Қолданыстағы ред. 24.04.2007

Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 27 тамыздағы N 5-5 "Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы от 29.04.2005 г. № 8-20 (Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 27 тамыздағы N 5-5 "Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы)

0

Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 27 тамыздағы N 5-5 "Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ :
Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың " Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасы туралы " 2004 жылғы 27 тамыздағы N 5-5 шешімінің (Әділет департаментінде 1475 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, 2004 жылғы 16 қарашада облыстық "Ақ жол" газетінің N 140 (15462) санында жарияланған) Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 41-ші тармағындағы "Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың еліміздің барлық әйелдеріне бала тууды арттыру жөніндегі өңдеуін қолдау мақсатында 4 және одан да көп бала туған әйелдерді материалдық жағынан ынталандыру" сөздері "Төртінші баласын туған әйелдерге қосымша біржолғы жәрдемақы бөлінсін" деген сөздерге ауыстырылсын.