Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 22 қаңтардағы ІV-сессиясының "Аудандық Мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" № 4/47 шешіміне толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 22 қаңтардағы ІV-сессиясының "Аудандық Мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" N 4/47 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3 тармағы 5 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 қаңтардағы "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" N 19 Жарлығына сәйкес аудандық Мәслихат Шешім етті:
Тармақ 1
1. Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 22 қаңтардағы ІV-сессиясының "Аудандық Мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" N 4/47 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 1431 болып тіркелген, облыстың "Орталық Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 10 маусымдағы N 112 (19526), 12 маусымдағы N 113-114 және (19527) 15 маусымдағы N 115 (19528) сандарында жарияланған) N 8 тарауымен толықтырылысын және мынандай мазмұндағы қосымшалар енгізілсін:
Тармақ 8
8. Аудан, кент және ауылдық (селолық) округ әкімдерінің аудандық Мәслихат сессиясында есеп беруі туралы.
Тармақ 60
60. Аудан, кент және ауылдық (селолық) округ әкімдері өз құзіреті шегінде, кемінде жарты жылда бір рет аудандық Мәслихат депутаттары алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп береді.
Тармақ 61
61. Аудан, кент және ауылдық (селолық) округ әкімдері есеп беру қорытындылары бойынша аудандық Мәслихат шешімдерін орындау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.