О номенклатуре товаров и услуг и их объемах (в процентном выражении), закупаемых организаторами конкурса у организаций, производящих товары и услуги, создаваемых общественными объединениями инвалидов Республики Казахстан, на 2004 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердің 2004 жылға арналған номенклатурасы мен олардың көлемi (пайызбен көрсеткенде) туралы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Конкурстарды ұйымдастырушылар осы қаулыға қосымшада санамаланған тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өндiретiн ұйымдардан мемлекеттiк сатып алуды осы тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң 30 пайызынан кем емес көлемде заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1114 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасы
Тармақ 1
1. Азық-түлiк тауарлары:
Тармақша 1
1) нан, нан-тоқаш өнiмдерi;
Тармақша 2
2) макарон өнiмдерi;
Тармақша 3
3) консервiленген ет;
Тармақша 4
4) шұжық өнімдері.
Тармақ 2
2. Азық-түлiкке жатпайтын тауарлар:
Тармақша 1
1) тiгiн өнiмдерi;
Тармақша 2
2) тоқыма өнеркәсiбiнiң өнiмдерi;
Тармақша 3
3) арнайы киім;
Тармақша 4
4) терiден тiгiлген киiмдер және оның керек-жарақтары, терi бас киiмдер;
Тармақша 5
5) төсек-орын керек-жарақтары;
Тармақша 6
6) электр-техникалық бұйымдар;
Тармақша 7
7) көлік құралдары, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар үшін қосалқы бөлшектер (сүзгiштер, электр сымдары, щөткелер);
Тармақша 8
8) пластмасса, металл, былғары бұйымдары;
Тармақша 9
9) мал байлайтын шынжыр;
Тармақша 10
10) рабица торкөзi;
Тармақша 11
11) тұрмыс, мектеп және кеңсе жиhазы;
Тармақша 12
12) кеңсе тауарлары;
Тармақша 13
13) құрылыс материалдары: тротуар тақталары; ағаш бұйымдары; шегелер; терезе және есiк жақтаулары;
Тармақша 14
14) қылқалам-щөтке бұйымдары;
Тармақша 15
15) тығындау бұйымдары;
Тармақша 16
16) қатырма қағаз бұйымдары.
Тармақ 3
3. Қызмет көрсетулер:
Тармақша 1
1) аяқ киiм тiгу және жөндеу;
Тармақша 2
2) полиграфиялық;
Тармақша 3
3) салт-ғұрыптық;
Тармақша 4
4) жарнама-ақпарат, баспа қызметтерiн көрсету;
Тармақша 5
5) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу.