«Аманкелді аудандық мәслихаттың регламенті туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 26 тамыздағы № 47 шешіміне толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аманкелді аудандық мәслихаттың регламенті туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 26 тамыздағы № 47 шешіміне толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді аудандық мәслихатының 2004 жылғы 26 тамыздағы № 47 «Аманкелді аудандық мәслихатының регламенті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3150), 2005 жылғы 15 шілдедегі № 109 «Аманкелді аудандық мәслихатының регламенті туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 26 тамыздағы № 47 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-14) шешімдерінің 3-бөлімі 22-1-тармағымен келесі басылымда толықтырылсын: «22-1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығын орындау үшін, жарты жылда бір рет, аудандық мәслихаттың екі сессиясында аудан әкімі өзінің құзыретінің шеңберінде аудандық мәслихат депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп береді. Есеп беру бойынша аудандық мәслихаттың шешімі қабылданады»
Тармақ 2
2. Шешім Аманкелді аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді.