Жарма аудандық мәслихатының 2004 жылгы 6 шілдедегі № 9-6 «Күнделікті бір жолғы талондардың кұнын бекіту туралы» шешіміне қосымша енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарма аудандық мәслихатының 2004 жылгы 6 шілдедегі № 9 - 6 «Күнделікті бір жолғы талондардың кұнын бекіту туралы» шешіміне қосымша енгізу туралы. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңына және Жарма ауданы бойынша салық комитетінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 337 ОНР и НА-3 ұсынысы негізіне сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТI: Жарма аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 9 - 6 « Күнделікті бір жолгы талондардың кұнын бекіту туралы» кәсіпкерлік қызмет түрінің тізіміне төмендегі қосымша енғізілсін. Кәсіпкерлік қызмет түрі бір күндік талон бағасы (теңге) Үй жануарларын және үй қүстарын бағу 40 Мысалы: Ірі қара мал сиырды бағудын бір айлык бағасы - 200 теңге, егерде табында 200 бас болса онда бір айга 40000 тенгені кұрайды, айналымнан 3 % - 1200 тенге кұрайды.