылы 8,1 млн. теңге теңге сомасында "Канализация жүйесін күрделі жөндеу" енгізілсін;
2 тармақша алынып тасталсын.
Тармақ 6
6. Ерейментау ауданы бойынша:
2 тармақшадағы Уленты селосын 2006 жылы 5,0 млн. теңгеге қаржыландыру 2005 жылға өзгертілсін;
3 тармақшадағы Звенигородка селосы 2005 жылы қаржыландыру 10,0 млн. теңгеден 15,0 млн. теңгеге өзгертілсін.
Тармақ 7
7. Еңбекшілдер ауданы бойынша:
2, 3, 4, 5 тармақшалар алынып тасталсын;
6 тармақшадағы Трудовое селосы 2006 жылы облыстық бюджеттен қаржыландыру шаралары 6,0 млн. теңгеден 5,7 млн. теңгеге өзгертілсін.
Тармақ 8
8. Есіл ауданы бойынша:
8 тармақшамен толықтырылсын Ақсай селосы бойынша 2005 жылы облыстық бюджеттен 6,451 млн. теңге сомасында "Су құбырын күрделі жөндеу".
Тармақ 9
9. Жарқайың ауданы бойынша:
1 тармақшадағы Державинск қаласы 2005 жылы облыстық бюджеттен 4,6 млн. теңге сомасында "Аудандық аурухананың канализациялық жүйесін және септигін жөндеу" енгізілсін;
2 тармақшадағы Құмсуат селосы 2005 жылы облыстық бюджеттен 2,0 млн. теңгеге шаралар алынып тасталсын;
7 тармақшамен толықтырылсын Тасты-талды селосында 2005 жылы облыстық бюджеттен 8,0 млн. теңге сомасында "Су тоғанын (плотина) күрделі жөндеу" енгізілсін.
Тармақ 10
10. Қорғалжын ауданы бойынша:
2 және 3 тармақшалар алынып тасталсын;
10 тармашамен толықтырылсын Қорғалжын ауданы Нұра өзеніндегі "Кеңбидайық" гидротораптарға суды қорғау белгілерін қоюға" 2005 жылы облыстық бюджеттен 3,2 млн. теңге.
Тармақ 11
11. Зеренді ауданы бойынша:
11 тармақшаға Зеренді селосы 2005 жылы облыстық бюджеттен 6,7 млн. теңге сомасында "Аудандық аурухананың канализациялық құбырларын күрделі жөндеу" енгізілсін.
13 тармақшамен толықтырылсын Қонысбай селосы 2005 жылы облыстық бюджеттен 10 млн. теңге және, 2006 жылы 27 млн. теңге сомасында "Су құбырлары жүйесін күрделі жөндеу".
Тармақ 12
12. Сандықтау ауданы бойынша:
1 тармақшадағы Балкашино селосы 2005 жылы облыстық бюджеттен "Су құбырларын күрделі жөндеуге" 20,0 млн. теңге енгізілсін.
46 тармақшамен толықтырылсын Сандықтау ауданы 2005 жылы облыстық бюджеттен 8,2 млн. теңге сомасында "Жабай өзені аймағында иесі жоқ өндірістік нысандарды жою".
Тармақ 13
13. Щучье ауданы бойынша:
2 және 3 тармақшалар алынып тасталсын.
Тармақ 14
14. Шортанды ауданы бойынша:
3 тармақшада "Шортанды поселкесі 2006 жылы облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге сомасында "Су құбырларын күрделі жөндеу" енгізілсін.