Қолданыстағы ред. 13.06.2007

2004 жылғы 25 мамырдағы "Саран қалалық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" № 108 шешіміне толықтыру енгізу туралы от 08.06.2006 г. № 443 (2004 жылғы 25 мамырдағы "Саран қалалық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" № 108 шешіміне толықтыру енгізу туралы)

0

2004 жылғы 25 мамырдағы "Саран қалалық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" N 108 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" N 19 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілік деңгейін көтеру, мәслихаттар алдында әкімдердің есеп беруін қамтамасыз ету мақсатында, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. 2004 жылғы 25 мамырдағы "Саран қалалық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" N 108 ("Ваша газета" газетінде 2004 жылы 5 маусымда N 23 нөмірмен жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 1530 нөмірмен тіркелген) шешіміне төмендегідей толықтыру енгізілсін:
3 бөлім "Қалалық Мәслихаттың актілерін қарау және қабылдау" 35-1 тармақпен, төмендегідей мазмұнда толықтырылсын:
"35-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" N 19 Жарлығын орындау, Саран қаласының әкімі және Ақтас кентінің әкімі өздеріне жүктелген міндеттері мен атқарылған жұмыстары жайында жарты жылда бір рет есеп береді. Талқылаудан кейін қалалық мәслихаттың шешімі қабылданады".

2

2. Осы шешім Әділет басқармасында тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

3

3. Осы шешім қалалық "Ваша газета" газетінде ресми жарияланғаннан кейін, он күн өткен соң қолданысқа енеді.