«Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 26 наурыздағы VI сессиясының №59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
«Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 26 наурыздағы VI сессиясының №59 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 15 сәуірде 3793 санды болып тіркелген, «Сыр бойы» газетінде 2004 жылғы 7 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген «Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).
«Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 26 наурыздағы VI сессиясының №59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 14 желтоқсандағы XII сессиясының №123 шешімімен бекітілген
Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы
1.Бағдарламаның төлқұжаты 3
2.Кіріспе 5
3.Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі
жағдайына талдау 6
4.Бағдарламаны іске асырудың мақсаты мен міндеттері 10
5.Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары 10
6.Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері 15
7.Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер 16
8.Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын
жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 17
Бағдарламаның атауы
Бағдарламаны әзірлеуге негіздеме
Бағдарламаның әзірлеушілері
І.Бағдарламаның төлқұжаты
Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы.
"Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы" Қазақстан Републикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі №712-1 Қаулысы.
Жауапты: облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы;
облыстық басқармалар: экономика, энергетикалық инфрақұрылым және минералдық ресурстар, аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы басқармалары және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті және т. б.
Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның міндеттері
Облыстың жалпы аймақтық өніміндегі шикізат құрайтын бөлігін импорт алмастыратын және экспортқа бағытталған түпкілікті өнімге біртіндеп ауыстыру негізінде экономика салаларын әртараптандыру жолымен аймақтың экономикалық өсуіне жету.
Облыстың тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларына инвестиция тарту;
индустриялық-инновациялық қызметке және өндірістік кәсіпкерлік қызметті қарқынды дамытуға институционалдық қолдау жүйесін қалыптастыру; өнеркәсіпте технологиялық жаңғырту жүргізуге ықпал жасау, қуат - ресурс үнемдеу технологияларын енгізу, импорталмастыру және экспортқа бағытталған өнімдерді шығаруды игеру; қосымша құны жоғары тауарлар өндіретін жоғары технологиялық өндіріс құруды ынталандыру;
өңдеуші кәсіпорындардың шикізат қоры болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіру сапасы мен көлемін арттыруға қазіргі заман технологиялары мен техникасын пайдалану арқылы аграрлық секторды дамыту;
халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;
халықаралық сапа стандарттарына көшу;
жоғары білікті басқарушы, менеджерлер, жүмысшы
және инженерлік мамандар дайындау.
Бағдарламаның орындалу мерзімі
2015 жылға дейін:
I кезең - 2005-2007 жылдары;
II кезең - 2008-2015 жылдары.
Қаржыландыру көздері мен көлемі
Республикалық және облыстық бюджеттер, «Қазақстан Даму Банкі» ЖАҚ-ның және екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ның, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ-ның және Ислам даму банкісінің несиелері, мекемелер және инвесторлардың қаржылары, заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржы көздері.
Күтілетін нәтижелер
Өнеркәсіп саласындағы өндіріс өнімдері көлемін арттыру, жаңа өндірістер ашу және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.
2.Кіріспе
Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы" Қазақстан Републикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығына және "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі №712-1 Қаулысына сәйкес әзірленген.
Экономиканы дамытуды теңгерілімдік негізде, аймақтың жалпы түсімдегі жартылай шикізат қүрамын кезең-кезеңге бөліп, жоғары технологиялық өнімге, оның ішінде экспорттық өнімдерге ауыстыру және аймақтық ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы экономиканы өсіру "Қазақстан-2030" стратегиясының ең өзекті басымдылықтарының бірі болып табылады.
Аймақ экономикасының сипаттамалық ерекшелігіне оның технологиялық даму және инновациялық әлеуеттер салалары деңгейлерінің өзара едәуір алшақтығын атауға болады.
Дайындалған Бағдарлама ғылым мен техниканың үздік жетістіктерін пайдалану негізінде экономика салаларын әртараптандыру арқылы және дамудың шикізаттық бағытынан шегіну арқылы облыстың ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуына бірегей аймақтық саясат жүргізуге және қалыптастыруға бағытталған.
Аймақтық Бағдарламаның негізгі мақсаты өнеркәсіп орындарының импорталмастыратын және бәсекеге лайық өнімдерін өндіру тиімділігін көтеру мен тұрақтандыру және облыстың индустриялық-инновациялық әрі қарай дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.
Инвестициялық-инновациялық жобалардың аз ғана бөлігін жүзеге асырудың өзі облыс өнеркәсібіндегі құлдыраудың жағымсыз беталысын еңсеруге елеулі түрде ықпал етеді.
Бағдарлама ғылым мен инновациялық қызметтерді ынталандыруға бағытталған ғылыми-инновациялық саясатты белсенді жүргізуді көздейді.
Ғылыми-инновациялық концепцияны қалыптастыру және техника мен технологияның жаңа түрлерін өндіру, әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру, маңызды ғылыми-техникалық және өндірістік келелі мәселерді шешу инновациялық процестердің сенімді негізі болып табылады.
Әлемдік қоғамдастықтың даму тенденциялары экономиканың өсу қарқынына инновациялық қызмет әсерінің ұлғая түскенін дәлелдейді. Әлемдік нарықтағы интеллектуалдық еңбек өнімдері экономикалық қызметтің басқа салаларына қарағанда жоғары бағаланады. Нарық талаптары соңғы жетістіктерді кеңінен пайдалануға, инновациялық белсенділікті күшейтуге жағдай жасау қажеттілігін тудырады.
Инновациялық саясат экономикадағы құлдырауды еңсеруге, оның құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз етуге және нарықты жоғары үстеме құны бар бәсекеге төтеп беретін әр-түрлі өніммен толықтыруға көмек беретін күшті тетік болып табылады.
Инновациялық саясат еліміздің ішкі жалпы өнімін өзгеше жаңа өнім мен технологиялар түрлерін өндіруді игеру және осының негізінде отандық тауарларды шығаратын өтім рыногын кеңейтуді қамтамасыз етуге арналған.
Соңғы онжылдықтарда ғалымдар мен мамандардың жасаған жаңалықтарын өндіріске енгізуге ықпал жасайтын арнайы конструкторлық бюро, салалық институттар, технологиялық және тәжірибелік-өндірістік кәсіпорындар түріндегі құрылымдар іс жүзінде қысқартылған. Көбінесе бүл жағдай инновациялық қызметті толық немесе жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты орын алды.
Көптеген жылдар бойы қордаланған артта қалушылық отандық зерттеулер мен жаңалықтар әлеуетінің төмендігінен емес, ол инновациялық қызмет инфрақұрылымның әлсіздігі, тауар өндірушілердің бәсекелестік күрес тәсілі ретінде жаңалықтар енгізуге ықыластың жоқтығы негізінде болған. Бұл отандық қолданбалы ғылым мен техника әлеуетіне сұраныстың болмауына алып келеді.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметтің алатын орны ерекше, себебі, оның қорытынды - өндіріс тиімділігін көтеру, ғылыми ауқымды өнімдердің көлемін арттыру - көрсеткіштері арқылы аймақтың экономикалық куаты анықталады.
Бағдарлама облыстың ұзақ мерзімді кезеңге арналған индустриялық-инновациялық дамуының мақсаты мен міндеттерін айқындайды, жыл сайын аймақтағы әлеуметтік-экономикалық басымдылыққа қарай нақтыланып, түзету енгізіліп отырады.
З. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының казіргі жағдайына талдау
Қазіргі уақытта облыс экономикасы салыстырмалы орнықты макроэкономикалық тұрақтылық пен жоғары қарқынды өсу жетістіктерімен сипатталады. 2001 жылдан бастап өндірістік өнім 1,8 есе, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 13,2 пайызға өсті.
Халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. 2003 жылдың басынан бастап екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер 3657,2 млн. теңге, ал несиелер көлемі - 9860,0 млн. теңгені құрады.
2003 жылы жан басына шаққанда тұрғындардың нақты ақшалай орташа табысы 2002 жылмен салыстырғанда 15,6 пайызға өсіп, 82,6 мың теңгені құрады. Осы уақыт аралығында нақты ақшалай табыс 7,6 пайызға өсті.
2003 жылы 2001 жылмен салыстырғанда орташа айлық табыс 39,9 пайызға өсті.
Өндіріс көлемі 2003 жылы өнеркәсіп салаларында 18,7 пайызға, ауыл шаруашылығында - 7,8 пайызға, ал негізгі капиталға инвестиция көлемі 1,5 есеге өсті.
Тұтыну бағасының индексі 2003 жылдың желтоқсан айында 2002 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 108,1 пайыз құрады.
2003 жылы экспорт 861,1 млн. АҚШ долларын (2001 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсті), импорт 114,5 млн. АҚШ долларын (2 есе артты) құрады.
Облыс экономикасында 2003 жылы 254,2 мың адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрады.
Облыстағы саяси жағдайдың тұрақтылығы, кәсіпкерліктің даму, халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруы нәтижесінде ішкі сұраныстардың көтерілуі, сол сияқты қолайлы инвестициялық ахуал экономиканың қарқынды өсуіне оң ықпал еткен негізгі факторлар болып табылады.
Жылдан-жылға мұнай өндіру көлемі өсіп келеді. Жалпы өнеркәсіптік өнім көлемінің негізгі үлесін мұнай өндіруші өнеркәсіптер алып отыр. Мұнай операторларының күшімен облыста 2003 жылы 9942,1 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 62,5 пайызға артық.
Соңғы жылдары өнеркәсіптік өнім өндіру қарқынының тұрақты өсуі байқалады. Егер 2001 жылы өнеркәсіптік өнім 77539,0 млн. теңгеге өндірілсе, 2003 жылы 140856,0 млн. теңгеге немесе 82,5 пайызға өсті.
Тау-кен өнеркәсібінде 131670,6 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2001 жылғы деңгейден 84,3 пайызға жоғары.
Өңдеуші өнеркәсіпте 4613,6 млн. теңгеге өнім өндірілді. Егер бұрын өңдеуші өнеркәсіпте өнім көлемінің жартысынан астамы тоқыма және тігін өнімдер өндірісіне тиесілі болса, қазіргі уақытта басқа да металл емес минералды өнім өндіретін өндірістің (44,8 пайызға) және дайын металл бұйымдарды өндірудің (2,4 есе) өскені байқалып отыр.
Соңғы 3 жылда облыста мынадай жаңа кәсіпорындар, цехтар ұйымдастырылды: алтын өндіретін "Тек Казинвест" СЭК (сыртқы экономикалық компания) ЖШС, күрішті қайта өңдейтін "Томирис" ЛТД ЖШС, «Агроинвест ЛТД» ЖШС, қиыршақ тас өндіретін «ҚазПром-Қызылорда» ЖШС, сүтті қайта өңдейтін «Ақсүт» МКК, пластикалық шыны қайықтар шығаратын «Арал - Пластик Қайық» МКК, нан өнімдерін және тігін өнімдерін өндіретін цехтар, "Аралтұз" АҚ-ның тұзды қалталап шығаратын учаскесі, "Бастау және К" ТС-ң ет және ботқадан консерві жасайтын цехы, "Озық" ЖШС-ң тері-былғары шикізатты өңдеу цехы және "Аралтұз" және "Квант" АҚ-да ағаш өңдейтін цехтар.
2002 жылы облыстың өнеркәсіп орындарында жаңа өндірістерді енгізу және кеңейту есебінен 290, 2003 жылы - 228, 2004 жылдың қаңтар-тамыз айларында 90 жұмыс орыны құрылды, соның ішінде кеңейту есебінен 67 және жаңа жұмыс орындарын енгізу есебінен 23.
Сондай-ақ облыс минералдық шикізат ресурстарының елеулі әлеуетімен бай. Мұнда бүкіл Қазақстандағы жер асты су қорының - 3,4 пайызы, мұнай, газ және конденсатының - 4,7 пайызы, қорғасынның - 96 пайызы, уранның - 13,7 пайызы, мырыштың - 15,1 пайызы, ванадийдың - 65 пайызы шоғырланған. Облыс аумағында кең тараған қазба байлықтардың мол қоры бар.
Маңызды қазба байлықтардың маңызды қатарынан көмірсутегі шикізаты, түсті металлдар (қорғасын және мырыш), уран, ванадий, ас түзы, жер асты сулары жатады. Аймақ шегіндегі Баласауысқандық және Құрымсақ кен орындарында ванадийдың бірегей қоры орналасқан. Қаратау жоталарының ванадий қоры бар қабаттары көп мақсатта пайдаланылатын шикізат көзі болып табылады. Ванадийдан басқа сирек кездесетін және жер асты сирек металдар элементтері, алтын және шунгиттің мол қорының барлығымен құнды.
Тау-кен өндірісі негізінен облыстағы маңызды кен орындары негізінде дамитын болады. Шалқия, Бұрабай - Жалғызағаш, Талапта - қорғасын және мырыш, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын, Иіркөл және Қарасанда - уран, Баласауысқандық және Құрымсақта - ванадий өндіру кендері.
"Шалқия-Мырыш" ЖШС қорғасын-мырыш кенішінде оның инфрақұрылымын жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Өндірілген кенді өңдеу үшін Кентау тау кен байыту фабрикасы кешені дүние мүлкінің бір бөлігі алынған. Қазіргі таңда кеніште 400-ден астам адам жұмыс атқаруда, келешекте жұмыс орнын 700-ге дейін жеткізу көзделуде. Шалқия кенішінің әлеуеті 12 млн. тонна қорғасын мен мырыш болады деп бағалануда, ал кеннің құны 7,1 млрд. АҚШ доллары көлемінде деп есептелуде.
Мұнай саласы Құмкөл, Ақшабұлақ, Солтүстік Құмкөл, Қоныс кен орындарында көмірсутегі шикізатын өндірумен көрсетілген. Оларды өндірумен және өткізумен "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" ЖАҚ, "Торғай Петролеум" ЖШС, "Қазгермұнай" ЖШС БК, "ҚуатАмлонМұнай" ЖШС БК, "Ай-Дан-Мұнай" ЖШС және "Қор" МК ЖАҚ айналысады.
"Құмкөл-Жосалы" магистралдық мұнайқұбыры мұнай құятын терминалымен қоса салынды. Мұнай құбырының жобалық өнімділігі жылына 8,5 млн. тонна. Бұл Қазақстандағы 100 атмосфералық жоғары жұмыс қысымды бірден-бір мұнай құбыры.
Одан әрі төмен қысымды полиэтилен және үлкен диаметрлі поливинилхлорид құбыр өнімдерін өндіру қолға алынуда.
Ол үшін құбыр шығаратын жаңа технологиялық желі қойылуда. "Қуат" ЖШС осындай линияның 4-уін сатып алып, құрды. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында диаметрі 315 мм құбыр шығаратын технологиялық линия іске қосылды.
"Химимпекс" ЖШС тәулігіне өнімділігі 1500 қуба метр, диаметрі 90 мм құбыр шығаратын германиялық технологиялық желімен жұмыс жасауда.
Облыстың құрылыс индустриясы силикат және күйдірілген қыш, темірбетондық бұйымдар, әр түрлі фракциялық қиыршақ тастар, асфальттық бетон және басқа да құрылыс заттарын шығаратын кәсіпорындарымен көрсетілген.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы сапасы жағынан шетелдік аттас заттардан кем түспейтін және нарықтық сұранысқа ие құрылыс заттары мен өнімдері өндірісін құруға және игеруге бағытталған бірнеше жобалардың іске асуына түрткі болды.
Арал кен орнындағы кварц құмының қоры 98,5 пайыздық жоғары кремний оксидінен тұратын 50,0 млн. тонна құрайды. Құрамында осындай кремний оксиді бар құмдар шыны шығару өндірісіне шикізат болып табылады.
Облыстық бюджет қаржысымен табақты шыны зауыты құрылысының жобасына жобалау ұсыныстары әзірленді. Осы жобаны іске асыруға "ҚҰТ" ЖШС, "Ақтөбемұнай-финанс" ААҚ, "Алматы-құрылыс" АҚ холдинг компаниясы және "Қазақстан Өнеркәсіп-сауда компаниясы" ЖШС бірігіп "Қазәйнек" АҚ құрды.
Эолдық құмдардың баланстық қоры өнеркәсіптік санат бойынша 11,5 млн. текше метр құрайды. Олар аязға шыдамды силикат қыштар шығаруға жарамды. Облыс бойынша күйдірілген кыш өндірісіне қажетті балшықтың барлық қоры шамамен 30,0 млн. текше метр құрайтын 30 кен орыны ескерілді.
Одан басқа, Сырдария ауданының Арысқүм алаңында кафель, фаянс бұйымдарын, түрлі-түсті қыштар, черепица өндірісі орындарын ұйымдастыру үшін балшық қорларына барлау жұмыстары басталды.
Азық-түлік өнімдерін өндірудегі негізгі үлесті күріш өңдеу өндірісі құрайды. Облыста күрішті қайта өңдеумен 3 ірі зауыт пен 108 цех айналысады. Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ҒЗИ жұмыс істейді, сондықтан күріш егуші шаруашылықтар мен күріш өңдеуші кәсіпорындарды, Арал өңірі агроэкология және ауылшаруашылығы ҒЗИ, дайын өнім мен күріш қауызынан жартылай фабрикаттар, брикеттер, қаптауыш материалдар өндіру жөніндегі цехтарды бірынғай өндіріс тізбегіне біріктіруге барлық негіз бар.
Арал-Сырдария су бассейнінде аса бағалы балықтың 30 түрі бар. Шикізат қорын тереңірек зерттеп, балық өсіруші питомниктерді кеңейту, балық өңдеу өндірісіне жаңа технологиялар енгізу қажет. Бұл бағытта ҚР АШМ-нің Балық шаруашылығы орталығының Аралдағы филиалы жұмыс істеп келеді.
Республикалық бюджеттен 50,0 млн. теңге мақсатты трансферт есебінен пластикалық шыны қайық шығару жұмыстары басталды.
Зауыттың ғимараты жөнделіп, 100 тонналық балық сақтайтын тоңазытқыштар қойылды. Балықшылар қайықтармен, құралдармен жасақталып, балықты вакуумдық қаптау қондырғысы сатып алынған. Бағасы килограмына 2 евродан 100 тонна қамбаланы Финляндияға жіберу туралы алдын ала келісім бар.
Осыған байланысты күріш және балық кластерін қалыптастыру үшін барлық алғышарттар бар.
Қазақстанның БСҰ-ға мүше болып кіру үшін негізгі бағыттарының бірі халықаралық стандарттарды енгізу болып табылады. Облыс кәсіпорындарында сериясы 9000, 9001 және 14000 ИСО халықаралық стандарттарын енгізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
Қазіргі таңда облыстың 4 кәсіпорнында ИСО халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджмент жүйесі енгізілген және 4 кәсіпорын, сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Унивеситеті сериясы 9000 ИСО халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді.
Басқарушы, жұмысшы, инженерлік мамандарды нысаналы дайындау жүзеге асырылып келеді. 2004-2006 жылдарға арналған кәсіптік бастауыш білімді дамыту Бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда.
Инженерлік кадрларды кәсіптік даярлаудың басымды бағыттарын анықтау жөнінде арнайы комиссия құрылған.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті жанында Инновациялық Орталық және Қызылорда қаласында инновациялық ендіру орталығы («Қызылорда-Инновация» МКК) құрылған.
Қызылорда облысының инвестициялық жобалары «Қазақстандық инвестицияларға ықпал жасау орталығы» ЖАҚ-ң веб-сайтында орналасқан.
4.Бағдарламаны іске асырудың мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаты - экономика салаларын әртараптандыру жолымен облыстың жалпы аймақтық өнімдегі шикізаттық құраушыны біртіндеп импорталмастыру және экспортқа бағытталған ақырғы өнімге алмастыру арқылы аймақтың экономикалық өсуіне қол жеткізу.
Қойылған мақсатқа сай Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
1)облыстың тау-кен өндіру және өңдеуші өнеркәсіп салаларына инвестиция тарту;
2)шикізат бағытындағы көзқарасты өзгерту арқылы өңдеуші секторды оздыра дамытуға бағытталған облыс өнеркәсібін қайта құрылымдау;
3)индустриялық-инновациялық қызметке және өндірістік кәсіпкерлік қызметті басымырақ дамытуға институционалдық қолдау жүйесін қалыптастыру;
4)өнеркәсіпте технологиялық жетілдіру жүргізуге ықпал жасау, қуат-ресурс үнемдеу технологияларын енгізу, импорталмастыру және экспортқа бағытталған өнімдерді игеру;
5)үстеме құны жоғары тауар өндіретін жоғары технологиялық өндірісті жасауға ынталандыру;
6)өңдеуші кәсіпорындарының шикізат қоры болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің сапасы мен көлемін арттыруға қазіргі заман технологиялары мен техникасын пайдалану арқылы аграрлық секторды дамыту;
7)халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;
8)халықаралық сапа стандарттарына көшу;
9)басқарушы, жоғары білікті менеджерлер, жұмысшы және инженерлік мамандарды дайындау.
5.Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары
Қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес облыстың индустриялық-инновациялық дамуының келесі негізгі басымдықтары анықталған:
1)Инновациялық дамуды институционалдық қамтамасыз ету;
2)Индустриялық-инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
3)Халықаралық стандарттарды ендіру;
4)Мамандармен қамтамасыз ету.
Инновациялық дамуды институционалдық қамтамасыз ету
Аймақтың инновациялық дамуы облыстың индустриялық саясатын қалыптастырудың бірден-бір басым бағыты болып саналады және ол келесі шараларды жүзеге асыруды көздейді:
аймақтың интеллектуалдык әлеуетін жоспарлы ұлғайтуды, оның жаңа технологияларға көшуін және дүниежүзілік стандарттарға сай келетін өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық және ақпараттық қорды қалыптастыру.
Инновациялық қызметтің дамуына кедергі келтіретін ерекше факторлардың арасында байқалатындары:
аймақтағы «технологиялық ортаның» қанағаттанғысыз жайы; ақпараттың жоқтығы;
жаңалықтар ендірудегі тәуекелдің молдығы.
Инновацияларды қарқынды енгізуге байланысты мәселелерді шешуде көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымдарды қалыптастыру аса маңызды және оны құру мен дамытудың келесі қағидалары бар:
шағын және орта бизнестің технологиялық жасақталуын арттыру;
өнеркәсіп кәсіпорындары, ғылыми мекемелер, ЖОО және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуетін аймақтың біріккен инновациялық орталығына біріктіру;
Қазіргі таңда инновациялық қызмет инфрақұрылымдарын дамыту бойынша нақты шаралар жүргізілуде:
инновациялық қызмет субъектілеріне даму институттары арқылы ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеу және ілгерілетуге қолайлы жағдай жасау мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік универститеті жанындағы Инновациялық Орталықтың жұмысы жандандырылады;
жергілікті шикізат ресурстарын және өндіріс қалдықтарын өңдеуге бағытталған, облыс ғалымдары әзірлеген инновациялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасалады.
«Қазақстандық келісім-шарт Агенттігі» АҚ-мен өзара қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қойылады және ол өз тарапынан жаңа технологиялар енгізуге, жергілікті ресурстарды кеңінен қолдауға және облыс кәсіпорындарында тапсырыс орналастыруға жағдай жасайды. Қазақстан келісім-шарт Агенттігінің «Отандық тауар өндірушілер және шетелдік инвесторладың жалпы регистрі» ақпараттық жүйесінде тіркелу жер қойнауын пайдаланушылардың бағдарламары мен жоспарлары бойынша, шикізат өндіруші компаниялар өткізетін конкурстар туралы толық ақпарат және қазақстандық тауар өндірушілер жөнінде ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Инновациялық жобалар толығымен көрсетілген Қызылорда облысының Веб-сайты үнемі жаңартылып отырады.
Ғылыми-техникалық идеяларды жүзеге асырудан бастап ғылыми сыйымдылығы жоғары өнім шығару және оны сатуды жүйелі түрде қамти алатын біртұтас кешен ретінде технологиялық бизнес-инкубаторлар құру көзделуде.
Индустриялық-инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру
Жалпы алғанда индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі басым бағыттары:
Түрлі-түсті металлургияны дамыту.
1.«Шалқия» кен орнында қорғасын-мырыш рудасын өндіру бойынша тиімді және кешенді жұмыстар жүргізіледі.
2004 жылдың аяғына дейін «Шалқия» кен орны маңынан жалпы қуаты 1 млн. 200 мың тонна кен шығаратын кен байыту фабрикасы құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленетін болады және 2005-2006 жылдары қуаты 500 мың тонна құрайтын осы фабрика құрылысының бірінші кезегінің іске қосылуы жоспарлануда. 2007 жылы байыту фабрикасының екінші кезегі іске косылады.
2008 жылы «Шалқия Цинк» ЖШС металл мырыш және қорғасын өндіретін металлургиялық зауыт құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді жоспарлауда.
2.Бұдан басқа, Шиелі ауданындағы Құрымсақ және Бала-Сауысқандық учаскесінде ванадий және Қарамұрын руда алаңында алтын кен орындарын өндірістік игеру есебінен де аталған саланың дамуы қалыптасады.
3.Шиелі ауданындағы Иірқұдық алаңындағы жезқазғандық типтегі мыс құм-шағылдарына Дарбаза, Ақжар алтын аландары кеніне барлау жұмыстары жүргізіледі.
Мұнай химиясын дамыту.
Мұнай құбырының іске қосылуынан бері Жосалы стансасындағы мұнай терминалына келетін темір жол цистерналарын жаңа технологияларды пайдалану арқылы тазалау зауыты құрылысын салу мәселесі қарастырылуда.
Төмен қысымды полиэтилен және үлкен диаметрлі поливинилхлорид құбырларын шығару жұмысы алдағы уақытта әрі қарай дамиды және ол үшін диаметрі 315 мм құбыр шығаратын технологиялық жүйе қондырылуда.
«Қуат» және «Химимпекс» ЖШС-терінде үлкен диаметрлі германиялық құбыр шығаратын технологиялық желіні қондыру және іске қосу жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда, мұнай өнімдерін терең өңдеу мәселеріне үлкен көңіл бөлінуде.
Облыс ғылымдарының мұнай және мүнайдың басқа да қосалқы өнімдерін өңдеу және колдануға зерттеу жұмыстары өз жалғасын табады: жағар майлар алуда солярке фракциясын қолдану;
жол және гидротехникалық құрылыста мұнай өңдеу өндірісінің қалдықтарын қолдану;
Газ өндіру қалдықтарынан түрлі жағар майлар шығару (автол, нигрол және т.б.) бойынша шағын зауыт және стирол, полипропилен және полиэтилен шығару бойынша мұнайхимиялық зауыт құрылыстарын ұйымдастыру жоспарланған.
Құрылыс индустриясын дамыту.
Облыстың барлық аудандарында жергілікті шикізаттардан құрылыс материалдарын шығару өндірісін ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалады.
Құрылыс құмдары кенішінің базасында Жосалы кен орнының учаскелерін, Қызылордалық-V және Қызылордалық-VІ саз кеніштерінде -сазды, Талап және Жаңақорған кен орындарында - аралас құм-тастары, Шиелі және Шиелі I кен орындарында - әкті және де Жаңақорған ауданындағы Жаңақорған кен орнында доломиттерді игеру басталды.
Кафель, черепица және қаптауыш кірпіш өндірісін ұйымдастыру үшін Сырдария ауданындағы «Арысқүм» алаңында сазды қазбаларды барлау жүргізіледі.
Алғашқы кезеңде (2005-2007 жылдары) келесі жаңа өндірістерді ашу жоспарланған:
шыны өндіру зауыты;
қаптауыш кірпіш және черепица шығару зауыты;
шыны ыдыстарын шығару зауыты;
түрлі фракциялы қиыршақ тас және буталық тас өндіру зауыты;
әк күйдіру және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты; керамикалық плиткалар өндіру зауыты. Екінші кезеңде (2008-2015 жылдар):
Жылу өткізбейтін материал - арболит шығару өндірісін ұйымдастыру; граниттан бұйым өндіретін фабрика құрылысы;
кафель өндіретін зауыт құрылысы;
азаматтық және тұрғын-үй құрылысы қажеттілігіне құбырлар, жылу ұстағыш материалдар және шыныталшық жіптер өндіретін зауыт құрылысы жоспарлануда.
Аталған жобаларды жүзеге асырумен қатар өндеуші өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамытуға қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінеді:
темірбетон өнімдерін өндіру;
темірконструкцияларын, темірөңдеу өндірісі;
ағаш өңдеу өнеркәсібі;
заман талаптарына сай құрылыс материалдарын өндіруді игеру (жиналмалы пластикалық терезе және есік блоктары, сэндвич-панелдер, әрлеу материалдары және т.б.).
Аймақтық кластерлерді құру.
Күріш кластері.
Аймақта күріш өсіру, оны өңдеуге және күріш қауызынан қаптауыш материалдар, брикеттер, спирт, жартылай дайын фабрикаттар өндіруге байланысты облыста күріш өңдеу кластерін дамыту көзделіп отыр.
Аталған кластердің аймақтық мамандандырылуы немесе оның жұмыс жасау аймағы Қызылорда облысына және де өз өндірісінде қайта өңделген күріш өнімін пайдаланатын кәсіпорындар орналасуы мүмкін республиканың басқа да аймақтарына таралады.
Күрішті неғүрлым терең өңдеудің, өнімнің жаңа түрлерін меңгерудің, қажеттілігі бар (тағам өнімдерін, құрама жемшөп, крахмал сірнесін, жылу өткізбейтін материалдар, органоминералдық тынайтқыш және т.б., күріш қауызынан қаптауыш материалдар, брикеттер, жартылай дайын полуфабрикаттар өндіру).
Кластердің инновациялық инфрақұрылымын дамыту қазір жұмыс істеп тұрған Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ҒЗИ негізінде жүзеге асырылады.
Осы кластердің дамуы келесі жобалардың іске асырылуын қамтиды:
Iкезең (2005-2007 жылдар)
Күріш қауызы негізінде жылу өткізбейтін материал - арболит өндірісін ұйымдастыру.
Дән қалдықтарынан құрама жем өндіру. Сүрленген күріш ботқасын өндіру.
IIкезең (2008-2015 жылдары)
Жармақ күріштен крахмал сірнесін өндіру ұйымдастыру.
Брикет отын өндіру.
Жапа мен күріш сабанынан биогаз өндіру. Күріш сабанынан картон қағазын өндіру.
Күріш қауызы негізінде органоминералдық тыңайтқыш шығаратын өндіріс құру.
Балық кластері.
Жүзеге асырылудағы 2004-2006 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту Бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі шағын қалалар экономикасының құрылымын жетілдіру болып табылады.
Осы бағытта Арал ауданында аймақтық деңгейде балық кластерін құру орынды шешім болады.
Шикізат қорын терең зерттеу, балық питомниктерін ұлғайту және балық өңдеуге жаңа технологиялар қолдану.
Балық кластерін құруға негіз бар және олар балық питомнигі, балық аулау артелі, балық өңдеу кәсіпорындары және Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы Министрлілі Ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы орталығының Арал филиалы.
Балық кластерін дамыту үшін:
Iкезең (2005-2007 жылдар)
"Арал - Пластик Қайық" МКК базасында пластикалық шыны қайық және катерлер жасау бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастыруға жағдай жасау.
Қамыстыбас балық питомнигінде шабақ өсіру бойынша жаңа технология енгізу.
IIкезең (2008-2015 жылдар)
Арал қаласындағы балық өңдеу зауытын одан әрі кеңіту. Мұнайхимия кластері.
Бұл кластердің дамуы келесі жобалардың іске асырулуын қамтиды:
Iкезең (2005-2007 жылдар)
Жосалы кентінде мұнай өңдеу зауыты құрылысы.
Газөңдеу қалдықтарынан ЖСКФ (жеңіл сутегі кең фракцияларынан) әртүрлі майлар (автол, нигрол т.б.) алатын шағын зауыт құрылысы.
IIкезең (2008-2012 жылдар)
Стирол, полипропилен және полиэтилен шығаратын мұнайхимия зауытының құрылысы.
Соляралық фракция пайдалануымен жанармай алатын өндіріс ұйымдастыру.
Жол және гидротехникалық құрылысқа мұнай өңдеу кәсіпорындарының қалдықтарын пайдалану бойынша өндіріс ұйымдастыру.
Халықаралық стандарттарды ендіру.
Облыс кәсіпорындарында халықаралық стандарттарды ендіру мақсатында жалғастырылатын жұмыстар:
сериясы 9000, 9001 және 14000 ИСО халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны басқару және сапа менеджмент жүйесін ендіру бойынша топтық және облыстық семинарлар (конференциялар) өткізу;
облыс кәсіпорындарында консультациялық-түсіндіру жұмыстарын өткізу;
сапа менеджент жүйесін енгізген, енгізіп жатқан кәсіпорындардың үлесін арттыруға ықпал жасау;
сапа менеджмент жүйесі аясында мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Кадрлық қамтамасыз ету.
Жаңа өндірістердің жылдан-жылға өсуіне байланысты нарықтық экономика талабына сай еңбек рыногында басқарушылық, жоғары білікті менеджерлер, жұмысшы және инженерлік мамандарды дайындауға қажеттілік туындап отыр. Кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында келесі жұмыстар жалғасады:
кәсіптік бастауыш білімді жетілдіру арқылы білікті жұмысшы мамандарын дайындау бойынша білім сапасын арттыру;
облыстық бюджет қаражаты есебінен кәсіптік бастауыш мектептерге қабылдау жоспарын жыл сайын өсіріп отыру (2004-2005 жылдарға 1500 адам);
инновациялық қызмет пен экономиканың нақты секторы үшін еңбек рыногының қажеттілігін ескере отырып, білікті мамандар дайындау;
мұнай компаниялары қаражаты есебінен кәсіптік білім алу үшін жыл сайын еуропалық ең таңдаулы ЖОО-на осы компанияларда жұмыс жасауға қайта оралуға міндеттеу шартымен студенттерді жолдамалау;
облыс экономикасына жүмысшы кадрларын дайындауға шаруашылық жүргізуші субъектілерді тарту;
облыстың колледждері мен кәсіптік бастауыш мектептерінде аймақтық кластерлерді (күріш, балық, мұнайхимия) дамыту үшін кадрлар даярлау.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті жанындағы Инновациялық Орталық өткізіп жатқан кадр біліктілігін арттыру арнайы курстарында инновациялық қызмет үшін менеджерлер дайындау және қайта дайындау жүргізіледі.
6.Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері
Индустриялық-инновациялық Бағдарламаны іске асыру үшін қомақты қаржы қажет, ал қазіргі таңда облыста бұған жеткілікті қаржы жоқ. Осыған байланысты, қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін, мемлекеттік қаржыландырумен қатар даму институттарының қаржыларын, несиелік қорларды, индустриялық-инновациялық іс-әрекет субъектілерінің қаржыларын, шетел капиталдарын тарту қажет.
7.Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Облыстың индустриялық-инновациялық даму Бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесі - аймақта экономикалық шикізат емес, импорталмастыру және экспорттауға бағытталған сыртқы нарықта бәсекеге жарамды жоғары технологиялық тауарларды шығара алатын секторды қалыптастыру болады.
Интеллектуалдық меншік нарығын жасау есебінен шаруашылық қызметке жергілікті ғалымдар мен мамандардың ғылыми-техникалық жетістіктері тартылатын болады.
Бағдарламаның бірінші кезеңінің іске асырылуы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіп көлемінің үлесін өсіруге, 2003 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуін 1,5 есе, аграрлық секторды -1,2 есе арттыруға жол ашады.
2004-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с
Іс-шаралар атуы
Аяқтау нысаны
Орындауға жауаптылар
Орындау мерзімі
Болжамдық шығындар
(млн. теңге)
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
7
І.Инновациялық дамудың институционалдық қамтамасыз теу
1.
Қызылорда қаласында технологиялық бизнес-инкубатор және технологиялық парк құру. Оған мынадай шаралар енгізіледі:
Облыс әкімиятының қаулысы
Облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы, «Қызылорда-Инновация» КМК, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (келісім бойынша)
2004 ж.
10,0
(технологиялық бизнес-инкубатор үшін)
Облыстық бюджет
Облыстық бюджет
а) облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының балансына «Арна» АҚ бұрынғы автобазасының ғимаратын беру;
Қабылдау акті
Облыстық коммуналдық меншік және жекешелендіру басқармасы
2004 ж.
Қаражатты қажет етпейді
б) жоғарыда көрсетілген ғимаратта күрделі жөндеу өткізу;
Облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы
2004 ж.
5,0
2.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы инновациялық орталықтың жұмысын жандандыру.
Есеп
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (келісім бойынша)
Тоқсан сайын
Қаражатты қажет етпейді
1
2
3
4
5
6
7
3.
Бағдарламаның II кезеңін іске асыру үшін басымдық инновациялық жобаларды анықтау (өндіріске енгізу үшін облыс ғалымдарының жаңа технологиялар, ғылыми-зерттеу, тәжіри-белік-конструкторлық әзірлемелері).
Есеп
Облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (келісім бойынша), агроэкология және ауылшаруашылығы Арал өңірі ҒЗИ (келісім бойынша)
2007 жылдың 4 тоқсанында
Қаражатты қажет етпейді
4.
Инновациялық даму саласындағы тәжірибені үйрену үшін семинарлар, тренингтер, оқыту курстарын өткізу.
Семинар, тренинг, курстар
Облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және көлік басқармалары, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (келісім бойынша)
Тоқсан сайын
2005 жыл 1664 мың тенге
Облыстық бюджет
5.
«Облыстың инновациялық дамуының келешегі және проблемалары» атты облыстық семинар-кеңес өткізу.
Облыс әкімиятына ақпарат беру, кеңестің хаттамасы
Облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (келісім бойынша)
Жыл сайын
Қаражатты қажет етпейді
6.
Инновациялық дамуды насихаттауға БАҚ тарту, "дөңгелек столдар" және баспасөз конференциялар ұйымдастыру және өткізу
БАҚ-қа ақпарат беру, баспасөз хабарламалары
Ішкі саясат департаменті, облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
Тоқсан сайын
Қаражатты қажет етпейді
1
2
3
4
5
6
7
7.
"Қызылорда облысының таңдаулы тауарлары" көрмесін ұйымдастыру.
Облыс әкімиятының қаулысы
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы (келісім бойынша), "СжСҮО" ААҚ Қызылорда филиалы (келісім бойынша), облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіп және көлік басқармалары
Жыл сайын
Қаражатты қажет етпейді
2.Басымды инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру
8.
Перспективалык инвес-тициялық-инновациялық жобаларды іріктеу.
Жобалар тізбесі
Облыс әкімі жанындағы Сараптау Кеңесі, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалар
Тұрақты
Қаражатты қажет етпейді
9.
Экономикалық әрекет түрлері бойынша инвестициялык және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал жасау.
Даму және қаржы институттарына ұсыныстар
Облыстық экономика, өнеркәсіп және көлік басқармалары
Тұрақты
Қаражатты қажет етпейді
10.
Облыстың минералдық-шикізат ресурстарын игеруге инвесторлар тарту.
ҚР Үкіметінің Құзыретті органына ұсыныстар беру, кең таралған пайдалы қазбаларға конкурс өткізу
Облыстық энергетикалық инфрақүрылым және минералдық ресурстар басқармасы
Тұрақты
Қаражатты қажет етпейді
1
2
3
4
5
6
7
11.
Құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамуына ықпал ету.
2005-2014 жылдарға арналған бұйым және конструкциялар, құрылыс материалдары өнеркәсібінің
даму Бағдарламасы-ның жобасын әзірлеу
Облыстык сәулет, құрылыс және ТКШ, өнеркәсіп және көлік басқармалары
2005 жылдың 1 тоқсаны
Қаражатты қажет етпейді
12.
Қуаттылығы 12 млн. текше метр шыны шығаратын өндірісті ұйымдастыруға ықпал ету.
Өндіріс ашу
«Қазәйнек» АҚ (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
2005-2007 жж.
9520,0
Кәсіпорындар қаражаты, өз қаражаты, даму институттарының, банкілердің несиелері
13.
Керамикалық плита, черепица және қаптауыш кірпіш шығаратын өндірісті ұйымдастыруға ықпал ету.
Өндіріс ашу
«Строймаркет» ЖШС (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
2006 ж.
136,0
Даму институттарының, банкілердің несиелері
14.
Қиыршақ тас өндіретін зауыт құрылысына ықпал ету.
Өндіріс ашу
«Қазвернал» ЖШС (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
2006 ж.
150,0
Даму институттарының, банкілердің несиелері
15.
Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін және әк күйдіретін зауыт қүрылысына ықпал ету.
Өндіріс ашу
«Қазвернал» ЖШС (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
2005 ж.
32,0
Даму институттарының, банкілердің несиелері
16.
Полиэтилен құбырларын шығаратын өндірісті кеңейту
Өндірісті кеңейту
«Қуат» ЖШС (келісім бойынша), облыстык өнеркәсіп және көлік басқармасы
2005 ж.
204,0
Кәсіпорынның өз қаражаты
1
2
3
4
5
6
7
17.
Жосалы кентінде мұнай өңдеуші шағын зауыт құрылысына ықпал ету.
Өндірісті ашу
«БИС» ЖШС (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
2007 ж.
4216,0
Инвестор және банкілердің несиелері,
18.
Арал қаласында пласти-калық шыны қайықтар шығару өндірісін ұйым-дастыруға ықпал ету.
Өндірісті ашу
«Арал - Пластик Қайық» МКК (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
2004ж.
50,0
Рсепубликалық бюджет қаражаты
19.
Балық өңдеу өндірісін ұйымдастыруға ықпал ету.
Өндірісті ашу
«Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша), облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
2005 ж.
51,0
Даму институттарының, банкілердің несиелері
20.
Қатты тұрмыс қалдықтарын сұрыптау және қайта өңдеу зауытының құрылысына ықпал ету.
Өндірісті ашу
Қызылорда қаласының әкімдігі, облыстық сәулет, құрылыс және ТКШ басқармасы
2006-2007 жж.
120,0
Даму институттарының, банкілердің несиелері
21.
Облыста балық кластерін құру мәселесін пысықтау
Схема әзірлеу
Облыстық экономика басқармасы
2004 жылдың 2 тоқсаны
Қаражатты қажет етпейді
22.
Аймақтық кластерлердің іске асырылуын қамтамасыз ету.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және көлік басқармалары
2005 ж.
Қажатты қажет етпейді
23.
Облыстың басқа аймақтармен және мемлекеттермен сыртқы экономикалық байланыстарын және ішкі аймақтық кооперацияны дамыту арқылы облыс кәсіпорындарына өнімдерін сату нарығын кеңейтуге ықпал жасау.
Іскерлік ынтымақтастық туралы ұсыныстар
Облыстық өнеркәсіп және көлік, экономика, аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау, сәулет, құрылыс және ТКШ басқармалары
Тұрақты
Қаражатты қажет етпейді
1
2
3
4
5
6
7
З.Сапа жүйесінің халықаралық стандарттарын ендіру
24.
Облыс кәсіпорындарында (кәсіпорындар өтінімі бойынша) сапа менед-жмент жүйесін (СМЖ) ендіру бойынша консуль -тациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Әзірленген және енгізілген СМЖ құжаттары
"СжСҮО" ААҚ Қызылорда филиалы (келісім бойынша)
Тұрақты
"СжСҮО" ААҚ Қызылорда филиалының тарифы бойынша
Кәсіпорындардың өз қаражаттары
25.
ХАССП (бақылау сын межелері және қауіптерді талдау, тағам өнімдерінің сапасын басқару жүйесі) жүйелерін, ИСО негізінде сапа менеджмент жүйелерін сертификаттау мен енгізу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құрал-дарына насихаттау, дөнгелек столдар мен семинарлар ұйымдастыру
Семинар, дөнгелек столдың хаттамасы.
БАҚ-ға мақалалар.
Өнеркәсіп және көлік басқармалары, ішкі саясат департаменті, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы (келісім бойынша), "СжСҮО" ААҚ Қызылорда филиалы (келісім бойынша)
Тоқсанда 1 рет.
Тоқсанда 1 мақаладан кем емес.
0,08
од
Қатысушылардың қаражаттары есебінен
Жергілікті бюджет
26.
Сапа менеджмент жүйелерін сертификаттауға сарапшы-аудиторларды дайындау
Сарапшылар сертификаттары
Облыс кәсіпорындары және "СжСҮО" ААҚ Қызылорда филиалы (келісім бойынша)
Жыл сайын
0,2
Кәсіпорындардың өз қаражаттары
4.Кадрлық қамтамасыз ету
27.
Инновациялық қызмет және экономиканың нақты секторы үшін еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып білікті мамандар даярлау
Облыс әкімиятына ақпарат
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
Жыл сайын, 1 тоқсан
Қаражатты қажет етпейді
1
2
3
4
5
6
7
28.
Мұнай компаниялары қаражаты есебінен кәсіптік білім алу үшін жыл сайын европалық таңдаулы ЖОО-да студенттерді оқыту.
Облыс әкімиятына ақпарат
«Демеу» Корпоративтік Қор (келісім бойынша)
Жыл сайын
1,3
Қор қаражаттары
29.
Облыстың колледждері мен кәсіптік бастауыш мектептерінде аймақтық кластерлерді (күріш, балық, мұнайхимия) дамыту үшін кадрлар даярлау.
Облыс әкімиятына ақпарат
Облыстық білім басқармасы
Жыл сайын
Қаражатты қажет етпейді
«Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 26 наурыздағы VI сессиясының №59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы от 14.12.2004 г. № 123 («Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 26 наурыздағы VI сессиясының №59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы)
0