Қолданыстағы ред. 10.10.2005

«Жаңаарқа ауданының аумағында абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және көгалдандыруды ұйымдастырудың қағидасын бекіту туралы» аудандық Мәслихаттың кезектен тыс ІХ-сессиясының 2004 жылғы 30 шілдедегі № 9/77 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 10.10.2005 г. № 20/167 («Жаңаарқа ауданының аумағында абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және көгалдандыруды ұйымдастырудың қағидасын бекіту туралы» аудандық Мәслихаттың кезектен тыс ІХ-сессиясының 2004 жылғы 30 шілдедегі № 9/77 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

«Жаңаарқа ауданының аумағында абатандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және көгалдандыруды ұйымдастырудың кағидасын бекіту туралы» аудандық Мәслихаттың кезектен тыс IX-сессиясының 2004 жылғы
30 шілдедегі №9/77 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазакстан Республикасының Заңының 6, 41 баптарына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 3 бабына, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 7, 11 баптарына және аудан әкімінің Жаңаарқа ауданында сыртқы көрнекі жарнамаларды орналастыру туралы ұсынысты қарап шығып, аудандық мәслихат шешім етті:

1

1. «Жаңаарка ауданының аумағында абатандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және көгалдандыруды ұйымдастырудың қағидасын бекіту туралы» аудандық Мәслихаттың кезектен тыс IX-сессиясының №9/77 шешіміне (әділет департаментіне 2004 жылғы 1 тамызда №1601 болып тіркелген, 2004 жылғы 9 қазандағы №41 (9064) «Жаңаарка» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) 15 тарау «Сырткы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру» деп аталып, 73-81 тармақтарымен келесі мазмұнмен толықтырылсын:
73. Сырткы (көрнекі) жарнама нысандарының мәтіні міндетті түрде қазақ (мемлекеттік) және орыс тілінде жазылуы тиіс.
Көрнекі акпаратың барлық мәтіндері мынандай ретпен орналастырылады: сол жағына немесе жоғары жағына мемлекеттік тілде, оң жағында немесе төменгі жағында орыс тілінде, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады.
74. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналартыру көлік қозғалысы қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау жағдайларын және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілері мен стандарттық талаптарды сақтау жағдайында жергілікті ортаның эстетикалық, сәулет, көркемдік сапалары есепке алынып, жүзеге асырылды.
75. Сыртқы (көрнекі) жарнама азаматтарды зорлыққа, басқыншылыққа, дұрбелең салуға итермелеуге жол бермеуі керек, сондай-ақ жеке тұлғалардың денсаулығына зиян келтіретін және олардың қауіпсіздігіне қауіптөндіретін әрекеттерге түрткі болмауы тиіс.
76. Сыртқы (көрнекі) жарнама нәсіл, жеке тұлгалардың кәсіптік немесе әлеуметтік санатына, жасының үлкен - кішілігіне нсмесе жынысына бөлу, тіл, діни, саясат және өзге де сенімдері жайында тіл тигізу, салыстыру, бейнелеу жолымен адамгершілік пен ізгіліктің қоғамдық нормаларын бұзатын мәтіндік ақпаратын таратпауы керек.
77. Сырткы (көрнекі) жарнама табиғат қорғау заңдарын бұзатын әрекеттерге апармауы керек.
78. Сырткы (көрнекі) жарнама дуние жүзілік немесе ұлттық мәдениеттің игілігіне айналған өнер объектілеріне, мемлекеттік рәміздеріне (Елтаңба, Ту, Әнұран), ұлттық және шетел валютасына, діни рәміздеріне және тауарларға нұқсан келтірмеуі керек.
79. Тарихи, мәдени және сәулет құндылығы бар ескерткіштерге, ескерткіш тұғырларға жарнамалық және құлақтандырылуларды, үгіт және басқа да материалдарды орналастыруға, ілуге жол берілмеу керек.
80. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы жеке меншік иелігіндегі жер аумағында тек қана тиісті жеке меншік обьектісі иесінің рұқсатымен ғана орналыстырылады.
81. Сырткы (көрнекі) жарнама жалпы кент, ауыл - село көшелерінің эстетикалық түрін бүлдірмеуге тиісті, ол үшін олар арнайы жабдықталған жарнамалар ілінетін жерлерден басқа жерлерге ілінбеуі тиіс.

3

3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау халықты әлеумеітік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.