2004 жылғы 22 қарашадағы №636 қала әкімиятының қаулысына өзгерістер мен толықтырудар енгізу туралы (Маңғыстау облыстық Әділет департаментінде 2004 жыл 29 желтоқсандағы тіркелген №1811) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылғы 22 қарашадағы № 636 қала әкімиятының қаулысына өзгерістер мен толықтырудар енгізу туралы (Маңғыстау облыстық Әділет департаментінде 2004 жыл 29 желтоқсандағы тіркелген №1811) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 31-бап 2-тармағына сәйкес,қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жаңаөзен қаласы бойынша 2005 жылға жүмыссыздар үшін қоғамдыд жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы» 2004 жылғы 22 қарашадағы № 636 қала әкімиятының қаулысына (Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2004 жылғы 29 желтоқсандағы тіркелген №1811, «Жаңаөзен» газетінде 2005 жылы 03 ақпанда №5 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1)мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын: «1-1. Үйлерге немесе көшелерге қараушы азаматтар (консьерж) жөніндегі Қағида қосымшаға сәйкес бекітілсін.» 2)аталған қаулы қосымшада: «Қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың саны» деген 9-тармақ 3-баған «20» деген санмен толықтырылсын; «Жалақының көлемі» деген 9-тармақ 4-баған «13952» деген санмен толықтырылсын; «Жұмыстар түрлері» деген 9-тармақ 7-баған «бақылаушы» деген сөз «консьерж» деген сөзге ауыстырылсын; «Қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың саны» деген 34-тармақ 3-баған «80» деген сан «40» деген санға, ал «120» деген сан «140» деген санға ауыстырылсын.
Басқа 3. Негізгі міндеттері
2005 жылғы «24» 02 № 203 Қала әкімиятының қаулысымен бекітілген Қағида Үйлерге немесе көшелерге қараушы азаматтар (консьерж) Консьерж - Үйлерге немесе көшелерге қараушы азаматтар (әр қарай консьерж) қалалық ішкі істер бөліміне қоғамдық және азаматтардың жеке мүліктік қауіпсіздігін қорғауға, қылмысқа әкімшілік қүқық бүзушыларға жалпы күресуге тиісті дәрежеде көмектесетін тұлға болып табылады. Консьерж 18 жасқа толған лауазымдық, әлеуметтік жағдайына, нәсілдік немесе діндарлығына қарамастан ерікті түрде полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қорғауға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын ала жолын кесуге, көмек көрсетуге ниет білдірген кез келген жеке тұлға бола алады. Консьерж міндеттерін өзінің тұрғылықты жеріндегі әкімшілік аумақта қызмет көрсететін полицияның учаскелік инспекторларымен тығыз байланыста жүзеге асырады. Негізгі міндеттері -өзіне белгіленген ауданда қоғамдық тәртіптің тиісті дәрежеде сақталуын, азамамттардың конститутциялық құқықтарының зандылықтарының сақталуын түрақты және бүлжытпай бақылау, -көршілердңің өмір сүру қалпы және ішімділікке салынған, медициналық емес түрде есірткі заттар мен психотроптық құралдар қолданатын жанұялық- тұрмыстық қатынастығы құқық бұзушылық әрекетке баратын тұлғалар туралы мәліметтер жинақтау және білу, -ішімдік ішуге немесе есірткі құралдарын қолдануға күдікті бөгде тұлғалар жиналатын пәтерлер, үйлер анықталғанда учаскелік инспекторларға тез арада хабарлайды, -сәтсіз жанүялармен, қиын жасөспірімдермен тәрбиелік және профилактикалық бағытта жүмыс жүргізеді, -Қазақстан Республикасының аумағында көші-қон талаптарын бұзып уақытша тұрып жатқан шетелдік азаматтарды, сондай-ақ соғыс қаупі төніп тұрған кавказдық ұлттардың өкілдерін бақылау, -тұрғылықты және қызмет көрсететін жерінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттер фактілері бойынша куәгер болады, көршілеріне немесе қызмет көрсету аумағында тұрып жатқан азаматтарға мінездеме береді, өмір сүру қалпы туралы хабардар етеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары: 1.алғыс жариялау; 2.грамотамен марапаттау; 3.ақшалай сыйлықақы беру; 4.жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз құзіреті шегінде айқындайтын өзге де шаралар; Жалпыланған талдау анықтамалары қалалық ішкі істер бөлімі басшыларының мәжілісінде, әкімшілік полиция өкілдерімен және марапаттауға ұсынылатын азаматтарды шақырумен қаралады. Мәжіліс қорытындысында жергілікті атқарушы органға қоғамдық тәртіпті қорғауға белсенді ықпал еткен және қылмыстардың алдын алуда, жолын кесуде, ашылуда,қылмыс жасаған түлғаларды іздеу және ұстауға ат салысқан азаматтарды марапаттауға қолдау хат әзірлеу туралы шешім қабылданады. Қолдау хатта азаматты марапаттауға ұсынылатын негіз белгіленеді. Осыған басқа қүжаттармен бірге қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы бекіткен кезекшілікке шығу табелі және төлқұжат жалғанады. Марапатталуға жергілікті атқарушы органда тіркелмеген азаматтар ұсыныла алады, егер де олар қылмыстардың алдын алуда, жолын кесуде, атылуда қылмыс жасаған тұлғаларды іздеу және ұстауда ат салысқан болса. Азаматтарды марапаттау халық арасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенділік тудыратын тиімді шаралар болып табылады, сондықтан олардың рөлі әрбір ашылған қылмыста қаралуы тиіс.