Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың 2004 жылы 28 мамырдағы N 3-8 "Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың 2004 жылы 28 мамырдағы N 3-8 "Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың " Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы туралы " 2004 жылғы 28 мамырдағы N 3-8 шешімінің (Әділет департаментінде 1386 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, 2004 жылғы 15 шілдеде облыстық "Ақ жол" газетінің N 88 (15410) санында жарияланған) Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру шараларының жоспары 1.14 тармағымен қосымшаға сәйкес толықтырылсын.
Басқа 1
Жамбыл облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 8-19 "Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 28 мамырдағы N 3-8 "Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешіміне қосымша 1.14 Облыстың құрылыс ұйымдарына студенттік құрылыс отрядтарының мүшелерін жұмысқа тартуға ықпал ету Ақпарат Облыс әкімиятының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті, облыс әкімиятының ішкі саясат департаменті 2005 жыл ІІ-ІV тоқсан 2006 жыл І-ІV тоқсан 2007 жыл І-ІV тоқсан Қаржыландыру қажет емес Объектілер бойынша бөлінген қаражат