Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 17 «Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарының негізінде және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 17 «Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы» қаулысымен (мемлекеттік тіркеу № 2485) бекітілген Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесі қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 17 «Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 17.05.2005 г. № 65 (Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 17 «Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 17 мамырдағы №65 «Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 17 «Жәнібек ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына қосымша
Жәнібек аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және қаржыландыру ЕРЕЖЕСІ
1. Қоғамдық жұмыстарды өткізетін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі
1. Қоғамдық жұмыстарды өткізетін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізімі
1) Ақоба ауылдық округінің әкімі.
2) Борсы ауылдық округінің әкімі
3) Жәнібек ауылдық округінің әкімі
4) Жақсыбай ауылдық округінің әкімі
5) Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі
6) Қамысты ауылдық округінің әкімі
7) Талов ауылдық округінің әкімі
8) Тау ауылдық округінің әкімі
9) Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі
2. Тапсырыс бойынша аралас еңбекақы төлейтін (еңбекке ақы төлеудің 50 % жұмыс берушінің қаржысы есебінен) «жұмыс беруші».
3. Тапсырыс бойынша 100 % еңбек ақы төленетін «жұмыс беруші».
2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері.
4. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына қатысу.
5. Елді мекендерге көшелердің жолдарын жөндеуге, коммуникациялар салуға қатысу.
6. Суландыру жұмыстарына, бұлақтарды іздеу және көркейтуге, құдықтарды, арналарды жөндеуге қатысу.
7. Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, сондай-ақ әлеуметтік - мәдени бағыттағы нысандардың құрылысына, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу.
8. Өз жеке меншік көлігін пайдаланатын аудан аумағындағы күл - қоқыстарды шығару жұмыстарына қатысу.
9. Тарихи - архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді, қорықтағы жерлерді қалпына келтіру және мал қорымы, арнайы белгіленген орындағы тұрмыстағы қатты қалдық төгетін орындар мен зираттарды күтіп ұстау, оңдау жұмыстарына қатысу.
10. Мәдени - спорттық (халық театры қойылымдары, спорттық жастар, семинарлар, тағы басқалар) жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.
11. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге (қоғамдық пікір сауалнамасына, халық санағына, әлеуметтік карта жасауға, салық органдарына көмектесуге тағы басқалар) қатысу.
12. Маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына (бау - бақша, шөп шабу, бие сауу, малдарды бірдейлендіру, қолдан ұрықтандыру, бақташы, жылқышы, тағы басқалар) қатысу.
13. Жалғызбасты қартайған адамдарға және мүгедектерге көмектесуге қатысу.
14. Иесіз қалған ғимараттарды бұзу және құрылыс материалдарын әзірлеу жұмыстарына қатысу.
15. Дайындалған құрылыс материалдарын (саман тас, қамыс плита, тағы басқалар), шаруашылық әдіспен аз қамтылған әлсіз адамдарға, мүгедектерге, жалғыз басты кәрияларға әлеуметтік қорғау мақсатында үй, қора, монша салу және күзгі - қысқы мерзімге отын дайындау жұмыстарына қатысу.
16. Иесіз тұрған әкімшілік, өндірістік ғимараттарды күзету жұмыстарына қатысу.
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
17. Жергілікті бюджеттен.
18. Тапсырыс бойынша «жұмыс берушінің» қаржысы есебінен.
4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу.
19. Мемлекеттік бюджет есебінен және «жұмыс берушінің» тапсырысы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
20. Теңгермешілікті жою және жұмыссыздардың еңбегін иесіз қалдырмау Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген ең төменгі еңбекақыны 5 күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жұмыс күні санына бөлу жолымен жұмыссыздардың орташа бір күндік табысы белгіленген.
21. Орындалған жұмыстардың қиындығы мен көлеміне байланысты, қолда бар бірыңғай нормалар мен баға қою негізінде еңбекақыны есептеу үшін коэффициенттер (разрядтар) қолданылады.
22. Бірінші разряд (коэффицент - 1.00).
23. Экологиялық (ауылдық округтердің аумығын көгалдандыруға және көркейтуге аудандағы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, күл – қоқыс шығаруға қатысу).
24. Тарихи - архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді, қорықтағы жерлерді қалпына келтіру және мал қорымы, арнайы белгіленген орындағы тұрмыстағы қатты қалдық төгетін орындар мен зираттарды күтіп ұстау, оңдау жұмыстарына қатысу.
25. Мәдени - спорттық (халық театры қойылымдары, спорттық жарыстар, семинарлар, тағы басқалар) жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.
26. Қазақстан Республикасы және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге (қоғамдық пікір сауалнамасына, халық санағына, әлеуметтік карта жасауға, салық органдарына көмектесуге тағы басқалар) қатысу.
27. Жалғызбасты қартайған адамдарға және мүгедектерге көмектесуге қатысу.
28. Иесіз тұрған әкімшілік, өндірістік ғимараттарды күзету жұмыстарына қатысу.
Екінші разряд (коэффицент - 1,07)
29. Елді мекендерге көшелердің жолдарын жөндеуге, коммуникациялар салуға қатысу
30. Маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына (бау - бақша, шөп шабу, бие сауу, малдарын бірдейлендіру, қолдан ұрықтандыру, бақташы, жылқышы, тағы басқалар) қатысу.
Үшінші разряд (коэффицент - 1,07)
31. Суландыру жұмыстарын жүргізуге, бұлақтарды іздеу және көркейтуге, құдықтарды, арықтарды, арналарды жөндеуге қатысу.
32. Тұрғын үйлердің, ғимараттардың, сондай-ақ әлеуметтік мәдени бағыттағы нысандардың құрылысына, қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу.
33. Өз жеке меншік көлігін пайдаланып аудан аумағындағы күл - қоқыстарды шығару жұмыстарына қатысу.
34. Иесіз қалған ғимараттарды бұзу және құрылыс материалдарын әзірлеу жұмыстарына қатысу.
35. Дайындалған құрылыс материалдарын (саман тас, қамыс плита, тағы басқалар), шаруашылық әдіспен аз қамтылған әлсіз адамдарға, мүгедектерге, жалғыз басты кәрияларға әлеуметтік қорғау мақсатында үй, қора, монша салу және күзгі - қысқы мерзімге отын дайындау жұмыстарына қатысу.
36. Ең төменгі еңбекақы көлемінің өзгеруімен байланысты, бір күндік еңбекақы мөлшері өзгеруі мүмкін.
5. Жұмыссыздарға кепілдік беру мен өтемақы төлеу
37. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға. еңбекақы төлеу іс жүзінде жұмыс істеген уақытына (орындалған жұмыс көлеміне) қарай жұмыс уақытының есебін жүргізетін тізімдік негізінде жүргізіледі.
38. Жұмыс беруші жұмыссыздың еңбекақы сомасының 10 % міндетті түрде жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
39. Жұмыс берушінің қаржысы есебінен жұмыссыздың есебіне ақы төлеу жұмыс берушінің жеке еңбек шартына, немесе актісіне сәйкес анықталады.
40. Жұмыс берушілер техника қауіпсіздігі ережесі мен талаптарын орындау бойынша жағдай туғызуға міндетті.
41. Коғамдық жұмысты жұмыс берушілердің қаржысымен қаржыландырылған кезде, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, қоғамдық жұмыста жүрген жұмыссыздың денсаулығына зақым келген жағдайда өтеу қолданыстағы Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтарға сәйкес жұмыс берушінің қаржысы есебінен төленеді.